«Қазақмыс» корпорациясының Аненск кенішінде УАЗ көлігінің жүргізушісі мерт болып, екі адам ауруханаға жеткізілді

None
АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - «Қазақмыс» корпорациясының Аненск кенішінде УАЗ көлігінің жүргізушісі қаза тауып, екі адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Кеше, Сәтбаев қаласы ауданында «Қазақмыс» корпорациясының «Жезқазғантүстімет» ӨБ Аненск кенішінде тау-кен жынысының құлауы салдарынан 50  жастағы «УАЗ» көлігінің жүргізушісі мерт болды. Ал сол кезде көлікте болған 39 жастағы №85 учаскенің бастығы мен 26 жастағы бұрғылаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.