ҚазАқпарат-Анонс: 2011 жылғы 22 ақпан мен 27 ақпан аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

Фото: None
None

ЕЛБАСЫ

21-23 ақпан күндері Елбасы Н.Назарбаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапар жасайды.

22 ақпан күні Мемлекет басшысының Қытайға жасаған мемлекеттік сапарының ресми бөлімі басталады. Күннің бірінші жартысында Бейжіңде Халық жиналыстары үйінің ғимаратында Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Халық өкілдері Бүкілқытайлық жиналысы Тұрақты комитетінің Төрағасы У Бангоның кездесуі өтеді. Ал түстен кейін «Чжуннаньхай» мемлекеттік резиденциясында ҚР Президенті мен Мемлекеттік Кеңес Премьері Вэнь Цзябао арасында кездесу өтеді. Осы күні кешке Халық жиналыстар үйінде кеңейтілген құрамда Қазақстан Президенті мен Төраға Ху Цзиньтаоның кездесуі және келіссөздерінің салтанатты рәсімі болады

ҮКІМЕТ

22 ақпанда сағат 10.00-де ҚР Үкіметінің отырысы өтеді.

ПАРЛАМЕНТ

22 ақпан күні ҚР Парламент Сенатында Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысы болады.

СЫРТҚЫ САЯСАТ

21-22 ақпан күндері Астана қаласында Беларус-Қазақстан сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялар өтіп, іс-шара барысында Қазақстан мен Беларустың сыртқы саясат ведомстволары 2011-2012 жылдарға арналған Ынтымақтастық жоспарына қол қояды.

СПОРТ

18 ақпан мен 23 ақпан аралығында «Эверест» спорт кешенінде Жоғары лигадағы волейболдан қыздар командалары арасында Қазақстан Республикасы ХІХ чемпионатының 3 туры өтеді.

21 ақпан мен 24 ақпан аралығында Алматыда «Құрама пирамида» бильярд спорты бойынша Әлем чемпионаты өтеді.

21 ақпан күні Астанада Қазақстанның теннистен қысқы чемпионаты басталды. Жарыстар 26 ақпанға дейін Ұлттық теннис орталығында өтетін болады.

АСТАНА

22 ақпан күні Астана қаласы Ішкі істер департаментінің брифингі өтеді.

22 ақпанда «Бейжің Палас» қонақ үйінде «Қазақстандағы микронесиелеу:ауылдағы микронесиелік ұйымдарға арналған жаңа мүмкіндіктер» атты дөңгелек үстел өтеді.

22 ақпан күні Орталық сайлау комиссиясында ҚР президенттігіне кандидат Мейрамгүл Қожағұлова мемлекеттік тілден емтихан тапсырады.

22 ақпанда «Нұр Отан» ХДП-да «Нұр Отан» партиясы жанындағы Ардагерлік және әскери-патриоттық бірлестіктер Қоғамдық кеңесінің алғашқы отырысы болады.

22 ақпан күні Ұлттық баспасөз орталығында «Менің дауысым бірінші! Менің дауыс беруім маңызды!» тақырыбында брифинг өтеді.

22 ақпанда «Аманат» зияткерлік пікірталас клубы «Риксос» қонақ үйінде «Әлихан Бөкейханов және Алаш идеясы» атты дөңгелек үстел өткізеді. Іс-шараның басталу уақыты сағат 15.00.

22 ақпан күні Орталық сайлау комиссиясында ҚР президеттігіне кандидат Жақсыбай Бәзілбаев мемлекеттік тілден сынақ тапсырады.

23 ақпанда Конгресс-Холл сарайында ҚР халық әртісі Қайрат Байбосыновтың қатысуымен «Сазды әуенмен сырласу» атты концерт болады. Концерттің басталуы кешкі сағат 19.00.

АЛМАТЫ

22-23 ақпан күндері Алматыда ШЫҰ-ның қазіргі қауіп-қатерлерге қарсы іс-әрекетінің тәжірибесіне арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

22 ақпан күні Алматыда Қазақстандағы ҚР Президентінің сайлауына қатысты дөңгелек үстел өтеді.

22 ақпанда «Өмір сүру құқығы» атты қатерлі ісік ауруы бойынша жазылған Республикалық ең үздік журналистік жұмыс байқауының басталауына орай баспасөз мәслихаты өтеді.

АЙМАҚ

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ

25 ақпан күні ауыл оқушылары үшін он-лайн режиміндегі қашықтықтан оқыту сабақтары өтеді.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

21 ақпаннан бастап Таразда «Жолдау: жастар-жастарға!» атты ақпараттық-мәдени автокеруен басталды. Автокеруен бағдары Жамбыл облысының 10 ауданын аралып, 1 наурыз күні Байзақ ауданы Сарыкемер ауылында өз мәресіне жетеді.

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

22 ақпан күні Өскменде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев азаматтық қоғам институттары өкілдерімен кездесу өткізеді.

ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР. АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕСІМДЕР.

АҚПАННЫҢ 22-І, СЕЙСЕНБІ

Қылмыс құрбандарына қолдау көрсету туралы халықаралық күні. 1990 жылғы ақпанның 22-інде Англияның үкіметі «Қылмыс құрбандарының хартиясын» жариялады.

1985 жылы қыркүйекте БҰҰ-ның жетінші конгресі қылмыс құрбандары мен билікті пайдаланғандар үшін Әділеттіліктің маңызды қағидалары декларациясын бекітті. Осы жылдың 29-шы қарашасында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы бұл Декларацияны қабылдады. Жыл сайын аталып өтеді.

ОҚИҒАЛАР

5 жыл бұрын (2006) Астанада Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен әйелдердің бірінші Еуразиялық саммиті өтті. Оған АҚШ, Норвегия, Германия, Испания, Болгария, Оңтүстік Африка Республикасы, Түркия, Ресей, Қырғызстан, Әзербайжан, Өзбекстан сияқты әлемнің 20-дан астам елдерінің қоғамдық, саяси және сауда ұйымдарының 400-ге жуық жетекшілері мен өкілдері қатысты Жиында әйелдердің қоғамдағы саяси мәселелерге ықпалы, жаһандану процесіндегі әйелдердің экономикалық мүмкіндіктері, әйелдер мен отбасының әлеуметтік мәртебесі сияқты бірқатар маңызды мәселелер талқыланған.

5 жыл бұрын (2006)Павлодарда «ЭКО» баспасынан белгілі өлкетанушы , әдебиетші, публицист Бекболат Хазыровтың «В жизни всякое бывает» атты кітабы жарық көрді. Автор туындыға ықшамдалып жазылған, өмірде болған, қысқаша сатиралық әңгімелерін енгізген.

1 жыл бұрын (2010) Алматыда патриоттық «Память» атты клуб құрылды. Оның мақсаты - өткен соғысты, маңызды қақтығыстарды, Қазақстанның жеңіске деген орасан зор үлеске еске түсіру.

