ҚазАқпарат-Анонс: 2011 жылғы 19 қаңтар мен 23 қаңтар аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

None
None

ҮКІМЕТ

19 қаңтарда сағат 10.00-де Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовтің қатысуымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтеді.

19 қаңтарда сағат 15.00-де Министрліктер үйінде ҚР Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовтің қатысумен 2010 жылдың қорытындылары және 2011 жылға арналған міндеттер туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтеді.

19 қаңтарда Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінде 2010 жылдың қорытындылары мен 2011 жылдың міндеттеріне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

19 қаңтарда сағат 10.00-да Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғимаратында 2010 жылдың қорытындылары және 2011 жылға арналған міндеттер туралы алқалы жиын өтеді.

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ

Польшадағы «Еуро-2012» футболдан Еуропа чемпионатына дайындықты жүзеге асырып жатқан жергілікті ұйымдастыру комитеті жанкүйерлер арасында «Біздің құрама үшін жанкүйер бол - біз тарихты бірге жасаймыз» байқауын жариялады. Оның жеңімпаздары «Еуро-2012 достары» атанады. 2011 жылдың 31 желтоқсанына дейін созылатын байқауға 16 жасқа толған адамдар қатыса алады.

2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап Кеден одағында транзит декларациясы мен тауарлар декларациясының жаңа формасы енгізілді.

ТМД

18-19 қаңтарда Санкт-Петербордағы Таврия сарайында - ТМД Парламенттік Ассамблеясының штаб-пәтерінде халықаралық конференция болады. Онда халықаралық сайлау стандарттары және ТМД елдерінің ұлттық сайлау жүйелері талқыланады

СПОРТ

5 қаңтар мен 26 қаңтар аралығында Түркияда Өскемен қаласының «Шығыс» командасы қатысатын шетелдік оқу-жаттығулары өтеді.

12 қаңтар мен 30 қаңтар аралығында еліміздің барлық өңірінде Азия ойындарының алау эстафетасы өтуде.

15-23 қаңтарда Санкт-Петерборда футболдан Достастық кубогы өтеді. Онда еліміздің намысын «Тобыл» клубы қорғайтын болады.

30 қаңтар күні Астанадағы «Астана-Арена» стадионында Азиада ойындарының ашылу салтанаты кезінде шарықтау алау эстафетасы өз мәресіне жетеді.

14-27 қаңтар күндері Испанияның Кальп қаласында «Астана» велокомандасының қатысуымен жаттығу жиындары өтуде.

ҚОҒАМ

17 қаңтардан бастап Ұлттық банк, Қазақстанда өтетін VII қысқы Азиялық ойындарға арнап, 2 000 теңге номиналды ескерткіш банкноттарды айналымға шығарғалы отыр.

АСТАНА

19 қаңтарда елорда әкімдігінде Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясы өтеді.

19 қаңтарда Есілде православдардың Шоқыну мерекесі аясында суға түсу діни рәсімі өтеді.

19 қаңтарда Астана қаласындағы теміржол стансысында транзакциялық терминалдар арқылы билет салу жөніндегі жаңа қызметтің тұсаукесері рәсімі болады.

19 қаңтарда Назарбаев Университетінде «Жас Отан» жастар қанатының бастауыш ұясын құру мәселесі бойынша жиын өтеді.

19 қаңтарда Ұлттық мұрағатта Әзірбайжан Елшісі Закир Ариф Оғлы Ғашимовтың және Әзірбайжан ұлттық мәдени орталығының қатысуымен Жалпыхалықтық аза тұту күніне арналған шара өтеді.

19 қаңтарда « Нұр Отан» партиясының кеңсесінде «Жастар халық бірлігін қолдайды» деген тақырыпта брифинг өтеді.

21 қаңтарда Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрындаМ.Әуезовтің «Қарагөз» трагедиясының «рөлді жаңғырту» дәстүрі бойынша Қарагөз бейнесін сомдаушы жас актриса Таңсұлу Мұзаппарованың сахнадағы дебюті өткізілмек.

АЛМАТЫ

17 қаңтардан бастап, Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі Бекқали Торғаевтың 7 есептік кездесуі өтеді.

