ҚазАқпарат-Анонс: қазанның 29-ы мен қазанның 31-і аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ҚазАқпарат-Анонс: қазанның 29-ы мен қазанның 31-і аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ҮКІМЕТ

Қазанның 29-ы күні Министрліктер үйінде Әділет министрлігінің ресми өкілі Е.Ерімбетовтың қатысуымен брифинг өтеді.

Қазанның 29-ында Сыртқы істер министрлігінде ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Қ.Сарыбай мен Сауд Арабиясы сыртқы істер министрінің орынбасары ханзада Халед Әл Сауданың кездесуі өтеді.

Қазанның 29-ы күні ҚР байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенттерінің студенттер қатарына қосылуы мен «Нұр Отан» ХДП қатарына қосылуына арналған іс-шараға қатысады.

Қазанның 29-ында «2011-2013 жылдардағы Стандарттау жоспары» тақырыбында он-лайн конференция өтеді.

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ

Қазанның 28-і мен 30-ы аралығында Орталық Азия аймағына сапары барысында Қазақстанға Сауд Арабиясы Корольдігі Сыртқы істер министрінің орынбасары ханзада Халед бен Сауд бен Халед әл -Сауд келеді.

Қазанның 28-і мен 31-і аралығында Мәскеуде Студенттік ұйымдар мен жастардың халықаралық достастығының V съезі өтеді.

Қазанның 29-ында Петербордағы Таврия сарайында ТМД Парламентаралық ассамблеясының ұйытқы болуымен «Жолдардағы қауіпсіздік - өмір қауіпсіздігі» ІІІ халықаралық конгресі өтеді. Оның жұмысына мемлекеттік билік органдарының басшылары, парламентшілер, Халықаралық көлік одақтары мен қауымдастықтарының, БҰҰ жүйесі органдары мен жол қозғалысының қауіпсіздігі саласында жұмыс істейтін басқа да халықаралық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.

ЭКОНОМИКА

Қарашаның 1-інен бастап Қазақстан Халықаралық валюта қорының және Дүниежүзілік банк тобының Швейцариялық кіші тобына ауысады.

АСТАНА

Қазанның 27-29 аралығында Астана қаласында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің ресми қолдауымен «Қазавтожол-2010». «Жол кешеніндегі құрал-жабдықтар, құрылыс және сервистік индустрия» атты VII халықаралық мамандандырылған көрме өтеді.

Қазанның 29-ы күні Астанада «Нұр Отан» ХДП кубогы үшін студенттердің 8-ші Республикалық пікірталас турнирі өтеді.

Қазанның 29-ында Астанадағы Конгресс-Холда Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Батыс Қазақстан облысының өнер шеберлерінің «Туған жер - алтын бесігім» атты концерттік бағдарламасы болады.

АЛМАТЫ

Қазанның 15-і мен желтоқсанның 15-і аралығында Алматыда «Үздік инвестор» конкурсы өтеді. Бұл шараны «CAIFC», «Centras Securities», «Halyk Finance», «Seven Rivers Capital», «Premier Capital брокерлік компаниялары ұйымдастырып отыр.

Қазанның 29-ында «Алматы» қонақ үйінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жолдауы бойынша ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Қазанның 29-ы күні Алматыда ҚР денсаулық сақтау мәселелеріне арналған «Аман-саулық» қоғамдық қоры баспасөз клубының аясында алғашқы кездесу өтеді.

Қазанның 29-ында Президент Қоры студенттік стипендиясының жеңімпаздары марапатталады.

Қазанның 29-ы күні ҚР халық әртісі, композитор Мұрат Серкебаевтың мерейтойына арнап Алматы әкімінің оркестрі концерт береді

Алматыда қазанның 28-29-ы күндері "Қазақстандық эмитенттер форумы. Дағдарыстан кейінгі кезеңдегі бизнестің өсу нүктесі" деп аталатын конференция өтеді.