1 жыл бұрын (2010) Алматыда Әлихан Бөкейханның 7-томдық толық шығармалар жинағының алғашқы 3 томының тұсаукесер рәсімі өтті.

Әлихан Бөкейханның шығармалар жинағын құрастырған Сұлтанхан Аққұлұлы. 1995 жылы Қазақ энциклопедиясынан жарық көрген «Ә.Н. Бөкейхан. Таңдамалы - Избранное» жинағын да құрастырған да осы кісі болатын.

Әлихан Бөкейхан - ғұлама ғалым, публицист әрі көрнекті мемлекет қайраткері - қазақтың ХХ ғасыр басындағы «Алаш» ұлттық қозғалысының көсемі, Алашорда ұлттық-территориялық автономиясы Ұлттық Кеңесінің төрағасы.

Автордың айтуынша, алғашқы 3 томдыққа қайраткердің 1889 жылдан 1913 жылға дейін қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген мақалалары, ғылыми зерттеулері кірген. Олардың көбісі бұрын беймәлім болып келген.

«Әлихан Бөкейханның публицистикасын ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы, тек Қазақстан ғана емес бүкіл Ресейдегі тарихи оқиғаға ұласатын шежіре деп айтуға болады», дейді автор.

ЕСІМДЕР

65 жыл бұрын (1946) биология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы корреспондент мүшесі, Нью-Йорк Ғылым академиясының толық мүшесі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңестің, Биохимиктер және молекулалық биологтар халықаралық қоғамының мүшесі АЙТХОЖИНА Нағима Әбенқызы дүниеге келді.

Петропавл қаласында туған. М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), КСРО Ғылым академиясы В.А.Энгельгардт атындағы молекулалық биология институтының аспирантурасын бітірген.

1974-1981 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Ботаника институтының кіші, аға ғылыми қызметкері. 1983-1987 жылдары - Молекулалық биология және биохимия институтының жетекші ғылыми қызметкері, 1988-1996 жылдары - Мұрат Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институты директорының міндетін атқарушысы, директоры, 1996-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым медицинасы - Ғылым академиясы Биологиялық және медициналық ғылым бөлімшесінің академик хатшысы. 1999-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті болды. .

Оның негізгі ғылыми еңбектері жоғары сатыдағы организмдер геномының құрылымдық қызметі мен тұқым қуалаушылық ақпаратының молекулалық механизмдерін зерттеуге арналған. Қазақстанда алғаш рет «Ғарыштық биология және биотехнология» тақырыбын зерттеп, ғарышкер Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевқа биотехнология бойынша ғылыми тәжірибелердің бағдарламасын, сондай-ақ бірнеше халықаралық конгрестер мен симпозиумдарда ғылыми бағдарламалар жасады. 92-ден астам ғылыми жарияланымдардың авторы.

Парасат орденімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

50 жыл бұрын (1961) Қазақстан РеспубликасыҚорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті төрағасының орынбасары МЫҢЖАНОВ Қайрат Тұрсынайұлы дүниеге келді.

Ақмола (Астана) қаласында туған. Новосібір жоғары әскери-саяси жалпыәскери училищені, Қазақстан РеспубликасыҚарулы Күштері әскери академиясын бітірген. Полковник.

1985-1987 жылдары училищені бітіргеннен кейін рота командирінің орынбасары қызметін атқарды. 1987-1990 жылдары - химиялық қорғау бригадасы партия ұйымның хатшысы. 1990-1994 годы - начальник отделения, военный комиссар Шортанды аудандық әскери комиссариатының бөлімше бастығы, әскери комиссары. 1994-2000 жылдары - Ақмола қаласының әскери комиссары. 2000-2002 жылдары - Астана қаласының әскери комиссары 2002-2003 жылдары - Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы әскери атташесінің көмекшісі. 2003-2006 жылдары - Астана қаласының әскери комиссары 2006-2009 жылдары - Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы. 2009-2010 жылдары - Қазақстан РеспубликасыҚорғаныс министрлігі Тәрбие және әлеуметтік-құқық жұмыстары департаментінің бастығы қызметтерін атқарған. 2010 жылдан --- қазіргі қызметінде.

ІІ дәрежелі «Айбын», ІІ дәрежелі княз Александр Невскийдің ордендерімен және медальдармен марапатталған.

45 жыл бұрын (1966) Ерке-Нұр» кәсіпорнының президенті, Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі, «Үздік кәсіпкер әйел» МЕРХАМИТҚЫЗЫ Фарида дүниеге келді.

Қытай Халық Республикасының Шәуешек қаласында туған. Үрімжі қаласындағы педагогикалық университеттін бітірген.

Университеттің ғылыми-техникалық баспаның жаратылыстану және география бөлімінде редактор болып қызмет істеген. 1993 жылы отбасымен бірге Атамекені Қазақстанға оралып, кәсіпкерлікпен айналысқан. 1997 жылы «Ерке-Нұр» кәсіпорнын, 2004 жылы «Ерке-Нұр» сән театрын құрып, 2007 жылы республикалық «Ерке-Нұр» сән журналын ашқан. 2007 жылы Халықаралық қазақ-қытай тіл академиясының колледжін құрды. Ол басқаратын кәсіпорын 150-дей адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Қазақтың ұлттық киімдері, ұлттық киім негізінде қазіргі заманауи киімдер, арнайы киімдер, оның ішінде әскери киім, шекарашылар киімдері, теміржолшылардың киімі, мектеп формасы, салтанатты кештерде киетін сәнді киімдер, сондай-ақ киімнің көптеген жаңа үлгісін құрастырып халыққа ұсынды. Өндірістік кәсіпорын жаңа заманғы ең үздік технологиялық үлгіде жабдықталған. «Ерке-Нұр» кәсіпорыны 2003 жылы Астанада дүниежүзілік сапа күні құрметіне өткен тауар көрмесінде «Қазақстанның ең үздік тауары» дипломымен, Алматы қаласы әкімінің ІІ-ІІІ-ші дәрежелі «Өнімнің жоғары сапасы үшін» дипломымен және Алматы облысы әкімінің мақтау хатымен марапатталған. 2008 жылы II-ші дәрежелі «Алтын сапа» белгісіне ие болды. 2007 жылдың қорытындысы бойынша Алматы қаласы кәсіпкерлерінің арасында «Ең үздік кәсіпкер әйел» атағына және «Жыл таңдауы» байқауының қорытындысы бойынша «Ең үздік сән орталығы» марапатына ие болды. 2008 жылы әлемдегі ең сапалы бұйым шығаратын үздік сауда маркасын анықтайтын Францияның Other Ways менеджмент және консалтинг Халықаралық қауымдастығының «Кемелді, жоғары сапалы және таңғажайып жұмысы үшін» берілетін «Платиновая булавка» халықаралық сыйлығын жеңіп алған. Қазақтың ұлттық киімдері мен ұлттық киімдердің негізінде дүниеге келген бірнеше таңғажайып коллекциялары бар «Ерке-Нұр» театр ұжымы республикалық және Қытай, Түркия, Германия, Щвеция, Ресейде өткен байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» Астана қаласына 10 жыл» мерекелік медальдармен, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің Алғыс хатымен марапатталған. Сонымен қоса 3-ші деңгейлі «Атамекен» медалінің иегері. «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының мүшесі.

