ҚазАқпарат-Анонс: ақпанның 17-21-і аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ҚазАқпарат-Анонс: ақпанның 17-21-і аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

АҚОРДА

Ақпанның 17-сінде Ақордада Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен Қауіпсіздік кеңесінің мәжілісі өтеді.

ҮКІМЕТ

Ақпанның 17-сі күні Алматыда Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының арасындағы ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық кеңестің мәжілісі өтеді. Үкіметаралық комиссия мәжілісіне Қазақстан тарапынан - Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Ө.Шөкеев, ал өзбек тарапынан - Өзбекстан Премьерінің орынбасары Р.Әзімов тең төрағалық етеді.

Ақпанның 17-сінде Мәдениет және ақпарат министрлігінде Тіл комитеті «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің тілдік портфелі» жүйесініңтұсаукесер рәсімін өткізеді.

Ақпанның 17-сінде Ішкі істер министрлігінде апталық брифинг болады.

ПАРЛАМЕНТ

Ақпанның 17-сінде Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы болады.

СПОРТ

Ақпанның 12-28-і аралығында Ванкуверде ХХІ Қысқы Олимпиадалық ойындар өтеді. Олимпиада ойындарына Австралия, Австрия, Багам аралдары, Беларус, Бельгия, Болгария, Бразилия, Ұлыбритания, Венгрия, Гана, Германия, Гонконг, Грузия, Дания, Израиль, Үндістан, Иран, Испания, Италия, Қазақстан, Кайман аралдары, Канада, Қытай, Солтүстік Корея, Латвия, Ливан, Литва, Лихтенштейн, Молдова, Монако, Моңғолия, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, Польша, Ресей, Румыния, Сенегал, Словакия, Словения, АҚШ, Түркия, Украина, Финляндия, Франция, Чехия, Швейцария, Швеция, Эстония, Оңтүстік Корея, Ямайка, Жапония елдері қатысады.

АСТАНА

Жазда Астанада өтетін оқушылардың 51-ші Халықаралық математикадан олимпиадаға (ХМО) қатысушыларды тіркеу ақпанның 16-сынан басталады .

Ақпанның 17-сі мен 19-ы аралығында Астанадағы Конгресс-холл сарайында «XXI ғасырдағы білім мен ғылым» атты VII-ші қазақстандық халықаралық көрме өтеді. Көрмеде Қазақстанның жоғары оқу орындары, шет елдерде білім алу туралы ақпараттар, сонымен қатар оқу-әдістемелік құралдар, ағарту ісіне қажетті құрал-жабдықтар ұсынылатын болады. Сондай-ақ талапкерлерге арналған ақысыз сынақтар жүргізіледі.

Ақпанның 17-сі күні Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауын талқылауға арналған жиын өтеді. Іс-шара барысында Еуразия ұлттық университетінде білім алып жүрген оқуы үздік студент-жастар мен жас ғалымдар Президент Жолдауында көрсетілген білім-ғылым, салауатты өмір салты және тағы басқа мәселелерді талқыға салып, осы мақсат-міндеттерді орындау жолындағы қазақстандық жастардың ұстанымын тілге тиек етпек. Жиынға университет ғалымдары, жастар ұйымдарының өкілдері мен жетекшілері қатыспақ.

Ақпанның 17-сінде «Нұр Отан» партиясының орталық кеңсесінде Идеологиялық, ақпараттық-насихаттау жұмыстары және жастар саясатын жүзеге асыру комиссиясының бірінші отырысы болады.

Ақпанның 17-сінде Ұлттық мұрағатта «Патриотизм - тарих және қазіргі заман» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы болады.

Ақпанның 17-сінде елорданың Алматы аудандық ішкі істер басқармасы жеке құрамының ауған соғысы ардагерлерімен кездесуі өтеді. Іс-шара барысында қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқан ішкі істер департаменті қызметкерлерінің ескерткіші алдына гүл қою рәсімі өтеді.

Ақпанның 19-ы күні Астанада «Қазақстандағы бухгалтериялық есеп пен қаржылық есеп берудің өзекті мәселелері» атты бухгалтерлердің 2-ші республикалық форумы өтеді.