Алматыда 14-20 қаңтар аралығында ҚР Ғылым және білім министрлігінің және Алматы қаласы әкімінің қолдауымен Математика, физика және информатика пәндерінен VІІ халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтеді.

19 қаңтарда Holiday Inn қонақүйінде «ВИЧ-инфекциясын алдын алу және оны емдеудің қолжетімділігі» деген тақырыпта аймақтық консультативтік кеңес өткізу мәселесіне арналған брифинг болады.

АЙМАҚТАР

АҚТӨБЕ

10-20 қаңтар аралығында Ақтөбенің селолық округтерінің әкімдері есеп беру кездесулерін өткізеді.

ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР. АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕСІМДЕР.

ҚАҢТАРДЫҢ 19-Ы, СӘРСЕНБІ

ОҚИҒАЛАР

5 жыл бұрын (2006) Атырауда жаңа ұшып-қону жолағы қолданылуға берілді, оған «Боинг-757» ұшағы алғашқы рет ресми түрде қонды. Ұшып-қону жолақтың ұзындығы 3000метр, ал ені 45 метр және екі жағында шеткі асфальтанған қауіпсіздік жолақтарынан тұрады. Төсемнің қалыңдығы - 115 сантиметр. «Қазаэропроект» РМК қортындысы бойынша Атыраудағы жолақ Қазақстандағы ең мықты болып саналады, және әуе кемелерінің барлық түрлеріне қызмет көрсете алады.

1 жыл бұрын (2010) Астанадағы Президенттік Мәдениет орталығында жаңадан құрылған Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің қауымдастығы (ҚТӘМ) алғашқы басқосуын өткізіп, «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың инновациялық технологиялары» тақырыбында семинар өткізді.

Жаңа қоғамдық құрылым Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қорының бастамасымен және қолдауымен құрылған. Оның жетекшісі филолог, орыс мектептеріндегі қазақ тілінің мұғалімі Айгүл Ахметқалиева.

Қауымдастықтың басты мақсаттары - орыс мектептерімен және мектепке дейінгі мекемеде қазақ тілін оқытудағы инновациялық шешімдерді іздестіру, қазақтың дәстүрлерін көпшілікке тарату, балалардың отан сүййгіштік қасиетін ояту.

1 жыл бұрын (2010) Алматыда көшбасшылық бойынша коуч-кеңесші, ресейлік Марина Петрованың «Рафтинг» деп аталатын кітабінің таныстырылымы болып өтті.

Шығармада төрт сыныптас достардың, бір демалысқа барғандағы оқиғалары суреттеледі. Сол демалыстан олардың өмірлері қатты өзгеріп, кейіпкерлер өздерін танып, махаббаттың не екенін түсініп, жаңадан өмір сүруге үйренеді. Кітап барлық кітап сүйер оқырмандарға арналған.

«Күнделікті тіршілік аясында, өмірді бағаламай, айналамыздағы мүмкіндіктерді байқамай қаламыз. Қоршалған әйнектің ішінде жүргендей боламыз. Менің кітабім сол қамалдан шығуға, өмірге деген қөзқарасты өзгертуге, жаңа өзгерістерді енгізуге, бүгінгі күнің ертеңгі күнге ұқсамауға, сонымен қатар өзіңді өзгертуге әсер ететін көмекші құрал болады деп ойлаймын», деді кітап авторы Марина Петрова.

1 жыл бұрын (2010) «Республика» жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылардың өткен жылғы жеке зейнетақы шоттарының жай-күйі туралы ақпаратты тарататын онлайн-хабарлама қызметін іске қосты. Электрондық ақпаратқа қол жеткізу туралы тиісті келісім жасаған салымшылар интернет арқылы өзінің жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы мәлімет алуға мүмкіндігі бар. Аталмыш қызмет Қазақстанның барлық аумағында тегін рұқсат етілген.

ЕСІМДЕР

55 жыл бұрын (1956) Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының әкімі БОҚАНОВ Қармыс дүниеге келді.