АҚПАННЫҢ 23-І, СӘРСЕНБІ

Брунейдің Тәуелсіздік күні. Бруней мемлекеті 1888 жылдан Британ протектораты болып келді. 1984 жылы Бруней тәуелсіз мемлекет деп жарияланды.

Қазақстан Республикасы мен Бруней Сұлтанаты арасында дипломатиялық қатынас 2000 жылы маусымның 14-інде орнады.

Ресей Отан қорғаушылар күні. Федаралдық заңмен 1995 жылғы наурыздың 13-інде белгіленген. Ақпанның 23-і Қызыл Армияның 1918 жылы Германияның кайзерлік әскерлерін жеңген күні құрметіне таңдап алынған.

Тәжікстанда Отан қорғаушылар күні. Тәжікстанда Отан қорғаушылар күні 1993 жылы ақпанның 23-інде Тәжікстанның Ұлттық армиясын құру құрметіне белгіленген.

ОҚИҒАЛАР

5 жыл бұрын (2006) Алматыда қазақстандық тележурналист және деректеуші-режиссер Анвар Мамраимов өмірбаянының үшінші бөлімі «Без дублей и дублеров» атты кітабының таныстырылымы болды. Кітап үш бөлімнен тұрады. Біріншісінде автор өзінің шығармашылық жолы туралы айтады. Анвар Мамраимов әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітіргенен соң кішігірім қалалық «Кентауская правда» газетінде қызмет атқарады. Сосын Қазақ телевидениясында республикамыздағы алғашқы ақпараттық-сараптамалық «Апта» бағдарламасын құрады. Ол Мәскеу қаласының Орталық телевидениясында бағдарламалар дайын көп тәжірибе жинап алды. Кітаптың екінші бөлімі «Памятники истории» деп аталады. Анвар Мамраимов екінші бөлімінде қазіргі сұранысқа ие бір мағыналы бағдарламалар қалай жасалатыны туралы жазылған. Үшінші бөлімі - «Встречи на Шелковом пути» деп аталады. Анвар Мамраимов өзінің түсіру тобымен бірге Қытайдан Византияға (қазіргі Түркия, Греция, Италия) дейінгі жолды жүріп өтті.

5 жыл бұрын (2006) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ресейдің танымал балетмейстері Юрий Григорович «Достық» орденімен марапатталды.

Юрий Григорович Қазақстан мен Ресей халықтарының арасында достық қатынастарды нығайтуға қосқан елеулі еңбегі үшін марапатталды.

ЕСІМДЕР

150 жыл бұрын (1861-1943) қазақ ауыз әдебиетін жинаушы, миссионер ВАСИЛЬЕВ Александр Васильевич дүниеге келді.

Чебоксары діни училищесінде, Қазан діни академиясында оқыған. 1889-1894 жылдары Торғай облыстық халық мектептерінің Ыбырай Алтынсариннен кейінгі инспекторы болған. 1894 жылдан Орынбордағы Торғай облыстық басқармасының кеңесшісі қызметін атқарып, 10 жыл бойы «Торғай» газетінің редакторы болды. Ол қазақ халқының ауыз әдебиеті, тілі жөнінде көптеген зерттеулер жүргізіп, жинаған ауыз әдебиеті үлгілерін «Торғай» газетінде жариялаған. Торғайдағы ағарту ісінің тарихымен, өмірінің соңғы жылдары нумизматикамен шұғылданды. Қазақ мектептерінде пайдаланылатын орыс тілі оқулықтарын жазды. Онда қазақ балаларын орыстандыру мақсаты айқын көрініс тапқан. «Исторический очерк русского образования в Тургайской области» (1896), «Материалы к характеристике взаимных отношений татар и киргизов» (1898), «Образцы киргизской народной словесности. Выпуск второй - «Киргизские загадки» (1900), «Народные способы врачевания у киргизов Тургайской области» (1902) атты еңбектері жарық көрген. 1906 жылы «Киргизская хрестоматия» басылымын шығаруға қатысып, «Қырғыздарға арналған әліппе» кітабының екінші шығарылымының авторы болған.

90 жыл бұрын (1921-1995) әскери қайраткер, генерал-майор БАЙТАСОВ Баһадүрбек дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Ленинград әскери-шекара училищесін, КСРО ІІМ Әскери институтын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан.

1946-1950 жылдары - Тәжік шекара округі Термез шекара отрядының кіші офицері. 1954-1960 жылдары - Қырғызстандағы шекара отрядының аға офицері, штаб бастығының орынбасары. 1960-1962 жылдары - Семей облысындағы Бақты шекара отрядының штаб бастығы. 1962-1968 жылдары - Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан шекара отрядының бастығы. 1968-1971 жылдары - Шығыс шекара округі штабы бастығының орынбасары қызметтерін атқарған. 1971-1987 жылдары - Республикалық ДОСААФ Орталық комитетінің төрағасы. Ол халқымыздың қаһармандық ерлік салты мен дәстүрін насихаттауда, жастарды отан сүйгіштік рухта тәрбиелеуде үлкен еңбек сіңірген. 1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған.

Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, 1-ші дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

55 жыл бұрын (1956) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Қаржы және ұйымдастыру- құқықтық жұмыс департаменті директорының орынбасары, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңірген мәдениет қайраткері ЖАНЕНОВА Ғалия Мәсәлімқызы дүниеге келді. Батыс Қазақстан облысы Чапаев ауданында туған.

А.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген.

1977-1979 жылдары - Орал облысы Ақсай кенті №2 орта мектебінің мұғалімі. 1979-1982 жылдары - Қазақстан ЛКЖО Бурлинский аудандық комсомол комитетінің хатшысы. 1982-1983 жылдары - Қазақстан ЛКЖО Орал облыстық комсомол комитетінің насихат бөлімінің меңгерушісі, Орал облыстық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы. 1983-1986 жылдары - Қазақстан ЛКЖО Орал облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы. 1986-1992 жылдары - Орал облыстық партия комитеті насихат бөлімінің нұсқаушысы, бөлімі меңгерушісінің орынбасары 1992-1993 жылдары - Батыс Қазақстан облысы әкімшілігі әлеуметтік сұрақтар жөніндегі сектордың меңгерушісі. 1993-1999 жылдары - Батыс Қазақстан облыстық Мәдениет басқармасы бастығының орынбасары. 1999-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мәдениет комитеті басқармасы бастығының орынбасары, бөлім бастығы, бөлім бастығының орынбасары. 2005-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі кадрлық-ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің бастығы, 2006-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті директорының орынбасары, директоры. 2008-2010 жылдары - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі әкімшілік жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры қызметтерін атқарған. 2010 жылдан - қазіргі қызметінде. Медальдармен марапатталған.