Ақпанның 19-ы күні Астанада «Қазақстандағы бухгалтериялық есеп пен қаржылық есеп берудің өзекті мәселелері» атты бухгалтерлердің 2-ші республикалық форумы өтеді.

АЛМАТЫ

Ақпанның 16-ы мен наурыздың 13-і аралығында университет профессорлары Қазақстанның түкпір-түкпіріне барып үміткерлерді 14 пән бойынша сынақтан өткізеді. Оның нәтижесі бойынша үздік мектептердің рейтингі жасалады.

Ақпанның 17-сінде Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің журналистика факультетінде «Қазақстанның ұлттық идеясы: проблемаларды шешудің жолы» оқулығының таныстырылымы болады.

Ақпанның 17-сінде Қазақ ұлттық университетінде «Мен елімнің патриотымын!» деген тақырыпта ақындар мүшәйрасы болады.

Алматыда ақпанның 24-і күні "Сталинизм тарихы: репрессияланған Қазақстан" деп аталатын халықаралық конференция өтеді.

АЙМАҚ

Ақпанның 12-сі мен наурыздың 12-сі апралығында Атырау облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиялымен бірлесе отырып, партия филиалының ғимаратында азаматтардың қоғамдық қабылдауын өткізеді.

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

Ақпанның 18-19-ы күндері Алматы облысының Райымбек ауданындағы Сарыжаз ауылында құсбегілердің дәстүрлі "Сонар-2010" жарысы өтеді. Оны Алматы облыстық Спорт және туризм басқармасы мен ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының қолдауымен "Қыран" федерациясы қоғамдық қоры мен "Жалайыр Шора" орталығы ұйымдастырып отыр.

АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР. МЕРЕЙТОЙЛАР.

АҚПАННЫҢ 17-І, СӘРСЕНБІ

Мейірімнің риясыз көріну күні. Бұл мейрамның жалпы дүниелік мағынасы бар, бұл мейрамды дүниежүзі азаматтығына, ұлтына, діни сенімдеріне қарамастан тойлайды. Бұл күні ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, барлығына мейірімді болуға тырысу керек, жәй ғана мейірімді емес, шексіз және пайдакүнемсіз мейірімді болу керек.

ОҚИҒАЛАР

5 жыл бұрын (2005) Қазақстанның ақсақалы Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының «Даналар кеңесіне» енді. Ол 60-жастағы Парламент Сенатының халықаралық қатынастар комитетінің төрағасы, саяси ғылымдарының докторы, профессор, танымал мемлекет қайраткері, дипломат және журналист Қуаныш Сұлтанов.

Кеңестің берген дәрежесінің шеңбері аясында ақсақал ЕҚЫҰ реформасына өзінің ұсыныстарын енгізу керек.

«Даналар кеңесіне» Ванкуверден Владивостокқа дейін ЕҚЫҰ қызмет ететін барлық аймақтың өкілдері кіреді.

5 жыл бұрын (2005) Алматыда «Әдебиет айдыны» атты әдеби-мәдени және қоғамдық-саяси апталықтың алғашқы саны жарық көрді. Қазақ тілінде, бес мың данамен шығып отырған басылымның құрылтайшылары Қазақстан Жазушылар одағы, «Ан-Арыс» және «Над Аль Шиба-Қазақстан» ЖШС-тері. Газет беттерінде әдебиет пен мәдениет саласын тереңдей қозғап, халықты рухани түлетуге күш салатын мақалалар жарияланады.

3 жыл бұрын (2007) Алматыда «Балалар үйінің» тәрбиеленушілері дайындаған «Жалғас - Многоточие» атты газетінің бірінші саны жарық көрді. Газет электронды және баспа түрінде шығады. Жаңа газеттің мақсаты - жетім балаларды қалай асырап алудың, қамқоршы болудың әр түрлі үлгілерін, жетім балалардың ойлары мен армандарын, қоғамды ақпараттандыру. Жаңа баспаның ерекшелігі, корреспонденттік жүйесі балалар үйінің тәрбиеленушілерінен тұрады, осындай жүйе еш жерде жоқ .

