ҮКІМЕТ
Қыркүйектің 2-сінде Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мектептердің жаңа оқу жылына әзірлігі бойынша селекторлық кеңес өткізеді.
Қыркүйектің 2-сінде «Дипломат» отелінде ЕурАзЭҚ елдерінің Әділет министрлері кеңесінің 15-ші мәжілісі өтеді
Қыркүйектің 2-сінде Сыртқы істер министрлігінде Мемлекеттік хатшы-Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаевтың Жапония Парламенті Өкілдер палатасының Халықаралық істер жөніндегі комитетінің төрағасы Мунеэ Судзукимен кездесуі болады.
ПАРЛАМЕНТ
Қыркүйектің 2-сінде Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысы өтеді.
ҚОҒАМ
Тамыздың 11-інде мұсылман әлемінің маңызды мерекелерінің бірі - Қасиетті Рамазан айы басталды . Қасиетті Рамазан айында ораза ұстау биыл тамыздың 11-інен қыркүйек айының 9-ына дейін жалғасады.
Тамыздың 9-ы мен қыркүйектің 9-ы аралығында Венадағы Палфи сарайында «Ұлы Жібек жолы» жобасының аясында қазақстандық реставратор-суретші Қырым Алтынбековтың археологиялық жаңартылған жәдігерлері мен шығармашылық туындылары, сондай-ақ Қазақстанның қазіргі заманғы суретшілерінің көшпелі көрмесі таныстырылады.
АСТАНА
Қыркүйектің 2-сінде «Бәйтерек» медиа-орталығында алдағы Азиада ойындарына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
Қыркүйектің 2-сiнде Астанада әйгiлi қазақ футболшысы Сейілдә Байшақовтың 60 жылдығына арналған матч өтедi.
Қыркүйектің 2-сінде «Жастар» сарайында «Астананың үздік тауары -2010» аймақтық конкурс-көрмесі өтеді.
Қыркүйектің 2-сінде «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында партия Төрағасының бірінші орынбасары Н.Нығматуллин Қытай Коммунистік партиясының делегациясымен кездеседі.
Қыркүйектің 2-сінде «Нұр Отан» партиясының Астана филиалында Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы болады.
АЛМАТЫ
Тамыздың 25-і мен қыркүйек айының 15-і аралығында Алматыда ҚР-ның сауда-өнеркәсіп палатасы қала әкімдігінің көмегімен, отандық көрме компаниялармен және басқа да бизнес құрылымдардың қолдауымен "ана өлімі" мәселесіне назар аударуға және елімізде оның көрсеткішін азайтуға бағытталған «Өмірді қолдау» атты қайырымдылық акция өткізеді.
Қыркүйектің 2-сінде «Жайлау» гольф-клубында гольфтан Kazakhstan Open 20010 - European Challenge Tour 6-шы кәсіпқойлар турнирін өткізуге арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
Қыркүйектің 2-сінде «Арман» кинотеатрында «Москва, я тебя люблю!» фильмінің премьералық көрсетілімі болады.
Қыркүйектің 4-5-і аралығында Алматыда «Nurtau» гольф клубында дәстүрлі "Seimar Open" атты Қазақстанның XIII-ші гольф чемпионаты өтеді.
Қыркүйектің 4-12-сі аралығында Алматыда Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының гастролі өтеді.
ҚАРАҒАНДЫ
Қарағандыда қыркүйектің 1-інен бастап қалаішілік жолаушылар тасымалдау көліктерінде жол жүру ақысы 50 теңгеге дейін көбейтіледі (автордан - осыған дейінгі тариф - 30 теңге).
ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР. АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕСІМДЕР
ҚЫРКҮЙЕКТІҢ 2-І, БЕЙСЕНБІ
Вьетнамның Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1945).
Вьетнам Оңтүстік-Шығыс Азияда орналасқан мемлекет. Солтүстігі Қытаймен, батысы Камбоджа және Лаоспен, шығысы мен оңтүстігі Оңтүстік-Қытай теңізімен шектесіп жатыр. Астанасы - Ханой қаласы. Мемлекеттік тілі - вьетнам тілі. Ақша бірлігі - жаңа донг.