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының Жармыш ауылында туған. Гурьев педагогикалық институтын (қазіргі Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті), Батыс-Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын (қазіргі Жәңгір хан атындағы Батыс-Қазақстан аграрлық-техникалық университеті) бітірген.

1977 - 1979 жылдары - Маңғыстау ауданы Жармыш орта мектебінің мұғалімі. 1979 - 1981 жылдары - Маңғыстау ауданы «Бұзаушы» кеңшарының хатшысы. 1981 - 1983 жылдары - Маңғыстау ауданы комсомол комитетінің екінші хатшысы. 1983 - 1985 жылдары - Маңғыстау ауданы «Ақшымырау» кеңшарының партия комитетінің хатшысы. 1985 - 1990 жылдары - Маңғыстау ауданы «Тұщықұдық» кеңшарының директоры. 1990 - 1995 жылдары - Маңғыстау ауданы «Бұзаушы» кеңшарының директоры. 1995 - 1998 жылдары - Маңғыстау ауданы №5 өндірістік-жол басқармасы бастығының орынбасары. 1998 - 1999 жылдары - Маңғыстау ауданы «Тас жол» ЖШС-нің жол маманы. 1999 - 2007 жылдары - Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары. 2007 - 2008 жылдары - Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы. 2008 - 2010 жылдары - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2010 жылдың сәуірінен - қазіргі қызметінде. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медальдармен марапатталған.

30 жыл бұрын (1981) жеңіл атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының құрама командасының мүшесі, Азияның, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының рекордсмені МЕЛЕШЕНКО Евгений Василевич дүниеге келді. Көкшетау қаласында туған. Окончил Кокшетауский государственный университет имени Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін бітірген.

Азия біріншілігінің, Қазақстан халықтары спартакиадасының, Бүкілқазақстандық универсиаданың, Алматы, Бішкек, Екатеринбор, Мәскеу қалаларында өткен Халықаралық турнирлердің жеңімпазы, Мәскеу қаласында өткен «Кубок Надежды» халықаралық турнирінің күміс жүлдегері атанған. Тайланд, Үндістан, Филиппин, Италия, Грекия, Польша, Швейцария елдерінде гран-При сериясы бойынша өткен Халықаралық турнирлердің жеңімпазы болған. Ғұсман Қосанов атындағы Халықаралық турнирдің жеңімпазы және рекордсмені. Алғашқы жаттықтырушысы - Чуйко Василий Тимофеевич.

2004 жылы Афинада өткен Олимпиадалық ойындарға қатысқан.

«Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

ҚАҢТАРДЫҢ 20-Ы, БЕЙСЕНБІ

ОҚИҒАЛАР

5 жыл бұрын (2006) Көкшетауда Шығыс спорт өнері» газетінің бірінші саны өз оқырмандарының қолына тиді. Екі тілде, түрлі-түсті бояулы жаңа ақпарат құралы республика көлемінде таратылады. Алғашқы таралымы үш мың дана деңгейінде болып отыр. Газет шығарушыларының басты мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, спорттың жаппай сипат алуына ұмтылыс жасау, шығыс спортының түр-түрінің кеңінен өркен жаюына ықпал ету, көпшілік қауымды спорттың тарихы мен дамуы турасында құлақдар ету. Басылымның алғашқы санында қазақша күрес, көкпар, каратэ жайында мол мағлұматтар берілген.

1 жыл бұрын (2010) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтің төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселелері жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтті.

Аталмыш комиссия 2010 жылы 11 қаңтарда Елбасы жарлығымен құрылған болатын.

1 жыл бұрын (2010) Петербор маңындағы Ораниенбаумдағы Қытай сарайын қалпына келтіру жұмыстары кезінде мамандар ерекше олжа тапты. Олар шөлмеке салынған жолдауды тапты, оны 40 жыл бұрын жұмыс істеген қалпына келтірушілер сарай еденінің астына қалдырған. Жолдауда жазылғандай, мұнда 1962 жылдың мамырынан бастап қыркүйек айына дейін «Ленпроектреставрация» бірлестігінің - Антонов, Мельников, Белов, Леонов, Лебедев, Кудряшов бригадасы қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген.