50 жыл бұрын (1956) скрипкашы, Қазақстанның халық әртісі, профессор, Қазақстан жастар сыйлығының, Парижде өткен Халықаралық камералық ансамбльдер байқауының лауреаты, «Қазақстан камератасы» мемлекеттік оркестрінің көркемдік жетекшісі МЫРЗАБЕКОВА Гаухар Кұрманбекқызы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Мәскеу мемлекеттік консерваториясын бітірген.

1986-1998 жылдары - Қазақ мемлекеттік филармониясының солисі. 1982 жылдан Алматы мемлекеттік консерваториясының кафедра меңгерушісі. Оның репертарында Л.В.Бетховеннің, И.Брамстың, С.С.Прокофьевтің сонаталары, О.Мессианның Вариациялық тақырыбы, сондай-ақ Қазақстан композиторларының шығармалары бар. 1981 жылы Италияда (Рим, Флоренция, Милан, Пиза) Халықаралық музыка фестивалінде жеке концерттер берген.

Гаухар Мұрзабекованың бастамасымен «Қазақстан камератасы» мемлекеттік оркестрі 1997 жылы құрылды. Оркестрдің құрамы қазіргі таңның өзінде республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаттары болып табылатын жас музыкант иелерінен тұрады. «Қазақстан камератасы» оркестрі гастролдік сапармен Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Чех Республикасы, Венгрия, Словакия, Түркия, Македония, тағы басқа шет мемлекеттерде өнер көрсеткен. Өнер ұжымының шет елдердегі концерттік сапараның басты мақсаты - қазақ өнерінің, Қазақстан композиторларының шығармашылығын таныстыру, насихаттау, сонымен қатар шет елдік өнер иелерімен бірге өнер көрсету, халықаралық деңгейдегі байқаулар мен фестивальдерге қатысу болып табылады. Сонымен қатар, оркестрдің басты мақсаттарының бірі - қазақ жерінде классикалық музыка туындыларын таныту болса, аталған өнер ұжымы жыл сайын Қазақстанның түкпір-түкпір жерлеріндегі қалаларында концерттік сапармен өнер көрсетіп отырады. 2006 жылы «Қазақстан камератасы» оркестрінің А. Вивальди- А.Пьяцолланың. «Времена года» бағдарламасымен компакт-дискісі жарыққа шыққан.

45 жыл бұрын (1966) «Восход-Oriel» ЖШС Ақтөбе филиалының директоры МҰСТАПАЕВ Алтынбек Мұсабекұлы дүниеге келді.

Қостанай облысында туған. Алматы технология институтын инженер-технолог мамандығы бойынша бітірген.

1990-1991 жылдары - Қазақ КСР Нан өнімдері министрлігінің инженері. 1991-1992 жылдары - «Мукомол» кәсіпорнының инженері. 1992-1995 жылдары - Алтай өлкесіндегі «Колос» ЖШС-і жарма цехының бастығы. 1995-1997 жылдары - Өскемен нан өнімдері комбинатының инженері. 1997-1978 жылдары - «Қамқор» АҚ диірмен кешені бастығының орынбасары. 1998-2000 жылдары - «Тобыл элеваторы» АҚ-ының бас инженері, атқарушы директоры. 2000-2001 жылдары - «ҚазАгроТрейд» ЖШС-інің жетекші менеджері, атқарушы директоры. 2001-2005 жылдары - Қостанай облысы Жетіқара ауданының әкімі қызметтерін атқарған.

2006 жылдан - қазіргі қызметінде.

АҚПАННЫҢ 24-І, БЕЙСЕНБІ

Эстонияның Тәуелсіздік күні - Эстон Республикасының ұлттық мерекесі (1918). Қазақстан Республикасы мен Эстон Республикасы арасында дипломатиялық қатынас 1992 жылы мамырдың 27-сінде орнаған.

Румынияның ұлттық мерекесі - Ұлттық жалау күні. Ол 1998 жылдан бері аталып өтіледі.

ОҚИҒАЛАР

1 жыл бұрын (2010) елордада Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, «Қазақстан халқының рухани даму қоры» АҚ және «Ел» продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» атты домбыра күйлері антологиясының тұсаукесері өтті.

Аталған шараға қатысқан Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед бүгінгі күн шын мәнінде қазақ тарихындағы «айтулы күн» екендігін атап өтіп, Елбасының тапсырмасына орай «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, Мемлекет басшысының алғысөзімен халқымыздың 1000 жылдық мәдени мұрасы, домбыраға, сыбызғыға, қобызға арналған 1000 үздік таңдаулы күйлерінің антологиясы шығып отырғандығын жеткізді. Антологияны жарыққа шығарған «Қазақстан халқының рухани даму қоры» акционерлік қоғамы.

2000 данамен жарық көрген антология еліміздің кітапханаларына, мұражайларына тегін таратылмақ. Антология екі бөліктен тұрады. Бірінші кітапта елімізге есімі танымал күйшілердің өмірбаяндары, олардың туындыларының шығу тарихы сияқты мағлұматтар қазақ, орыс және ағылшын тілінде берілсе, келесі кітапшаның ішінде күй жазылған 41 диск орналасқан. Олар Шығыс Қазақстан, Жетісу, Арқа, Қаратау, Сыр өңірі, Батыс Қазақстан, Маңғыстау күйшілік дәстүрі, қазіргі заман күйлері, сыбызғы, қобыз күйлері деген тақырыптарға бөлініп берілген.

1 жыл бұрын (2010) Астанадағы «Дерматология және жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу орталығы» кәсіпорны (бұрынғы «Кожвендиспансер») www.derma.kz мекен-жайы бойынша өз сайтын ашты.

Веб-ресурс 2010 жылдан бастап қолға алынып отырған Қазақстанның Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің тұжырымдамасына сәйкес құрылып отыр. Тұжырымдамаға сәйкес, қызметтері бірдей профилдегі медициналық ұйымдар жұмыстарының сапалық көрсеткіштері бойынша бәсекелесуі керек, бұл салада халықпен жұмыс істеудің интерактивті ақпараттық жүйесін дамыту маңызды роль атқарады.

Заманауи ақпараттық технологияларды енгізу елордалық Дерматология орталығына өзінің бәсекеге қабілеттігін дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашады.

ЕСІМДЕР

70 жыл бұрын (1941) Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті «Қаржы» кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымының докторы, профессор, «Еуразия» халықаралық экономика академиясының академигі, салық қызметінің 2-ші санатты мемлекеттік кеңесшісі НҰРЫМОВ Алданыш Арыстанғалиұлы дүниеге келді.

Қызылорда облысы Арал ауданында туған. Мәскеу темір жол көлігі инженерлері институтын және аспирантурасын бітірген.