Қазақстан Республикасы мен Вьетнам арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы 26 қыркүйекте орнатылған.
ОҚИҒАЛАР
15 жыл бұрын (1995) Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен жазушы Морис Давидович Симашко «Қазақстанның халық жазушысы» атағын алды.
Симашко Морис Давидович (1924-2000) - Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Президентінің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ұлы Отан соғысының ардагері. Одесса педагогикалық институтын, Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Жазушы шығармаларының басты тақырыбы - Қазақстан, Ресей, Орталық Азия және Таяу Шығыстың тарихы мен ежелгі мәдениеті болды. Көркем аударма саласында І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясын, тағы басқалардың шығармаларын орыс тіліне тәржімалады.
5 жыл бұрын (2005) Алматыда «Казахстан: история успеха глазами мирового сообщества» атты кітаптың таныстырылымы болып өтті
Ұйымдастырушысы - Қазақстанның Атамекен жалпы ұлттық кәсіпкерлер және жұмыс берушілер одағы.
Бұл Қазақстан туралы басқа мемлекеттер басшыларының, беделді саясаткерлердің, ғалымдардың, бизнесмендер мен журналисттердің айтқан пікірлері жинақталған бірінші кең көлемді жинақ болып отыр. «Казахстан: история успеха глазами мирового сообщества» атты кітабын жазу идеясы жалпы ұлттық кәсіпкерлер және жұмыс берушілер одағының шағын және орта бизнестің жаңа идеологиясын іздестіру кезінде пайда болды.
Кітап қазақ және орыс тілдерінде Алматының «Таймас» баспа үйінен басып шығарылған.
3 жыл бұрын (2007) Қазақстанда алғашқы рет күрт тілінің оқулығы жарық көрді.
Авторы - «Барбанг» күрттер қауымдастығының президенті Князь Мирзоев.
Қазақстанда қазіргі кезде күрт ұлттының 50000 өкілі тұрып жатыр. Күрт ұлтты өкілдерінің басым бөлігі Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында байқалған. Аталмыш жерлерде күрт ұлтының мәдениет орталықтары және күрт тілінде оқытатын мектептер ашылып жатыр. Республикамыздың Алматы, Шымкент және Тараз қалаларында ұлттық-мәдениет орталықтары жұмыс істейді, орыс тілінде ай сайынғы «Курде Зана» газеті шығады. Жұмыс істеп тұрған «Барбанг» Қазақстандағы күрттер қауымдастығы Қазақстан халқы ассамблеясына бірінші болып кірген қоғамдық ұйым болып табылады.
3 жыл бұрын (2007) Алматы қаласының орталық көрме залында «Мәскеу. 10 жылдық өрлеу кезеңі» атты көрме ашылды.
Бұл бұрынғы кеңестік ресупубликалар арасындағы өзара көрмелер алмасу жөніндегі іскерлік келісім-шарт бойынша алғаш рет жүзеге асып отырған шара болып саналады. Онда 140 ұлт пен ұлыс өкілдерінен құралған 13 миллионнан астам тұрғыны бар қала тарихынан сыр шертетін фотосуреттер топтамасы көрермен назарына ұсынылды. 1990 жылдардың бас кезінде Мәскеу өмірінде мемлекеттік, экономикалық, әлеуметтік және мәдени салаларда түбегейлі өзгерістер болды. Ресей астанасы бұл күнде жаңару кезеңін бастан кешуде. Қалада іскерлік орталықтар, кеңселік кешендер мен сауда және ойын-сауық орталықтары бой түзеуде.
1 жыл бұрын (2009) Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімінің полицейлері қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан әріптестерін еске алу құрметіне обелиск орнатты.
Жамбыл ауданнының орталығы Пресновкада ескерткіш орнату туралы шешім офицерлер жиналысында қабылданған болатын, ал қаржыны полицейлердің өзі жинады.
Сергей Васильченко, Ерік Оспанов, Александр Гордеевтердің есімін ауданның әрбір тұрғыны біледі. Олар - әр жылдары қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полицейлер.