1962 жылы Қытай сарайында жұмыс істеген адамдар жоғары деңгейдегі мамандар болған, олар фреск кескіндемесі, қабырға панносы және паркетті жартылай қалпына келтіру сияқты күрделі жұмыстарды атқарған.

«Ораниенбаум» сарай-саябағы XVIII ғасырдың басында Петербордан 40 шақырым жердегі фин шығанағының оңтүстік жағалауында құрылған. Ол Ұлы Отан соғысынан кейін өзгеріссіз бүтін қалған солтүстік астананың маңындағы жалғыз сарай-саябақ болып табылады.

1 жыл бұрын (2010) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сот-сараптама қызметі саласын жетілдіруге, сондай-ақ сот сараптамасының тәуелсіздігі мен әділдігін қамтамасыз етуге бағытталған «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

ЕСІМДЕР

60 жыл бұрын (1951) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары ФООС Владимир Карлович дүниеге келді. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы - заңгер-құқықтанушы. 1969-1990 жылдары -- Солтүстік Кавказ темір жолы Гудермес стансысының локомотив депосы тепловоз машинисінің көмекшісі, Шығыс Қазақстан облысының Лениногорск полиметалл комбинаты тепловоз машинисінің көмекшісі, Северодвинск қаласы Әскери-Теңіз флоты техниктері мектебінің курсанты, - Мурманск облысы Солтүстік флоттың 51206-А ә/б мичманы, Шығыс Қазақстан облысы Лениногорск полиметалл комбинаты Риддер руднигінің проходчигі. 1990-1994 жылдары - 13-шақыру депутаты, Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі Комитетінің мүшесі, Халық депутаттары кеңестерінің жұмысы, басқару және өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі хатшысы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы заң бөлімінің консультанты, меңгерушісі. 1994-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі Комитетінің Алматы қаласындағы Мемлекеттік құрылыс және аймақтық саясат жөніндегі консультанты, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі

2003-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы. 2007-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының Орынбасары қызметтерін атқарған. 2010 жылғы 14 сәуір күні Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына жаңа бес жылдық мерзімге тағайындалды. 2010 жылғы 16 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасының орынбасары қызметін атқарады.

55 жыл бұрын (1956) Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитеті академиясының директоры, генерал-лейтенант ШАЯХМЕТОВ Әділ Шаяхметұлы дүниеге келді. Алматы облысы Жамбыл ауданында туған. Қазақ политехника институтын (Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті), Минск қаласындағы КСРО Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Жоғарғы курсын бітірген. 1978-1999 жылдары «Казахвзрывпром» арнайы басқармасы трестінің мастері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Жезқазған облысы бойынша басқармасы Қаражал аудандық бөлімшесінің кіші жедел уәкілі қызметінен Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Жедел-техникалық департаменті бастығының бірінші орынбасарылығына дейінгі еңбек жолынан өткен. 1999-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кадр және әскери білім беру департаментінің бастығы, бас әскери инспекциясының генерал-инспекторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облысы, Алматы облысы бойынша департаменттерінің бастығы. 2007-2009 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары. 2009-2010 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитеті төрағасы қызметтерін атқарған.

2010 жылдан - қазіргі қызметінде. Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Құрметті қызметкері. ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, Андропов орденімен (РФ) және 14 медальдармен марапатталған.

ҚАҢТАРДЫҢ 21-І, ЖҰМА

Достық құшақтың халықаралық күні. Бұл жаңа мерекенің дәстүрі бойынша танымайтын адамды да достық құшағына алуға болады. Мереке батыс еуропалық студент жастардан бастау алады. Бірақ неге нақ осы күні тойланатыны белгісіз. Бұл күні қыздар мен жігіттер сырластық қитұрқысыз құшақ алмастырады. Достық құшақтасу кезінде адамдар бір-бірімен жан жылуын алмастырады деп есептейді. Батыста әр мемлекетте құшақтасу бейімділігін анықтау үшін өздерінше зерттеулер өткізді. Зерттеудің қорытындысы бойынша еуропалықтар орта есеппен есептегенде сағатына жүз рет бір-біріне қол тигізеді, ал американдықтар сағатына екі үш рет қана.

