Компанияның баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, келіссөздер сәтті аяқталып, кеншілер жұмыс орындарына оралған.
«Оңтүстік Жезқазған кенішінде шыққан еңбек дауының реттелгенін хабарлаймыз. «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-ның барлық кәсіпорындары штаттық тәртіппен жұмыстарын жалғастырады», -деп хабарлады «Қазақмыс» компаниясының баспасөз қызметі.
23:55, 30 Қараша 2017
«Қазақмыс» жұмысшылары наразылық акциясын тоқтатты
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең жұмыс орындарынан кетіп, басшылықтан еңбекақыларын көтеріп, алты талап ұсынған «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Оңтүстік Жезқазған кеніші жұмысшыларының ереуілі тоқтатылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.