Обелискінің ашылу рәсіміне аудан басшылары, ішкі істер органдарының ардагерлері, қаза болған қызметкерлердің туыстары шақырылды. Бір минуттық үнсіздіктен және үш дүркін оқ атылған соң ескерткішке гүл шоқтары қойылды.
ЕСІМДЕР
50 жыл бұрын (1960) саясаттанушы, Павлодар облысы жер қатынастары басқармасының бастығы ҚОЖАНОВ Жұмагелді Оралбекұлы дүниеге келді.
Павлодар қаласында туған. Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтын, Свердловск Жоғары партия мектебін бітірген.
1983-1986 жылдары - зоотехник, бас зоотехник. 1986-1989 жылдары - Павлодар облысы Ермак ауданында Ермак партия қалалық комитетінің ауыл шаруашылығы бөлімінің нұсқаушысы, Калинин кеншары партия комитетінің хатшысы. 1991-1993 жылдары - Павлодар облысы Павлодар совхоз-техникумы директорының өндіріс жөніндегі орынбасары. 1993-1997 жылдары - Павлодар облысы Ақсу ауданы «Сарышығанақ» ұжымдық кәсіпорын төрағасы. 1997-1999 жылдары - Павлодар облысы Ақсу ауданында «Мадина К» шаруа қожалығының басшысы, Павлодар облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің инспекторы. 1999-2000 жылдары - Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары. 2000-2007 жылдары - Павлодар ауданы әкімінің орынбасары. 2007-2009 Павлодар облысы ауылшаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде - 2009 жылдың маусым айынан.
35 жыл бұрын (1975) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Қарағанды облысы бойынша басқармасының бастығы, Тәртіптік кеңестің төрағасы БӨЛЕКБАЕВ Ермағанбет Қабдоллаұлы дүниеге келді.
Қарағанды облысы Шет ауданында туған. Евней Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.
«Қазкоммерцбанк» Ашық акционерлік қоғамы филиалының жобалар мен сауданы қаржыландыру бөлімінің экономисі, Астана қаласындағы «Бизнес-Ақпарат» ақпараттық-коммерциялық орталығы өкілдігінің директоры. 1998 -2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің сауда қызметін реттеу департаментінің экспорттық бақылау және экспорт пен импортты лицензиялау басқармасы бастығының орынбасары, бөлім бастығы, бас маманы. 2003-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі, Павлодар облысы әкімінің көмекшісі, Павлодар облысы әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары. 2006-2008 жылдары - Павлодар қаласы әкімінің аппарат жетекшісі, Павлодар облысы Павлодар ауданының әкімі. 2008-2009 жылдары - Павлодар облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы қызметтерін атқарған. Аталған қызметінде - 2009 жылдан.
ҚЫРКҮЙЕКТІҢ 3-І, ЖҰМА
Тунисте тәуелсіздік қозғалысы күні.
1955 жылы маусым айында Франция елдігі тәуелсіздік алу мақсатында болған қозғалыстарға байланысты Тунис еліне тәуелсіздік алуына келісімін берген. Сол күннен бастап Тунисте тәуелсіздік қозғалысы күні аталып келеді.
ОҚИҒАЛАР
5 жыл бұрын (2005) «Мир» мемлекетаралық телерадиокомпаниясы мен Қазақ мәдени орталығының қолдауымен Нью-Йоркте белгілі қазақстандық суретші Ғали Мырзашевтің көрмесі ашылды.
Ғали Мырзашев - кең диапазонды суретші, ол кескіндеме, сценография және кітап графикасы саласында жұмыс істейді, түрлі халықаралық байқаулардың лауреаты.
3 жыл бұрын (2007) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен елордадағы халықаралық республикалық қазақ-түрік лицейі салтанатты түрде ашылды.
Мектепте керемет жабдықталған спортзал, бассейн, конференц- және акт залдары, кабинеттерге мультимедиа жабдықтары орнатылған. Мектеп 1 000 оқушыға есептелген. Гуманитарлық сабақтары қазақ тілінде, ал техникалық сабақтар ағылшын тілінде өтеді. Орташа есеппен алғанда оқудың жылдық құны 4000 АҚШ доллары.