Польшада әже күнi. Бұл күні Польшада ересек және кішкентай немерелері өз әжелерін «Әже күнімен» құттықтайды.

ОҚИҒАЛАР

3 жыл бұрын (2008) Таразда тұсаукесері салтанатты жағдайда өткен қалалық мұрағат ашылды.

Мұрағат мекемесінің мақсаты мен міндеті - облыстың әрбір тұрғынына, біздің өңіріміз, облыс және облыс орталығына қатысты құжаттарды жинақтау, сақтау және тұрғындардың өтінішіне сай қызмет ету.

1 жыл бұрын (2010) Алматы қаласының кинотеатрларында «Сіз кімсіз, Ка мырза?» атты шытырманды оқиғалы жаңа отандық фильмнің тұсаукесері болды.

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мен ресейлік «Изарусфильм» кинокомпаниясы түсірген фильмнің басты рөлдерін - Кеңес Одағы және Қазақстанның Халық әртісі Асанәлі Әшімов (Ка мырза) пен қазақстандық жас әртіс Филипп Волошин (Игорек) сомдады. Асанәлі Әшімовтың идеясымен жарыққа шыққан лентаның қоюшы-режиссері Хуат Ахметов, продюсерлері - Венера Нығматулина және Әлжан Ибрагимов.

«Сіз кімсіз, Ка мырза?» фильмі Шәкен Аймановтың ең соңғы туындысы - «Атаманның ақыры» мен «Транссібір эскпресі» фильмдерінің заңды жалғасы іспетті. Себебі, олар әртүрлі режиссерлардың қолдарынан шықса да, картиналардағы отанға, елге қызмет ету сияқты ұлы сезімдер мен қасиеттерді жеткізу идеяларының негізі бір.

Ұзақ жылдардан кейін Бангкоктың түрмесінен босап шыққан Ка мырза, Отанына оралмақ болып мінген пойыздың купесінде Игорек есімді жолсерігімен танысады. Ал есірткі тасымалымен айналысатын жас жігіт, «тауарды» діттеген жеріне Ка мырзаның арқасында оған білдіртпей жеткізіп алуды көздеп, есірткі жасырылған ыдысты қартқа сыйға тартқан болады. Бірақ өткен өмірінде мол «тәжірибесі» бар қарт, оның пиғылын бірден түсініп, есірткінің көзін жояды. Бұдан кейін Ка мырза, Игоректы «тапсырыс берушілердің» өлімінен аман-алып қалу үшін еріксіз қылмыстық топтың ортасына түседі. Жас баланы өлім аузынан арашалап қалу үшін өзінің бұрынғы «байланыстарымен» қылмыскерлерге есірткінің ірі көлемін жеткізіп беруге де келіседі. Фильмнің соңында ұзақ уақыт полицияның бақылауында болған қылмыстық топ құрықталады. Ал оларды қолға түсіру - қазақстандық агент - Ка мырзаның отандық құқық қорғау органдарымен әу бастан келіскен нақты сызба-жоспарлардың арқасында жүзеге асырылғандығы анықталады.

Астанада фильмнің премьерасы қаңтардың 19-ында болды.

1 жыл бұрын (2010) Атырау облыстық өлке тану мұражайы жаңа экспонаттармен толықтырылды - өткен ғасырдың 8 күмiс қасықтарымен.

Бағалы олжаны - күмiс қасықтарды - оқушы Дамир Мырзағалиев құрылыс жұмыстары үшiн әкелген құмнан тапты. Ол, оларды мұражайға тапсырды. Қасықтарда күмістің сынағы және 19 ғасырдың соңында істеп шығарған зауыттың таңбасы бар.

1 жыл бұрын (2010) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Балық шаруашылығының сұрақтары жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды.

Заң еліміздегі балық қорларын тиімді қолдану сұрақтарына, заңды жетілдіруге бағытталған.

ЕСІМДЕР

50 жыл бұрын (1961) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық басқармасының бастығы - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысындағы Тәртіптік кеңесінің төрағасы НӘЛІБАЕВ Мақсұт Ыбырайханұлы дүниеге келді.

