ҚазАқпарат-Анонс: қаңтардың 22-cі мен 25-і аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі
09:20, 22 Қаңтар 2009
None
ЕЛБАСЫЕлбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Үндістанға ресми сапары барысында қаңтардың 23-і мен 27-сі аралығында Делиде «Қазақстан-Үндістан» Іскерлік кеңесінің 4-ші отырысы және екі ел кәсіпкерлерінің іскерлік келіссөздері өтеді. ҮКІМЕТҚаңтардың 22-сінде «ҚазМұнайГаз» кеңсесінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтың қатысуымен «Макроөңірлерді экономикалық мамандандыру» тақырыбында бизнес-форум өтеді. Қаңтардың 22-сінде Министрлер үйінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтың қатысуымен білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісі өтеді.
ПАРЛАМЕНТ
Қаңтардың 22-сінде Парламент Сенатының жалпы отырысы өтеді.
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ2009 жылғы қаңтардың 1-інен бастап Қазақстан Республикасы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның төрағалары Үштігінің құрамына кірді. ЕҚЫҰ ережелеріне сәйкес Үштікті Ұйымның қазіргі, алдыңғы және кейінгі төрағалары құрайды. Биылғы жылы ЕҚЫҰ Үштігіне Грекия (қазіргі төраға), Финляндия (2008 жылы төрағалық еткен) және Қазақстан (2010 жылғы төраға) қатысады. ҰЛТТЫҚ БАНКҚР Ұлттық Банкінің Басқармасы 2009 жылғы қаңтардың 1-інен бастап Ұлттық Банкінің ресми қайта қаржыландыру жылдық ставкасын 10 пайыз деңгейінде белгілеуге шешім қабылдады.ҚОҒАМ2009 жылғы ақпанның 25-і мен наурыздың 6-сы аралығында Қазақстан Республикасында Ұлттық халық санағы өткізіледі. 2009 жылғы қаңтардың 1-інен бастап Қазақстан Республикасында жаңа Салық және Бюджет кодекстері күшіне енді.
АСТАНА
Қаңтардың 22-сінде «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының кеңсесінде Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі кеңестің бірінші отырысы өтеді. АЛМАТЫ
Қаңтардың 21-і мен 28-і аралығында «Ленинградтың ерлігі» деректі фильмінің көрсетілімі болады. Бұл қайырымдылық акциясы батыр-қала Ленинградтың құрсаудан босатылғанына 65 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.Қаңтардың 22-сінде Қазақтың әл-Фараби атындағы мемлекеттік университетінің филология факультетінде «Тілдің қызметі синхрония мен диахронияда» деген тақырыпта халықаралық конференция өтеді. Қаңтардың 22-сінде Алматы әкімдігінде 2008 жылдың қорытындысы бойынша кеңейтілген мәжіліс өтеді. Қаңтардың 22-сінде «Интерфакс» баспасөз орталығында «Қазақстанның жеті ғажайыбы» жобасының республикалық деңгейге шығуына арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Қаңтардың 23-інде шығыс күнтізбесі бойынша атап өтілетін жаңа жылдың қарсаңында «Бұқа, қыс және қиял» сурет көрмесі ашылады. Оған еліміздің белгілі қылқалам шеберлерінің туындылары қойылмақ.Қаңтардың 23-24-і күндері Алматыдағы Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрында Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, сазгер Алмас Серкебаевтың «Тілеп пен Сарықыз» деп аталатын жаңа балет қойылымының премьерасы болады. АЙМАҚТАРАЛМАТЫ ОБЛЫСЫӘкімдердің жыл сайынғы есеп беру науқаны биыл қаңтардың 28-інде басталып, ақпанның 11-інде аяқталады. Осы екі аптаның ішінде 16 аудан әкімі мен үш қала әкімі былтырғы жыл бойына атқарылған жұмыстары бойынша халық алдында есеп береді. Ал облыс әкімі Серік Үмбетовтың қорытынды есебі ақпанның 11-іне жоспарланып отыр.БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫАудан әкімдерінің есебі қаңтардың 19-ында басталды. Қала әкімінің қорытынды кездесуі қаңтардың 30-ына белгіленсе, облыс басшысы ақпанның 12-сінде өңір тұрғындары алдында есеп береді. ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫҚалалар мен аудандардың басшылары қаңтардың 19-ы мен ақпанның 1-і аралығында халық алдында есеп беру кездесулерін өткізеді. Облыс әкімі Бақытжан Сағынтаевтың кездесуі ақпанның 6-сында халық өкілдерінің қатысуымен өтетін облыстық мәслихаттың кеңейтілген сессиясында өтеді.ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫОблыстың барлық өңірлерінде қаңтардың 12-сінен бастап барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есеп беру жиналыстары басталады. Бірінші кезекте жыл бойына атқарған жұмыстары бойынша селолық және кент округтерінің 255 әкімі есеп береді. Олар барлығы 680 кездесу өткізеді деп күтілуде. Аудандық маңыздағы алты қаланың әкімі өз өңірлерінің тұрғындарымен 22 кездесу өткізеді. Ал қалалар мен аудандардың 19 әкімі өз есеп беру науқандарын қаңтардың 16-сында бастайды.