3 жыл бұрын (2007) Қазақстан тарихында тұңғыш рет Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барлық қазақстандық оқушылар үшін «Жаңа Қазақстан - жаңа әлемде» интерактивті сабағын өткізді. On-line режимінде өткен сабаққа республика бойынша мыңдаған оқушылар қатысты.
1 жыл бұрын (2009) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола облысының Щучье ауданы Бурабай ауданы деп өзгертілді.
1 жыл бұрын (2009) Атырауда әлемдік мұнай индустриясы туралы бірінші қазақстандық «Мұнай: кеше, бүгін, ертең» атты кітаптың таныстырылымы өтті.
Осы ғылыми-танымал басылым мұнай туралы ғаламдық, әлемдік ауқымда біздің еліміздегі көмірсутек ресурстарын өнеркәсіптік өндірудің ғасырлық тарихын қамтитын қазақстандық автормен жазылған энциклопедиялық сипаттағы бірінші зерттеу жұмысы болып табылады.
Авторы - экономика ғылымдарының докторы, профессор, Минералдық ресурстар халықаралық академиясының, Халықаралық инженерлік академиясының және Еуразия экономикалық академиясының академигі Равиль Тәжіқараұлы Шырдабаев. Әр түрлі уақытта Украинада және Молдовада елші, Атырау облысы әкімшілігінің басшысы, Тәуелсіз Қазақстанның мұнай және газ өнеркәсібінің тұңғыш министрі қызметтерін атқарған.
ЕСІМДЕР
90 жыл бұрын (1920-2004) жазушы, драматург, сценарист, режиссер МУХЛИСОВ Юсупбек дүниеге келді.
Шығыс Түркістанның Қашқар округінде туған. Шынжаң институтын бітірген.
1942 жылы Тарбағатай округтік Ұйғыр ұйымына режиссерлық қызметке шақырылған. «Ревизор», «Бай мен малай», «Екі байға бір қызметкер», «Аршин мал алан» сияқты шығармаларды сахнаға қойған. «Жалынды оттар» атты тұңғыш тарихи пьесасын жазған. 1957 жылы Үрімшіде шыққан «Садыр палуан» тарихи повесі кейін романға айналып, «Жазушы» баспасынан жарық көрген. 1960 жылдың аяқ шенінде Шығыс Түркістаннан Алматыға келіп, Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының ұйғыртану бөлімінде жұмыс істеген.
60 жыл бұрын (1950) 3 санатты мемлекеттік әділет кеңесшісі, Қазақстан Республикасы прокуратурасының Құрметті қызметкері, Ақтөбе облысының прокуроры КОРЧАГИН Виктор Михайлович дүниеге келді.
Ресей Федерациясының Чита қаласында туған. Свердлов заң институтын бітірген.
1973-1976 жылдары - Ерейментау аудандық прокуратурасының тергеушісі. 1976-1984 жылдары - Балқаш ауданының прокуроры. 1984-1987 жылдары - Целиноград қаласы (қазіргі Астана) Совет ауданының прокуроры. 1987-1991 жылдары - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бөлім бастығы, Тергеу басқармасы бастығының орынбасары. 1991-1993 жылдары - Семей облысының прокуроры. 1993-1996 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры. 1996-2001 жылдары - Павлодар облысының прокуроры. 2001-2005 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры. 2005-2010 жылдары Астана қаласының прокуроры қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде - 2010 жылдың шілдесінен.
ҚЫРКҮЙЕКТІҢ 4-І, СЕНБІ
Ресейде ядролық қамтамасыз ету саласы маманының күні.
Ресей Федерациясы Президентінің 2006 жылғы 31 мамырдағы Жарлығымен бекітілген.
Молдова Республикасының кеден қызметкерлерінің күні.
Молдова Президентінің 1991 жылғы 3 қыркүйектегі Жарлығымен бекітілген.
