ҚазАқпарат-Анонс: 2011 жылғы 8-10 сәуір аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ҚазАқпарат-Анонс: 2011 жылғы 8-10 сәуір аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ЕЛБАСЫ

8 сәуірде Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасын ұлықтау рәсімі болады.

ҮКІМЕТ

8 сәуірде Үкімет отырысы болады.

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ

7-9 сәуірдің аралығында Бакуде Мәдениетаралық диалогтың дүниежүзілік форумы өтеді. Қазақстандық тараптың атынан бұл шараға Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы елшісі Олжас Сүлейменов, Мәдениет министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Ілияс Қозыбаев және Ұлттық ғылым академиясы Философия және саясаттану институтының директоры Әбдімәлік Нысанбаев қатысады.

АСТАНА

31 наурыз бен 8 сәуір аралығында Әділет министрлігінің веб-сайтында (www.minjust.kz) Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары Олжас Бектеновтың қатысуымен «Заңды тұлғаларды және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеудің өзекті мәселелері» атты интернет-конференция өтеді .

8 сәуірде Назарбаев университетінде Мектеп оқушыларының «Ғылым әлемін ашамыз» атты VII халықаралық конференциясының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болады.

8 сәуірде «Транспорт Тауэр» ғимаратында «Атамекен» одағы» Ұлттық экономикалық палата өкілдері мен Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі комитеттері өкілдерінің кездесуі болады.

8 сәуірде Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетте «Ломоносов-2011» VII халықаралық ғылыми конференциясы өтеді.

9 сәуірден 15 маусымына дейін Астананың Жеңіс және Иманов көшелерінде жол-құрылыс жұмыстары жүргізіледі.

АЛМАТЫ

6-8 сәуірде Алматыда «Қазақстанның азық-түлік нарығы-2011» атты 13-ші халықаралық көрме өтуде .

8 сәуірде Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің журналистика факультетінде Студенттік олимпиада өтеді.

8 сәуірде Алматы қаласының мұражайында Гагариннің ғарышқа сапарының 50 жылдығына арналған көрме ашылады.

8 сәуірде Қазақтың С.Асфендияров атындағы ұлттық медицина университетінде «Қазақстан Республикасында қоғамдық денсаулық сақтауды дамытудың проблемалары және перспективалары» деген тақырыпта «дөңгелек үстел» отырысы өтеді.

8 сәуірде Қазақстанның Суретшілер одағының кеңсесінде ҚР Тұңғыш Президентіне арналған көрме өтеді.

8 сәуірде Жамбыл атындағы филармонияда ресейлік танымал скрипкашы Алена Баеваның концерті болады.

9-10 сәуір күндері Алматыда 3-Халықаралық білім форумы өтеді.

8 сәуір күні Алматыда «Құрманғазы мұралары» деп аталатын концерт өтеді.

11-12 сәуірде Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Жамбыл және түркі халықтарының эпикалық мұрасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.

ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР. АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕСІМДЕР.

СӘУІРДІҢ 8-І, ЖҰМА

Халықаралық сығандар күні. 1971 жылдың 8-ші сәуірінде бірінші Бүкілдүниежүзілік сығандар конгресі өткізілді. Осы конгресте Бүкілдүниежүзілік сығандар одағы құрылып, әнұраны мен туы қабылданды.

Сыған туралы алғашқы естеліктер 1501 жылы сыған таборының көсемі Васильдің Литва князі Александр Казимировичтен күзет грамотасын алған кезден бастау алады. Бүгінгі таңда аталмыш мереке ірі сыған ұйымдары бар 60-қа жуық елде жыл сайын атап өтіледі.

Халықаралық тайцзи және цигун күні (имунитетті күшейтуге арналған көне қытайлық жаттығулар жүйесі). Тайцзи и цигун - дем алу мен иммунитетті реттеуге арналған ежелгеқытайлық жаттығулар жүйесі. Бұл күні дәстүр бойынша көпшілікке көрінетін жаттығулар өткізіледі.

ОҚИҒАЛАР

12 жыл бұрын (1999) Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен Ақмола облысының әкімшілік орталығы Астана қаласынан Көкшетау қаласына көшірілді.