Қызылорда облысы Шиелі ауданында туған. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының Қызылорда филиалын, КСРО ІІМ Саратов жоғары курсын, Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітірген. 1988-1995 жылдары - Қызылорда облыстық Ішкі істер басқармасы бөлімшесінің жедел уәкілі, ерекше маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, бастығы, бөлім бастығының орынбасары, бастығы. 1995-1997 жылдары - Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік тергеу комитеті басқармасы бөлімінің бастығы. 1997-2001 жылдары - Қызылорда қалалық салықтық тергеу бөлімінің, ішкі істер бөлімінің бастығы, Қызылорда облысы бойынша Салық полициясы комитеті басқармасы - Қаржы полициясы департаменті бастығының орынбасары, бастығы,.

2001-2004 жылдары - Қызылорда облысы бойынша Қаржы полициясы департаментінің бастығы. 2004-2005 жылдары -Қызылорда облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) бастығы.

2005-2006 жылдары - Қарағанды облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) бастығы.

2006-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) Сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және алдын ала алу департаментінің(қаржы полициясы) бастығы, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) Ақпараттық-талдау департаментінің (қаржы полициясы) бастығы қызметтерін атқарған.

2007 жылдың мамыр айынан бастап - қазіргі қызметінде.

50 жыл бұрын (1961) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары КӨМЕКБАЕВ Әли Амантайұлы дүниеге келді.

Шымкент қаласында туған. Қазақ химия-технология институтын, Ұлттық мемлекет басқарудың жоғары мектебін (НВШГУ), «Әділет» жоғары құқық мектебін, Мәскеу авиация-технология институтының аспирантурасын бітірген. 1996-1998 жылдары - Шымкент қаласы әкімі аппаратының маманы. 1998-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформа жөніндегі агенттігінің бас маманы, 1999-2004 жылдары - Астана қаласы бойынша басқармасының бас маманы, бастығының орынбасары, Мемлекеттік қызметтерді құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры қызметтерін атқарған. 2004 жылдың қаңтарынан бастап - қазіргі қызметінде. 2009 жылдың 10 қарашасынан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі өкілетті органның тәртіптік комиссиясы төрағасының орынбасары.

ҚАҢТАРДЫҢ 22-І, СЕНБІ

Польшада ата күні. Польшада қаңтардың 21-інде «Әже күнін» атап өткен соң, кішкентай және ересек немерелер қаңтардың 22-інде «Ата күнімен» өз аталарын құттықтайды.

ОҚИҒАЛАР

1 жыл бұрын (2010) Алматыда Қазақ ұлттық өнерін өркендету жолында ерен еңбегімен танылған қылқобызшы-педагог, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Құрметті қызметкері, «Жаңашыл-педагог» Әбдіманап Жұмабекұлының үш томдық «Қылқобызға арналған хрестоматиялар» жинағының бірінші томының таныстырылымы болып өтті.

Бірінші том - «Білім» баспасынан, 2000 данамен жарық көрген. Оқу құралы - музыка мектептері мен музыка колледждеріне, консерватория мен өнер, музыка академиясының студенттеріне және жалпы өнер сүйер қауымға арналған. Қомақты еңбек автордың отыз жылдан астам уақыт жүргізіп келген ұстаздық тәжірибесі мен ғылыми-педагогикалық ізденісінің нәтижесінде дүниеге келген.

1 жыл бұрын (2010) Астанада жазушы Әлібек Асқаровтың «Алтай - алтын бесік, ата жұрт» кітабының таныстырылымы өтті. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көрнекті прозашы, эссеші Әлібек Асқаров - туған әдебиетіміздің бүгінгі бет - бейнесін айқындайтын қаламгерлердің бірі.

ЕСІМДЕР

65 жыл бұрын (1946) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты - Экономикалық және өңірлік саясат комитетінің мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері СҮЛЕЙМЕНОВ Нұрлан Ілиясұлы дүниеге келді.

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында туған. Қазақ политехникалық институтын, Алматы жоғары партия мектебін бітірген.