ОҚИҒАЛАР
5 жыл бұрын (2005) Сеулде Қазақ мемлекеттік педагогикалық қыздар институты (ҚМПҚИ) мен Корея Республикасының Каннам университеті (КУ) арасында Академиялық алмасулар және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Каннам университеті Оңтүстік Кореяның мәртебелі оқу орындарының бірі. Бүгінгі таңда бұл жоғары оқу орны гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдарға мамандануда. Іргесі 1886 жылы қаланған Ихва білім ордасы - әлемдегі аса ірі университеттердің бірі болып табылады. Оның құрамында 14 колледж бар, 21 мың студент оқиды.
3 жыл бұрын (2007) елордадағы «Оберег» ұлттық-мәдени орталығының қолдау көрсетуімен Қазақстандағы украин диаспорасына арналған «Вести Украины» газетінің алғашқы саны жарық көрді.
Басылым айына екі рет, сенбі күндері 4 мың данамен өз оқырмандарына ұсынылады.
1 жыл бұрын (2009) Прагада Чех Республикасында Қазақстан халқының мәдениет күндері ресми түрде ашылды.
Ұйымдастырушысы - Қазақстан Республикасының Елшілігі, «Елім-ай» қазақстандық мәдениет орталығы, Ресей мәдениет орталығы.
Чех Республикасында Қазақстан халқының мәдениет күндері аясында біздің еліміз туралы деректі фильмдер көрсетілді, «Қазіргі Қазақстан» және «Елім-ай - төрт жыл» фотокөрмелері, «Қазақстан - Менің Отаным» балалар суретінің көрмесі болып өтті.
1 жыл бұрын (2009) Астанада «Самұрық-энерго» АҚ мен БҰҰ Даму Бағдарламасы электр энергиясын алу үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану, сондай-ақ Қазақстанда жел және күн электр стансаларын салу жобаларын жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандум бойынша, тараптардың жұмысы Қазақстанда аталған энергетиканың техникалық базасына ұсыныстар жасауға, қажетті талдау шараларын жүргізуге бағытталатын болады, енді Жоңғар қақпасы ауданында, Шелек дәлізінде, Форт-Шевченко аумағында жел электр стансалары құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалмақ.
1 жыл бұрын (2009) Астана қаласының ескі орталық алаңынан «Халықтар достастығы 2009» ұранымен V халықаралық автожорық сапарға аттанды. Автокөліктер Астана-Бурабай-Көкшетау-Қостанай-Ақтөбе-Орал бағыттарымен жалпы ұзындығы 2086 шақырым жолды еңсеретін болады. Автожорықты орайластырып, ұйымдастырған «Mercur auto» компаниясы мен Volkswagen AG концерні.
ЕСІМДЕР
80 жыл бұрын (1930-1996) қазақтың ақыны, жазушы ЖӘКЕНОВ Заманбек дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында туған. Құлжадағы офицерлер даярлайтын әскери мектепті, Үрімжідегі жоғары партия мектебін бітірген.
1955 жылы Қазақстанға қоныс аударған. 1963-1968 жылдары Алматы облысы Жамбыл ауданы «Екпінді еңбек» газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетте жауапты қызметтер атқарған.
«Аяулы қарындас», «Таң самалы» повестерінің, «Қайта айналып келгенше», «Бозқараған» повестер мен әңгімелердің, «Күн көтеріліп келеді» романының авторы.
45 жыл бұрын (1965) Павлодар облысы Баянауыл ауданының әкімі ӘЙТКЕНОВ Ернұр Нұрмұханұлы дүниеге келді.
Павлодар облысының Май ауданында туған. Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтын бітірген.
Еңбек қызметін 1989 жылы зоотехник болып бастап, кейін аудандық агроөнеркәсіптік одақтың жетекші зоотехнигі, «Спутник» және «Киров» кеңшарларының бас зоотехнигі, Май ауданының ұжымдық ауылшаруашылық кәсіпорнының директоры қызметтерін атқарған. 2000-2006 жылдары - Қашыр ауданының «Еңбек» шаруа қожалығының атқарушы директоры, Павлодар облысының Павлодар аудандық ауылшаруашылық басқармасы бастығының орынбасары, Қашыр ауданының «Песчанский» асыл тұқым орталығы МКК директоры. 2006-2010 жылдары - Павлодар облысы Май ауданының әкімі. Қазіргі қызметінде - 2010 жылдың 30 наурызынан.
ҚЫРКҮЙЕКТІҢ 5-І, ЖЕКСЕНБІ
Барлық мұсылман қауымы үшін қасиетті Қадір түні (2010жылғы қыркүйектің 5-нен 6-на қараған түн - 1431 хижра жылының 26-27-ші рамазаны).
Айлардың ұлығы - Рамазан, күндердің ұлығы - жұма болса, түндердің шапағаттысы - Қадір түні. Бұл түні тек бір Аллаға мадақ айтылып, Жаратушы иеден тілек тіленеді. Таң атқанша айтылған тілек-ниеттің барлығы періштелер арқылы Алла тағалаға жеткізіледі. Сол үшін де барша мұсылман қауымы бұл түнді асыға күтеді.
Қадір түні ұлық пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) Аллаһтан уаһи келіп, Құранның алғашқы сүрелері түсе бастаған. Бұл түні мұсылман жамағат орталық мешітке жиналып, таңды ұйқысыз қарсы алып, Аллаға мінәжат етеді. Осы түні оқылған аяттың сауабы мың айға, яғни, 83 жылға тең деп саналады.
Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығына сәйкес қыркүйектің бірінші жексенбісінде атап өтіледі.
ОҚИҒАЛАР
5 жыл бұрын (2005) Алматыда Ұлттық тұз өндірушілер қауымдастығы құрылды.
Шараға Азия даму банкі, ЮНИСЕФ пен басқа да халықаралық және үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты.
Қауымдастық жұмысы елдегі тамақ өнімдерін шығарумен айналысатын кәсіпорындармен тығыз байланыс орнатып, тамақ нарығы маркетингі мен йод тапшылығы салдарынан ауруға шалдыққан тұрғындардың денсаулығын қадағалайтын болады. Бағдарлама «Йод тапшылығы ауруларын алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының заңы іске асуына байланысты қабылданды.
5 жыл бұрын (2005) Қостанайдағы №23 орта мектеп ғимаратының қасбетіне белгілі ғалым
Манаш Қозыбаевтың (1931-2002) құрметіне ескерткіш тақта орнатылды.
Қазақстанның Ата заңын жасауға атсалысқан тарихшы және заңгер, академик Манаш Қозыбаевтың туған жері - Қостанай өңірі. Ғалымның аты берілген Қостанай мектебінің тәрбие жұмысына марқұмның идеялары мен ойлары негіз болып отыр. Атап айтқанда, бұл білім ошағында «этномәдени диалог» деп аталатын жоба жұмыс істейді. Балалар осы жобаның көмегімен түрлі халықтардың салт-дәстүрлерін танып білуде.
3 жыл бұрын (2007) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Балқаштағы күкіртті ангидридті кәдеге асыру зауытының ашылу рәсіміне қатысты.
Бұл өндірістегі ең маңыздысы сол, оның арқасында аймақтың экологиялық проблемасы шешілгелі отыр. Күкірт қышқылы өндірісінің іске қосылуы күкірт диоксидінің 99 пайыздан астамын сүзіп алып, оны күкірт қышқылына конверсиялауға мүмкіндік береді.
3 жыл бұрын (2007) қыркүйектің 5-10 аралығында альпинистер бұған дейін ешкім көтерілмеген Іле Алатауының Талғар шатқалындағы Пушкин шыңына шықты.
Теңіз деңгейінен 4387 метр биіктіктегі бұл шың бірде-бір тау биіктігінің классифакторында белгіленбеген. Сондай-ақ осы уақытқа дейін оған бірде-бір альпинистік топ шықпаған.
Пушкин шыңының маршруты ең әдемі шатқалдан басталып, барлық табиғи аймақтарды басып өтеді.