6 жыл бұрын (2005) Алматыда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің «Тәуелсіз Қазақстанның монеталары» атты тұңғыш фото көрмесі болып өтті. Көрмеге қойылған жәдігерлердің қатарында «Қызыл кітап», «Номадтар алтыны», «Тарихи-сәулет ескерткіштері», «Қазақстанның қызыл кітабы», «Спорт», «Көке Түркістан» сериялары бойынша шыққан монеталардың суреттері бар.

6 жыл бұрын (2005) Алматыда Халықаралық экономика мектебінің және әлеуметтік ғылымының (ХЭМ) тұсау кесер рәсімі өтті. Бұл мектеп Қазақстан-Британдық университетiнің бөлiгi болып табылады.

3 жыл бұрын (2008) Мәскеудегі Қазақстан Елшілігінде «Ресейдегі қазақтар» кітабының таныстырылымы өтті. Хронологиялық қағида бойынша құрастырылған екі томдық жинаққа 600-ден астам өмірбаяндық анықтамалар енгізіліп отыр. Мұрағат материалдарына, анықтамалық-энциклопедиялық әдебиеттерге, жеке сауалдарға негізделген бұл кітапта әр жылдары Ресейде тұрған, сондай-ақ қазір де сонда тіршілік кешіп жатқан ұлты қазақ айрықша тұлғалар таныстырылады. Кітап нақты бір адамның тағдыры арқылы жаңа дәуірде Қазақстан мен Ресей аумақтарында орын алған тарихи және көші-қон үдерістерін қадағалауға мүмкіндік береді. Жоғарыда аталған үдерістердің барысында Ресейде қомақты қазақ диаспорасы қалыптасып, бүгінде онда 1 миллионнан астам қазақ тұрып жатыр.

3 жыл бұрын (2008) Ақтөбеде АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Елшісі Джон Ордвейдің қатысуымен республикалық ғылыми-техникалық кітапхананың филиалында американдықтардың бұрышы ашылды.

Американдық дипломат өз сөзінде Ақтөбеде ашылып отырған бұл орталықтың маңызына тоқталды. «Американдық бұрыштардың 10 жылға жуық тарихы бар. Олар алғаш рет Ресейде ашылған болатын», - деді ол. АҚШ-тың тарихы, ғылымы, мәдениеті туралы ақпараттық және жалпытанымдық жұмыстарды жүргізу үшін ең жақсы әріптес ретінде кітапханалар таңдап алынды. Джон Ордвейдің сөзіне қарағанда, «кітапханалардың есігі халық үшін әрқашан ашық болумен қатар, кітапхана қызметкерлерінің өзі кәсіби және тиімді қатынастарды орнатады». Кітапханадағы американдық бұрышта оқырмандарға Америка Құрама Штаттары туралы ағымдағы ақпараттар ұсынылады және олар волонтерлердің, АҚШ-тан келген қонақтардың қатысуымен түрлі іс-шаралар, АҚШ-қа қатысты баяндамалар, семинарлар және көрмелер өткізудің орталығына айналады.

Американдық бұрышқа елшілік 350 кітапты, түрлі құжатты және көркем фильмдерді сыйға тартқан. Сондай-ақ бұл жерде интернет қызметі, компьютерлер, виртуальды дерекқорлар және т.б. ақысыз ұсынылады.

3 жыл бұрын (2008) Қазақстанда Ұлттық бюджеттік желі құрылды. Жаңа құрылымның мақсаты - бюджеттік үдерістің ашықтығын, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қоғамға есеп беруін қамтамасыз ету. Осы бағытта қоғамның мемлекеттік бюджетті жоспарлау, құру, орындау, бақылау ісіне жанама түрде қатысуына қол жеткізуді және бюджеттік бағдарламалардың нәтижелілігін жақсартуды көздеп отыр.

2 жыл бұрын (2009) Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Халықаралық жас физиктер «Космос, ядра, наука и нанотехнологии» мектебі ашылды.

Ұйымдастырушылары - Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті.

1 жыл бұрын (2010) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне лаңкестікке қарсы күрес мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Заң лаңкестікке қарсы шаралардың жүйесін құрудың халықаралық тәжірибесін ескере отырып, лаңкестікке қарсы күресудің құқықтық негіздерін жетілдіруге, лаңкестікке қарсы қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған.

