ҚазАқпарат: 2011 жылғы 21-23 қазан аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ҚазАқпарат: 2011 жылғы 21-23 қазан аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ

Осы жылдың 28-30 қазан күндері Бакуде түркі тілдес елдердің екінші медиа-форумы өтеді. Оған Әзірбайжан, Қазақстан, Түркия, Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Солтүстік Кипр, Болгария, Ресей Федерациясының түркі тілдес республикалары - Татарстан, Башқұртстан, Алтай өңірі, Саха Республикасы (Якутия), Тыва, Хакас, Қабардин-Балқар, Қарашай-Шеркеш, Қырым Автономиялық Республикасы, Украина медиа-құрылым өкілдері қатысады.

20 қазанда Лондонда Қазақстан-Ұлыбритания сауда-өнеркәсіптік палатасының ұйымдастыруымен бизнес-форумның жұмысы басталады.

ТМД

8-24 қазан аралығында Киевтің Brucie Collections галереясында әлемге танымал фотосуретші Говард Шатцтың көрмесі өтеді.

22 қазанда Бішкектегі «Ресей» кинотеатрында атақты ресейлік режиссер Егор Кончаловскийдің «А-ға оралу» фильмінің тұсаукесері өтеді

ҚОҒАМ

25-26 қазан күндері Астанада Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Аймақтар күні өз жалғасын табады.

1 қаңтардан 25 қарашаға дейін ҚР Мәдениет министрлігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының этножурналистика саласында «Шаңырақ» атты бірлескен конкурсы өтуде.

28 қазанда «БАСТЫ РӨЛ» атты жаңа тележоба бастау алады. Жобаның ұйымдастырушылары Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ, «НТК» телеарнасы мен MG Production продюсерлік орталығы

АСТАНА

21 қазанда елордада «Қазақстан Республикасында әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және төмендету» атты халықаралық конференция өтеді.

21 қазанда елордадағы Қазақ ұлттық өнер университетінің «Шабыт» залында «Солистер академиясы» мемлекеттік камералық оркестрінің концерті өтеді.

20-22 қазанда ҚР Бас прокуратурасы ел Тәуелсіздігінің мерейтойына және прокуратура органдары құрылуының 20 жылдығына арналған прокуратура органдарының ұжымдары арасында футболдан чемпионат өткізеді.

21 қазанда «Қаржы полициясы органдарымен шағын және орта бизнес өкілдерінің қорғалуы мен қолдау көрсетілуі» дөңгелек үстел отырысы өтеді.

21 қазанда актер Сергей Безруковтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.

21 қазанда Астана қаласы әкімдігінде Астана қаласының Қазақстан халқы ассамблеясының ХІІІ сессиясы өтеді.

21 қазанда Астанадағы Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығында «Республикадағы мемлекеттік тілді үйрету орталықтарының жұмысын жүйеге түсірудің ұйымдастырушылық және әдістемелік мәселелері» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтеді.

21 қазан күні елордадағы Президенттік мәдениет орталығының көрме залында суретші Марат Тұрғымбайдың жеке сурет көрмесі ашылады.

21 қазанда «Шынайы ертегі» фильмінің тұсаукесері, актерлермен баспасөз мәслихаты мен фуршет өтеді.

20-21 қазан күндері ҚР Кедендік бақылау комитеті Кедендік кірістер басқармасының «Қазақстан Республикасы кеден органдарының фискалдық қызметін жетілдіру» тақырыбындағы семинар-жиналысы өткізіледі.

«ExpoDamu» көрме компаниясы «Қазақстанның Хәлал Индустриясы Қауымдастығымен» бірлесіп, 19-21 қазан аралығында «Kazakhstan International Halal Expo 2011» екінші Халықаралық көрме-семинар өткізетінін хабарлайды.

26 қазан күні Астанада Қазақстанның «ҚазАгро» және «ҚазФерма» аса ірі аграрлық көрмелерінің аясында «Аграрлық инновация: қазақстандық вектор» тақырыбында І халықаралық конференция өтеді.

АЛМАТЫ

21 қазанда Түркітілдес елдер ынтымақтастық кеңесінің бірінші саммиті ашылады.

21 қазанда ҚР Тұңғыш Президент қорында «Әлеуметтік жаңарту ҚР Тұңғыш Президенті саясатының басты стратегиялық басымдығы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.

21 қазанда №7 қалалық клиникалық аурухананың 20 жылдығын атап өту.

19-21 қазанда Алматыда Корея Республикасының Дэгу қаласының күндері өтеді.

АЙМАҚ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

21 қазан күні «Алтай» технопаркінде Астана қаласының Шығыс Қазақстан облысындағы күндері аясында «Астана және аймақтар: тұрақты даму стратегиясы» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтеді.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

22-23 қазан күндері Степногор қаласында «Көк аспан есірткіге қарсы» патриоттық акциясы өтеді.

ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР. АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕСІМДЕР.

ҚАЗАННЫҢ 21-І, ЖҰМА

ОҚИҒАЛАР

5 жыл бұрын (2006) Жерлестері спортшының туған ауылындағы көшеге дзюдодан павлодарлық тұңғыш жаттықтырушы Батырбек Сейсембаевтың есімін берді. Спорт қайраткерінің есімі ардагерлер кеңесінің ұсынысы бойынша мәңгі есте қалдырылды. Осы Ленин ауылында спорт күресін ашқан, жас балуандарды айтулы сайыстарда жеңіске жетуге үйреткен, өзінің бар күш-жігерін күрес өнерін дамытуға арнаған адамды оның шәкірттері, әріптестері, достары мен жерлестері естерінде мәңгі сақтайды. Оның ізбасарлары да осы ауылда екі зал ашқан, онда балалар дзюдо және бокспен шұғылданады. Павлодарда Батырбек Сейсембаевтың есімі «Батыр» спорт мектебіне берілген.

3 жыл бұрын (2008) Таразда Ықылас Дүкенұлы туралы кітап жарық көрді. «Ықылас - күй шебері» деп аталатын туынды Тараздағы «Сенім» баспасынан шығып отыр. Атақты күйші туралы көркемдік-биографиялық очерктің авторы - жамбылдық жазушы Пернебай Дүйсенбин. Басылым Ықылас Дүкенұлының 165 жылдығы құрметіне арналып отыр. Күйшінің туған жерінде - Жамбыл облысының Сарысу ауданында мерейтойы кеңінен атап өтілді.

ДҮКЕНҰЛЫ Ықылас (1843-1916) - халық композиторы, күйші, қобызшы, қобыз мектебінің негізін қалаушылардың бірі. Қарағанды облысы Жаңаарақа ауданында туған. Ықыластың атасы Алтынбек айтулы зергер, ұста адам болған; ағаштан қобыз, домбыра жасап, өзі сол аспаптарды жақсы тарта білген. Ал өз әкесі Дүкен күйшілік өнерді ұстанған. Ықыластың күйшілік дарыны ерте ашылып, 7-8 жасынан қобыз ұстап, әкесі тартқан күйлерді тез игеріп алған. 15 жасынан ол үлкен жиындарда өнер көрсете бастаған. Кезінде Ықыластың талантына тәнті болған Жанақ пен Шөже ақындар жас өнерпазға батасын беріп, Тәттімбет пен Тоқа сынды күйшілер оның өнерін өте жоғары бағалаған. 18 жасында ол әкесінен үйренген күйлерге өзгеріс енгізіп, оларды классикалық деңгейге көтерді; бақсылардың жүйесіз сарын түлеткен қобыз үніндегі абстракцияны жойып, оны адамның шабытына, ой-толғауына бағындырды, сөйтіп, қобызды халықтық музыкалық аспапқа айналдырды. Ықылас алғашқы күйлерін халықтық фольклордағы оқиғалар негізінде құрды; эпостық жырларды, аңыз ертегілерді қыл қобыз үнімен шертті және қыл қобыздың үн көлемін байытып, тереңдетті. Оның күйлерінің ырғағы өзінен бұрынғы күйшілерге ұқсамай, адам көңілінің тоқсан толғаулы сырын жыр етті, уақытты, замана тынысын, өмір шындығын шертті. Ол толғаған «Қорқыт» - бақытты өмірді аңсау, тәтті қиял; «Кертолғау» («Тоғыз тарау ? Кертолғау» деп те аталады) ? замана келбеті, мезгіл туралы ой; «Қоңыр» - адам сезімінің шаттанған, шуақты сәті, жарқын лиризм; «Ықылас» - шабыт шарықтауы; «Қазан» - елдің батырлық салтын ардақтаған салтанатты шеру; «Қамбар-Назым» - махаббат жыры; «Жезкиік» - кең дала табиғаты, еркіндік жыры; «Шыңырау» - зұлымдық қасіреті; «Аққу» - өмірді сүю, өлімді жеңу, адам құдіретін дәріптеу; «Жалғыз аяқ» - әділет үшін оптимистік құлшыныс; «Ерден», «Жарым патша», «Бестөре» - отаршылдық жүйе, Ресей өкіметіне беріле қызмет еткен қазақ ақсүйектері, тағы басқа Ықыластың азаматтық ойын айқындайтын саяси-әлеуметтік мәні бар күйлер. Ықылас Омбы, Қызылжар (қазіргі Петропавл), Ақмола (қазіргі Астана) қалаларында, жәрмеңкелерде қобыз тартуда алдына жан салмаған. Оның Сүгір, Ашай, Әйкен сияқты талантты шәкірттері болды. Өз ұлы Түсіпбек те қобызда өте шебер ойнады, ол әкесінің көптеген күйлерін Д.Мықтыбаевқа үйретті. Қобызшы Ж.Қаламбаев Сүгірден Ықылас күйлерін үйреніп, оларды нақышына келтіре орындады. Ықыластың көптеген күйлері Қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінде, «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрінде де орындалады. Жамбыл облысы Байқадам ауылында Ықылас атында музыкалық мектеп, Алматы қаласында музыкалық аспаптар мұражайы бар. Ықыластың қобызы Жамбыл облысы Жайлаукөл ауылында тұратын немерелерінде сақтаулы.

ЕСІМДЕР

55 жыл бұрын (1956) экономика ғылымының докторы, профессор ЕРТІЛЕСОВА Жаннат дүниеге келді. Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті).

Еңбек жолын Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы Жоспарлау және нормативтер ғылыми-зерттеу экономикалық институтының ғылыми қызметкері болып бастады. 1992 жылы экономика жөніндегі мемлекеттік комитеті жанындағы Экономика және нарықтық қатынастар ғылыми-зерттеу институтының директордың орынбасары болып тағайындалған. 1993-1994 жылдары - ҚР Экономика минстрлігі Қаржы-несие саясаты басқармасының бастығы, министрдің орынбасары. 1995-1997 жылдары - ҚР Үкіметі жанындағы Экономикалық реформалар орталығының жетекшісі, ҚР Экономика министрінің бірінші орынбасары. 1997-2000 жылдары - ҚР Қаржы вице-министрі, бірінші қаржы-министрі. 2000 жылы - «Қазақтелеком» ААҚ-ының вице-президенті. 2000-2001 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары, ҚР Қорғаныс министрінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасары. 2001-2003 жылдары - «Сана-консалтинг» ЖШС-інің бас директоры. 2003-2004 жылдары - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары. 2004 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ының корпоративтік даму жөніндегі басқарушы директоры болған. 2005 жылы Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығы кеңесінің төрағасы болған. 2007 жылы «Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (қазіргі Самұрық-Қазына), және ҚР Премьер-Министрінің штаттан тыс кеңесшi болған.

2009 жылдан бастап 7 каналда «Профессиональный разговор с Жаннат Ертлесовой» бағдарламасының жүргізушісі.

ҚР Қаржы министрлігінің, ҚР Министрлер Кабинеті Аппаратының алғыстарына ие болған.

41 ғылыми еңбектің авторы.

ҚАЗАННЫҢ 22-І, СЕНБІ

Дағыстанның Мемлекеттік мейрамы - Ақ тырналар мерекесі

Дағыстанның халық ақыны Расул Ғамзатовтың бастамасымен, поэзия мерекесі ретінде соғыс даласында мерт болған барлық жауынгерлердің рухын ардақтау мақсатында жиырма жылдан астам уақыт атап өтілуде.