--------------------------------------------------------------------------------------------------ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР, АТАУЛЫ КҮНДЕР, ЕСІМДЕРҚАҢТАРДЫҢ 22-І, БЕЙСЕНБІЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР17 жыл бұрын (1992) Алматыда Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы хаттамаға қол қойылды.16 жыл бұрын (1993) Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Ғылым академиясының атауы Ұлттық ғылым академиясы болып өзгертіліп, республикалық жоғары ғылым мекемесі мәртебесі берілді.16 жыл бұрын (1993) Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен «Алтыналмас» Ұлттық акционерлік компаниясы құрылды. 80 жыл бұрын (1929) Кеңес Одағындағы оппозицияның көрнекті өкілі Троцкий Лев Давыдович КСРО-дан қуылды. Елде Сталин билігі толықтай орнады. Мұның алдында Л.Троцкий Алматыға жер аударылған болатын. 70 жыл бұрын (1939) Колумбия университетінде (АҚШ) алғаш рет уран атомы ыдыратылды.ЕСІМДЕР70 жыл бұрын (1939) филология ғылымының докторы, профессор, Қармақшы ауданының құрметті азаматы САҒЫНДЫҚҰЛЫ Берікбай дүниеге келді.
Қызылорда облысының Қармақшы ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, Мәскеудегі КСРО Ғылым академиясы Шығыстану институтының аспирантурасын бітірген. 1961-1979 жылдары «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде әдеби қызметкер, хатшы, «Ғылым» баспасында редактор, редакция меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1979 жылдан Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) оқытушысы, профессоры болып істейді. Ғалымның 2 монографиясы, 7 оқу құралы, 200-ден аса ғылыми және публицистикалық мақалалары жарық көрген. 30 жыл бұрын (1979) ақын ТЕМІРБАЕВ Алмас дүниеге келді.
Ақмола облысының Көкшетау ауданында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Шығармалары «Қазақстан жас ақындар антологиясы», «Қос ішек» және «Зеренді көктемі» ұжымдық жинақтарына енген. «Аллажар», «Жұмақ жұрт» атты жеке жыр жинақтары жарық көрген. Көркем аударма саласында Р.Тагор, Ж.Руми, С.Есенин, Б.Қанапияновтың өлеңдерін және қырғыз ақыны Н.Калыбековтің бірқатар өлеңдерін қазақ тіліне тәржімалаған. Республикада өткен бірқатар ақындар мүшәйрасында жүлделі орын алған.
ҚАҢТАРДЫҢ 23-І, ЖҰМАЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР27 жыл бұрын (1982) Қазақтың академиялық опера және балет театрында «Ақан сері - Ақтоқты» операсының премьерасы өтті. Алғашқы қойылымда бас партияларды Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Х.Қалиламбекова мен К.Мыржықбаев орындады. Операның авторы ? С.Мұхамеджанов.17 жыл бұрын (1992) БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі өз мәжілісінде дауысқа салмай-ақ Қазақстан Республикасын Біріккен Ұлттар ұйымына мүшелікке қабылдауға ұсынатын қарарды мақұлдағанын хабарлады. Қазақстан 1992 жылы наурыздың 2-інде БҰҰ-ның толық мүшесі болды.10 жыл бұрын (1999) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен жазушы Шыңғыс Айтматов «Отан» орденімен марапатталды.8 жыл бұрын (2001) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы қабылданды.8 жыл бұрын (2001) Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы қабылданды.2 жыл бұрын (2006) Астанада «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы және жапонның екі корпорациясы - «Сумитомо корпорэйшн» мен «Кансай Электрик Пауэр КО.Инг» кәсіпорны Оңтүстік Қазақстандағы «Мыңқұдық» кен орнының батыс учаскесінен игерілетін үшжақты біріккен кәсіпорын құру жөніндегі келісімге қол қойды.20 жыл бұрын (1989) үлкендігі авионосецтей астероид Жерге тақау тұстан ағып өтті. Егер ол 6 сағат бұрын жеткенде Жерге соқтығысады екен.ЕСІМДЕР70 жыл бұрын (1939) филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ҚАЛИЕВ Байынқол Қалиұлы дүниеге келді.
