«ҚазАқпарат» ХАА мен «Қазконтент» АҚ-ның мемлекеттік активтері контент пен интернет-порталдардың сапасын арттыруда үлкен жұмыс атқарды. Осы жұмыстардың нәтижесі ретінде рейтингті көрсеткіштерді атап өтуге болады. Рейтингке сәйкес, «Қазконтент» ресурстары белсенділігі жағынан ТОП-6 қатарына енді. «ҚазАқпарат» ХАА-ның негізгі нәтижелерінің бірі ретінде 2016 жылдан қарағанда сайтқа кірушілердің 21 пайызға артқанын атап өтуге болады. Халықаралық серіктестікті нығайту мақсатында «ҚазАқпарат» әлемдік агенттіктермен 18 меморандумға қол қойды», - дейді дейді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Нұргүл Мәуберлинова.
Оның айтуынша, министрліктің мемлекеттік ақпараттық тапсырысқа өзгеріс енгізілген.
«2017 жылы бізде мемлекеттік емес БАҚ-тардың ақпараттық материалдары мен аудио-бейне өнімдерінің тарифі мен әдістемесінің құны қайта қаралды. Осының арқасында негізгі басымдық саннан гөрі сапаға беріле бастады. Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс арқылы жасалған өнім Аймақтық БАҚ Альянсы арқылы аймақтық телеарналарға жолданады», - дейді ол.