3 жыл бұрын (2007) Оралдағы «Дастан» баспасынан батысқазақстандық қаламгер Қайыр Құрақұланның (Бектұрғанов) «Кері толғау» атты кітабы жарық көрді.
«Кері толғау» деген атпен берілген эсселерінде ұлағатты ата-бабаларының өнегелі үрдісі, өмірдегі ұстанымдары, ірілігі мен мәрттігі сөз болады. 324-беттік қатты мұқабамен шыққан кітап жақсы безендірілген.
Қайыр Құрақұлан - Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Негізгі мамандығы математика пәнінің мұғалімі. Сонымен қатар шығармашылық жұмыспен шұғылданады. Оның бірінші «Арман» атты әңгімесі 1965 жылы облыстық «Орал өңірі» газетінің беттерінде жарияланған. Жазушының шығармашылығында балаларға арналған шығармалар ерекше орын алады. 1976 жылы «Ат жалы» атты повесі «Жалын» баспасының жабық конкурсында үшінші орынға ие болған.
1 жыл бұрын (2009) тұңғыш рет қазақ күйі Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен «Спасская башня» халықаралық әскери-музыкалық фестивалінде орындалды.
Өнер ұжымына Құрметті қарауыл ротасының командирі капитан Қанат Әзімбаев басшылық жасады, ал Президенттік оркестрдің бастығы подполковник Талғат Бердіғұлов дирижерлік етті. Қазақстандық ұландар домбырамен Құрманғазының күйлерін нақышына келтіре орындап, көрермендерді тәнті етті.
1 жыл бұрын (2009) Павлодар облысы Лебяжі ауданындағы Черное ауылында «СМП-Павлодар» ЖШС-нің кірпіш зауыты іске қосылды.
Құны екі миллион теңге болатын, заманауи қытайлық құрал-жабдықтармен жарақталған кәсіпорын жергілікті кен орнының сапалы сазын пайдаланады.
ЕСІМДЕР
85 жыл бұрын (1925-2001) генерал-майор, КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің және Қазақстан Республикасының ҰҚК органдарының құрметті қызметкері МУСТАФИН Асқар Ғаббасұлы дүниеге келді.
Ресей Федерациясы Орынбор облысында туған. Қарағанды тау-кен техникумын, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.
1945 жылдан бастап мемлекеттік қауіпсіздік органдарында жұмыс істеген. 1969-1977 жылдары - Қазақ КСР МҚК екінші басқармасы бастығының орынбасары. 1977-1988 жылдары - Шымкент облысы бойынша МҚК басқармасының бастығы қызметтерін атқарған.
Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.
80 жыл бұрын (1930-1994) жазушы, аудармашы, әдебиеттанушы-ғалым, филология ғылымының кандидаты, доцент ОРДАЛИЕВ Сейділда дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
1956-1958 жылдары - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының ассистенті, аға оқытушысы. 1958-1972 жылдары - Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері. 1972-1976 жылдары Республикалық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1977 жылдан өмірінің соңына дейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының доценті болды.
«Сөз зергері», «Қазақ драматургиясының очеркі» атты монографиялардың, «Қазақ драматургиясы және советтік өмір», «История многонациональной советской литературы» кітаптарының авторы. Түрікмен драматургі Г.Мұхтаровтың «Мен әжейге үйленем» атты комедиясын қазақ тіліне аударған.
75 жыл бұрын (1935) ақын ҚАПШЫҚБАЙҰЛЫ Серік дүниеге келді.
Қытай Халық Республикасында туған. Шыңжаң институтын бітірген.
1994 жылы Қазақстанға қоныс аударған.
Республикалық «Балдырған» журналында бөлім редакторы қызметін атқарған. Қазір шығармашылық жұмыста.
Бірнеше жыр жинақтары мен прозалық шығармалардың авторы. «Жоқ», «Тас» өлеңдер, «Жер басып жүргенде» пьеса мен проза, «Жылқы ішінде ала жүр» өлеңдер мен поэмалар, «Бала» әңгімелер жинағының авторы.