деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақмыстың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақмыстың күллі қызметкерлері Қызылағаш ауылында болған трагедияға бейқам қарамай, азаматтық ынтымақтастығын көрсетті. Біз осы бөлінген қаражат тұрғын үйлерді қалпына келтіруге бар көмегін тигізеді деген сенімдеміз», дейді «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-нің Басқарма төрағасы Эдуард Огай. 62 мың қызметкері бар Қазақмыс тобының ұжымы зардап шеккендерді қолдау үшін жәрдем беру қорына өздерінің бір күндік еңбекақыларын аударып отыр. Оның көлемі 100 миллион теңгені құрайды.