Алматы облысының Райымбек ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін және аспирантурасын бітірген. 1967-1991 жылдары Қазақстан Ғылым академиясы Тіл білімі институтының кіші, аға ғылыми қызметкері, терминология бөлімінің меңгерушісі. 1995 жылдан Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің қазақ филология кафедрасының меңгерушісі болған. Ғалымның 130-ға жуық ғылыми еңбегі, оның ішінде 8 монографиясы жарық көрген.
ҚАҢТАРДЫҢ 24-І, СЕНБІЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР87 жыл бұрын (1922) даниялық Кристиан Нельсон шоколадпен көмкерілген балмұздақ текшесіне патент алды. Ол оны «эскимо-пай» ? эскимос бүктемесі деп атаған. Бірнеше онжылдықтар өтсе де бұл өнім бүкіл әлемде, соның ішінде Қазақстанда да балалар мен үлкендердің сүйікті тағамдарының біріне айналды.
Қазақстандағы балмұздақ нарығы алуан түрлі, мұндай тәттінің дара көшбасшысы ретінде отандық Food Master компаниясын атауға болады, ал одан кейінгі орынды Ресейдің «Гулливер» фабрикасы иеленеді. 70 жыл бұрын (1939) Чилиде өте жоғары жер сілкінісі болды. 50 мыңнан аса адам қаза тапты. Жер сілкінісі салдарынан Чильян қаласында үш-ақ ғимарат аман қалған.ЕСІМДЕР110 жыл бұрын (1899-1967) геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбегі сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты БОРУКАЕВ Рамазан Асланбекұлы дүниеге келді.
Ленинград тау-кен институтын бітірген. 1931-1938 жылдары ? Бозшакөл геология бөлімінің бастығы, Қазақ геология тресінің бас инженері, бастығы. 1938-1940 жылдары ? КСРО Ғылым академиясының Қазақстан филиалы геология секторының меңгерушісі, геология-география бөлімінің бастығы. 1941 жылдан Қазақстан Ғылым академиясының Геология ғылымдар институты директорының орынбасары, директоры болды. Ол Қаныш Сәтбаевтің жақын әріптесі әрі көмекшісі болған. Борукаевтың негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыты Қазақстан палеозой эрасының тау жыныстарының стратиграфиясын, тектоникасын, палеогеографиясын және кен орындарын зерттеуге арналған. Ол Бозшакөл мыс-молибден кенін ашты. Оның басшылығымен хлорит, фосфорит, полиметалл және бірнеше көмір кені ашылды, сумен қамтамасыз ету мәселелері шешілді. Ғалым Қазақстанның әр түрлері масштабтағы геология картасының авторы және редакторы болды.
«Қызыл Жұлдыз» орденімен және медальдермен марапатталған. 90 жыл бұрын (1919-1992) актриса, әнші, Қазақстанның халық әртісі МҰСАБЕКОВА Әйкен дүниеге келді.
Қарағанды қаласында туған. Мәскеу консерваториясының қазақ опера студиясында оқыды. 1937-1955 жылдары Қарағанды облыстық қазақ драма театрының құрамында қызмет етті. Алғашқы ойнаған рөлі ? М.Әуезовтің «Түнгі сарын» драмасындағы Мөржан. 1956 жылдан Қазақ академиялық драма театрының құрамында актриса болды. Алғашында музыкалық спектакльдерге қатысып, Қыз Жібек, Ақжүніс (Е.Брусиловский «Қыз Жібек», «Ер Тарғын»), Айман (М.Әуезов «Айман ? Шолпан») т.б. рөлдерін ойнады. Бұдан кейін драмалық спектакльдерде көптеген рөлдерді орындаумен көрермен ілтипатына бөленді. Ойнаған негізгі рөлдері қатарында Еңлік, Текті (М.Әуезов «Еңлік ? Кебек», «Қарагөз»), Баян, Мәрзия (Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Ақан сері ? Ақтоқты»), Зәуре (Б.Майлин «Майдан»), Әйгерім (М.Әуезов, Л.Соболев «Абай»), Сымбат (Ә.Әбішев «Армандастар»), Айбарша (Ә.Тәжібаев «Майра»), Айша (Т.Ахтанов «Сәуле»), Тана (Қ.Сатыбалдин «Қабаған ит»), Шәрбәну (З.Шашкин «Ақын жүрегі»), Эмилия (У.Шекспир «Отелло») т.б. бар. 1958 жылдан киноға түскен.
«Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.
ҚАҢТАРДЫҢ 25-І, ЖЕКСЕНБІЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР43 жыл бұрын (1966) Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясы ашылды. Филармонияның құрамына «Орал сазы» фольклорлық ансамблі, «Назерке» халық биі ансамблі, жастар ансамблі және басқа да ансамбльдер кіреді. 17 жыл бұрын (1992) Алматыда Қазақстан Республикасы мен Франция арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы хаттамаға қол қойылды.4 жыл бұрын (2005) Қазақстан Республикасы Ғарыштық қызметті дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.3 жыл бұрын (2006) Еуразия мәдениет қоры «Ұлт игілігі» сыйлығын тағайындады. Ол мемлекет, қоғам, дін, ғылым, экономика, әдебиет, өнер, ағарту және спорт саласы қайраткерлеріне беріледі. «Ұлт игілігі» Қазақстанның мемлекеттілігін, экономикасын, ғылымы мен мәдениетін дамытуға сүбелі үлес қосқан, қызметі өз Отанымен қатар халықаралық қауымдастық арасында да танымал болған республика азаматтарына беріледі. «Ұлт игілігі» сыйлығының лауреатына ең жоғарғы награда «Алтын пайза» белгісі мен 1 миллион теңге тағайындалған. Кейбір жағдайларда «Алтын пайза» белгісімен басқа мемлекеттердің өкілдері де марапатталуы мүмкін. Бұл кезде оларға награда («Алтын пайза» белгісі) ғана беріліп, «Ұлт игілігі» сыйлығы мен ақшалай қаржы төленбейді. 85 жыл бұрын (1924) Францияның Шамони қаласында алғашқы қысқы олимпиада ойындары басталды. Оған 18 елдің спортшылары қатысты. Қысқы олимпиаданы өткізу идеясы үлкен кедергілермен жүзеге асты. Халықаралық олимпиада комитеті аталмыш спорттық шараны Олимпиада ойындары деп аталу құқығын бермесе, скандинавиялықтар өздерінің Солтүстік ойындарының басты қарсыласы ретінде қарсы болды. Бір қызығы осы ойындар барысында награданың көбін скандинавиялықтар ұтып алған.ЕСІМДЕР250 жыл бұрын (1759-1796) шотланд ақыны БЕРНС Роберт дүниеге келді
Шаруа отбасында туған. 1707 жылы Англияның қарамағына кірген Шотландияның аграрлық-өндірістік төңкерістерді бастан кешуі болашақ ақынға үлкен әсер етті. Өздігінен ізденіп, білім алады. 15 жасынан өлең жазады. «Екі бақташы», «Әулие Виллидің дұғасы» поэмалары көпшілікке қолжазба күйінде тарап кетеді. 1786 жылы «Шотланд диалектісінде жазылған өлеңдер» атты бірінші кітабы жарық көрді. Ақын онда өз сезімдері, ойлары, өмірі жайлы сыр шертеді. 1787 жылы Эдинбургке келген соң, оның екінші жинағы жарияланды. Ақын көп жылдар бойы туған халқының фольклорын жинаумен айналысты. 18 ғасырдың аяғындағы француз революциясына үн қосып, «Бостандық ағашы» өлеңдер циклін жазды. Ақын адам құқығы мәселелерімен айналысқаны үшін қуғынға ұшырады. Бернс Роберт поэзиясына ирония, сарказм, лиризм, юмор тән. Оның өлеңдерін Қ.Шаңғытбаев, Ө.Нұрғалиев қазақ тіліне аударды.