«Қазақмыс» корпорациясы қоғамдық бау-бақшаларды жандандыруда

ҚАРАҒАНДЫ. Сәуірдің 20-сы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - «Қазақмыс» корпорациясы ағымдағы жылы қоғамдық бау-бақшаларды жандандыруда,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі корпорацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Корпорация басшыларының пікірінше, «бұл игі шара корпорация жұмысшыларының әрбір отбасының азық-түлік мәселесін отбасылық бюджетке салмақ түсірмей, оңынан шешуге мүмкіндік береді». Бұл жоба бойынша барлық шығынды «Қазақмыс» өз мойнына алып отыр.«Қоғамдық бау-бақша ұйымдастыру» мәселесі «Қазақмыс» корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кезекті техникалық кеңесінде қаралды. Арнайы құрылған комиссияның шешімі бойынша, бау-бақша Кеңгір совхозының егістік алқаптарында өсірілетін болды. Жезқазған және Сәтбаев қалаларындағы өнеркәсіптік алаңдарында жұмыс істейтін әрбір адам 5 сотықтан жер телімін алу мүмкіндігіне ие. 1 сотық жердің бағасы ? 1 мың теңге, бірақ корпорация жұмысшысы бұл соманың тек 600 теңгесін төлейді де, қалған сома компанияның есебінен қарастырылады» делінген корпорацияның баспасөз баянында. Компания сондай-ақ жұмысшылар мен олардың отбасыларын бау-бақшаларына тегін апарып-әкелуді ұйымдастырып отыр. «Кеңесте қоғамдық бау-бақшаны ұйымдастырудың басқа да мәселелері қаралды. Бау-бақшаларды күзету мәселесі де ойластырылды. Бас директор мамырдың 1-іне дейін дайындық және ұйымдастыру жұмыстарын аяқтап, мамырдың 9-ында көшеттерді отырғызуды бастау туралы тапсырма берді», деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.