1972-1973 жылдары - Жамбыл темір жол бөлімшесі бастығының орынбасары. 1973-1983 жылдары - Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиясы институтының кафедра меңгерушісі, деканы, партия комитетінің хатшысы. 1983-1987 жылдары - Жамбыл облыстық партия комитетінің бөлім меңгерушісі. 1987-1989 жылдары - Жамбыл облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары - облыстық жоспарлау комитетінің төрағасы. 1989-1990 жылдары - Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің сектор меңгерушісі, әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 1990-1991 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кабинеті іс басқарушысының орынбасары - аймақтық даму және табиғатты қорғау бөлімінің меңгерушісі, Қазақ КСР Президенті Аппараты аймақтық даму референтурасының жетекшісі. 1991-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бас салық инспекциясы бастығының орынбасары. 1995-1996 жылдары - Жамбыл облысы бойынша салық инспекциясының бастығы. 1996-2006 жылдары Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі Санақ комитетінің мүшесі қызметтерін атқарған. 2006 жылдың тамыз айынан - қазіргі қызметінде.

«Хозрасчёт в локомотивном депо», «Бухгалтерский учёт в крестьянских хозяйствах», «Налоги в Казахстане» (), «Налоги и финансы рыночной экономики», «Социально-экономические проблемы развитияпроизводительных сил Южного Казахстана», «Анализ про «Экономические основы и политика разгосударствления и приватизации собственности в Республике Казахстан», «Невыдуманные бюджеты, основанные на записках Счетного комитета», «Налоги Республики Казахстан и развитых стран», «Финансовая отчетность казахстанских предприятий», «Банковское дело», «Банк ісі», «Салық және салық салу», «Государственные финансы», «Налоги и налогообложение» атты кітаптарды бірлесіп шығарған. 170 астам ғылыми жарияланымдардың авторы.

«Құрмет» орденімен, Қазақстан Республикасының медальдарымен, «Құрметті теміржолшы», «Қазақстан Республикасының құрметті ағарту қызметкері», «Алтын барыс» төс белгілерімен марапатталған. Жамбыл облысы мен Қызылорда облысы Арал ауданының Құрметті азаматы.

40 жыл бұрын (1971) Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті Мақтаарал аудандық ішкі істері басқармасының бастығы, полиция подполковнигі ӘДІЛОВ Асылхан Қозыкейұлы дүниеге келді.

Жизақ облысында туған (Өзбекстан). Өзбекстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің академиясын бітірген.

1991-1993 жылдары - Мырзачул аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері. 1993-1996 жылдары - Жетысай аудандық ішкі істер бөлімінің аға инспекторы, Жетысай ауданы бойынша мемлекеттік тергеу комитеті кезекші бөлімінің аға инспекторы. 1996-1997 жылдары- Жетысай аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, Мақтаарал аудандық ішкі істері бөлімі Криминалдық полиция қызметінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімінің аға жедел уәкілі.1997-1998 жылдары - Мақтаарал аудандық ішкі істері басқармасы Криминалдық полиция қызметінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі бөлімшесінің бастығы.1998-2001жылдары - Мақтаарал аудандық ішкі істері басқармасы 2 полиция бөлімі бастығының орынбасары. 2001-2004 жылдары - Мақтаарал аудандық ішкі істері басқармасы 2 полиция бөлімінің бастығы. 2004-2007 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті Мақтаарал аудандық ішкі істері басқармасы бастығының бірінші орынбасары. 2007-2009 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істері департаменті Криминалдық полиция басқармасы қылмысты ашу бөлімінің бастығы. 2009-2010 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті Бәйдібек аудандық - ішкі істері бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.

2010 жылдың желтоқсаннан - қазіргі қызметінде.

АҚПАННЫҢ 25-І, ЖҰМА

Куәйт мемлекетінің ұлттық мерекесі - Ұлттық күн. 1961 жылы ақпанның 25-інде Куәйт әмірі Абдалла ас-Салем ас-Сабахты таққа отырғызудың құрметіне белгіленген.

Қазақстан Республикасы мен Куәйт Мемлекеті арасында дипломатиялық қатынас 1993 жылы қаңтардың 1-інде орнаған.

ОҚИҒАЛАР

5 жыл бұрын (2006) Тараз қаласындағы ұлттық-мәдени орталықтары «Виза» атты демалыс орталығының жанынан Достық Аллеясын салды. Бастапқысында ұлттық-мәдени орталықтардың санына сәйкес 21 қылқан жапырақты ағашы отырғызылған болатын, бірақта Достық Аллеясының кеңейуіне бірден-бір себеп бар, өйткені облыста жүзге тарта ұлт өкілдері тұрады және жылдан жылға ұлттық-мәдени орталықтардың саны өсіп келеді.

5 жыл бұрын (2006) Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстандық облыстық кітапханада Ұлы Отан соғысының жауынгерлеріне арналған Солдатские монологи, Московское время» атты өлеңдер жинағының таныстырылымы болды. Кітаптың авторлары Александр Курленя және Василий Коноплев кәсіпқой емес ақындар, бірақ та олардың өлеңдері республикалық «Нива» журналының және жергілікті газеттердің беттерінде жарияланып жүрді. Александр Курленя Сорос қоры ұйымдастырған ақындық конкурстың лауреаты атанып және гранты ұтып алды. Кітап жергілікті «Солтүстік Қазақстан» баспасынан шығарылған, ол екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлімі - «Солдатские монологи» Василий Коноплев жазған өлеңдерден, ал екіншісі - «Московское время» атты Александр Курленяның поэмасынан тұрады.

1 жыл бұрын (2010) Алматыдағы Қазақ-Британ университетінде республикадағы алғашқы мұнай мұражайы ашылды.

Қазақстанның мұнайгаз саласын насихаттаудың ғылыми, білім мен мәдени орталығы болуға тиісті бұл мұражайдың жәдігерлерін қазір оны құрушылар өз күшімен жинауда. Оған «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы мен «Мұнайшы» қоры үлкен көмек көрсетті. Қазіргі таңда қолда бар барлық жәдігерлер «Мұнайгаз саласының тарихы», «Мұнайгаз ісінің геологиялық - геофизикалық негізі», «Мұнай кәсібінің құрал-жабдықтары» деген 3 секцияға топтастырылып отыр.

1 жыл бұрын (2010) Талғат Мұсабаев Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясы академигі ғылыми атағына және Халықаралық ғарышкерлікке қолдау көрсету қоғамдық қайырымдылық қорының «Ғарышкерлікке сіңірген еңбегі үшін» медаліне ие болды.

Халық Қаһарманы, Ресей Батыры, ұшқыш-ғарышкер, авиация генерал-лейтенанты, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев «Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі» дипломын, Ресей жаратылыс ғылымдары академиясының академигі куәлігін және Ресей ғалымы В.И.Вернадский бейнесі белгіленген алтын кеуде белгісін тапсыру рәсімі 2010 жылғы ақпанның 25-інде Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының халықаралық конференциясының аясында өтті.

Сонымен қатар, Талғат Мұсабаев «Ғарышкерлікке сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

ЕСІМДЕР

95 жыл бұрын (1916-2008) әнші, Қазақстанның халық әртісі КЕНЖЕТАЕВ Кәукен дүниеге келді.

Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған. Мәскеу консерваториясы жанындағы қазақ студиясын, Алматы консерваториясын бітірген.

1942-1946 жылдары аралығында Хабаровскідегі шекарашылар ансамблінде қызмет етті. 1946 жылдан Қазақ опера және балет театрының әншісі. Ол Тарғын, Жалбыр, Бекежан, Семен (Е.Г.Брусиловскийдің «Ер Тарғын», «Жалбыр», «Қыз Жібек», «Дударайында»), Жанбота (М.Төлебаевтың «Біржан-Сарасында»), Эскамильо (Ж.Бизенің «Карменінде»), Демон (А.Г.Рубинштейннің «Демонында»), Амонастро (Дж.Вердидің «Аидасында»), т.б. партиялары оның әншілік, орындаушылық талантын әр қырынан ашқан образдар болды. Ол 1957 жылдан бастап кинофильмдерге түсіп, режиссер («Жерге қайта оралуда»), әнші-әртіс («Біздің сүйікті дәрігерде»), Бауыржан Момышұлы («Ел басына күн тусада»), Қазанғап («Боранды бекетте»), Базарбай («Қыз Жібекте»), тағы басқа рөлдерімен көрермен ықыласына бөленген. Кенжетаев режиссер ретінде Брусиловскийдің «Ер Тарғын», «Жалбыр», «Қыз Жібек», «Амангелді», С.Мұхамеджановтың «Айсұлу», Е.Рахмадиевтің «Алпамыс», П.И.Чайковскийдің «Қарғаның мәткесі», т.б. операларын қойды. Сонымен қатар «Алдар Көсенің айласы», «Қалқаман - Мамыр», «Сапар», «Баян жүрек», «Құсни - Хорлан», т.б. опреалар либреттоларының авторы. «Сильва», «Тыныш шаңырақ», «Фигароның үйленуі» опреаларының либреттоларын қазақ тіліне аударған. «Дархан дарын», «Мәжит Бегалин», «Высокий дар призвания» атты кітаптары жарық көрген. Оның репертуарында қазақтың халық әндерімен қатар орыс, укран, татар, өзбек халықтарының халық әндері, сондай-ақ, Батыс Еуропа композиторларының шығармалары бар. Ол гастрольдік сапармен КСРО-ның қалаларында және көптеген шетелдерде болған.

Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.

55 жыл бұрын (1956) Қазақ-Британ техникалық университеті Математикалық ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі, Жоғары және қолданбалы математика кафедрасының профессоры, физика-математика ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының корреспондент мүшесі ЖҰМАДІЛДАЕВ Асқар Серқұлұлы дүниеге келді. Қызылорда облысы Шиелі ауданында туған. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін және аспирантурасын бітірген. 1980-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Математика және механика институтының кіші, аға, бас ғылыми қызметкері, Математика институты алгебра зертханасының меңгерушісі. 1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Ғылым жөніндегі даярлау комитетінің төрағасы болды. 1995-2002 жылдары Германиядағы Гамбург, Мюнхен, Билефельд университеттерінің профессоры болып, Кэмбридж университетінің жанындағы Ньютон институтында, А.Салам атындағы Халықаралық теориялық физика орталығында, Швеция корольдік ҒА-ның Миттаг-Леффлер атындағы Математика институтында, Фильдс атындағы Математика институтында қызмет атқарып, дәрістер оқыған. Германияның, АҚШ-тың мемлекеттік степендияларын, Швеция корольдік Ғылым академиясының грантын алған. 1995-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Математика институты алгебра зертханасының меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2004 жылдан - қазіргі қызметінде. Ғалымның негізгі ғылыми зерттеу еңбектері Ли алгебрасының когомология теориясына арналған. Ол оң сипаттамалы Ли алгебрасының когомологиялары мен деформацияларын және олардың қолдануын зерттеген. Векторлық өріс алгебрасының бөлшектенбейтін кеңеюін есептеген. Ассоциативті емес алгебраның тепе-теңдіктерін тапты. Ғалымның негізгі ғылыми зерттеу еңбектері Ли алгебрасының когомология теориясына арналған. Ол оң сипаттамалы Ли алгебрасының когомологиялары мен деформацияларын және олардың қолдануын зерттеген. Векторлық өріс алгебрасының бөлшектенбейтін кеңеюін есептеген. Ассоциативті емес алгебраның тепе-теңдіктерін тапты. 50-ден астам ғылыми еңбектердің авторы.Ол 12-ші сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты.

45 жыл бұрын (1966) Қазақстан Республикасының Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлантикалық Альянс ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы өкілдігінің басшысы қызметін қоса атқарушы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент, 1-ші санаттағы Төтенше және Өкілетті елші ӨТЕМБАЕВ Ерік Мылтықбайұлы дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысында туған. М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, аспирантурасын, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің докторантурасын бітірген. 1990-1999 жылдары - Қазақ мемлекеттік университеті Экономика және құқық институтының оқытушысы, аспиранты, аға оқытушысы, доценті, экономика және социология факультеті деканының орынбасары, директорының орынбасары. 1999-2000 жылдары - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің докторанты. 2000-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі. 2001-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау агенттігі төрағасының орынбасары. 2002-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі. 2005-2006 жылдары - Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі мәселелері бойынша келіссөздерде Қазақстан Республикасының өкілі. 2006-2009 жылдары - Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2009 жылдың наурыз айынан мамыр айына дейін - Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметтерін атқарған. 2009 жылдың мамыр айынан - қазіргі қызметінде. 15 ғылыми жарияланымның және бірнеше кітаптың авторы.

АҚПАННЫҢ 26-Ы, СЕНБІ

ОҚИҒАЛАР

3 жыл бұрын (2008) Нью-Йоркте Колумбия университеті Гарриман институтының профессоры Рафис Абазовтың «Орталық Азияның тарихи атласы» деп аталатын жаңа жұмысының таныстырылымы өтті.

Бұл кітап алғашқы орталықазиялық мемлекеттер (Соғды, Бактрия, Хорезм) құрылғаннан бастап, Ескендір Зұлқарнайын шабуылдарының дәуірі мен қазіргі кезеңге, құбырлар құрылыстары мен аймақ республикаларының халықаралық лаңкестікпен күреске атсалысуы кезеңі аралығын қамтыған тарихи шолу болып табылады.

Профессордың айтуынша, соңғы жылдары Батыс Орталық Азияның стратегиялық маңыздылығын ұғына бастады. Бірақ қатардағы оқырман мен студент үшін ағылшын тілінде жазылған қолжетімді әдебиет жоқтың қасы. «Мен дәл осы кемшіліктің орнын толтыруға тырыстым. Кейде, телебағдарламаларды көріп отырғанда немесе газет мақалаларын оқығанда, қоғамдық пікірталасқа қатысушы көптеген американдық шешендер географияны, шекаралардың және елдердің пайда болу тарихын, мәдениетін білмейді ме деп қаламын.

