АСТАНА. KAZINFORM — Ұлытау облысының прокуратурасы «Қазақмыс» корпорациясына жұмысқа орналасуға қатысты алаяқтықтың жалғасып жатқан фактілері туралы хабарлайды.
Жақында «Қазақмыс корпорациясына» жұмысқа орналастыруға уәде берген таныстарына алданып қалған Сәтбаев қаласының 3 тұрғыны полиция бөлімшесіне жүгінген.
Жәбірленушілерге 2 млн теңгеден астам шығын келтірілді, сотқа дейінгі тергеу басталды.
Осыған ұқсас дерек бойынша облыстың 17 тұрғыны алаяқтық құрбаны болған, 07.09.2023 жылы Сәтбаев қалалық сотының үкімімен Байжанов 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ербол Жанат
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.