1 жыл бұрын (2009) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін нығайту және барлау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Осы актіге сәйкес, 2007-2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік стратегиясының негізгі ережелерін іске асыру, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін нығайту және арнайы қызметтерінің құрылымын оңтайландыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасының «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі құрылды. Осы Жарлықпен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Барлау» қызметі таратылды.

1 жыл бұрын (2009) Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Электрондық жатақхана» жобасы жұмыс істей бастады. «Электрондық жатақхана» оқу орнының жұмысын реттеуге, оны оңтайландыруға септігін тигізеді. Яғни, жатақханаға қатысты мәселелерді, онда тұрып жатқан студенттердің түрлі түйткілдерін электрондық тұрғыда басқаруға мүмкіндік туып отыр. Оның бір ерекшелігі, жатақханаға байланысты барлық мағлұматтың бір жерге, оқу орнының ішкі интернет желісіне жинақталатындығында болып отыр. Осы арқылы университеттің жауапты қызметкерлері бақылау, басқару, мәлімет алу секілді көптеген мүмкіндіктерге қол жеткізе алады. Сондай-ақ кез-келген мәселе бойынша есеп жүргізу, нәтижесін бір жерден көре алу, т.б. артықшылықтары да бар.

ЕСІМДЕР

55 жыл бұрын (1955) бокстан спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы БҰДАНБЕКОВ Дамир Бұлтпайұлы дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған.

10 жасынан бокспен айналысқан. Жаттықтырушысы - Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Юрий Цхай.

Қазақстанның жасөспірімдер арасында, жастар арасында өткен біріншіліктердің бірнеше мәрте жеңімпазы. 1974 жылы Қазақстанның чемпионы болған. КСРО кубогының, Горький қаласында өткен Жастар ойынының қола жүлдегері атанған.

Еліміздегі белгілі боксшылар Тимур Нұралиев, Болат Ниязымбетовтар мен Қытай Халық Республикасының А.Әбдірахман, З.Нұртай чемпиондаорын жаттықтырған.

АҚПАННЫҢ 18-І, БЕЙСЕНБІ

Гамбияның ұлттық мерекесі - Тәуелсіздік күні. 45 жыл бұрын (1965) Гамбия тәуелсіздік алғанымен де Британ Достастығының құрамында қалды. 1588 жылы Африканың нақ осы аумағында ағылшындардың алғашқы колониясы пайда болған еді.

ОҚИҒАЛАР

5 жыл бұрын (2005) «Ауыл шаруашылық қожалығының Ұлттық Ассоциациясы және олардың «Қазақстан фермерлері» кооперативтерінің» Республикалық қоғамдық бірлестік және Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ Мемлекеттік агротехникалық университетінің бастамасымен фермерлердің жоғары мектебі жұмыс істей бастады. Алғашқы сабақтың тыңдаушылары Ақмола облысының Аршалы, Шортанды, Целиноград аудандарының шаруа қожалықтары болды.

Фермерлердің жоғары мектебінің мақсаты - қазіргі аграрлы технологиялар туралы, сапаны халықаралық стандартқа көшіру туралы, агросаладағы жұмысшылардың квалификациясын көтеру туралы ақпарат тарату.

1 жыл бұрын (2009) Астанада ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі бейне-порталдың (www.kaztube.kz) таныстырылымын өткізді. Аталған порталда телевизиялық бағдарламалар, танымал адамдардың жеке мұрағаттары мен отандық өнердің түсірілімдері, ертегілер, қысқа метражды анимациялық фильмдер орналастырылуда.

1 жыл бұрын (2009) Астанада тозған көлік дөңгелектерін пайдалану зауытының бірінші кезегі іске қосылды. Инвестицияның көлемі АҚШ-тың 8 млн. долларын құрайды. Жобаны АО «Банк развития Казахстана» қаражатының көмегімен ТОО «Kazakhstan Rubber Recycling» жүзеге асырды. Өңдеудің өндірістік қуатты - жылына 20 мың тонна тозған дөңгелек.

ЕСІМДЕР

115 жыл бұрын (1895-1958) ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері ЗИКЕЕВ Виктор Васильевич дүниеге келді.

Ресей Федерациясында туған.

Мәскеу университетінің медицина факультетін бітірген.

1934 жылдан Қазақстанда мекендеген.