1 жыл бұрын (2010) «Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасының арасындағы стратегиялық серіктестік туралы шартты ратификациялау туралы» Заңға қол қойды.

1 жыл бұрын (2010) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің терроризмге қарсы бірлескен оқу-жатығуларын ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

1 жыл бұрын (2010) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансфертті республикалық бюджетке бағыттауды қарастырған «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2010-2012 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Заңға қол қойды.

1 жыл бұрын (2010) Алматыда қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қатар жарық көрген «Абайдың қарасөздері» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

«Абай еңбегін орыс тіліне аударған қазақтың атақты аудармашысы Клара Серікбаева. Ол Шәкәрім, Әуезов, Аймауытов сынды ұлылардың шығармаларын орыс тіліне, шығыс ғұламаларының еңбектерін қазақ тілі мен орыс тіліне аударған. Ал, ағылшын тіліне аудармашыны біз ұзақ іздедік. Өйткені, ұлы Абайдың шығармасы қазақ халқының рухани мәдениетінің шыңы болып табылады. Сондықтан біз, ең жақсы аудармашы-ақынды іздедік. Біздің сұрауымызбен, Абай еңбегін менің Англиядағы досым, түркітанушы Ричард Маккейн аударды. Ол орыстың ұлы ақындарының шығармаларын ағылшын тіліне айдарған аудармашы- ақын», деді «Халықаралық Абай клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті, жазушы Роллан Сейсенбаев.

Кітапты шығарудағы басты мақсат - қазақтың ұлы ақыны Абайдың шығармаларын әлемге таныстыру.

Аталмыш кітапты «Халықаралық Абай клубы» қоғамдық бірлестігі 4000 данамен шығарды.

1 жыл бұрын (2010) Атыраудағы «Каспиймұнайгаз» ғылыми-зерттеу институтында жер қыртысы жағдайындағы керндік материалдарды зерттеуге арналған петрофизикалық зертхана жұмысқа кірісті.

Бұл зертхана аймақтың жер қойнауын пайдаланушылары мұнайлы кен орындарының өнімді қыртыстарын, соның ішінде қазып алынған керндік материалды да тиісті зерттеулерін шұғыл әрі сапалы жүргізуге мүмкіндік беретін бірегей жабдықпен жарақтандырылған. Бұрын жер қыртысының өнімділігі деңгейін, мұнай жатқан жер тереңдігін айқындап беретін мұндай зерттеулер шет елдерде жүргізетін еді. Енді соның бәрін өз елімізде жасауға тамаша мүмкіндік туды.

1 жыл бұрын (2010) Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының көрме залында белгілі ғалым, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор Ақселеу Сейдімбектің құжаттық жеке қорының ашылу рәсімі өтті.

Құжаттық жеке қорда 1961-2009 жылдар аралығында жазылған 700 жуық хаттар жинақталған. Соның ішінде көрмеде Әлкей Марғұлан, Мәлік Ғабдуллин, Лев Гумилев, Ғабит Мүсірепов, Асқар Тоқмағамбетов, Әбділда Тәжібаев, Ғали Орманов, Оралхан Бөкей, Жомарт Әбдіхалық, Иманғали Тасмағамбетов сынды мемлекет және қоғам қайраткерлерінен, ақын-жазушылардан, әріптестерінен келген 20-ға жуық хаттар орын алған.

Ақселеу Сейдімбек 1942 жылғы желтоқсанның 12-сі күні Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Байдалы би ауылында дүниеге келді. Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған соң «Лениншіл жас», «Орталық Қазақстан», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде, «Зерде» журналы мен «Әлем» альманағында жұмыс істеді. Одан кейін Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында Қолжазба бөлімінің меңгерушісі, Ыбырай Алтынсарин атындағы білім институтының директоры, Қазақ Білім академиясының президенті, Қазақстан Республикасы Президенттік Мәдени орталығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. Ғалым-этнограф 2000 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Астанадағы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің професоры болып еңбек етті. Ақселеу Сейдімбек 2009 жылғы қыркүйектің 16-сы күні дүниеден озды.