Қазанның 28-29-ы күндері Алматыдағы «Intercontinental Almaty» қонақүйінде «Қазақстан Республикасындағы шығармашылық құқық пен құқық қолдану мәселелері» атты қазақстандық V Cалық форумы өтеді.

Алматыдағы «Цезарь» кинотеатрында қазанның 29-31-і күндері 6 фильмнің премьерасы болады.

АЙМАҚТАР

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

Қазанның 29-ында Талдықорғанда «Жастар» Спорт сарайы және Сүйінбай Аронұлының ескерткіші ашылады.

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ

Қарашаның 1-інен бастап Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы Боранқұл кентінде «Бизнес-Кеңесші» бизнес-оқыту бағдарламасын жүзеге асырудың ІІІ кезеңі басталады.

Қазанның алдағы 27-29 күндері аралығындаАқтау қаласында Ұлттық медициналық холдинг (ҰМХ) күндері өтуде.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің мемлекеттік шекара қызметі қазанның 29-ынан бастап «Алматы-Ташкент» автожолының Жамбыл облысы Қордай және Мерке аудандарындағы тораптарын жабады.

Жамбыл облысында қазанның 29-ында Қазақстан-қырғыз агробизнес-форумы өтеді.

ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР. АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕСІМДЕР

ҚАЗАННЫҢ 29-Ы, ЖҰМА

ОҚИҒАЛАР

65 жыл бұрын (1945) ең алғашқы шарикті қаламсаптар сатуға түсті. «Су астында да жазуға қабілетті ең алғашқы қаламсап» атты сәтті жарнамасының арқасында алғашқы күні-ақ 10 000 данасы сатылған.

3 жыл бұрын (2007) Елордада Есіл өзені бойымен Ақордадан бастап Тельман кенті бағытында жалпы ауданы 200 гектарды құрайтын саябақтың құрылысы басталды.

3 жыл бұрын (2007) Алматыда жаңа «Жеңіс мұрагерлері аллеясында» ескерткіш тасының іргесін қалау рәсімі салтанатты түрде өтті.

Стела орналасқан жерде тастың іргесін қалаушылар және 50 жас көшеттерін отырғызу аллеяның ашылуы Оңтүстік паркте «Біз - Жеңіс мұрагерлеріміз» атты ірі халықаралық акцияға қатысу үшін келген бүкіл ТМД және гитлерге қарсы коалиция мемлекеттері қонақтары, Ұлы Отан Соғысы ардагерлері мен «Жасыл ел» қазақстандық жастар экологиялық қозғалысы мүшелерінің қатысуымен болып өтті.

ЕСІМДЕР

85 жыл бұрын (1925-1988) педагог, КСРО-ның халық мұғалімі, КСРО-ның халық ағарту ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ашылған «Қазақстан Республикасының кәсіби әулеттер кітабының» бірінші бетіне енгізілген педагогикалық әулеттің негізін қалаушысы НҰРҒАЛИЕВ Құмаш дүниеге келді. Дүниежүзілік Отан соғысына қатысқан.

Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл ауданынында туған. Абай атындағы Алматы педагогикалық институты (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) бітірген.

1946-1957 жылдары - Марқакөл аудандағы Сорвенка ұжымдық мектебінің мұғалімі, директоры. 1947 жылы - ауылдастарының күшімен бірге өзінің алғашқы мектебінің құрлысын бастайды. 1955-1957 жылдары - Алексеевск орта мектеп директорының бірінші орынбасары. 1957 жылдың тамыз айында Боран орта мектебінің директоры болып тағайындалады, ол сол жылы қазақ тілінде оқитын сыныпты ашуға өзінің зор үлесін қосады. 1957-1969 жылдары - ол мұғалімдер мен оқушылардың күшімен тұрғылықты жердің материалынан бес оқу орнының және 150 орындық интернаттың құрлысын бастайды. 1969 жылы оқушылардың саны 1300 адамға жетеді. Ол 1957 жылдан бастап Қазақстан Компартиясының Марқакөл аудандық комитетінің мүшесі болып сайланған.

Жауынгерлік Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту, Ленин, І-ші дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, және екі рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен, КСРО Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. Боран аудандағы орта мектепке Нұрғалиевтің есімі берілген (1988).

50 жыл бұрын (1960) «Kazakhmys PLC» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы, техника ғылымдарының кандидаты, «Нұр Отан» Халықтық -демократиялық партиясы саяси кеңесі бюросының мүшесі КИМ Владимир Сергеевич дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Алматы сәулет-құрылыс институтын (қазіргі Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы) бітірген.

1987-1988 жылдары - Ленин аудандық партия комитетінің нұсқаушысы. 1988 жылы - «Алматықұрылыс» тресі «Университетқұрылыс» ҚМБ-ның бас инженері. 1988-1989 жылдары - Мәскеу аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары. 1989-1992 жылдары - Қазақстанның мәдени, әлеуметтік және ғылыми-техникалық даму қоры бас директорының орынбасары, атқарушы директоры. 1992-1995 жылдары - «Қазақстан-Самсунг» бірлескен кәсіпорын басқармасының төрағасы. 1995-1997 жылдары - «Жезқазғантүстіметалл» ААҚ-тың басқарушы директоры, президенті қызметтерін атқарған. 1997 жылдан - президенті, 2000 жылдың желтоқсанынан - «Kazakhmys PLC» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы. Сондай-ақ Тағайындаулар жөніндегі комитеттің Төрағасы. «Құрмет» орденімен марапатталған.

ҚАЗАННЫҢ 30-Ы, СЕНБІ

ОҚИҒАЛАР

3 жыл бұрын (2007) ҚР Парламенті Мәжілісінде Еуропарламент депутаты, Еуропарламентте «Еуропалық Халық партиясы және Еуропалық демократтар» атты ірі саяси фракция төрағасының орынбасары Струан Стивенсонның «Вечная скорбь» кітабының орыс тіліндегі аудармасының таныстырылымы өтті. Аталған кітапты автор Семей ядролық полигонындағы сынақтар салдарының құрбандарына арнаған. Әйгілі ағылшын жазушысы Роберт Стивенсонның немересі Струан Стивенсон мен Голливуд киножұлдызы Кимберли Джозеф полигоннан зардап шеккен қазақстандықтардың тағдырынан хабардар бола отырып, 1999 жылы Семей өңірінде болып қайтқан. Содан бері Қазақстанға 8 мәрте ізгілікті сапармен келген депутат сол уақыттар аралығында апатты аймақ туралы бірегей материалдар жинастырып, соның нәтижесінде аталған кітап дүниеге келген. Кітап бұдан бұрын Ұлыбритания, Бельгия, Шотландия, Еуропа Парламенті, АҚШ Конгресі секілді елдердің жоғарғы заң шығарушы палаталарында және Қазақстанның Астана мен Алматы және Семей қалаларында таныстырылып, онда Семей аймағынан түсірілген жан түршігерлік фотокөрмелер де ұйымдастырылған.

3 жыл бұрын (2007) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде қазақстандық әскерилерге арналған әскери киімнің жаңа үлгісінің таныстырылымы өтті.

Әскери киімнің жазғы, қысқы үлгілері жоғары сапалы «рип стоп» матасынан тігілген. «Бұл мата су өткізбейді, қыртыстанбайды, өңін сақтап тұрады. Оның құрамына 8 миллиметрлік тор түрінде полиэстер жібі әдіптелген, сол арқылы ол жыртылудан сақтайды. Жазғы киімнің матасы дененің дем ала алатындай етіп тігілген. Етіктер түркиялық технологиялар арқылы өңделеді. Оның сапасына 24 ай кепілдік берілген. Біз бұрын киімнің сапасыздығы үшін, сарбаздарға алты ай сайын етік беріп тұрсақ, қазір осы киім үлгілері енгеннен соң бір жылға бір етік қана береміз, деп ойлап отырмыз. Соның негізінде, жаңа киім 20-30 пайызға қымбатырақ болса да, Қорғаныс министрлігінің әскери киімге, киім жабдықтарына жұмсайтын қаржысы үнемделетін болады.

ЕСІМДЕР

70 жыл бұрын (1940) Көкшетау экономика және менеджмент институтының ғылыми-зерттеу жұмысы жөніндегі проректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының әлеуметтік ғылымдар Академиясының және Халықаралық Академиясының академигі НҰРМАҒАНБЕТОВ Қуанышбай Рақышұлы дүниеге келді.

Көкшетау қаласында туған. Ақмола ауылшаруашылық институтын (қазіргі С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті) бітірген.

1966-1979 жылдары - машина және тракторларды жөндеу жөніндегі мемлекеттік ғылыми-зерттеу институтының Целина бөлімшесінің бас инженері, №2557 Көкшетау автоколоннасы автоотрядының бастығы. 1979-2003 жылдары - Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде аға оқытушы, және машина жөндеу және конструктивтік материалдар технологиясы, экономика және ауылшаруашылықты ұйымдастыру, экономикалық теория және кәсіпкерлік кафедраларының меңгерушісі қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде - 2003 жылдан бастап.

«Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» және «Қазақстан Республикасы ғылымының дамуына қосқан еңбегі үшін» төс белгілерімен марапатталған.

55 жыл бұрын (1955) ғалым, дәрігер, медицина ғылымдарының докторы профессор, Денсаулық сақтау министрі ДОСКАЛИЕВ Жақсылық Ақмырзаұлы дүниеге келді.

Ақтөбе облысының Алға қаласында туған. Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Батыс Қазақстан медицина академиясы) бітірген.

1979-1986 жылдары - Ақтөбе облысының Алға ауданың орталық ауруханасында дәрігер-хирург, бас дәрігердің орынбасары. 1986-1988 жылдары - Мәскеу қаласындағы Бүкілодақтық хирургиялық ғылыми орталығында клиникалық ординатор. 1988-1991 жылдары - Ақтөбе медицина институтында ассистент. 1991-1998 жылдары - Алматыдағы Хирургия ғылыми орталығында аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі. 1998-2000 жылдары Батыс Қазақстан медицина академиясының ректоры. 2000-2001 жылдары - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің төрағасы. 2001-2004 жылдары - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі. 2004-2007 жылдары - Қазақ мемлекеттік медицина академиясының ректоры (Астана қаласы). 2007-2008 жылдары - Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісің депутаты, әлеуметтік мәдени даму жөніндегі комитет төрағасы қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде - 2008 жылдың қарашасынан бастап.

200-ден астам ғылыми еңбектердің, 12 монографияның, 50-ден астам өнертапқыштардың авторы.

Негізгі ғылыми еңбектері жалпы хирургия мәселеріне арналған.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Ломоносов, «Құрмет», «Гипократ» ордендерімен марапатталған.

ҚАЗАННЫҢ 31-І, ЖЕКСЕНБІ

Үнемдеудің халықаралық күні

1988 жылғы қазанның 27-інде 29 елдің жинақтаушы кассаларының өкілдері Миланда болған өздерінің алғашқы Интернационалды мамандандырылған конгресіне жиналды.

Конгресстің соңғы күні - қазанның 31-інде «бүкіл елдің жинақтаушы банк институттарының алғашқы жиналысына» орай «Үнемдеудің халықаралық күнін» жыл сайын атап өтетін болды. 1989 жылы БҰҰ қазанның 31-ін Үнемдеудің халықаралық күнін ресми түрде бекітті.

Қара теңіздің халықаралық күні

1996 жылы қара теңіз жанындағы алты ел - Болгария, Румыния, Түркия, Грузия, Ресей және Украина Қара теңізді қорғауға және реабилитациялауға Стратегиялық әрекет жоспарына қолдарын қойды.

Бұл жоспар теңіз жағдайы жан-жақты зерттеліп, соңғы үш он жылдықпен салыстырғанда теңіз ортасының өмір сүру маңыздылығы төмендегені анықталған соң жасалып шығарды.

ОҚИҒАЛАР

5 жыл бұрын (2005) Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауылында жаңа мешіт ашылды. Көкпекті ауылында соңғы рет мешіт осыдан 140 жыл бұрын Тана мырзаның күшімен салынған болатын. Содан бері аудан орталығында басқа мешіт болмаған. Мінәжат үйі кешеге дейін бұрынғы аудандық партия комитетінің ғимаратында орналасып келді. Өзбек шеберлері 2004 жылдың мамыр айында бастаған мешіт құрылысында Самарқандтан жеткізілген материалдар пайдаланылды. Енді аудан орталығында барлық шараларды өткізуге болатын мешіт салынды.

3 жыл бұрын (2007) Павлодар облысының Жертұмсық ауылында кезінде Ұлы Отан соғысының майдан даласынан оралмай қалған жауынгерлерге арналған Даңқ обелискі тұрғызылды. Стелада - Отан үшін өмірін қиған 40 жерлес-жауынгердің есімдері қашап жазылған.

3 жыл бұрын (2007) С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Основы имиджелогии на примере Первого Президента Республики Казахстан» атты кітабының таныстырылымы болды. Бұл белгілі жинақтың екінші баспасы, онда ғалымдардың, белгілі саясаткерлер мен мемлекет қайраткерлерінің мақалалары жиналған.

ЕСІМДЕР

60 жыл бұрын (1950) Алматы облысы Іле ауданының әкімі ЛОГУТОВ Николай Николаевич дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Қазақ политехникалық институтын (қазіргі Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университет) бітірген.

1972-1975 жылдары - Қазақстан Ғылым Академиясының Металлургия және байыту институтының инженері. 1975-1981 жылдары - Алматы қаласы Фрунзе аудандық комитеті бөлімінің меңгерушісі, Алматы облыстық комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан ЛКЖО Әуезов аудандық комитетінің бірінші хатшысы. 1981-1983 жылдары - Әуезов аудандық партия комитеті насихат және үгіт бөлімінің меңгерушісі. 1983-1985 жылдары - Алматы қалалық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Әуезов аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары. 1985-1990 жылдары - Әуезов аудандық партия комитетінің хатшысы. 1990-1992 жылдары - Калинин аудандық атқару комитетінің төрағасы. 1992-1994 жылдары - Әуезов ауданы әкімшілігінің басшысы. 1994-1998 жылдары - «Құралтай» фирмасының президенті қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде - 1998 жылдың қаңтарынан бастап.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен және медальмен марапатталған.

40 жыл бұрын (1970) «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» АҚ-ның Президенті, экономика ғылымдарының кандидаты, ТМД елдерінің еңбек сіңірген энергетигі СӘТҚАЛИЕВ Алмасадам Майданұлы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

1992-1997 жылдары - «ТаССаТ» ЖШС-ның директоры. 1997-1998 жылдары - «ҚазТрансОйл» МТҰК» АҚ-тың менеджері, клиринг департаментінің бастығы, жобаларды басқару департаментінің бастығы. 1998-2001 жылдары - «ҚазТрансОйл» МТҰК» АҚ-тың басқарушы директоры, экономика жөніндегі вице-президент. 2001-2003 жылдары - «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» «KEGOC» АҚ-ның қаржы директоры, экономика жөніндегі вице-президент. 2003-2006 жылдары - «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» «KEGOC» АҚ-тың бірінші вице-президенті. 2006-2007 жылдары - «Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдинг» «Самұрық» АҚ-тың «KEGOC» АҚ бойынша директоры - топ жетекшісі, «Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдинг» «Самұрық» АҚ-тың электр энергетикалық активтерді басқару жөніндегі директоры. 2007-2009 жылдары - Қазақстан Республикасының энергетика және минералдық ресурстар министрінің орынбасары, «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» АҚ-ның президенті, бірінші вице-президенті қызметтерін атқарған.

Қазірігі қызметінде - 2009 жылдың желтоқсанынан бастап.

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалімен марапатталған.