Қазақ медициналық институтының (Алматы мемлекеттік медицина институты) директоры, кафедра меңгерушісі, Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары қызметтерін атқарған.

В.Зикеев жарылған бас пен миды хирургиялық жолмен емдеу әдісін тауып, күнделікті дәрігерлік жұмыста пайдаланды.

Ленин, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.

АҚПАННЫҢ 19-Ы, ЖҰМА

Бүкіләлемдік киттер күні. Бүкіләлемдік киттер күні - 1986 жылы Халықаралық кит аулау (International Whaling Commission - IWC) комиссиясында бекітілген. Сол жылы ақпанның 19-ында Халықаралық кит аулау комиссиясы дүниежүзінде кит аулау өнеркәсібі мен кит етін сатуға тиым салған. Бірақ, ақпанның 19-ы киттерді қорғау күні ғана емес, сонымен бірге барлық мұхит пен теңіз сүт қоректілерін қорғау күні. Кейде әр мемлекеттің экологиялық ұйымдары жиналып, осы күнді толығымен жоғалып кету үстіндегі бірегей бір сүт қоректіні қорғауға арнайды.

ОҚИҒАЛАР

3 жыл бұрын (2007) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің арасындағы Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа байланысты кепілдіктерді қолдану туралы келісімге қосымша хаттаманы бекіту туралы», «Минотарлық инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарға қол қойды.

3 жыл бұрын (2007) Алматыда кино үйінде «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер киностудиясы түсірген «Жаралы сезім» деп аталатын 2 сериялы көркем фильмнің таныстырылымы болды. Идеяның авторы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, академик, Экономика институтының директоры және Қазақстан Ғалымдары одағының президенті Оразалы Сәбден. Қоюшы режиссері «Жас ұлан» киностудиясының директоры Еркін Рақышев. Фильмның негізгі кейіпкерлері Қанат пен Арайдың ролін сомдаған Қазақтың Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының кинорежиссура факультетінің түлегі Берік Арықбаев пен академияның халықаралық қатынастар факультетінің 2-ші курс студенті Регина Шамгунова.

1 жыл бұрын (2009) Иранның Гүлістан провинциясының орталығы Горган қаласында, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2008 жылғы желтоқсанның 15-дегі Жарлығымен Каспий теңізіндегі Иранның солтүстігіндегі Қазақстанның Бас консульдығы ресми түрде ашылды.

1 жыл бұрын (2009) Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданының Жаңажол кен орында «Актөбемұнайгаздың» АҚ қуаттылығы 45 мВт газ тұрбалы электрстансасы ашылды.

Газ тұрбалы электрстансаның ашылуы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен ықпал етеді. Біріншіден, энергетикалық тәуелсіздігін толық қамтамасыз етеді, екіншіден, импортты қысқартады және аймақтың тұтынушыларына электроэнергияның құнын арзандатады.

ЕСІМДЕР

80 жыл бұрын (1930-1999) қазақ жазушысы, журналист, филология ғылымының кандидаты, Қазақстан Республикасы мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер БАЙЖАНОВ Сапар дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған.

ҚазМУ-ды (әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті) бітірді.

«Лениншіл жас» газетінің әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары, «Мәдениет және тұрмыс» журналы редакторының орынбасары, бас редакторы, Қазақстан КП ОК насихат және үгіт бөлімінің нұсқаушысы, баспасөз секторының меңгерушісі, бөлім меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары, «Социалистік Қазақстан» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған.

Оның «Жаңа леп», «Ақ маржан», «Сұңқар көңіл самғайды» және тағы басқа кітаптары жарық көрген. Сондай-ақ ол, зерттеу еңбектерімен де танымал.

«Халықтар достығы», «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.

АҚПАННЫҢ 20-Ы, СЕНБІ

Дүниежүзілік әлеуметтік әділеттілік күні. БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы қарарымен 2007-інші жылғы желтоқсанның 18-інде жарияланған.

Қарарда халықаралық қауымдастық кедейшілікті жою саласында, еңбекпен толық қамтамасыз етуде, лайықты жұмыс тауып беруде, ерлер мен әйелдер теңдігін сақтауда, барлық адамдар үшін әлеуметтік жайлы жағдай мен әділеттілікті іске асыруда күш-жігерді одан әрі арттыру қажеттілігі мақұлданады.

