«Қазақмыс» корпорациясы қызметкерлерінің жалақысы өсті

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «Қазақмыс Холдинг» компаниясының басшылығы шілде айының басынан бастап осы жылы екінші рет барлық қызметкердің жалақысын көтеру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы «Қазақмыс Холдинг» ЖШС баспасөз қызметінің ақпаратына сілтеме жасап Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Компанияның жалпы еңбекақы төлеу қорының ұлғаюы шамамен 10 пайыздықұрайды, бұл ретте кәсіптер бойынша жалақының өсуі сараланған және ағымдағытөлем деңгейіне байланысты болады.


«Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың қаңтарынан бастап «Қазақмыс»корпорациясының қызметкерлері жоғары жалақы алады, оның өсуі ҚазақстанРеспубликасындағы ең төменгі жалақы мөлшерінің өзгеруіне байланысты болды.


«Қазақмыс Холдингі» - табиғи ресурстарды өндіру және қайта өңдеу жөніндегіжетекші компания, Қазақстандағы ең ірі мыс өндіруші болып табылады. Компанияқұрамында он екі кен орындары, алты байыту фабрикасы, екі мыс балқыту зауытыжәне екі көмір разрезі бар.


Корпорация қызметкерлерінің жалпы саны 38 671 адамды құрайды»,-делінген облысәкімдігінің ресми сайты таратқан ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар