ҚазАқпарат: 2011 жылғы 7-9 қазан аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ҚазАқпарат: 2011 жылғы 7-9 қазан аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ҮКІМЕТ

5-8 қазан аралығында Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен Литва Президенті Даля Грибаускайте ресми сапармен өтуде.

6-7 қазанда Астана қаласында V Азаматтық форум өтуде.

7 қазанда Литва Респубикасының Президенті Даля Грибаускайтенің қатысуымен

қазақстан-литва бизнес-форумы өтеді.

7 қазанда Қаржы министрлігінде министр Б.Жәмішевтің төрағалығымен консультативтік органның отырысы өтеді.

8-9 қазанда Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов Иранның Сыртқы істер министрі Алиакбар Салехидің шақыруымен Тегеранда жұмыс сапарында болады.

ПАРЛАМЕНТ

7 қазанда ҚР Парламенті Сенатында «Парламентаризм - тәуелсіз Қазақстанның егеменді және қарышты дамуының кепілі» тақырыбында конференция өтеді.

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ

4 қазан мен 7 қазан аралығында ТМД-ның мәдени астанасы - Гомель қаласында Қазақ киносының күндері өтуде.

5-9 қазан аралығында Қазақстан парламентшілері Дубровник қаласында ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының кезекті күзгі отырысына қатысуда.

6-7 қазанда Рабатта Қазақстан мен Марокко Корольдігінің Сыртқы істер министрліктерінің консультациялары өтуде.

6-7 қазан күндері Бакуде түркі тілдес мемлекеттердің арнайы қызметтер конференциясының XIV отырысы өтуде.

ӘЛЕМ

26 қыркүйек пен 7 қазан аралығында Варшавада ЕҚЫҰ-ның гуманитарлық өлшемдер бойынша міндеттемелері бойынша Шолу конференциясы өтуде.

ТМД

8-24 қазан аралығында Киевтің Brucie Collections галереясында әлемге танымал фотосуретші Говард Шатцтың көрмесі өтеді.

ҚОҒАМ

1 қаңтардан 25 қарашаға дейін ҚР Мәдениет министрлігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының этножурналистика саласында «Шаңырақ» атты бірлескен конкурсы өтуде.

6-7 қазанда Астана қаласында V Азаматтық форум өтуде.

6-7-қазанда Астанада ЕурАзЭҚ-тың Интеграциялық Комитеті жанындағы білім беру бойынша Кеңесінің 20-шы мәжілісі өтуде.

СПОРТ

22 қыркүйектен 10 қазанға дейін Бакуде бокстан XVI әлем чемпионаты өтуде.

5-9 қазан күндері Шымкентте Қазақстан Республикасының ІІІ Паралимпиадалық ойындары өтуде.

7 қазан күні Қазақстанның жастар құрамасы Францияның Клермон-Ферран қаласында 2013 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турындағы кезекті матчын өткізеді.

8 қазанда «Алатау» спорт кешенінде қаржы министрі Б.Жәмішевтің қатысуымен спартакиаданың жабылуы салтанаты өтеді.

9 қазанда Алматыда "Мен сенімен біргемін" деп аталатын ІІІ қайырымдылық веломаршы өтеді.

АСТАНА

5-8 қазан күндері Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ТЕМПУС халықаралық комитетінің отырысы өтуде.

5-7 қазанда «Көрме» кешенінде «ҚазАвтоЖол-2011» сегізінші халықаралық көрмесі өтуде.

6-8 қазан күндері «Мұз айдыны» спорттық кешенінде «Жандауа» мүгедектерге көмек қоғамдық қоры Астана қаласы әкімдігіінң қолдауымен Мүгедектер күніне арналған акция өткізеді.

7 қазанда ҚР Президенттік мәдениет орталығында ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 80 жыл толуына арналған «Қазақ поэзиясының мұзбалағы» әдеби-танымдық кеш өтеді.

7 қазанда Астанада «Rixos Аstanа» қонақүйінде қазақстан-литва бизнес-форумы мен іскерлік кеңесінің алғашқы отырысы өтеді.

7 қазанда Бейбітшілік және келісім сарайында «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ-ның 10 жылдығына арналған «Медицинадағы инновациялық технологиялар және прогресс» атты халықаралық конгресс өтеді.

7 қазанда Президенттік мәдениет сарайында Малайзия университеті өкіледрінің қатысуымен «Болашақтың кілті - білімде» атты білім көрмесі өтеді.

7 қазан күніЛ.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің Президенттік залында Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсыновтың 60 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтеді.

7-8 қазанда ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасында «Көпұлысты қоғамдағы медация: теория, тәжірибе, практика» халықаралық ғылыми семинар-практикумы өтеді.

АЛМАТЫ

6-8 қазанда Алматыда «Болашақ игілігі үшін сапа» ұранымен VI халықаралық сапа форум өтуде.

7 қазанда Алматыда ҚР Тұңғыш Преизденті қорында «Үш тұғырлы тіл мәдени жобасының лингвистикалық, әлеуметтік және саясаттанушылық қырлары» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

7 қазанда Алматыда қала әкімі А.Есімовтің қатысуымен көпфункционалды спорт алаңының ашылуы болады.

7 қазанда Алматыда Қасым Асановтың мемориалдық тақтасының ашылуы болады.

7 қазанда «Әлеуметтік желілер достары халықаралық фестивалінің» салтанатты ашылуы өтеді.

7 қазанда Алматыда қала әкімі А.Есімовтің қатысуымен Алмалы ауданының 70 жылдығына арналған мерекелік шара өтеді.

7 қазанда Алматыда жас суретшілердің «Поиск_Suche» көрмесі өтеді.

7 қазанда Алматыда ҚР Мемлекеттік Орталық мұражайында белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, тарихшы-этнограф, өнер зерттеуші, ҚР Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі Өзбекәлі Жәнібековтың туғанына 80 жыл толуына арналған көрме ашылады.

9 қазанда Алматыда «Мизамшуақ» романтикалық концерті өтеді.

АЙМАҚ

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ

7 қазанда Қостанай қаласының облыстық филармаониясы залында «Тілі бірдің - тілегі бір» атты ІІІ республикалық жастар форумы өтеді.

ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР. АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕСІМДЕР.

ҚАЗАННЫҢ 7-І, ЖҰМА

ОҚИҒАЛАР

65 жыл бұрын (1946) Алматыдағы Қазақ опера және балет театрында «Біржан - Сара» операсының премьерасы қойылды. Операның авторы М.Төлебаев, либреттосын Қ.Жұмалиев жазған. Алғашқы қойылымдағы Біржан бейнесін Ә.Үмбетбаев сомдаса, Сараны К.Байсейітова ойнады. «Біржан - Сара» - көп актілі лирикалық-драмалық опера. Оның негізіне XIX ғасырда өмір сүрген ақын, әнші-композитор Біржан сал мен Сара ақынның айтысы алынған. Операға 1949 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілген.

3 жыл бұрын (2008) Астанада үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырып жатқан жобалары таныстырылды.

Аталмыш шараға жиналғандар онда үкіметтік емес ұйымдардың «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру ісіне үлес қосу», «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыруға қолдау көрсететін арнайы қызмет құру», «Есірткіге еліткендерді әлеуметтік бейімдеу», «Есірткіге тәуелді адамдарға арналған әлеуметтік бюро құру», «Жылдың үздік отбасы», «Журналистер арасында азаматтық қоғамды дамытуға байланысты байқау ұйымдастыру», «Зорлық-зомбылық құрбандарына арналған сенім телефондары» сияқты өзге де көптеген жобаларымен танысты. «Бүгінде елорданың үкіметтік емес секторына қолдау көрсету мақсатында Астана қаласының әкімдігі «Үкіметтік емес ұйымдарды қолдауға арналған орталық» құрды. Орталық аталған ұйымдарға тегін көмек көрсетеді», деді аталған орталықтың төрайымы Алтынай Көбеева. Естеріңізге сала кетейік, бүгінде Астанада 300-ден астам үкіметтік емес ұйым тіркеліп, жұмыс істеуде.

1 жыл бұрын (2010) Сербия Президенті Бория Тадичтің Қазақстанға ресми сапары аясында бірқатар құжаттарға қол қойылды.

Тараптар Астана мен Белградтың халықаралық саясаттағы көп ұстанымдары жақын екенін және екі елдің арасында қандай да бір саяси қарама қайшылықтар жоқ екендігін атап өтті.

Екі елдің министрлері сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнінде пікір алмаса отырып, бұл қатынастар екі елдің шын мәніндегі мүмкіндіктеріне сай келмейтіндігіне баса назар аударды. Кездесу соңында екі елдің қарым-қатынастарын нығайтуға бағытталған бірқатар үкіметаралық және мекемеаралық келісімдерге қол қойылды.

ЕСІМДЕР

60 жыл бұрын (1951) кино және театр актері, Қазақстаның халық әртісі, Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі, «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның әртісі, әнші, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының және Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері, КСРО кинематографистер одағының мүшесі ЖОЛЖАҚСЫНОВ Досқан Қалиұлы дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында туған. Алматы мемлекеттік өнер институтын (қазіргі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерватория) бітірген. 1971 жылдан бастап Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының актері. 1995-2001 жылдары - Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының директоры әрі көркемдік жетекшісі болған. Актер театр сахнасында және кинода 200-ден астам бейнені сомдаған. Жолжақсыновтың актерлік өнеріне сезім тереңдігі, сахналық әрекет шынайылығы тән. Жолжақсынов - ұлттық кино өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан актерлердің бірі. «Гауһартас», «Даладағы қуғын», «Алтын күз», «Омпа», «Ақ барыстың ұрпақтары», «Көшпенділер», «Біржан сал», «Искупи вину», «Человеческий фактор», «Монопат Утнапштити» т.ю фильмдерге түскен.

45 жыл бұрын (1966) экономика ғылымының кандидаты ДУНАЕВ Арман Ғалиасқарұлы дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Сергей Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін және М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің асприантурасын бітірген. 1991-1992 жылдары - «Сервис-Центр» ғылыми-техникалық қоғамының кеңесшісі. 1992-1993 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігі сыртқы байланыс бөлімінің меңгерушісі, бас маманы. 1993-1998 жылдары - «Астана-Холдинг» Қазақ холдингтік компаниясы инвестициалық бағдарлама басқармасының директоры, бастығы, инвестициалық бағдарлама бөлімі бастығының орынбасары, бастығы, сыртқы байланыс бөлімінің бастығы, бас маманы қызметтерін атқарған. 1998-2000 жылдары - «ТұранӘлемБанкі» жабық акционерлік қоғамы инвестициалық және халықаралық бағдарламалар басқармасының бастығы. 2000-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік борыштар департаменті директорының міндетін атқарушысы, директоры болған. 2002-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі. 2003-2004 жылдары - «Ұлттық инновациялық қор» ЖАҚ басқармасының төрағасы. 2004 жылдың наурыз айынан - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бірінші вице-министрі. 2004-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрі. 2006-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің төрағасы. 2008 жылы - «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ-ның басқарма төрағасы. 2008-2011 жылдары - «СамұрықҚазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары. 2001-2002 жылдары - «Қазақстан даму банкі» ЖАҚ директорлар кеңесінің мүшесі. 2002-2003 жылдары - «Қазақстан даму банкі» ЖАҚ директорлар кеңесінің төрағасы, «Кіші кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ директорлар кеңесінің мүшесі. 2008-2009 жылдары - «Kazyna Capital Management» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. 2009 жылы - «ТұранӘлемБанкі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы. 2008-2010 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі. 2007-2008, 2009-2010 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесінің мүшесі.

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» мерейтойлық медалідарымен марапатталған.

ҚАЗАННЫҢ 8-І, СЕНБІ

ОҚИҒАЛАР

1 жыл бұрын (2010) Мемлекет басшысы көрсетілген қызмет саласындағы қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті күшейтуге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мұнай және мұнай өнімдерінің айналымы саласында жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

ЕСІМДЕР

80 жыл бұрын (1931-1989) техника ғылымының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген өнертапқышы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ҚҰРМАНҒАЛИЕВ Марат Рамазанұлы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Бауман атындағы Мәскеу жоғарғы техникалық училищесін бітірген. 1955 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақстан ғылым академиясы Энергетика ғылыми-зерттеу институтының зертханашысы, кіші, аға ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі болған. Негізгі ғылыми еңбектері Қазақстанда өндірілетін көмірлерді циклондық оттықта жағу процестеріне арналған. Қуаты күшті энергетикалық қондырғылардың көміртозаңдандырғыш қазандықтарда сапасы төмен көмірлерді жағу құбылыстарын оттық модельдерде зерттеу әдістемесін өндіріске енгізді. Көмірді қайнаған қабатта, кейінірек айналмалы қайнаған қабатта жағуды зерттеген. 200-ден астам ғылыми еңбектің, 5 монографияның, 50-ден астам патенттің авторы.

Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

ҚАЗАННЫҢ 9-Ы, ЖЕКСЕНБІ

Бүкіләлемдік пошта күні

1969-ыншы жылы Токиода өткен Дүниежүзілік пошта одағының XVI конгресінің шешімі бойынша өткізіледі.

Қазір қызмет көрсететін байланыс түрлерінің арасында бәрінен бұрын пошта пайда болған. Бүгінде ол, тіпті телефон желісі мен электр қуаты жетпейтін елді мекендерге де, яғни, бүкіл әлемге дерлік жайылған.

Бәлкім, уақыт өте келе пошта байланысы қарым-қатынас жасаудың басқа да шапшаңырақ түрлеріне орын берер, бірақ хаттар мен түрлі-түсті ашық хаттар ғана өткен оқиғаларды еске түсіріп қала бермек. Жақын адамдарыңызға хат жазыңыз, олардың жүректерінде өзіңіз туралы естелік қалдырыңыз!

ОҚИҒАЛАР

5 жыл бұрын (2006) қазақстандық «Futurtech» компаниясы үндістанның жетекші компаниясы NIIT-мен бірлесе отырып, Алматыда ақпараттық технология саласында білім беретін орталық ашты. Ақпараттық технология саласында білім беретін әлемдегі ең үздік компаниялардың алғашқы ондығының қатарындағы NIIT компаниясын Қазақстанға әкелген «Futurtech» компаниясы - Елбасының «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіру» стратегиясын жүзеге асыру мақсатында «Lancaster Group Kazakhstan» АҚ мен «Ұлттық инновациялық қор» АҚ-ның бірлесуінен құрылған ұйым. Түрлі деңгейде білім беретін орталық MasterMind әдісінің ең жаңа жүйесін ұсынады. Әртүрлі бағыттағы бағдарлама бойынша білім беретін орталыққа өтініш білдірген студент не маман 1 айдың ішінде оқуын бастай алады. Оқу мерзімі таңдаған бағдарлама бойынша 3 айдан 3 жылға дейін болады.

3 жыл бұрын (2008) Астанада Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ғалымдары мен Жоғарғы сот әзірлеген 2009-2011 жылдарға арналған Сот білімі стратегиясының жобасы таныстырылды. Ғалымдардың айтуынша, Сот білімі стратегиясы судьялардың біліктілігін арттыру, сот білімін жетілдіріп, судьяларды дайындау шараларының сапасын жоғарылату мақсатында әзірленген. ҚР Жоғарғы сотының Сот жүйесін зерттеу жөніндегі орталықтың меңгерушісі Ермек Абрасұловтың сөзіне қарағанда, аталған стратегияны жүзеге асыру барысында сот білімі бағдарламалары мен әдістемелерін, оқу жоспарларын жетілдіру қарастырылып отыр. Оның аясында жыл сайынғы талдау жүргізу, дәрістердің сапасы мен курстарды жоғарылату мәселелері қамтылған.

ЕСІМДЕР

60 жыл бұрын (1951) С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, химия ғылымының докторы, профессор, Қазақстан ҰҒА-ның корреспондент мүшесі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Ұлттық білім академиясының академигі ҒАЗАЛИЕВ Арыстан Мәуленұлы дүниеге келді.

Қарағанды қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің химия факультетін бітірген. Еңбек жолы - Қарағанды мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, Қарағанды кооперативтік институтының доценті, Органикалық синтез және көмір химиясы институтының ғылыми хатшысы, зертхана меңгерушісі, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, Қарағанды университетінің проректоры, Органикалық синтез және көмір химиясы институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары болған.

Ғылыми зерттеу еңбектерінің негізгі бағыты жаңа биологиялық активті заттарды жасауға арналған. Ол табиғи алкалоидтарды модификациялаудың химиялық және электрхимиялық өндірістік әдістерін жасады, изотиоцианатофосфор қышқылы эфирлерін электрхимиялық синтездеудің жаңа реакциясын ашты, кванттық химия әдістерін пайдалану арқылы бірқатар алкалоидтардың тұңғыш рет электрондық құрылымын анықтады.

Ол Ресей ғылым академиясының «Ғылыми серіктестікке қосқан үлесі үшін» алтын медалінің иегері, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған.

400-ден астам ғылыми жұмыстың, монографияның, оқулықтар мен кітаптардың, авторлық зерттеулер мен патенттердің авторы.