2009-ыншы жылы әлем бойынша тұңғыш рет тойланды. Дүниежүзілік әлеуметтілік әділеттілік күнін тойлауды алғаш рет Қырғыз Республикасының президенті Құрманбек Бакиев ұсынды.

ОҚИҒАЛАР

5 жыл бұрын (2005) «Қазпошта» акционерлік қоғамының Германия Федеративтік Республикасының Фульда қаласында тіркеген өкілдігінің ресми ашылу салтанаты болды. Бұл әзірге «Қазпошта» АҚ-ның алыс шетелдерде ашып отырған алғашқы өкілдіктерінің бірі.

3 жыл бұрын (2007) танымал ақын Ақұштап Бақтыгерееваға Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің құрметті профессоры атағы берілді.

3 жыл бұрын (2007) Алматыда жаңа республикалық саяси-қоғамдық апталық «Сегодня» газетінің тұсау кесер рәсімі өтті. Газет беттерінде қоғам өміріне байланысты әр түрлі тақырыптағы мақалалар шығады.

1 жыл бұрын (2009) Венада Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының қысқы отырысының екінші күні Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға 2010 жылғы төрағалыққа әзірлігі барысын таныстыруға арналған арнайы сессиясы өтті. Таныстырылымда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев баяндама жасады. Сенат спикері өз сөзінде біздің ЕҚЫҰ төрағалығындағы басымдық міндеттеріміз туралы хабардар етті және қатысушыларға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша қабылданған 2009-2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасының басты бағыттарын таныстырды.

ЕСІМДЕР

90 жыл бұрын (1920-2007) қазақстандық инженер-электрик, техника ғылымының докторы БОЙКО Федор Константинович дүниеге келді.

Ұлы Отан соғысына қатысушы.

Павлодар облысында туған.

Бүкілодақтық сырттай оқытатын Индустриялдық институтын бітірген.

Павлодар индустриялдық институтының проректоры, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің доценті, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Оның негізгі еңбектері өндірістік электрмен жабдықтау жүйелерін оңтайландыру мәселесіне арналған.

150-ден аса ғылыми еңбектердің, 10 кітаптың авторы. Ашқан жаңалықтары үшін 3 авторлық куәлік алған. 4 техника ғылымының докторын және 23 кандидатын дайындаған.

2-ші дәрежелі Отан соғысы, Халықтар Достығы, «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдарымен марапатталған.

80 жыл бұрын (1930) қазақ фтизиаторы, медицина ғылымының докторы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі НӘУБЕТИАРОВА Айзада Нәубетиарқызы дүниеге келді.

Ақтөбе облысында туған.

Алматы медициналық институтын және КСРО Денсаулық сақтау министрлігі Дәрігерлердің білімін жетілдіру орталық институтының аспирантурасын бітірген.

1966-1982 жылдары - Қазақ өкпе аурулары ғылыми-зерттеу институты аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі, директор орынбасары қызметтерін атқарған. 1982 жылдан - Алматы дәрігерлердің білімін жетілдіру институты фтизиатрия кафедрасының профессоры.

Ол ауыл шаруашылығы малдарынан ауру жұқтырғанда өкпе туберкулезінің даму ерекшеліктерін зерттеген. Оның диагностикасы мен емдеу тәсілдерін медицина тәжірибесіне енгізген.

Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен наградталған.

АҚПАННЫҢ 21-І, ЖЕКСЕНБІ

Халықаралық ана тілі күні. 1999 жылғы қарашада ЮНЕСКО-ның Бас Конференциясы 30-ыншы сессиясының шешімімен бекітілген және 2000-ыншы жылғы ақпанның 21-інен бастап тілдік және мәдени әр алуандықты қорғау мақсатында атап өтіледі.

Тіл - тек қатынас құралы ғана емес. Ол мәдениетке, табиғатқа, тарихқа, адам атаулының түп-тамыры мен оның шыққан тегін анықтауға мүмкіндік береді.