1971-1976 жылдары - Қазақстан ЛКЖО Алматы қалалық комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі, Совет аудандық комитетінің бірінші хатшысы. 1976-1979 жылдары - Алматы қалалық партия комитетінің нұсқаушысы. 1979-1985 жылдары - Алматы облыстық партия комитеті бірінші хатшысының көмекшісі. 1985-1991 жылдары - Әуезов аудандық атқару комитетінің төрағасы. 1991-1992 жылдары - Әуезов аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, аудандық кеңестің төрағасы. 1992-1994 жылдары - Алматы қалалық әкімшілігі басшысының орынбасары. 1994-1995 жылдары - ҚР Жоғарғы Кеңесі сессиясы хатшылығының жетекшісі. 1995-1997 жылдары - Алматы қалалық әкімшілігі басшысының, әкімінің орынбасары - аппарат басшысы. 1997-2001 жылдары - Алматы қалалық еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы. 2001-2008 жылдары - Алматы облысы әкімі аппаратының жетекшісі қызметтерін атқарған.

2008 жылы Алматы облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланған. «Нұр Отан» ХДП Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12-13-ші шақырылымының депутаты болған. «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

60 жыл бұрын (1951-2009) заң ғылымдарының докторы, Абай сыйлығының лауреаты Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі, Орталық Азия университетінің проректоры ӨЗБЕКҰЛЫ Сәкен дүниеге келді. Алматы облысы Жамбыл ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Философия және құқық институтының аспирантурасын бітірген. 1987-1994 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, 1994-1995 жылдары Дінмұхаммед Қонаев атындағы университеттің проректоры, 1995-1999 жылдары Мемлекет және заң институтының аға ғылыми қызметкері, 1999-2009 жылдары Орта Азия университетінің проректоры, Қазақ мемлекеттік заң академиясы кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған. Негізгі ғылыми жұмыстары мемлекет және құқық теориясы мәселелерін, саяси құқықтық ілімдер тарихын, Қазақстанның мемлекеттігі мен құқығының тарихын зерттеуге арналған. 180-нен аса ғылыми еңбегі, оның ішінде 8 монографиясы жарияланған. Ол дәстүрлі құқықтық мәдениет тақырыбына арналған «Қазақтың ата заңдары» атты 10 томдықты құрастырушылардың, әрі авторларының бірі. 1995 жылы «Абай және адам құқы» монографиясы үшін атаулы сыйлықтың лауреаты атанып, 2004 жылдан бері Қазақстан Республикасы Заң ғылымдары академиясының президенті болған.

40 жыл бұрын (1971) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының орынбасары ТЕҢГЕБАЕВ Ардақ Мырзабайұлы дүниеге келді.

Торғай (Қостанай облысы) облысында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын, «Қайнар» университетін бітірген.

1993-1996 жылдары - «Қазагроөнеркәсіпбанкі» АҚ Торғай филиалының маманы, Арқалық қаласы, «Қазагроөнеркәсіпбанкі» АҚ Амангелді филиалының экономисі, аға экономисі, «Қазагроөнеркәсіпбанкі» АҚ Торғай облыстық филиалының бас инженері, бас инженер-бағдарламашысы. 1996-1999 жылдары - Қазагроөнеркәсіпбанкі» АҚ Амангелді аудандық филиалының атқарушы директоры, Алматы қаласы бойынша салық басқармасының салық инспекторы, сектор меңгерушісі, бас салық инспекторы. 1999-2004 жылдары - Алматы қаласы бойынша салық комитетінің бөлім бастығы, басқарма бастығы, Алматы қаласы бойынша ЭСЖҚКД аға инспекторы, басқарма бастығы. 2004-2007 жылдары - «АТП» салық комитетінің бөлім бастығы, Алматы қаласы, Семей қаласы бойынша салық комитетінің төрағасы. 2007-2009 жылдары - Маңғыстау облысы бойынша салық комитетінің төрағасы, Ақтау қаласы, Маңғыстау облысы бойынша салық департаментінің бастығы. 2009-2010 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Мамандандырылған басқармасының бастығы қызметтерін атқарған.

2010 жылдың сәуірінен бастап - қазіргі қызметінде.

ҚАҢТАРДЫҢ 23-І, ЖЕКСЕНБІ

ОҚИҒАЛАР

3 жыл бұрын (2008) Ақтауда «Мангыстау - край преданий и легенд» атты кітабының таныстырылымы болды. Кітаптың авторы журналист және Маңғыстау өлкесінің аңыздарын жинаушы Наталья Задерецкая. Кітапқа - Маңғыстаудың қасиеті жерлерінің, құдықтары мен мешіттерінің, тарихи бұрыштарының көптеген әдемі фотосуреттері және батырлар мен қарапайым адамдар туралы аңыздары енгізілген.

«Мангыстау - край преданий и легенд» атты кітап Н.Задерецкаяның Маңғыстау аймағынның тарихы мен адамдарына арналған бесінші кітап болып табылады.

3 жыл бұрын (2008) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің жыл сайынғы «Парыз» конкурсын өткізіп отыру туралы Жарлыққа қол қойды.

Қазақстанның жеке кәсіпкерлік субъектілерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік принциптерін қалыптастыру мен ілгерілету және оларды осы саладағы ең үздік тәжірибені енгізуге ынталандыру мақсатымен құрылған.

1 жыл бұрын (2010) Қазақстан Республикасының Нью-Йоркте бас консулдігі салтанатты түрде ашылды.

Рәсімге АҚШ-та аккредиттелген елдер консульдығы қызметтерінің басшылары, БҰҰ жанындағы ТМД мемлекеттері дипломатиялық миссияларының басшылары, АҚШ-тың Мемлекеттік департаментінің, Нью-Йорк бизнес топтарының және мэриясының өкілдері қатысты.

1 жыл бұрын (2010) Мемлекет басшысы еліміздегі және халықаралық тәжірибені ескере отырып, міндетті сақтандыру саласындағы тетіктерді жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру,

салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

1 жыл бұрын (2010) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2010 жылы ОАР өткен футбол бойынша Әлем чемпионатына арналған номиналы 100 теңгелік ескерткіш күміс шақаны айналымға шығарды.

Шақаның бет жағында стильге келтірілген стадионның бейнесі және төмен жағында Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бейнеленген, және «Ag 925 31,1g» деген жазуы бар, ол жасап шығарылған металлдың таңбасы, салмағын білдіреді. Сол жағында шақаның номиналын білдіретін «100 tenge» деген жазуы бар. Жоғарғы бөлiкте ұлттық банктiң логотибы орналастырған. Шақаның периметрі бойынша «Republic оf Kazakhstan» деген жазуы ішіне қарай енгізілген. Шақаның артқы жағынның орталық бөлігінде ойын үстіндегі добы бар екі футболшы бейнеленген. Шеңбері бойынша «2010 Fifa World Cup South Africa TM» деген жазуы жазылған. Шақаның максималды тиражы 10 мың дана, оның 3 мың данасы ғана ішкі нарық үшін жасалған. Бұл Ұлттық банктің шақасы спортқа арналған инвестициялық топтамасының жетінші шақасы болып табылады.

ЕСІМДЕР

60 жыл бұрын (1951) Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының әкімі ИМАНҒАЛИЕВ Абай Сәтиұлы дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданында туған. Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Азаматтық авиация академиясын, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті Басқару және құқық институтын бітірген. 1974-1981 жылдары Қарағанды және Орал қалаларының комсомол комитеттерінде жұмыс істеген. Облыстың партия ұйымдарында басшылық қызметтер атқарды. 1981-1987 жылдары - Орал әуежайы командирінің орынбасары. 1987-1988 жылдары -Промышленный аудандық партия комитетінің екінші хатшысы. 1988-1991 жылдары -Чапаев аудандық партия комитетінің екінші хатшысы. 1991-1992 жылдары - Орал облыстық партия комитетінің хатшысының орынбасары. 1992-2002 жылдары - Орал қаласындағы «Ақжол» Халықаралық әуежайы» ААҚ-ы директорының орынбасары. 2002-2003 жылдары - Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат департаментінің директоры. 2003-2006 жылдары - Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2006 жылдан бастап - қазіргі қызметінде.