1 жыл бұрын (2010) Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы мен Кембридж (Ұлыбритания) университетінің арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Ғылыми-зерттеу қызметтерін бірге өткізу, Академия қызметкерлері мен тыңдаушыларына Кембридж университетінде стажировкалар өткізу, екі жақтың ынтымақтастығы мемлекеттік қызметкерлерді дайындау жөнінде құжатта қаралған. Бірлескен сертификациаланған бағдарлама жұмыстары бөлек қарастырылған. Кембридж университетімен серіктестік Академияның халықаралық қарым-қатынасын жаңа сапалы деңгейге көтереді. Лайықты 2 және 14 орын алатын Беркли және Дьюк (АҚШ) университеті, Times Higher Education болжамы бойынша вуздардың дүниежүзілік рейтингінде Лондондық экономика мектебі 5 орын - Академияның басқа да серіктестіктерінің арасында дүниежүзілік отыздық тобы көрсетілген.

245 жыл бұрын (1766) АҚШ-та өрт сөндіру баспалдағына патент берілді.

ЕСІМДЕР

45 жыл бұрын (1966) Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары МУСРАЛИМОВА Айна Ермекқызы дүниеге келді

Ақмола облысында туған. Ебней Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік унверситетін бітірген. Еңбек жолын Бостандық кеңшарының астық өңдеу орталығында жұмысшыдан бастаған. 1992-1994 жылдары - Көкшетау қаласындағы № 19 орта мектебінің мұғалімі, Көкшетау облыстық кәсіподақ кеңесі жанындағы «Тұлпар» кіші кәсіпорының нұсқаушы-әдіскері, Ленинград ауданы «Қызылту» кеңшарының орта мектебінің мұғалімі, Көкшетау облыстық кәсіподақ кеңесі жанындағы «Тұлпар» кіші кәсіпорының істерді жүргізу жұмыстарының меңгерушісі. 1994-2002 жылдары - Көкшетау қалалық әкімшілігі Тілдер басқармасының бас маманы, Көкшетау қалалық әкімшілігінің әлеуметтік салалар жөніндегі бас маманы, Көкшетау қаласы әкімінің баспасөз хатшысы, Ақмола облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бас маманы, Ақмола облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы Бұқаралық ақпарат құралдары жіне тілдерді дамыту бөлімінің бастығы. 2002-2005 жылдары - Ақмола облысы әкімі аппараты әлеуметтік сала және ішкі саясат бөлімінің бас маманы, меңгерушісі. 2005-2008 жылдары - Ақмола облысы ішкі саясат департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарған. 2008 жылдың сәуір айынан бастап - қазіргі қызметінде.

«Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл», «10 лет Агентству Республики Казахстан по делам государственной службы» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

СӘУІРДІҢ 9-Ы, СЕНБІ

Микаэль Агриколаның күні (Фин тілінің күні). Ұлы фин ағартушысы Микаэль Агрикола жазбаша фин тілін жасауға өзінің зор үлесін қосқан. Соның құрметіне 9 сәуірде Финляндияда мемлекеттік байрақ көтеріледі.

ОҚИҒАЛАР

141 жыл бұрын (1870) Маңғыстаудағы Иса-Досан көтерілісін басып-жаншуға Дағыстаннан жазалаушы отряд келіп жетті. Көтерілісшілер Александровск (қазіргі Форт-Шевченко) бекінісін тастап, кері шегінуге мәжбүр болды.

11 жыл бұрын (2000) Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Баку қаласында өткен «Китаби дәдә Коркут» эпосының 1300 жылдығына арналған мерекелік мәжіліске қатысып, сөз сөйледі.

4 жыл бұрын (2007) Павлодар облысы ардагерлер кеңесінің «Біздің өмірбаянымыз. 1987-2007 жылдар» (Вехи нашей биографии. 1987-2007») атты деректі кітабы жарық көрді.

Ардагерлер қозғалысының 20 жылдығына арналған бұл кітапта Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, тыл игерушілерінің қираған ауыл шаруашылығын қалпына келтірген, тың көтерген, қалалар мен зауыттарды салғандары туралы естеліктері кірген.

3 жыл бұрын (2008) атақты әнші және музыкант Боб Дилан «таза поэтикалық күші бар лирикалық композициялары үшін» Пулитцер сыйлығын алды.

«Вашингтон пост» газеті «Қоғамға қызмет ету», «Өзекті жаңалықтар», «Ұлттық репортаж», «Халықаралық репортаж», «Тақырыптық мақала» аталымдары бойынша жеңімпаз атанды. Сондай-ақ уытты қытайлық ойыншықтар туралы мақалалар сериясын жариялаған «Нью-Йорк таймс» және «Чикаго трибюн» журналистері де сыйлық лауреаттары атанды. Қазылар алқасы Мьянмадағы шеруді қуып тарқату кезінде өлтірілген жапон журналисі бейнеленген суретті жариялаған «Рейтер» агенттігінің фоторепортажын да атап өтті. Шыққан тегі мажарлық газет магнаты Джозеф Пулитцердің сыйлығын Колумбия университетінің құрылтайшылары 1917 жылдан бері табыс етіп келеді. Оның көлемі 10 мың АҚШ доллары.

2 жыл бұрын (2009) Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би ауданында битум өндіретін зауыт іске қосылды.

1 жыл бұрын (2010) Оңтүстік Қазақстан облыстық клиникалық аурухана базасы жанында аймақтағы бірінші экстракорпаральды ұрықтандыру орталығы ашылды.

Экстракорпаральды ұрықтандыру орталығы заманауи қымбат жабдықтармен жабдықталған. Бұл жерде СО2 инкубаторы, ламинирленген Virolab фирмасының сөрелері, микроманипулятор, микроскоп және басқа да жабдықтар бар. Жұмысқа экстракорпаральды ұрықтандыру орталығының репродуктолог, эмбриолог дәрігерлері - Мәскеуде акушерлік сала, гинекология және босанғанға дейінгі Ғылыми орталығының базасында және Самарадағы Карнауха дәрігерінің инкубаторында мамандандырудан өтті. Бүгінгі кезде облыстық клиникалық ауруханасында баланы көтере алмау және ұрықсыздық мәселесін эндокриннің бұзылуын анықтауға көмектесетін гормоналдық тексерулер жүргізеді.

1 жыл бұрын (2010) Астана мен Праганың прокурорлары бірлескен қимылдар жөніндегі хаттамаға қол қойды. Қазақстанға Чехия Республикасының Бас прокуроры Рената Весецканың ресми сапарының аясында ұйымдастырылып отырған шара.

Жүздесу барысында қылмыспен күрес және азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғауды бірлесіп жүзеге асыру мақсатында Астана мен Прага қаласының прокурорлары арасында ынтымақтастық пен түсіністік жөніндегі хаттамаға қол қойылды. Аталмыш құжат қол қойылғаннан бастап күшіне енеді және ол 5 жылға дейін күшінде болады. Құжат талаптарына сәйкес тараптар трансұлттық ұйымдасқан қылмыс, қылмыспен табылған қаржыны заңдастыру бағытындағы қылмыстарды іздестіру барысында екіжақты өзара көмек көрсететін болады. Сондай-ақ екі елдің прокурорлары тәжірибе мен ақпарат алмасады.

1 жыл бұрын (2010) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын декларациялау тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

1 жыл бұрын (2010) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Дамушы және нашар дамыған елдерден келетін тауарлардың шыққан жерін анықтау ережелері туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

1 жыл бұрын (2010) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын декларациялау тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

1 жыл бұрын (2010) Мәскеуде Балалардың «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының президенті Сара Назарбаева өскелең ұрпақты адами-рухани тәрбиелеу, ана мен баланы қорғау ісіне қосқан үлесі үшін гуманитарлық қызмет саласындағы «Достастық Жұлдызы» сыйлығымен марапатталды.

Сыйлықты ТМД елдерінің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қоры тағайындады.

«Достастық Жұлдызы» сыйлығы 2008 жылы тағайындалды. Ол жыл сайын үш аталым бойынша: білім және ғылым саласындағы, мәдениет және өнер саласындағы, сондай-ақ гуманитарлық саладағы жетістіктер үшін тоғыз лауреатқа табыс етіледі.

1 жыл бұрын (2010) Алматыда №5572 әскери бөлімінде тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан ішкі әскер жауынгерлеріне арналған Ескерткіш аллеясы ашылды.