Барлық тілдерді танып-білу мен құрметтеу бейбітшілік сақтаудың кілті болып табылады. Әрбір тілдің өзіндік ерекшелігі бар. Әр халықтың ерекшелігі мен салт-дәстүрлерін бейнелейтін өзіне ғана тән сөз тіркестері бар. Өз атымызды иеленгеніміз сияқты тілімізді де балалық шақтан өз бойымызға ана сүтімен сіңіреміз. Тіл сана-сезімімізді қалыптастырады, өз бойындағы мәдениетін бізге сіңіреді.

ОҚИҒАЛАР

5 жыл бұрын (2005) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Экстремизмге қарсы әрекет туралы» Заңға қол қойды.

3 жыл бұрын (2007) Қытайдағы, ТМД мен Еуропа елдеріндегі халықаралық қызметінің кеңеюіне байланысты, сондай-ақ компанияны шетелдік рыноктарда Қазақстан бизнесімен теңдестіру үшін, «Казжелдортранс» компаниясы атауын «Қазтеміртранс» АҚ деп өзгерту туралы шешім қабылдады. Меншігінде 56 мыңға жуық жүк вагондары бар «Қазтеміртранс» Қазақстан Республикасындағы жүк вагондары паркінің ірі операторы болып табылады.

3 жылбұрын (2007) Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінде қазақтың танымал композиторы, музыкалық білім негіздеушісі, Қазақ Республикасының халық әртісі, Қазақстан Республикасының ҰҒА академигі Ахмет Жұбановтың кеші өтті. Кеш А.Жұбановтың 100-жылдық шеңбері аясында өткізілді. Режиссер Қалила Омаров «Ахмет Жұбанов» атты жаңа деректі фильмін ұсынды. Композитордың ұрпақтары фортепьяно туындыларымен, Құрманғазы лекцияларын, «Ахмет Жұбанов» кітабін ұсынды. Ахмет Жұбановтың шөбересі Алан Бөрібаев Германияда Майниген қаласындағы опера театрының директоры және бас дирижері, «Атам туралы ойлар» туындысын орындады.

1 жыл бұрын (2009) Шығыс Қазақстан облыстық Халықтар достығы үйінде танымал кинодокументалист Анатолий Лаптев өзінің жаңа «Ақ Баур: күн мен түннің теңелуі» атты деректі фильмін ұсынды. Ұсынылған фильмде, Евразияның ұлы даласының жолында тұрған ерекше ескерткіш Ақ-Баур туралы көрсетілген. Фильмнің ой өзегі, авторлар тарихқа ұрпақтарының ұқыптылықпен қарауын шақырады. Шығармашылық ұйымның авторлары, кәсіби-тарихшылар біздің ескерткіштерге қарым-қатынасымыз туралы ойландырады.

ЕСІМДЕР

100 жыл бұрын (1910-1991) қазақстандық инженер, техника ғылымының докторы, профессор ТОНКОНОГИЙ Айзик Вольфович дуниеге келді.

Украинаның Одесса қаласында туған.

Одесса индустриялдық институтының энергетика факультетін бітірген.

Бірнеше авторлар бірігіп, ұсақ рудалар мен концентраттарды қайта өңдеудің циклдық тәсілін жасап шығарды. Осының негізінде циклдық технология жөнінде барлық өнертабыстар мен техникалық шешімдер жасалды. А.Тонконогийдің басшылығымен темір рудаларын, мыс және полиметал сульфиді концентраттарын, әртүрлі өндірістік өнімдерді, ангрендік және донбастық көмірлердің күлдерінен металл алу мақсатында Новиков кен орнының көмірлерін өңдеу жөнінде жартылай өндірістік зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын педагогикалық қызметпен сабақтастырып, бірқатар жылдар Қазақ ауыл шаруашылығы институтында (Қазақ ұлттық аграрлық университет) «Жалпы жылу техникасы» курсынан сабақ берді.

150-ден астам ғылыми еңбектердің, 30 өнертабыстың авторы, 15 ғылым кандидатын дайындаған. Оның шәкірттері Қазақстанның барлық энергетика жүйелерінде еңбек етеді, кафедраларға, жобалау және ғылыми-зерттеу институттарына, электр стансаларына және энергетика жүйелеріне басшылық жасайды.

«Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған.