ҚазАқпарат-Анонс: қыркүйектің 13-і мен 19-ы аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі
ҮКІМЕТ
Қыркүйектің 13-інде Үкімет үйінде министрлер кабинетінің отырысы өтеді.
Қыркүйектің 13-інде Сыртқы істер министрлігінде апталық брифинг өтеді.
Қыркүйектің 15-16-сы күндері ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында белгіленген бұқаралық спортты дамыту басымдығын іске асыру мақсатында «Ауыл спорты: бүгіні мен ертеңі» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өткізеді.
Қыркүйектің 13-інде Статистика агенттігінде ведомство төрағасы А.Смаиловтың қатысуымен брифинг өтеді. Онда республиканың 2010 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы жария етіледі.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев қыркүйектің 29-ында Ереван қаласында өтетін ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Жоғары қаржы бақылау органдары басшылары кеңесінің X сессиясының жұмысына қатысады.
ПАРЛАМЕНТ
Қыркүйектің 13-і күні Парламент Мәжілісінде үш жылдық республикалық бюджетке қатысты үш заң жобасының таныстырылымы өтеді .
СЫРТҚЫ САЯСАТ
Қыркүйектің 9-ы мен 25-і аралығында Шанхай Ынтымақтастық ұйымының «Бейбіт мақсат-2010» оқулары өтеді. Жетінші рет өткізілейін деп отырған оуларға Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей мен Тәжікстанның 5 мыңнан астам әскери қызметкерлері қатысады.
Қыркүйектің 12-16-сы аралығында Қазақстан делегациясы Канаданың Монреаль қаласында өтетін ХХІ Дүниежүзілік энергетикалық конгреске қатысады.
Үкімет басшысының бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев пен Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова жоғары саяси деңгейде екіжақты консультациялар жүргізу үшін қыркүйектің 13-і мен 17-сі аралығында Вашингтонға сапар жасайды. Еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуы жөніндегі келіссөз үдерісінде маңызды ілгерілеушіліктерге қол жеткізу мақсатында, аталмыш сапардың барысында Ақ үйде, Мемлекеттік департамент пен Конгресте, сондай-ақ АҚШ Сауда өкілі, елші Рон Керкпен кездесулер жоспарланған.
Қазан айының 20-23-і аралығында ТМД-ның Қаржылық-банктер кеңесі мен Әзірбайжанның Халықаралық банкі Достастықтың Атқарушы комитетінің қолдауымен Бакуде халықаралық конференция өткізеді.
ҚОҒАМ
Қыркүйектің 12-16-сы аралығында Канаданың Монреаль қаласында өтетін ХХІ Дүниежүзілік энергетикалық конгреске Қазақстан делегациясы қатысады.
Қыркүйектің 16-сында Ыстамбұлда өтетін Түркі тілдес мемлекеттердің 10-ы саммитінде Мемлекет басшылары Нахчыван келісімін қабылдау мәселесін талқылайды.
Қазақстанның цирк әртістері қыркүйектің 16-сы мен 21-і аралығында Петерборда өтетін «Жаңа туындылар жәрмеңкесі» І Дүниежүзілік цирк режиссурасы фестиваліне қатысады.
Қыркүйектің 17-сінде өтетін ТМД Экономикалық кеңесінің кезекті мәжілісі өтеді.
Қазан айының 29-ы күні Петербордағы Таврия сарайында ТМД Парламентаралық ассамблеясының ұйытқы болуымен «Жолдардағы қауіпсіздік - өмір қауіпсіздігі» атты ІІІ халықаралық конгрес өтеді.
СПОРТ
Қыркүйектің 9-19-ы күндері Барбодостың Бриджтаун қаласында бокстан Әлем чемпионаты өтеді, оған еліміздің бокстан ұлттық құрамасы қатысады.
Үндістанның Калькутта қаласында қыркүйектің 17-20-сы күндері волейболдан Орталық аймақ елдерінің ІІІ Азия чемпионаты өтеді.
Қыркүйектің 17-19-ы күндері Астанада Қазақстан мен Швейцария теннис командаларының арасына «Дэвис кубогы» әлемдік тобының плей-офф кезеңінің ойыны өтеді.
Қазақстандық боксшы Михаил Криницын қыркүйектің 18-і күні Ташкентте Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) Азиялық бокс кеңесінің бос тұрған чемпиондық атағы үшін ресейлік Максим Власовпен 12 раундтық жекпе-жек өткізеді.
Қыркүйектің 19-ы мен 25-і аралығында Қытайдың Тайсанг қаласында әйелдер командалары арасында II Азия кубогы үшін жарыс өтеді.
АСТАНА
Қыркүйектің 14інде www.bnews.kz порталында «БТА Банк» АҚ басқармасының төрағасы Әнуар Сайденовтың қатысуымен оnline-конференция өтеді.
Қыркүйектің 14-інде елордада Қазақстан халқы тілдерінің ХІІ қалалық фестивалі аясында жергілікті мемлекеттік органдарда, мемлекеттік ұйымдар мен кәсіпорындарда қызмет істейтін мамандар арасында «Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте» атты қалалық байқау өтеді.
АЛМАТЫ
Тамыздың 25-і мен қыркүйек айының 15-і аралығында Алматыда ҚР-ның сауда-өнеркәсіп палатасы қала әкімдігінің көмегімен, отандық көрме компаниялармен және басқа да бизнес құрылымдардың қолдауымен "ана өлімі" мәселесіне назар аударуға және елімізде оның көрсеткішін азайтуға бағытталған «Өмірді қолдау» атты қайырымдылық акция өткізеді.
Қыркүйектің 14-16 күндері Алматыда «Уран өнеркәсібінің өзекті мәселелері» атты VI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді .
Қыркүйектің 15-і күні Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «Жаса, менің Қазақстаным! Біз сенің патриотыңбыз!» атты жастар акциясы өтеді.
Алматыда қыркүйектің 15-і күні ретро-жұлдыздар "Ретро шлягер" клубында бас қосады.
Алматыда қыркүйектің 16-17 күндері «Мұнайгаз кешенінің ғылыми-техникалық дамуы» атты VІІІ халықаралық Нәдір Нәдіров ғылыми оқулары өтеді.
Алматыда қыркүйектің 16-сы күні Орталық көрме залында "Крупения шеберханасы" қолданбалы дизайн балалар мектебінің мерейтойлық көрмесі өтеді
Алматыда қыркүйектің 21-25 күндері аралығында өтетін VI-шы Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі аясында Француз киносының бірінші фестивалі өтеді.
Қарашаның 20-сы күні Алматыда ІІ қайырымдылық балы өтеді.
АЙМАҚ
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН
Қыркүйектің 18-інде Оралда дәстүрлі қала күні аталып өтіледі.
ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР. АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕСІМДЕР
ҚЫРКҮЙЕКТІҢ 13-І, ДҮЙСЕНБІ
Ресейде бағдарламашылар күні.
Ресей Федерациясы Президентінің 2009 жылғы 11 қыркүйектегі Жарлығымен бекітілген.
ОҚИҒАЛАР
10 жыл бұрын (2000) Астанадан жеті шақырым жерде әлемдік стандартқа сай спорттық құрал-жабдықтармен жабдықталған гольф клубы ашылды.
6 жыл бұрын (2004) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытуға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы» Жарлыққа қол қойды.
Бағдарламаның мақсаты - мемлекет пен адам арасында денсаулық сақтау үшiн ынтымақтасқан жауапкершiлiк принциптерiне, халық денсаулығын жақсартуға бағытталған бастапқы медициналық-санитарлық көмектi басым дамытуға негiзделген медициналық көмек көрсетудiң тиiмдi жүйесiн құру. Бағдарламаның негізгі мiндеттерi - мемлекет пен адам арасында денсаулықты сақтау үшiн жауапкершiлiктi бөлiсу; негiзгi екпiндi бастапқы медициналық-санитарлық көмекке нақты көшiре отырып, медициналық көмек көрсетудi ұйымдастырудың халықаралық принциптерiне көшу;денсаулық сақтауды басқарудың жаңа моделiн және саланың бiрыңғай ақпараттық жүйесiн құру;ана мен бала денсаулығын нығайту, медициналық-демографиялық ахуалды жақсарту; әлеуметтiк жағынан елеулi аурулардың деңгейiн жыл сайын төмендету; медициналық бiлiм берудi реформалау.
5 жыл бұрын (2005) Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Латвия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ретс Плесумс сенім грамотасын табыс етті.
Латвия Республикасымен дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылдың желтоқсанында орнатылып, 2004 жылдың қазан айында Астанада Латвия Республикасының Елшілігі ашылған болатын.
5 жыл бұрын (2005) Оралда қыркүйектің 8-12 аралығында Президенттік көпсайыстың ашық біріншілігі болып өтті.
Халықаралық турнирге Қазақстанның тоғыз облысының спортшылары және барлығы -170 адамнан тұратын Ресей Федерациясының, Украинаның, Беларустің атлеттері қатысты. Жарыс қысқа және ұзын дистанцияларға жүгіру, снаряд лақтыру, атысу, жүзу сияқты спорт түрлері бойынша өтті. Жалпы командалық есептен жеңісті ресей командасы қанжығасына байлады, екінші орынды қазақстаның көпсайыскерлері, ал үшінші орынды Беларустің құрама командасы иеленді.
3 жыл бұрын (2007) Астанадағы №50 мектеп-лицейге жоңғар басқыншыларына қарсы шайқастарда атамекенін жаудан азат еткен батыр әрі әулие, қолбасшы Райымбек батырдың есімі берілді.
3 жыл бұрын (2007) Алматыдағы «Арыс» баспасынан қаламгер, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Ләтифолла Қапашевтің «Мінгені Ерғалидың «Шайтанқара» атты кітабы жарық көрді.
Кітапта «Шайтанқара» атты жалғыз-ақ әнімен тарихта қалған, Ақ Жайық өңіріне танымал Ерғали Аязбайұлының (1869-1929) тартысқа толы ғұмыры жөнінде баяндалады. Патша заманында барымташы атанған әрі әнші, әрі батыр Ерғали кейін кеңес өкіметін орнатысуға өзі қатысқанымен, жала жабылып, 1929 жылы екі ұлымен бірге атылады. Жинаққа автордың «Мінгені Ерғалидың «Шайтанқара» атты зерттеу еңбегімен қоса Хамза Есенжановтың «Ақжайық» романынан үзінді, Қибат Иманғалиевтің «Ерғали туралы дастаны» және Рахымжан Отарбаевтың «Шайтанқара» атты әңгімесі қоса берілген.
3 жыл бұрын (2007) Павлодар облысының Ақтоғай ауылындағы саябақта болгарлардың Қазақстанда тұра бастағанына 100-жыл толуына орай ескерткіш тұғыр орнатылды.
Ақтоғай ауданында қоныс аударған болгарлар ұрпағының ең көп диаспорасы тұрады. Мұнда 100 жыл бұрын Бессарабияның жерсіз кедейлері Столыпин реформасы жылдары Разумовка және Андрияновка ауылдарының негізін қалаған. Ескерткіштің авторы Болат Қасеновтың монументальды композицияға соқаны кіргізгені кездейсоқ емес. Ол - Қазақстан жеріндегі егінші болгардың нышаны ретінде бейнеленген.
ЕСІМДЕР
110 жыл бұрын (1900-1938) мемлекет және қоғам қайраткері ОРЫНБАЕВ Мұқаш дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында туған. Семейдегі бастауыш орыс мектебін, Зайсан қаласындағы жоғары бастауыс училещесін, Семейдегі ерлер гимназиясын, Мәскеудегі бүкілресейлік төтенше комитет курсын бітірген.
1920-1923 жылдары Семей губерниясының атқару комитетінде әр түрлі басшылық қызметтер атқарған. 1924-1925 жылдары - Қазақ АКСР-і Ішкі істер халық комиссары. 1925-1927 жылдары - Ақмола губерниясы атқару комитетінің төрағасы. 1927-1929 жылдары - Қазақ АКСР-і жұмысшы-шаруа инспекциясы халық комиссарының орынбасары. 1930-1933 жылдары - Қазақ АКСР-і Қаржы халық комиссары. 1933-1936 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы атқару комитетінің, 1936-1937 жылдары Гурьев (қазіргі Атырау) округтік атқару комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. Қаржы комиссары болған кезінде ұжымдастыру науқаны салдарынан аштыққа ұшыраған қазақ халқының ауыр хәлін айтып, жоғары үкімет орындарына бірнеше хат жолдаған. 1937 жылы саяси қуғынға ұшырап, 1938 жылы атылды. 1957 жылғы КСРО Жоғарғы соты әскери шешімімен ақталды.
75 жыл бұрын (1935-2001) жазушы, журналист ТОҚТАРОВ Рамазан дүниеге келді. Павлодар қаласында туған. Алматы шет тілдер институтының француз тілі факультетін, Мәскеу әдебиет институтының жоғары курсын бітірген.
Павлодар облыстық газетінде, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс» журналында, Қазақстан Жазушылар одағының проза секциясының кеңесшісі, «Жұлдыз» журналы редакторының орынбасары қызметтерін атқарған.
«Ертіс перзенті», «Терістік шұғыласы», «Бақыт», «Ертіс мұхитқа құяды», «Тұлпардың сыны», «Жердің үлгісі», «Сусамыр», «Таңбалы жарғақтың құпиясы», «Абайдың жұмбағы» кітаптарының авторы.
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері.
70 жыл бұрын (1940) скрипкашы, дирижер, композитор, Қазақстанның халық әртісі СЕРКЕБАЕВ Мұрат Бекмұхамедұлы дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Алматы музыкалық училищесін, Алматы мемлекеттік өнер институтын (қазіргі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерватория) және оның аспирантурасын бітірген.
1959-1965 жылдары - Қазақ телевизиясы мен радиосы эстрадалық-симфониялық оркестрінде скрипкашы. 1968-1996 жылдары - камералық оркестрдің скрипкашысы, бас дирижер әрі көркемдік жетекшісі. 1998 жылдан - Алматы қалалық әкімдігі концерттік оркестрінің көркемдік жетешісі әрі бас дирижері.
Қазақстан композиторларының, орыс және шетел классикалық музыка туындыларын насихаттауда елеулі еңбек етті.
«Айнамкөз» поэмасының, «Аққуым әнім», «Дала келбеті», «Элегия», «Рапсодия», «Туған жер туралы ән» атты ән-романстар, оркестрге лайықталып өңделген көптеген музыкалық шығармалардың авторы.
ҚЫРКҮЙЕКТІҢ 14-І, СЕЙСЕНБІ
ОҚИҒАЛАР
90 жыл бұрын (1920) Қазақстан тарихында бірінші рет әділет халық комиссары болып Ғұбайдолла Әлібеков тағайындалды. Ол басшылық жасаған тұста қалың малды тоқтату, барымта туралы және т.б. декреттердің ең алғашқы жобалары жасалды. 1920 жылдың аяғына таман оның басшылығымен республикада 231 сот және 111 тергеу учаскілері құрылды.
7 жыл бұрын (2003) ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Атырау облысының Махамбет ауданына сапары барысында жаңа мешіттің және Махамбет Өтемісұлы атындағы аймақтық тарихи мұражайдың ашылу салтанатына қатысты.
6 жыл бұрын (2004) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Сот жүйелерін реформалау мақсатында «Мамандандырылған сот әкімшіліктерін құру туралы» Жарлыққа қол қойды.
5 жыл бұрын (2005) «Қазатомпром» Ұлттық атом компаниясы сайтының таныстырылымы болды.
Wi-Fi интернет желiсінің сымсыз технологиясына кіруді «2Day Telekom» қамтамасыз етеді. Компания екі бағытта қолданылатын басқа да материалдарды және уранды экспорт пен импортқа шығаратын ұлттық операторлардың бірі болып табылады. Компанияның 100% акциясы Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресурстар министрлігіне тиесілі. «Қазатомпром» 1997 жылы құрылған күнінен бастап уранды өндіруді 795 тоннадан (дүниежүзі бойынша 13-ші орын) 3363 тоннаға (дүниежүзі бойынша 3-ші орын) дейін жеткізген. 2010 жылы уран өндіруді 15 мың тоннаға дейін қарқынды дамыту бағдарламасы қарастырылған. Қызықтыратын барлық ақпаратты www.kazatomprom.kz. сайтынан әлемдегі кең тараған сегіз тілде мәлімет алуға болады.
5 жыл бұрын (2005) Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының көрме залында Бірінші халықаралық дизайн фестиваль ашылды.
Ұйымдастырушысы - Қазақстан Республикасының мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі және Қазақстанның дизайнерлер одағы, «Казэкспосервис» көрме компаниясы және Алматы қаласының әкімшілігі.
Фестиваль аясында «Жарнама және Полиграфия» VIII Халықаралық қазақстандық көрме, «Бизнес-сувенир» көрмесі, сонымен қатар «Байтерек-дизайн-2005» және Алматы қаласының тарихи орталығын тұжырымдайтын және өңдейтін халықаралық практикалық семинар өткізілді.
1 жыл бұрын (2009) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті профессоры Сағындық Сатыбалдиннің «Қазақстан ғасырлар асуында» атты туындысының таныстырылымы өтті.
Ғалым кітапта Қазақстанның 55-жылдық экономикалық дамуына ғылыми талдау жасаған. Еңбегін «Қазақстан кеше», «Қазақстан бүгін», «Қазақстан ертең» деп үш кезеңге бөліп қарастырған.
ЕСІМДЕР
75 жыл бұрын (1935) ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының және Халықаралық инженерлік академиясынының академигі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының ғылымына еңбек сіңірген қайраткер БАЙМҰРАТОВ Ораз дүниеге келді.
Солтүстік Қазақстан облысының Булаев ауданында (қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы) туған. Мәскеу алтын және түсті металлдар институтын бітірген.
1964-1980 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Экономика инситутының кіші ғылыми қызметкері, ғалым-хатшысы, бөлім меңгерушісі. 1980-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Өндіріс күшін зерттеу жөніндегі кеңесі төрағасының орынбасары, төрағасы, КСРО Жоғарғы Кеңесі Республикалар Кеңесі төрағасының орынбасары. 1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің төрағасы. 1995-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Президентінің кеңесшісі қызметтерін атқарған. 1996 жылдан - Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті жанындағы Қаржы-банктік менеджмент ғылыми-зерттеу институтының директоры.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 12-, 13-шақырылымының депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы ғалымдар, инженерлер және білгір мамандар Одағының президенті, Халықаралық ғылыми инженерлік бірлестіктер Одағының вице-президенті, Қазақстан Республикасы Инженерлер академиясының Экономика бөлімшесі төрағасының бірінші орынбасары.
«Методы оценки и анализа эффективности капитальных вложений», «Эффективность научных исследований», «Экономические приоритеты», «Наука и производительные силы», «Национальная экономическая система» атты еңбектері мен 230 астам ғылыми жарияланымдардың авторы.
Медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
70 жыл бұрын (1940) Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі СЕЙІТҚАСЫМОВ Ғабдығаппар Сағитұлы дүниеге келді.
Қостанай облысының Жангелдин ауданында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.
1963-1969 жылдары - Қостанай облысының Жангелді ауданының бас экономисі. 1969-1973 жылдары - Қазақ ауылшаруашылығы экономикалық ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі. 1973-1993 жылдары - Қарағанды мемлекеттік университетінде ғылыми басшылық, 1993-1999 жылдары - Қазақ мемлекеттік басқару академиясының проректоры. 1999-2001 жылдары - Астана қаласындағы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті бөлімшесінің директоры. 2001-2007 жылдары Қаржы және несие институтының ректоры қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде - 2007 жылдан.
Ғылыми жұмыстары ауылшаруашылық экономикасы мен қаржы және банк ісі саласына бағытталған. Ол астық дайындаудың экономикалық тиімділігін анықтаудың жаңа көрсеткіштер жүйесін, астық өсіру, тасымалдау, дайындау, сақтаудың экономикалық кешенді зерттеудің ғылыми әдістерін жасады. 160-тан аса ғылыми еңбектің, оның ішінде оқу-әдістемелік құралдардың, 20 монография мен оқулықтардың авторы.
«Золотой Орел» орденімен, «Астанаға 10 жыл», Ыбырай Алтынсарин атындағы, Ахмет Байтұрсынов атындағы медальдармен, «Қазақстан Республикасы ғылымының дамуына қосқан зор еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталған.
ҚЫРКҮЙЕКТІҢ 15-І, СӘРСЕНБІ
Халықаралық демократия күні.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы үкіметтердің демократияны дамыту мен нығайтудағы күш-жігерлерін қолдауға арналған қарарында (№A/RES/62/7) жарияланған. 2008 жылғы 15 қыркүйегінен атап өтіледі. Халықаралық демократия күні Жаңа және қайта жаңғырған демократия елдерінің халықаралық конференциясының ұсынысы бойынша 1997 жылғы Демократия туралы ортақ декларация қабылдануына байланысты бекітілген.
Қарарда БҰҰ-ға мүше елдерге, үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдарға, жеке тұлғаларға бұл күнді қоғамның хабардарлығын арттыру мақсатында атап өту ұсынылады. Қарар БҰҰ Бас хатшысын БҰҰ-ның Халықаралық демократия күнін атап өту үшін шаралар қабылдауға шақырады.
Пан Ги Мун өзінің 2009 жылғы 15 қыркүйектегі жолдауында: «Демократия өз-өзінен маңызды болып қоймайды - бұл әлеуметтік-экономикалық ілгерілеуге ынталандырушы қуатты күш, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау, сондай-ақ негізгі құқықтар мен бостандықтарды сыйлау да», - деп атап көрсетті.
ОҚИҒАЛАР
15 жыл бұрын (1995) Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының астанасы туралы» заң күші бар Жарлыққа қол қойды.
9 жыл бұрын (2001) ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Нью-Йорк пен Вашингтон қалаларында орын алған лаңкестік оқиғаларға байланысты Алматыдағы АҚШ елшілігінде болып американ халқына көңіл айтты және ресми мәлімдеме жасап, лаңкестердің айуандық істерін батыл айыптады.
5 жыл бұрын (2005) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен «Ядролық лаңкестік актілерімен күрес туралы халықаралық конвенцияға» Қазақстан Республикасы атынан қол қойылды.
Бұл құжат мемлекеттер арасындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және халықаралық лаңкестіктің алдын алу, жолын кесу және оны жою жөніндегі шараларды іске асыру және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатын көздейді.
ЕСІМДЕР
105 жыл бұрын (1905-1986) Қазақ КСР-інің көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері АРТЫҚБАЕВ Шақпақ дүниеге келді.
Қазіргі Қызылорда облысы Қазалы ауданында туған. Қамышлы-баш бастауыш мектебін, Қазалы педагогикалық курстарын, Қазақ АКСР Ағарту Халық комиссариатының дайындық курстарын бітірген.
1923-1925 жылдары кенттің комсомол ұйымының хатшысы, Ташкенттегі Орта Азия коммунистер университетінің студенті, БЛКЖО Алматы уезі комсомол комитетінің хатшысы, БЛКЖО Жетісу губерниялық комсомол комитетінің бөлім меңгерушісі. 1925-1928 жылдары - БЛКЖО Талдықорған уездік комсомол комитетінің хатшысы, БЛКЖО Жетісу губерниялық комсомол комитетінің хатшысы. 1928-1933 жылдары - Қазақ өлкелік жас пионерлер комитеті бюросының төрағасы, Мәскеу тұтыну коорепациясы институтының тыңдаушысы, Арал балықтұтынуодағы басқарма төрағасының орынбасары. 1933-1937 жылдары - Ақтөбе ЛКЖО облыстық комитетінің хатшысы, бірінші хатшысы, Ақтөбе облыстық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан КП Орталық комитетінің, Қазақ өлкелік комитетінің кеңестік-сауда бөлімінің меңгерушісі. 1937-1938 жылдары - Қазақ КСР Жеңіл өнеркәсіп халық комиссары, Алматы облыстық, қалалық партия комитеттерінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарған. 1938-1947 жылдары қуғын-сүргінге ұшырап, еңбекпен түзету лагерінде болады. 1954 жылы толық ақталған. 1947-1958 жылдары Алматы облыстық атқару комитетінің агрономы, құрылыс комитетінің төрағасы, басқарма бастығы қызметтерін атқарады. 1958 жылдан зейнеткерлікке шыққан.
1-шақырылған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған.
«Біздің Ғани тірі: естеліктер» кітабының авторы.
75 жыл бұрын (1935) металлург, ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі ҚОЖАХМЕТОВ Сұлтанбек Мырзахметұлы дүниеге келді.
Ақмола облысының Қорғалжын ауданында туған. Мәскеудің алтын және түсті металлдар институтын бітірген.
1958-1993 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясы Металлургия және кен байыту институтының аға зертханашысы, инженері кіші және аға ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары. 1982-1987 жылдары - Қазақстан Ғылым Академиясының вице-президенті. 1988-1995 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясы Металлургия және кен байыту институтының директоры. 1993-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы минералдық шикізатты кешенді өңдеу Ұлттық ғылыми орталығының ғылыми жетекшісі. 1994-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі Ұлттық ғылым академиясының Жер туралы ғылымдар бөлімшесінің академик-хатшысы - президиум мүшесі, Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігінің Жаралатыстану ғылымы жөніндегі вице-президенті. 1999-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Металлургия және кен байыту институтының Құрметті директоры қызметтерін атқарған. 2001 жылдан - Еуразия ғылыми-техникалық орталығының президенті.
Негізгі ғылыми еңбектері металлургия мәселелеріне арналған. Ол ауыр түсті металдар мен оларға ілеспе элементтер теориясы бойынша ғылыми-зерттеу жүргізді; оның тікелей қатысуымен және ғылыми жетекшілігімен мыс металлургиясында тиімділігі жоғары және жаңа автогенді процестердің физикалық-химиялық негіздері зерттелді. Жоғары температуралы зерттеу саласында тұңғыш рет термиялық орнықсыз металл сульфидтерінің төте булануы, тотығу процестерінің кинетикасы мен механизмі жасалды. Қожахметовтың жетекшілігімен Қазақстан және Ресей ғалымдары бірігіп ашқан автогенді процестің жаңа әдісі - кивцэттік балқыту әдісі мыс қорыту зауыттарында кең қолданысқа ие болды. Осы еңбегі үшін авторлар ұжымымен бірге Қожахметовке КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді.
250 ғылыми жұмыстың, Қазақстан Республикасы мен КСРО-ның 50 авторлық куәлігінің және 10 шетел патентінің авторы.
11-сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған.
«Халықтар достығы» орденімен және медальдармен марапатталған.
75 жыл бұрын (1935) ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері БІЛИЕВ Назарбай Қадырұлы дүниеге келді.
Ақтөбе облысы Байғанин ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) физика-математика факультетін, КСРО Ғылым академиясы В.А.Стеклов атындағы математика институтының аспирантурасын бітірген.
1957-1960 жылдары Атырау педагогика институтының оқытушысы, аға оқытушы болды. 1963-1988 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының математика және механика институтының кіші, аға ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі. 1988-2000 жылдары Теориялық және қолданбалы математика институтының директоры қызметтерін атқарған. 2000 жылдан - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Теориялық және қолданбалы математика институтының Құрметті директоры, сонымен қатар 1999 жылдан Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы физика-математика ғылымдары бөлімшесінің академик-хатшысы. 2002 жылдан - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық функциональдық талдау және ықтималдық теория кафедрасының меңгерушісі.
Негізгі ғылыми еңбектері функция және функционалдық теория тәсілдерін дербес туындылы дифференциалдық теңдеулерге қолдану саласына, комплекс айнымалы функциялар теориясына арналған. Ол сонымен бірге Никольский-Бесов кеңістігіндегі жалпыланған талдаулар қызметтері теориясын одан әрі дамытып, оны талдауда, геометрияда, механикада қолдану аясын кеңейтті. «Обобщённые аналитические функции в дробных пространствах» атты кітабының авторы. 100-ден астам ғылыми жұмыстары, 2 монографиясы жарияланған. 15 ғылым докторы мен кандидаттарын даярлаған.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. Хорезми атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері.
ҚЫРКҮЙЕКТІҢ 16-Ы, БЕЙСЕНБІ
Халықаралық озон қабатын қорғау күні.
Жыл сайынғы Халықаралық озон қабатын қорғау күнін БҰҰ Бас ассамблеясы 1994 жылғы №A/RES/49/114 арнайы қарарымен жариялаған.
Бұл күн Озон қабатын бұзушы заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына қол қойылуын есте қалдыру үшін белгіленген.
Планетамызды күн радиациясының жойғыш әсерлерінен қорғайтын Жер атмосферасындағы стратосфералық қабаттың төмендей түскеніне тұңғыш рет ғалымдар ХХ ғасырдың 60-ыншы жылдарының соңында көңіл аударды.
80-жылдары ғалымдар жаңалық ашты: Антарктида аумағында озонның жалпы көлемі 2 есе азайып кеткен. Нақ сол кезде «озон жырығы» атауы пайда болды.
Озонның жұқаруына хлор тотығы әсер етеді. Ал бұл - заводтардың, өнеркәсіптік кәсіпорындардың ауаға жайылатын қоқыстары. Озон жырықтарының алдын алуға біздің күшіміз жетпейді. Алайда, озонды ең болмаса тұрмыстық деңгейде сақтауға адам күші жетеді-ақ.
ОҚИҒАЛАР
10 жыл бұрын (2000) Атырауда Мысыр билеушісі болған Бейбарыс сұлтанның 775 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция өтті. Конференцияға араб елдерінің ғалымдары қатысты. Сонымен қатар қазақ тіліне аударылған «Әз-Захир Бейбарыс өмірбаяны» атты кітаптың тұсаукесері болып, Атырау облыстық қазақ драма театры жазушы Р.Отарбаевтың «Бейбарыс» атты пьесасын сахналады. Шежіре бойынша Бейбарыстың атамекені - Каспий теңізінің маңы, бір деректерде - Еділ-Жайық бойы. Кіші жүздегі Байұлының Беріш руынан деген мәлімет бар.
5 жыл бұрын (2005) Түркияның Измир қаласында Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Салтанатты шараға Измир провинциясының губернаторы Оғыз Қаған Көксал, осы қаладағы құрметті консулдықтардың басшылары, іскер топ өкілдері, қазақ диаспорасы мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
5 жыл бұрын (2005) Алматыда қоғам қайраткері, экономика ғылымының докторы, академик Ерік Асанбаевтың (1936-2004) тұрған үйінің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды.
Ерік Асанбаев 1936 жылдың 10 наурызында Торғай (Қостанай) облысының Байғабыл ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің экономика факультетін және аспирантурасын бітірген. 1958 жылдан бастап Қазақ КСР-нің Қаржы министрлігінде экономист, Жобалау комитетінде бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. Қазақ КСР Министрлер кеңесінің мүшесі, Қазақстанның Германиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі болған. Көптеген ордендермен және медальдармен марапатталған.
5 жыл бұрын (2005) Алматыдағы Орталық ғылыми кітапханада ақын, жыршы, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинаушы Көсембек Байғұттыұлының (1884-1951) «Заман» атты кітабының таныстырылымы өтті.
Рәсім аясында автордың жеке мұрағат материалдары қойылған көрме ашылды. «Үш қиян» баспасынан жақында ғана ақын немересі Бақыт Хамзақызының құрастыруымен шыққан туындыға К.Байғұттыұлының заман, өмір ағысы жайлы жырлаған өлеңдері, айтыстары, қоғамның келеңсіз жақтарын сынап жазған мысалдары және шығыстық үлгіде жазылған «Бес сері» дастаны енген.
Халқымыздың ауыз әдебиеті нұсқаларын ел аузынан жинап насихаттауда көп еңбек сіңірген К.Байғұттыұлының шығармалары қазір Орталық ғылыми кітапхана қоры мен Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазбалар мен текстология бөлімінде сақтаулы. «Қазақтың қарт ақыны Көсембекпін, Сөзге бай, тілге жүйрік, шешен бекпін» деп жырлаған ақын ХХ ғасырдағы қуғын-сүргіннің құрбаны болған.
5 жыл бұрын (2005) Өскеменде қазақстанда құрастырылған «SKODA» автокөлік маркасы сатыла басталды.
5 жыл бұрын (2005) Ақтөбедегі Мұғалімдер үйінде Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 80-жылдық мерейтойына арналған екі томдық фотоальбомның таныстырылымы болды.
2 мың дананы құрайтын екі томдық баспа 3 тілде (қазақ, орыс, ағылшын) шығарылған. Бірінші томда бүгінгі күнге дейін жинақталған мұрағаттан алынған, Молдағұлованың туған-туыстарының, майдандас жолдастарының сөздерінен жиналған барлық материалдар 304 беттік кітапта көрсетілген. Екiншi кiтап Батыр қызға арналған өлеңдер, әндер, дастандар, әңгiмелерден тұратын көркем шығармалардың жинағы болып табылады. Фотоальбомда Әлияның барлық суреттері, туған жері Қобда ауданының және жерленген Псков облысында түсірілген фотосуреттері жинақталған.
3 жыл бұрын (2007) Қазақстан Венада Атом энергетикасындағы Жаһандық серіктестікке қосылды.
Оның барысында Қазақстан Қағидалар хаттамасына қол қойды және осынау үдеріске толыққанды мүше атанды.
Жиналғандардың алдында сөйлеген МАГАТЭ Бас директоры Мохаммед Әл-Барадэй, атом энергетикасы дамуының болжануына байланысты осынау бастаманың өзектілігін атап өтті.
Біздің еліміз Атомдық энергетика саласындағы Жаһандық серіктестіктің негізгі қағидаларын бөліседі және өз атомдық энергетикалық технологиясын дамытуды сезімтал технологиялар әзірлемеу міндеттемесін алған мемлекеттерге ядролық отынға кепілдікті және әділ қолжетімділік беру қажеттілігін атап көрсетеді. АҚШ Президенті Дж.Буш 2006 жылы ұсынған Атом энергетикасындағы Жаһандық серіктестік бастамасы әлемдік энергия тұтынымының өсуіне байланысты таза, қауіпсіз және қолжетімді ядролық энергияның келешектегі арту ықтималдығына байланысты халықаралық мәмілеге талдап жасауға бағытталған. Бүгінде Серіктестікке 16 мемлекет, оның ішінде атом энергетикасындағы өз жетістіктерімен көзге түскен және алдыңғы қатарлы технологияларға ие Қытай, Ресей, АҚШ, Франция елдері мүше.
1 жыл бұрын (2009) Ақтөбе облысы мен Чех Республикасының сауда-өнеркәсіптік палаталарының арасындағы ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойды.
Қол қойылған келісімшартта Чех Республикасы мен Ақтөбе облысының арасындағы сыртқы экономикалық байланыстарды нығайту және дамыту, ақпараттық-консультациялық, маркетингілік іс-шараларды дамыту, сондай-ақ оқу ынтымақтастығы мен тәжірибе алмасу мәселелері қарастырылып отыр.
ЕСІМДЕР
70 жыл бұрын (1940) қоғам және мемлекет қайраткері ЖҮЙРІКТАЕВА Мәрия Бесбайқызы дүниеге келді.
Алматы облысының Жамбыл ауданында туған. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын, Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
1976-1980 және 1989-1991 жылдары - Қаскелең педагогикалық училищесінің директоры. 1980-1981 жылдары - Жамбыл аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі. 1981-1983 жылдары - Қазақ КСР Кәсіби-техникалық білім беру жөніндегі мемлекеттік комитетінің бөлім бастығы. 1983-1987 жылдары - Қаскелең аудандық партия комитетінің хатшысы. 1987-1989 жылдары - Алматы облысы Мәдениет басқармасының бастығы. 1991-1995 жылдары Қаскелең аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, аудандық әкімшілік бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.
1995-1999 және 1999-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитеттің мүшесі болды.
«Құрмет» орденімен және медальдармен марапатталған.
60 жыл бұрын (1950) «Алматықұрылыс» Ұлттық холдингтік компаниясы» ААҚ-тың бірінші вице-президенті, «Алматықұрылыс» Ұлттық холдингтік компаниясы» ААҚ директорлар кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының корреспондент мүшесі УТИН Мекеш Жұмабекұлы дүниеге келді.
Солтүстік Қазақстан облысының Булаев (қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы) ауданында туған. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.
1978-1980 жылдары - «Алматықұрылыс» тресінің экономисі, аға экономисі. 1980-1981 жылдары - «Алматытұрғынүйқұрылыс» тресінің аға экономисі. 1981-1982 жылдары - «Алматыоргтехқұрылыс» тресі жоспарлау бөлімінің бастығы. 1982-1985 жылдары - Қазақ КСР Ауыр индустрия өнеркәсібі құрылысы министрлігінің бөлім бастығы, экономикалық жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары. 1985-1987 жылдары - «Алматыкультбытстрой» тресі басқарушысының орынбасары. 1987-1990 жылдары - «Басалматықұрылыс» бастығының орынбасары. 1991-1993 жылдары - «Алматықұрылыс» концернінің вице-президенті. 1993-2000 жылдары «Алматықұрылыс» ХК-нің вице-президенті қызметтерін атқарған. 2008 жылдан - «Алматықұрылыс» Ұлттық холдингтік компаниясы» ААҚ директорлар кеңесінің төрағасы.
«Экономическая эффективность в строительстве и экология: противоречия и поиски решений», «Рынок жилья», «Основные направления развития строительной базы» атты кітаптардың авторы.
«За вклад в развитие качества в Казахстане» алтын медалімен марапатталған.
ҚЫРКҮЙЕКТІҢ 17-І, ЖҰМА
Америка Құрама Штаттарының Конституция және Азаматығы күні.
2001 жылы АҚШ Президентінің бұйрығымен 17 қыркүйек АҚШ-тың Конституция және Азаматығы күні болып жарияланды.
Украинада құтқарушылар күні.
Украина Президентінің 2008 жылғы 12 қыркүйектегі Жарлығымен бекітілген, жыл сайын қыркүйек айының екінші сенбісінде атап өтіледі.
ОҚИҒАЛАР
290 жыл бұрын (1720) Павлодар қаласының негізі қаланды.
1720 жылы қала кішігірім Коряковский негізінен бастау алады. Қазіргі атауын 1861 жылы ІІ Александрдың жаңа туған ұлының құрметіне алған, сол кезде оған Коряковтың ірі татар, орыс және қазақ кәсіпкерлері кірген көпестер қауымының сұрауы бойынша берілген.
Павлодар қаласы Қазақстанның солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, Ертіс өзенінің бойында, Павлодар облысының әкімшілік орталығы. Қаланың құрамына Ленинск кенті, Мойылды, Павлодарлық ауылдары және Кенжекөл ауылдық округы кіреді. Қаланың жалпы ауданы 637,8 мың шаршы метрді құрайды. Қала тұрғындарының саны - 331700 тұрғын (2009).
Павлодарда мұнай өндеуші, химия, алюминь, электролиз, металлургиялық, картон-рубероид, машина жасау және трактор зауыттары жұмыс істейді.
80 жыл бұрын (1930) аудандық газет ретінде «Колхоз жолы» деген атаумен қазіргі «Көкшетау» қалалық газеті шыға бастады. Газет облыстың экономикалық, әлеуметтік саладағы жетістіктерін насихаттағаны үшін үш мәрте Бүкілодақтық шығармашылық байқаудың лауреаты атанған. 1980 жылы газет «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. 1990 жылдың қаңтар айынан бастап «Көкшетау» деген атпен шыға бастады.
6 жыл бұрын (2004) Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Джон Ордвэй сенім грамотасын тапсырды.
6 жыл бұрын (2004) Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа Мысыр Араб Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Абдел Маугуд Ахмед Махмуд әл-Хабаши сенім грамотасын тапсырды.
3 жыл бұрын (2007) Мемлекет басшысы «Каспий, «Тобыл» және «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру және олардың қызметтерін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.
ЕСІМДЕР
130 жыл бұрын (1880-1919) ақын САБАЛҰЛЫ Ақылбек дүниеге келді.
Қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданында туған. Ахмет Риза мектебінде оқып, парсы, араб, түрік тілдерін жетік білген.
Ақындық өнерде Абайды ұстаз тұтқан. Шығыс әдебиетінің қисса-хикаяларын аударып, қазақ жазба әдебиетінің тақырып көлемін кеңейткен, оқиғалы поэма-дастандар жазып байытқан. «Таһир - Зуһра», «Бозжігіт», «Ибраһим», «Хикмет Ниғмет», «Қырық уәзір», «Алтын балық», «Дандан ғашық» қиссалардың, «Мағшұқнаме» - жастық-махаббат жайындағы өлеңдер, «Назым», «Сұм заман», «Ғибратнама», «Сәтбек батыр» атты шығармалардың авторы. Өз қолынан жазған еңбектерінен үш қолжазбасы бар.
Өлең-жырларының негізгі тақырыбы адамгершілік, адалдық, әділеттік, өнер-ғылым мәселелері. Оның кітаптары Мәскеу, Санкт-Петербор, Қазан қалаларының үлкен кітапханаларында сақталған. Бейіті Жалқайың баурайындағы Сарыой деген жерде.
125 жыл бұрын (1885-1948) әзірбайжан композиторы, музыка зерттеушісі, КСРО халық әртісі, Әзірбайжан Республикасы Ғылым Академиясының академигі, әзірбайжан кәсіби музыкасының негізін салушылардың бірі ГАДЖИБЕКОВ Узеир Абдул Гусейн оғлы дүниеге келді.
Әзірбайжан мемлекеттік консерваториясының профессоры әрі оның директоры болған. 1945 жылдан Әзірбайжан Ғылым Академиясының Өнер институтын басқарған.
Ол тұңғыш әзірбайжан операсындағы «Ләйлі мен Мәжнүннің», «Рүстем мен Зухраб», «Асли мен Керем», «Көроғлы» операларының, «Ері мен зайыбы», «Аршин мал алан» сияқты музыкалық комедиялардың авторы. Композитор өзінің кантаталары, увертюралары арқылы әзірбайжанның симфония музыкасына үлкен үлес қосып, әзірбайжан халық аспаптар оркестрі үшін шығармалар, хорлар, әндер жазды. Сонымен қатар ол әзірбайжан халық әндері жинағының құрастырушысы.
Бірнеше ордендермен марапатталған. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 1975 жылы Баку қаласында Гаджибековтің мұражай-үйі ашылды.
ҚЫРКҮЙЕКТІҢ 18-І, СЕНБІ
Әзірбайжанның ұлттық музыка күні.
Әзірбайжандағы ұлттық музыка күні жыл сайын 18 қыркүйекте, Әзірбайжанның кәсіби музыка өнерінің негізін қалаушы Узеир Абдул Гусейн оғлы Гаджибековтің туған күнінде атап өтіледі.
Арменияда астрономдардың күні.
Арменияның Халық батыры, армян ғалымы, астрофизика саласының негізін салушы Виктор Амбарцумянның туған күнінде жыл сайын аталып өтіледі.
ОҚИҒАЛАР
10 жыл бұрын (2000) «Қазақстан Петролеум» қауымдастығы «Мұнай және газ геологиясы туралы ағылшын, қазақ, орыс тілдеріндегі» терминологиялық сөздігін шығарды.
Сөздікті құрастыруға республикаға белгілі, мұнай және газ өндіру саласына қатысты сарапшылар қатысқан. 3 мың данада шыққан терминологиялық сөздік барлық мұнай компаниясының қызметкерлеріне тегін таратылып берілген.
5 жыл бұрын (2005) Астанада АҚШ-тың халықаралық даму агенттігінің (ЮСАИД), «ЭксонМобил» компаниясының және Қазақстандық несиелендіру орталығының қолдауымен Кәсіпкерлікті дамыту орталығы ашылды.
ЮСАИД-тың кәсіпкерлікті дамыту жобасының шеңберінде Орталық стратегиялық консалтинг бойынша қызмет көрсетеді, Астана қаласының кәсіпкерлері арасында нарық заңдарына негізделген қағидаларды жақсартуға бағытталған қаржы менеджменті, маркетинг және кадрларды басқару бойынша тренингтер өткізіледі.
3 жыл бұрын (2007) Ақмола облысы Бұланды ауданының әкімшілік орталығы Макинск қаласында республикамызда тұңғыш рет минералды мақта жылытқышы бар қабырға материалдарын шығаратын орталық iске қосылды.
Аталмыш материалдар үлкен сұранысқа ие, олар әсіресе ірі құрылыс нышандарына қажет материалдарды «NOVA KSi» ЖШС өндіреді. Шикізат Теміртау қаласындағы «Миттал Стил» корпорациясынан әкелінеді.
1 жыл бұрын (2009) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне қол қойды.
Заң денсаулық сақтау саласындағы заңнаманы жүйелендіруге, оны халықаралық норма мен стандарттарға үйлестіруге, ұлттық медицинаның мәртебесін, азаматтарға сапалы медициналық көмек және медициналық қызмет көрсету деңгейін арттыруға, сапалы дәрігерлік құралдармен, медициналық бұйымдармен және медициналық техникамен қамтамасыз етуге бағытталған.
1 жыл бұрын (2009) Алматыда «Өркениеттің болашағы және өркениеттік серіктестіктің стратегиясы» атты ІІІ Өркениет форумында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Стратегия радикального обновления глобального сообщества и партнерство цивилизаций» атты кітабының таныстырылымы өтті.
ЕСІМДЕР
65 жыл бұрын (1945) Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Жазушылар Одағы Қызылорда облыстық ұйымының төрағасы, жазушы РАХМАТУЛЛА Жақсылық дүниеге келді.
Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) журналистика факультетін бітірген.
1979 жылдан бастап Қызылорда облысында Жаңақорған аудандық «Коммунизм жолы», облыстық «Ленин жолы», Сырдария аудандық «Сырдария» газеттерінде жауапты қызметтер атқарып, 1998-2008 жылдары Қызылорда облыстық «Сыр бойы» газетінің бас редакторы қызметін атқарған.
Әдеби дүниелері 1984 жылдан бастап республикалық баспасөздерде жарияланып келеді. Оның «Қолшатыр», «Шырағың сөнбесін», тағы басқа кітаптары жарық көрді. «Тәуелсіздіктің 10 жылдығы» медалімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
55 жыл бұрын (1955) ғалым, өнертанушы, этнограф, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі ҚОҢЫРАТБАЙ Тынысбек Әуелбекұлы дүниеге келді.
Қызылорда қаласында туған. Қызылорда педагогикалық институтын (Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті), Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген.
Қызылорда педагогикалық институтының оқытушысы, «Өнер» баспасының редакторы, «Кітап жаршысы» газетінің редакторы, Қазақ педагогикалық институты қазақ музыкасы кафедрасының меңгерушісі, «Музыка әлемінде», «Қазақ және әлем әдебиеті» журналдарының бас редакторы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми қызметкері қызметтерін атқарған. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің, Қыздар мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры.
Қазақ музыкасының ежелгі дәуірін тұңғыш зерттеушілердің бірі. Еңбектерінде қазақ эпосы мен этнографиялық тарихын ұштастыра қарастырады.
«Қорқыт ата» атты симфониялық поэма, «Дала суреттері», т.б. соната, музыкалық пьеса, әндер жазған. Қазақ ауыз әдебиеті, әдебиет тарихының мәселелері мен күйшілік, әншілік дәстүрге арналған бірнеше ғылыми-зерттеу еңбектердің, көптеген ғылыми мақалалардың авторы.
ҚЫРКҮЙЕКТІҢ 19-Ы, ЖЕКСЕНБІ
Қазақстан Республикасы халқы тілдерінің күні.
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылғы 15 қарашадағы Жарлығына сәйкес жыл сайын қыркүйектің үшінші жексенбісінде атап өтіледі.
Қазақстанда жүзден аса ұлт және ұлыс өкілдері тұрады. Әр тілдің өзіндік тарихы, басқа да тілдердің тағдырымен байланысты өз тағдыры бар. Тіл арқылы адамдар бір-бірін тауып, рухани мәдениетті, салт-дәстүрді түсінуге үйренеді.
«Смайлдың» туған күні.
1982 жылы 19 қыркүйекте Карнеги - Меллон университетінің профессоры Скотт Фальман (Scott E. Fahlman) компьютерде терілетін мәтінге «күлімсіреп тұрған бет-әлпетті» көрсету үш қос нүкте, дефис және жабылатын жақшадан тұратын қатар келген үш символды пайдалануды ұсынды.
Алғаш рет смайликті пайдаланған хабарлама 2002 жылы пленкада сақталған хабарландырулар тақтасының мұрағатынан табылды.
25 жыл ішінде смайлик электрондық қарым-қатынастың айнымас белгісі болып қалды. Ол чат немесе электрондық поштамен қарым-қатынас жасауда дауыс интонациясы мен ым-ишараның жетіспей тұрғанын түсінді. Смайликтер әңгімелесушіні дұрыс түсінуге, оның көңіл-күйін байқауға көмектеседі, олар өте қызық және жағымды эмоция тудырады.
ОҚИҒАЛАР
55 жыл бұрын (1955) Оралда «Уралагрореммаш» зауытының негізі қаланды.
Зауыт орманды қорғау станциясының орына салынды. Кәсіпорын тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде іске қосылып, ауыл шаруашылық техникасын жөндеу саласында мамандандырылды. Сол жылдары кәсіпорын өзінің саласы бойынша республикамыздағы және Одақтағы зауыттар арасында алдыңғы қатарларға шықты. Кәсіпорын Қазақстандағы зауыттар арасында бірінші болып Ленин және Қазан көтерілісі ордендерімен марапатталды. Қазіргі уақытта «Уралагрореммаш» АҚ ауыл шаруашылық және өртке қарсы техникаларын шығарады, соның ішінде ЖВП-9 жаток маркасы мен зиянды жәндіктерді жою жұмыстарына арналған бүріккіштер бар. Кәсіпорның қуаттылығы жылдан-жылға өсіп келе жатыр, біздің республикамызда және шетелде сұраныстағы жаңа өнімдердің түрлері шығарылып жатыр. Кәсіпорында металл және темірбетон құрастырмаларын тоттан қорғайтын ыстық мырыш желісі іске қосылған. Осындай өңдеуден өткен металдар өзінің алғашқы кейпін жағымсыз экологиялық ортада 20 жылдан 60 жылға дейін сақтайды. Акционерлік қоғамның жанынан шығарылған өнімдерге қызмет көрсету мақсатымен «Казагросервис-Урал» МТС құрылған. Сонымен қатар, кішігірім трансформаторлық станцияларын құрастыратын «Казэлектрощит» ЖШС-ы «Уралагрореммаш» АҚ-ы құрылтайшысы болып табылады. Осы акционерлік қоғамның және ресейлік «Ростсельмаш» АҚ-ның негізінде «Нива-Эффект» комбайн маркаларын құрастыратын Біріккен кәсіпорын құрылған және сол техникаға қызмет көрсететін орталық жұмыс істейді.
15 жыл бұрын (1995) Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен шекарасында кедендік бақылауды жою туралы» Жарлығы шықты.
9 жыл бұрын (2001) Алматыда Елбасы Н.Ә.Назарбаев АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ларри Нэппермен кездесті. Елші Елбасына сенім грамотасын табыс етіп, Н.Ә.Назарбаевқа, Қазақстан халқына және Үкіметіне өз елдерінде орын алған қайғылы күндерде қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді. Осы күні, Н.Ә.Назарбаевқа ГФР-дің Қазақстандағы елшісі Андреас Кертинг сенім грамотасын табыс етті. Кездесу барысында қазан айына жоспарланған Елбасының ГФР-ға ресми сапары, еліміздің экономикасына неміс инвестициясын тарту және экономикалық-сауда қарым-қатынасын бекіту мәселелері талқыланды.
5 жыл бұрын (2005) Алматыда жаңа ақпараттық-консультациялық «Жасыл телефон» қызметі жұмыс істей бастады.
Ұйымдастырушысы және бастаушысы - ЭкоФорум ресурстық орталығы.
«Жасыл телефон» алматылықтарды табиғатты әр түрлі ластануларда және зиян келтірілген жағдайларда көмектеседі, әсіресе ағаштарды шабу, көзделмеген жердегі қоқыстар пайда болған кезде. Алматы қаласының әрбір тұрғынының таза қоршаған ортада өмір сүру құқығы бұзылған жағдайда орталыққа хабарласып тегін кеңес алады. «Жасыл телефон» операторларына түскен қоңыраулардың негізінде экологиялық тәртіпті қамтамасыз ететін қызметтерге ресми сұраныстар жіберіледі және хабарласқан азаматтарға пайда болған жағдайда қандай шара қолданылғаны туралы ақпарат беріледі.
«Жасыл телефон» орталығы Қазақстанның бес аймағында жұмыс істейді, ол аймақтың экологиялық жағдайын қадағалап жүйелі негізде нақты мәлімет жинайды және жергілікті басқарушы органдардың қоршаған ортаны қорғауға қолданылып жатқан шаралары туралы азаматтарға ақпарат таратады.
5 жыл бұрын (2005) Жамбыл облысы Шу ауданы Жаңа жол ауылында қазақтың халық батыры, дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, қазақтың көрнекті жазушысы Бауыржан Момышұлына арналған ескерткіш орнатылды.
Момышұлы Бауыржан (1910-1982) - Кеңес одағының батыры, екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, қазақтың көрнекті жазушысы. Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекенінде дүниеге келген.
Офицердің күнделігі», «Бір түннің тарихы», «Біздің семья», «Москва үшін айқас» «Жауынгердің тұлғасы», «Майдан», «Майдандағы кездесулер», «Генерал Панфилов», «Төлеген Тоқтаров», «Куба әсерлері», «Ел басына күн-туса», «Ұшқан ұя», «Адам қайраты» повестері мен әңгімелерінің авторы.
Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар Достығы, 1-дәрежелі Отан соғысы, 2 рет Қызыл Жұлдыз, «Құрмет белгісі» сынды орден-медальдармен марапатталса, халқының шын мәніндегі қаһарман ұлына Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін «Кеңес одағының батыры» атағы берілген.
3 жыл бұрын (2007) Алматыда Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының интернеттегі сайтының таныстырылымы болды.
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы қоғамы 1989 жылы құрылған. Сайтқа www.kaztil.kz адресі бойынша шығуға болады.
Интернеттегі сайты «Қазақ интернеті» қоғамдық бірлестігі жасап шыққан, онда «Алаш мұрасы», «Сөз төркіні», «Іс қағаздары», «Тілдік ахуал» мен «Сөздіктер» деп аталатын айдарлар бар.
3 жыл бұрын (2007) Социалистік Еңбек Ері Қарасай Сариевтің (1907-1982) 100 жылдығына орай Оралдағы тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды.
Бөкей Ордасы ауданы Бисен ауылында дүниеге келген Қарасай Сариев 1927 жылы Астрахан қаласында балық дайындау мекемесінде жұмыс жасады. Содан кейін елге оралып, ауыл шаруашылығы артелінде, Бисен ауылдық кеңесінде, «Алғашық» ұжымшарында еңбек етті. Ұзақ жылдар бойы шаруашылық басқарған Қ.Сариевке 1948 жылы Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
ЕСІМДЕР
105 жыл бұрын (1905-1983) ақын ТОҚМАҒАМБЕТОВ Асқар дүниеге келді.
Қызылорда облысының Тереңөзек ауданында туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Ташкент политехникумында, Мәскеу Баспа институтын бітірген.
«Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттері мен «Ара» журналында қызмет істеген. Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент, Қызылорда облыстары бойынша жауапты хатшысы болған.
1928 жылдан бастап өлеңдері мен поэмалары, очерктері мен фельетондары сан рет жеке кітап болып басылып шықты. Отан соғысы жылдарында жауынгерлердің майдандағы ерліктерін, халықтар достығы, соғыстан кейінгі жылдарда бейбіт өмір тынысын өз шығармаларына арқау етті. «Хат», «Бақыт кілті», «Қаскелең», «Өмірге жол», «Агроном көктемі», «Батыр Әли», «Ақын тағдыры», «Кремль сақшысы», «Ажалды жеңген алыптар», «Батырлар дастаны», «Уборщица», «Берлин көшесінде», «Испания», «Қараңғы түнде», «Рейн жағасында» поэмаларының, «Біздің Сәуле», «Қош аман бол», «Бәтиманың хаты», «Күт мені», «Сүйген жарға» тағы басқа әнге арналған өлеңдерінің, Ыбырай Жақаев өмірін бейнелейтін «Қыран тұғырдан ұшады», Қазан революциясының қарсаңындағы ауыл өмірін суреттейтін «Ақмоншақ» (О.Бодықовпен бірге), «Қарбаласта» повестері мен романдарының, «Жыр күмбезі» атты тарихи романның авторы. «Екі заң», «Сайлау», «Алдар-көсе», «Бір семья» атты пьесалары бар. С.Айнидің «Құлдар» романын қазақшаға аударды.
Октябрь Революциясы, 1-дәрежелі Отан соғысы, үш рет Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған.
50 жыл бұрын (1960) «БТА Банк» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, экономика ғылымдарының кандидаты САЙДЕНОВ Әнуар Ғалимоллаұлы дүниеге келді.
Мәскеу қаласында туған. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, аспирантурасын және Лондон университетін бітірген.
1994-1996 жылдары - Еуропалық қайта құру және даму банкінің консультанты, банкирі. 1996-1998 жылдары - ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары. 1998-1999 жылдары - ҚР Инвестиция жөніндегі мемлекеттік комитетінің атқарушы директоры, ҚР Инвестиция жөніндегі агенттігінің төрағасы. 1999-2000 жылдары - ҚР қаржы вице-президенті. 2000-2001 жылдары - «Қазақстан Эксимбанкі» ЖАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы. 2000-2004 жылдары - «Қазақстан Халықтық жинақтау банкі» ААҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы, төрағасы. «Қазақстан Халықтық жинақтау банкі» ААҚ Директорлар кеңесі төрағасының міндетін атқарушы, төрағасы, 2004-2009 жылдары ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары, төрағасы қызметтерін атқарған. 2009 жылдан «БТА Банк» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының кеңесшісі, 17 ақпаннан «БТА Банк» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің шешімімен басқарма төрағасы болып тағайындалған.
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен және «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерейтойлық медальдармен марапатталаған.