1993-1999 жылдары жедел белгіленген Ішкі әскерлер Қазақстан Республикасының бөлек ерікті атқыштар батальонының құрамымен бірге тәжік-ауған шекарасында екі мыңнан аса жауынгер өздерінің міндеттерін орындаған. 1995 жылғы сәуірдің 7-сі тарихтағы қайғылы күн болды. Сол кезде Тәжікстанның Пшихавр шатқалында іргелес жақтың жауынгерлік күштері басым, тең емес қақтығыс басталды. Төрт сағатқа созылған қақтығыс 17 қазақстандық жауынгердің өмірін жалмады. Олар өздерінің әскери міндеттерін орындады, әскери антқа өз өмірлерінің құнымен сенімді болып қалды.

Бұл күн Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскер бөлімінде батырларды еске алу күні болып саналады.

ЕСІМДЕР

70 жыл бұрын (1941) эстрада және цирк әртісі, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі ҚАБИҒОЖИНА Сара Оқапқызы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Алматы эстрада-цирк студиясын, Мәскеу эстрада өнерінің бүкілодақтық шығармашылық шеберханасын бітірген. Өнер жолын Қазақконцертте көркемсөз оқудан бастаған. Кейінірек жұбайы Сұлтанғали Шүкіровпен бірге көзбайлаушы-иллюзионистік жанрды меңгеріп, шеберлігін арттыра түскен. 1978 жылы Карловы-Вари мен Парижде, Брюссельде өткен бүкілдүниежүзі көзбайлаушы-иллюзионистерінің байқауларында «Неткен ғажап бұл әлем» атты (музыкасы Давид Тухмановтікі) эстрадалық-цирк композициясымен Бас жүлдені жеңіп алды. Сондай-ақ 1978 жылы Гаванада өткен Жастар мен студенттердің бүкіл дүниежүзілік 11-фестивалінің және Бүкілодақтық Ленин Комсомолы сыйлығының иегері атанды.

СӘУІРДІҢ 10-Ы, ЖЕКСЕНБІ

Нидерландыда мұражайлар күні. Амстердам - әлемдегі ең iрi көркем мұражай орталықтарының бiрi. Нидерландыда жыл сайын сәуірдің екінші демалысында Мұражайлар күнін атап өтеді.

ОҚИҒАЛАР

19 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен Жамбыл облысына қарасты Жуалы ауданының орталығы Бурное селосына Бауыржан Момышұлының есімі берілді.

15 жыл бұрын (1996) Алматы қаласында Еуропа комиссиясы өкілдігінің ресми ашылу рәсімі өтті.

9 жыл бұрын (2002) Қазақстан Республикасының аумағында «Косманавтика күні» сериясының екі пошта маркасы айналымға түсті, «Алғашқы рет әлемде кеме бортындағы ғарыш саяхаттанушысы бар халықаралық ұшу» тақырыбына арналған.

2002 жылғы сәуірдің 8-і мен 12-і аралығында Алматыға әлемдегі алғашқы ғарыш-саяхатшысы Дэннис Тито сапармен келді, маркалардың салтанатты рәсіміне қатысуға ниет білдірді.

Бірінші марка: «Союз ТМ-32» экипажы ғарышкер-ұшқыш Талғат Мұсабаев және бортинженер Юрий Батурин мен Денис Тито бейнеленген түрлі-түсті сурет. Марканың сол жақтағы астыңғы бұрышында «Союз ТМ-32» кемесінің эмблемасы және барлық ғарышкерлердің фамилиясы бейнеленген.

Екінші марка: Марканың ортасында Жер планетасы және Қазақстаның, Ресейдің және АҚШ-тың желбіреген байрағы.

Бірінші пошта маркасының номиналы - 30 теңге, таралымы - 100 000 дана; екінші пошта маркасының номиналы - 70 теңге, таралымы - 100 000 дана.

5 жыл бұрын (2006) Жамбыл облысы Қаратау қаласындажаңа саябақтың ургетасы қаланды. Жаңа саябаққа «Наурыз» аты берілді, аумағы 7 гектарға жуық жерді алып жатыр. Оның іргетасын қалауда Қаратау қаласының тұрғындары, бірқатар мекемелер мен кәсіпорындар ат салысты.

5 жыл бұрын (2006) Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінің қолдауымен БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде Семей аймағының құрбандықтарына арналған Еуропарламент депутаты Струан Стивенсонның «Мәңгілік қасірет» кітабы мен белгілі актриса Кимберли Джозеф фотокөрмесінің таныстырылымы өтті. Бас Ассамблеяның 60-шы сессиясында қабылданған «Халықаралық ынтымақтастық және Қазақстанның Семей аймағы халқын, экологиясын және экономикасын сауықтыру масатындағы қызметтерді үйлестіру» қарарын бірауыздан қолдағандары үшін БҰҰ-ға мүше елдерге алғыс білдірген Қазақстан өкілдігін басшысы Ержан Қазыханов, шетелдік және халықаралық ұйымдардың, атап айтқанда, БҰҰ Даму бағдарламасының, USAID агенттігінің, Еурокомиссияның және Жапония, Ұлыбритания, Канада, Италия, Швейцария үкіметтерінің тікелей қатысуымен Семей аймағында жүзеге асырылып жатқан бірқатар жобаларға тоқталып өтті. Еуропарламенттің шотландтық депутаты Струан Стивенсон Кеңес Одағы кезінде ядролық қаруды сынаудан зардап шеккендер туралы кітап жазып, сол үшін әлем қауымдастығының ілтипатына және 50 мың доллар сыйлыққа ие болған. Еуропарламент депутаты осы сыйақысын Семейдің онкологиялық емханасына аударғанын ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын. Қазақстанда, оның ішінде Семей аймағында бірнеше рет болған С.Стивенсон мырзаға полигон проблемасына деген тұрақты қамқорлығы үшін «Семейдің құрметті азаматы» атағы берілген.

3 жыл бұрын (2008) Ұлттық банктің орталық филиалына «2008 жылғы Олимпиада ойындары» сериясының коллекциялық шақасы келіп түсті. «Бесайыс» шақасы 925-ші пробалы күмістен жасалған, салмағы - 31,1 грамм, номиналы - 100 теңге. Дайындалу сапасы - proof. Шақаның аверсінде Қазақстанның елтаңбасы, футбол стадионы бейнеленсе, реверс бетінде бес спорттық ойынның көрінісі мен ойындар өткізілетін жылды білдіретін «2008» деген сандар бейнеленген. Шақаның құны - 5 мың теңге.

2 жыл бұрын (2009) Киевте Қазақстан Республикасының Елшілігінде қазақтың танымал ақыны және жазушысы Олжас Сүлейменовтың украин тіліне аударылған «Тарихқа дейінгі түркілер» кітабының таныстырылымы болып өтті.

ЕСІМДЕР

60 жыл бұрын (1951) Қазақстан Республикасы Атомдық энергия институты директорының орынбасары, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы атом саласына еңбек сіңірген қызметкер ТӘЖІБАЕВА Ирина Лашқарқызы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Қазақ ұлттық университетінде инженер, кіші, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерішісі, доцент болып қызмет атқарған. 1992-2000 жылдары - Қазақ ұлттық университеті Эксперименталды және теориялық физика Ғылыми-зерттеу институтында ғылыми хатшы, директордың орынбасары, директор қызметтерін атқарған. 2002-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы бас директорының орынбасары. Қазіргі қызметінде 2006 жылдан бастап істейді.

230-дан аса ғылыми жұмыстың авторы.

55 жыл бұрын (1956) «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» акционерлік қоғамының президенті, әскери ғылымдар кандидаты, доцент, полковник ДУБОВЦЕВ Георгий Федорович дүниеге келді.

Свердлов Суворов училищесін, Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищені, М.Фрунзе атындағы әскери академиясын бітірген. 1991-1995 жылдары - Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесінде курсанттар батальоны командирі, мұғалім. 1995-2009 жылдары - Қазақстан Республикасы Қарулы күштер Бас штабы департаменті бастығының орынбасары, бөлім бастығы, аға офицер, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери-ғылыми орталығының орынбасары, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі штаб бастығы комитеті Сараптама орталығының бастығы, Әуе қорғанысы күштері бас штабы бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери білім және ғылым департаментінің бастығы. 2009 жылдың қазанынан - вице-президент, қарашасынан - қазіргі қызметінде.

50-ден аса ғылыми мақаланың авторы.