ОҚИҒАЛАР

3 жыл бұрын (2008) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпус үшін «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасының таныстырылымы өтті. Таныстырылым барысында бағдарламаның негізгі бағыттарын, сондай-ақ оны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын түсіндіру мақсатында еліміздің министрліктері мен ведомстволарының өкілдері баяндама жасады. Бағдарламының мақсаты - Қазақстан мен Еуропа елдерінің ынтымақтастығын дамыту, технологиялар мен энергетика, көлік, техникалық реттеу және метрология саласындағы қарым-қатынасты жетілдіру, сондай-ақ 2010 жылы еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету үшін жағдай қалыптастыру.

3 жыл бұрын (2008) Түпқараған ауданының орталығы Форт-Шевченко қаласы мен оған жақын Аташ, Баутино ауылдарының аумағына жедел археологиялық қазба жұмыстарын жасап жатқан маңғыстаулық археологтар 70-тен астам тарихи ескерткіш кешендері мен жекелеген нысандарын тапты. Шұғыл жүргізіліп жатқан қазба жұмыстары елді мекеннің экономикалық тұрғыдан қарқынды игеріліп жатқандығына байланысты ескерткіштердің жойылып кету қаупінің алдын алу мақсатында қолға алынып отыр. Археологтар тапқан ірі нысанның бірі - көлемі 15 га. аумақты алып жатқан шамамен ХІV ғасырға жататын Кетік қаласы. Жартысына жуығы техногендік себептермен жойылып кеткен тарихи жәдігердің орталық бөлігі сақталып қалған. Ішінара жүргізілген қазба жұмыстарында қаланың жертөлелері мен үйлерінің, мәдени кешендерінің орындары анықталды. Табылған керамикалық ыдыстар, диірмен тастары мен алтын, күміс теңгелер қаланың сауда-шаруашылық орталығы болғандығын айғақтайды. Теңіз жағалауындағы бухталар Кетік қаласының, тарихи деректерде айтылатындай, портты қала болғандығын дәлелдей түседі. Қалған ескерткіштердің барлығы визуалды түрде тіркелді. Соның бірі ? археологтар шамамен Алтынорда кезеңіне жатқызып отырған Қорғантас қаласы. Көлемі 15 га. аумақты алып жатқан қаланың үш метрлік шошақтасты табыну орындарының болғандығына қарап, мамандар оның іргесін ХI-ХII ғасырларда оғыздар қалаған болуы мүмкін деп отыр. «Жалпы біз есепке алған 70-тен астам ескерткіштің дені болжаммен Моңғол шапқыншылығына дейінгі кезеңге немесе Алтынорда кезеңіне жатады. Бұл осы кезеңдерде Бозашы түбегінің сауда орталығы ғана емес, мәдениет ошағы болғандығына да меңзейді. Ендігі мақсатымыз ? ескерткіштерді түгелдей қорғауға алу үшін облыс әкімі жанындағы арнайы кеңеске ұсыну», дейді археолог Андрей Астафьев. Бүгін экспедициялық топ кезекті барлау жұмыстарын жалғастыру үшін Шақпақ ата мешітіне аттанып кетті.

3 жыл бұрын (2008) Чехиядағы Қазақстан Республикасы елшілігі Прага қаласында ЧР СІМ жанындағы халықаралық қатынастар институтында қазақстандық «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасының таныстырылымын өткізді. Оған осы елдің мемлекеттік, академиялық және қоғамдық жұртшылық өкілдері, сондай-ақ Прагада оқитын қазақстандық студенттер қатысты. Карл Енглиш институтының проректоры, басқарушы Азаматтық демократиялық партияның белгілі өкілі Ярослав Юречка қабылданған бұл бағдарламадан Қазақстанның қазіргі ығыттарға жауабын, бағдарламаның өн бойынан қазақстандық өкімет орындарының, Қазақстан Президентінің алға қойған мақсаттары айқын да келешегінің зор екенін байқауға болады, деген пікір айтты.

1 жыл бұрын (2010) Халықаралық күрес түрлері қауымдастығының (FILA) президенті Рафаэль Мартинетти ұлттық күрес спортының түрлерін дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстанның «Достық» орденімен марапатталды.

1 жыл бұрын (2010) Қазақстан Республикасы Журналистер одағы мен «Қазақстанның даму банкі» акционерлік қоғамы «Даму» журналистік сыйлығын тағайындады.

Сыйлық Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру аясында экономика және қаржы тақырыбына жазылған үздік аналитикалық материалдар үшін берілетін болады.

1 жыл бұрын (2010) С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік медициналық университетінде медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ресей медицина ғылымдарының және ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақ тағамтану академиясының және Профилактикалық медицина академиясының президенті, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Төрегелді Шармановтың 80 жылдығына арналған «Өмір аллеясы» атты ескерткіш ашылды.

Төрегелді Шарманов ҚР Мемлекеттік сыйлығының, «Платиналық Тарлан» сыйлығының лауреаты, 2005 жылы әлемдік денсаулық сақтау ісіне қосқан баға жетпес үлесі үшін ДҰҰ-ның ең жоғары сыйлығы - Леон Бернард атындағы медалін алды. Ол 1951 жылдан бері дүние жүзі бойынша 41 адам иеленген сыйлықтың 42-шісі болды. Ол сонымен қатар Қазақстандағы нутрициологтар мектебінің негізін қалаушысы болып табылады. Оның жетекшілік етуімен ТМД жерінде теңдесі жоқ Балалар тағамының орталығы құрылды.

1 жыл бұрын (2010) Швейцарияның Люцерн қаласында Қазақстан Республикасы Елшілігінің қолдауымен құрылған «Швейцария-Қазақстан» Сауда палатасының салтанатты ашылуы болды.

Оның ашылу рәсіміне Швейцария сауда палаталарының, осы елдің экономиканы дамыту ұйымдарының, сыртқы саясат ведомстволарының және дипломатиялық корпустың , сондай-ақ Конфедерацияның бірқатар компаниялары мен банк мекемелерінің өкілдері қатысты.

ЕСІМДЕР

70 жыл бұрын (1941) «Миттал Стил Теміртау» АҚ-ы көмір шикізат жөніндегі халықаралық бас сарапшы, техника ғылымының докторы, профессор, ҚР Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Халықаралық тау-кен (горный) академиясының академигі, Нью-Йорк тау-кен академиясының мүшесі, Қазақ КСР көмір өндірісінің еңбек сіңірген қызметкері, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының және Министрлер Кабинеті сыйлығының лауреаты, Шахтинск қаласының құрметті азаматы ПРЕЗЕНТ Григорий Михайлович дүниеге келді.

Ресейдің Саратов облысында туған. Қарағанды политехникалық институтын бітірген. 1964-1993 жылдары - Костенко атындағы шахта телімі бастығының орынбасары, бастығы, директордың орынбасары, бас инженері, директоры. 1993-1995 жылдары - «Қарағандыкөмір» өндірістік бірлестігінің бас директоры. 1995-1996 жылдары - «Қарағандышахтакөмір» мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры. 1996 жылдан бастап «Испат-Кармет» ААҚ Көмір департаментінің атқарушы директоры болған.

Құрмет, Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен, «Шахтер даңқы» белгісінің үш дәрежесімен марапатталған.

50 жыл бұрын (1961) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің ТөрағасыМӘДИНОВ Ромин Ризаұлы дүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан (Коқшетау) облысында туған. Омбы мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын Омбы қаласында «Омскгидропривод» зауытында фрезерші болып бастады; және де «Омскгидропривод» зауытының БЛКЖО Комитетінің хатшысы болып қызмет атқарды; БЛКЖО Омбы обкомының нұсқаушысы; «Контакт» коммерциялық орталығының директоры; «Агроорталық» астық компаниясының директоры; Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің кеңесшісі. 1999 жалдын бастап кезге дейін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Екі кітаптың авторы:

«Құрмет» орденімен, «Астана», «Тыңға 50 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» медальдарымен, марапатталған.