Р.Абазовтың 2007 жылы жарық көрген «Орталық Азия республикаларының мәдениеті мен дәстүрлері» деп аталатын бұған дейінгі туындысы Қазақстанның және Орталық Азияның әдебиеті мен бұқаралық ақпарат құралдары туралы үздік шетелдік еңбек деп танылып, Қазақстанның Журналистер академиясының сыйлығын алған болатын.

3 жыл бұрын (2008) Павлодар облысының Қашыр аудан орталығында «Нас породнила качирская земля» атты жинақтың таныстырылымы болды. Кітаптың жетпіс бетінде мұрағат құжаттары, суреттер және аймақтың әлеуметтік инфақұрылымына және ауылшаруашылықтың дамуына өз еңбектерін қосқан ардагерлердің еске түсірулері жарияланған. Өткен ғасырдың 70-80 жылдары облыстың үздік аудандарының бірі болды. Мұнда егін егіп, жаңа агротехникалық әдістерді қолданды, малшаруашылығында жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Аудан орталығында мектептер,медициналық мекемелер, мәдениет үйлері және кітапханалар салынды.

1 жыл бұрын (2010) Алматыда Қаныш Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-да қазақстандық кәсіпорындар мен «Шнейдер Электрик» ЖШС француз компаниясының қатысуымен энергетика, электротехника және автоматтандырылған жүйелерге техникалық қызмет көрсету саласында мамандар даярлау жөнінде алғашқы Қазақстан-Француз орталығын құру туралы келісімге қол қойды.

ЕСІМДЕР

50 жыл бұрын (1961) Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары ТӘУКЕБАЕВ Серік Шауенұлы дүниеге келді.

Түркістан қаласында туған. Қазақ химико-технологиялық институтын бітірген, Шымкент университетін, Қарағанды экономикалық университетін бітірген. 1983-1996 жылдары - Жамбылдық басқармасы «Казстальконструкция» трестінің шебері, «Средазтрансстрой» СМП-194 трестінің инженері, құрылыс шебері, құрылыс жұмысының басшысы, құрылыс жұмысының бас басшысы, бас инженердің орынбасары, бас инженері, бастығы, 1996-2001 жылдары - «Туркестанстроймонтаж» акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті, директоры, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары. 2001-2008 жылдары - құрылыс, сәулет және аумақты салу департаментінің бастығы, жер қатынастары басқармасының бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласының әкімі. 2008-2009 жылдары -Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. 2009 жылдың қазан айынан - қазіргі қызметінде.

50 жыл бұрын (1961) «Тұран-Астана» университетінің даму жөніндегі директоры МАДЕЕВ Сабыржан Маратұлы дүниеге келді.

Қарағанды қаласында туған. Ебіней Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

1984 1986 жылдары - Ебіней Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің физика кафедрасының инженері, Кеңес Армиясы қатарында. 1986-1992 жылдары - Қарағанды қаласындағы № 93 орта мектептің мұғалімі. 1991-1994 жылдары - Қарағанды қаласындағы жеке меншік мектептің мұғалімі, директоры. 1994-1995 жылдары - Қарағанды қаласындағы № 88 орта мектептің директоры, Астана қаласындағы облыстық мұғалімдерді жетілдіру институтының директоры.1995-1996 жылдары - Астана қаласындағы № 27 орта мектебінің мұғалімі, әдіскері, ғылыми кеңесшісі. 1996-1998 жылдары - Астана қаласындағы «Лицей «Столичный» мемлекеттік емес мекемесінің оқытушысы, директоры. 1998-2003 жылдары -Астана қаласындағы «Тұран» университеті филиалының оқытушысы, директоры. 2003-2005 жылдары - Тұран-Астана» университетінің бірінші проректоры, ректоры қызметтерін атқарған. 2005 жылдан - қазіргі қызметінде. 2004 жылдың қазан айынан - Қазақстан Республикасы білімберу мекемелері Ассоциациясының вице-президенті. 20-дан астам ғылыми жарияланымдардың авторы.

«Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» төс белгісімен, «Қазақстан Республикасының туризм дамуына үлес қосқан үшін» төс белгісімен марапатталған.

45 жыл бұрын (1966) Қазақстан Республикасы қаржы министірлігі салық комитеті «Ақпараттық технологиялар паркі» Алматы қаласы бойынша салық басқармасының бастығы ҚАЛИЖАНОВ Бағдат Уәлиұлы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын, Экономика және құқық академиясын бітірген.

1989-1990 жылдары - Алматы қаласы Фрунзе аудандық қаржы бөлімі салық инспекциясының салық тексеруші-инспекторы, салық тобының тексеруші-инспекторы.

1990-1993 жылдары - Алматы қаласы Фрунзе ауданы бойынша мемлекеттік салық инспекциясының мемлекеттік салық инспекторы, аға мемлекеттік салық инспекторы, бас мемлекеттік салық инспекторы. 1993-1996 жылдары - Алматы қаласы Фрунзе ауданы бойынша мемлекеттік салық инспекциясының бөлім бастығы. 1996-1997 жылдары - Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша мемлекеттік салық инспекциясының бастығы. 1997-1998 жылдары - Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша салық бөлімінің бастығы, Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша мемлекеттік салық комитетінің төрағасы. 1998-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің салық комитеті Алматы қаласы бойынша салық комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс министірлігінің салық комитеті Павлодар облысы бойынша салық комитетінің төрағасы. 2002-2004 жылдары - Алматы қаласындағы «Қазтелерадио» ЖАҚ-ның қаржы жөніндегі директоры - төрағаның орынбасары, Қазақстан Республикасы қаржы министірлігі салық комитеті Ұйымдастыру және қаржымен қамтамасыз ету басқармасы бастығының орынбасары. 2004-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы қаржы министірлігі салық комитеті «Ақпараттық технологиялар паркі» Алматы қаласы бойынша салық комитетінің бастығы. 2008-2010 жылдары - Қазақстан Республикасы қаржы министірлігі салық комитеті «Ақпараттық технологиялар паркі» Алматы қаласы бойынша салық департаментінің бастығы қызметтерін атқарған.2010 жылдан - қазіргі қызметінде.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

АҚПАННЫҢ 27-І, ЖЕКСЕНБІ

Доминикан Республикасының Тәуелсіздік күні. 1844 жылы доминикандықтар гаитяндықтардан өздерінің тәуелсіздіктерін жариялады. Олардың қол астында доминикандықтар 22 жыл өмір сүрді. Доминикан Республикасының табиғаты аса көркем, Латын Америкасының қайталанбас мәдениеті, ежелгі тарихы және ғажайып сымбат өнерлері бар. Астанасы - Санта-Доминго. Ресми тілі - испан, католицизм дінін ұстанады. Мемлекет Гаити аралының шығыс бөлігінде орналасқан.

ОҚИҒАЛАР

5 жыл бұрын (2006) Орал қаласының 30 көшесі атауларын өзгертті. Бұл шешім қалалық мәслихатың отызыншы сессиясында қабылданды. Отырыс барысында қалалық әкімшілік жанындағы ономастикалық комиссияның ұсынысы қаралды. Енді Орал қаласының орталық магистральды көшелерінің тізіміне кіретін Фурманова және Кутякова көшелеріне қазақтың ұлы композиторы Құрманғазының және көрнекті саясат қайраткері Әбіқайыр ханның есімі берілді. Батыс Қазақстан облысы әкімшілік орталығының картасында аты аңызға айналған батыр қыздарымыз Мәншүк Мәметова және Алия Молдағұлованың, академик Асан Таймановтың, профессор Мәтжан Тілеужановтың және Всеволод Ивановтың, атақты домбырашы Дина Нүрпейісованың, ақын Әбубәкір Кердерінің, Жұбан Молдағалиевтің және Қасым Аманжоловтың, жазушы Никита Савичевтің, ойшыл Ғұмар Қараштың және тағы да басқа белгілі тұлғалардың есімдері берілді.

3 жыл бұрын (2008) Алматыда Ұстаздардың құқығы мен мүдделерін қорғайтын қоғамдық бірлестік құрылды. Ұстаздар мен билік арасында көпір болу міндетін атқаратын бірлестіктің ұстанған мақсаты - мұғалімдерге құқықтық жағынан кеңес беріп, олардың мәселелерін шешуге ықпал ету. Ұстаздар қауымы әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған топтың біріне жатады. Олардың көпшілігінде баспана жоқ. Қоғамдық бірлестік республика аумағы бойынша өз бөлімшелерін ашты, олар қордаланып қалған мәселелерді шешеді.

1 жыл бұрын (2010) Астанада Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен Алматының «Әріптес» үкіметтік емес ұйымдар конфедерациясының еліміздегі кәсіподақ ұйымдары мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп дайындаған «Әлеуметтік әріптестік бойынша үшжақты келісім» атты кітабының тұсауы кесілді.

Аталмыш жобаны ұйымдастырушылардың сөздеріне қарағанда, қазір еліміздің көптеген тұрғындары үкімет, жұмыс беруші мен кәсіподақ арасында арнайы келісімнің бар екендігін білмейді және білетіндерінің өзі оны жете түсінбей отыр. Үшжақты келісімге қатысты алдын ала арнайы жүргізілген әлеуметтік зерттеулер мен қоғамдық пікірге қатысты жасалған әлеуметтік сауалнамалардың нәтижесі осыны көрсетті. Осыған қарай кітапта үкімет, жұмыс беруші және кәсіподақ арасындағы келісім негізінде елде атқарылып жатқан жұмыстардың жайы мен оған қатысты проблемалар, сондай-ақ олардың шешілу жолдары жөнінде ақыл-кеңестер мен келісім негізінде қалыптасып отырған жағдайға қатысты жаңа, тың деректер көрсетілген.

Осының барлығы үшжақты келісімге қатысушы тараптардың бір-бірімен байланыстарын әлі де болса жетілдіру қажет екендігін көрсетті», деді жобаның жетекшісі тарих ғылымының докторы, профессор Ләйла Ахметова.

ЕСІМДЕР

60 жыл бұрын (1951) Шымкент әлеуметтік - педагогикалық университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор ҚОЗЫБАҚОВ Момбек Жамалбекұлы дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында туған. Қазақ химия-технологиялық институтын, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) аспирантурасын бітірген.

Еңбек жолын 1973 жылы Шардара ауданында инженер болып бастаған. 1975 жылдан бастап ғылыми және ғылыми-педагогтік қызметтер атқарып келеді. 1975-1977 жылдары - Қазақ химия-технологиялық институты машина жабдықтары кафедрасының кіші ғылыми қызметкері, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті «Қолданбалы механика» кафедрасының инженері. 1977-1980 жылдары - С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспиранты. 1981-1984жылдары - С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің машиналар механикасы ғылыми-зерттеу зертханасының аға инженері, Шымкент педагогикалық институтының Жалпы техникалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы. 1984-1993 жылдары - Шымкент педагогикалық институтының аға оқытушысы. 1993-2000 жылдары - Шымкент педагогикалық институтының еңбек және өнер мамандығы бойынша оқу-ғылыми кешенінің жетекшісі - проректоры, еңбек және өнер мамандықтары бойынша оқу-өндірістік кешенінің директоры, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетінің проректоры, өндіріс және техникалық жабдықтар негіздері кафедрасының доценті, кәсіптік оқу теориясы және әдістемесі кафедрасының профессоры міндетін атқарушы. 1999-2001 жылдары - «Әулие-ата» университеті Шымкент филиалының директоры қызметтерін атқарған. 2001 жылдың сәуірінен Шымкент әлеуметтік - педагогикалық университетінің ректоры қызметін атқарады.

2007 жылы Түркия Республикасының Анкара қаласында Түркі әлемінің жазушылары мен өнер қайраткерлеріне табыс етілетін «Түркі әлеміне қызмет еткендігі үшін» марапатына ие болды. 2007 жылы Англияда Оксфорд университетінде Европалық бизнес ассамблеясының халықаралық қоғамдық серіктестік корпорациясының халықаралық «Сократ» марапаты табыс етілді. 2008 жылы еліміздің «Мекке-Медине» діни бірлестігінің төралқасы мен Д.А.Қонаев мешітінің Мұхаммед (с.а.у) Пайғамбарымыздың атындағы ізгі құрмет дипломына ие болды. 2009 жылы Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында «ХХI ғасырдың көш басшылары» бағдарлама аясындағы Халықаралық марапатын иеленді. Педагогика тарихының келелі мәселелері бойынша Республикалық және Халықаралық конференцияларда көптеген баяндамалар жасаған. 1-монография, 14 оқу-әдістемелік құрал, 10 оқу-әдістемелік нұсқау, 70-тен астам ғылыми мақалалардың авторы, 6 патент иегері. Ғалымның жетекшілігімен 4 кандидаттық, 8 магистрлік диссертацияларқорғалған.

45 жыл бұрын(1966) Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары, аға әділет кеңесшісі МУСИН Қанат Сергейұлы дүниеге келді.

Ебіней Букетов атындағы Қарағанды мемлекетік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылдан Целиноград қаласы прокуратурасында бастап, тергеу бөлімінің аға тергеушісі, арнайы істер жөніндегі тергеушісі, Ақмола облысы Целиноград қаласы прокуротурасының криминалдық прокуроры болды. Кейіннен Жамбыл облысының, Ақмола, Астана қалалары прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. Бес жылдан астам Қаржы полициясында қылмыстарды іздестру жұмыстарымен айналысып, әр түрлі лауазымды қызметтерді атқарып, Алматы қаласы бойынша экономикалық және жемқорлықпен күрес департаменті бастығының орынбасары болды. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, бас сарапшы қызметтерін атқарған.

2010 жылдың 17 ақпанынан - қазіргі қызметінде.