ҚазАқпарат-Анонс: мамырдың 7-сі мен 10-ы аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

None
None
Ақорда Мамырдың 7-сінде Ақордада Елбасының қатысуымен мемлекеттік наградалар табыс етіледі. ҮКІМЕТ Мамырдың 6-7-сінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Азат Бектұров Мәскеу қаласында өтетін Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының төрағалар кездесуіне қатысады. Мамырдың 7-сі күні ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжин Германия Федеративтік Республикасына сапар жасайды. ПАРЛАМЕНТМамырдың 7-сінде Парламент Мәжілісінде пленарлық отырыс өтеді. ҚОҒАМЕлімізде 2009 жылғы ақпанның 17-сі мен шілденің 1-і аралығында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жарияланды.Сәуірдің 15-і мен мамырдың 20-сы аралығындағы «Ең үздік студент ? 2009» республикалық сыйлығына байқау өтеді. Байқау 8 аталым бойынша жүргізілмек. Олар ? журналистика, ғылым, спорт, халықтық шығармашылық, дизайн және қолданбалы өнер, музыкалық- эстрадалық өнер, әдебиет және қоғамдық жұмыстар. Сайысқа 16 мен 25 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Жеңімпаздарға «Ең үздік студент ? 2009» атағы беріліп, диплом, мүсінше мен бағалы сыйлық табыс етіледі.Сәуірдің 27-сі мен мамырдың 11-і аралығында «Жастардың кадрлық резерві» атты жобаның байқауы өтеді. Елбасы тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылып отырған бұл байқауға жиырма тоғыз жасқа дейінгі отандық және шетелдік оқу орнын бітірген жас мамандар мен ЖОО-ның соңғы курс студенттері қатыса алады. Сәуірдің 29-ы мен мамырдың 16-сы аралығында Қытайдағы қазақтар шоғырлана қоныстанған 4 қала, 14 ауданда Қазақстан мен Қытай қазақтары айтыс өнерінің саңлақтары «Жекпе-жек» айтысын өткізбек.Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) мемлекет басшыларының кезекті кездесуі қарсаңында мамырдың 4-інде Екатеринборда ШЫҰ Жастар ассамблеясының құрылтай конференциясы өтеді. ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕММамырдың 5-і 14-і аралығында Қазақстанға БҰҰ-ның азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлері мәселелері жөніндегі арнайы баяндамашысы Манфред Новак келеді. Сапар кезінде М.Новак біздің елміздің ресми тұлғаларымен, адам құқықтарын қорғау жөніндегі ұлттық институттарымен, азаматтық қоғам және халықаралық ұйымдар өкілдерімен кездеседі. Ел ішін аралау кезінде БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы қазақстан түрмелеріне зиярат жасайды. АСТАНАЕлордада ағымдағы жылғы мамырдың 1-інен бастап «Астанаэнергиятарату» ЖШС электр энергиясына тарифтерді 1 кВт/сағатқа 5,62 теңгеден қосымша құн салығын қоса есептегенде 6,04 теңгеге дейін өсірмек.Мамырдың 7-сінде «Отан қорғаушылар» монументінің алдында Қорғаныс министрі Даниал Ахметовтың қатысуымен ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді. Мамырдың 7-сінде «АЛЖИР» кешенінде Жеңіс күніне арналған салтанатты шара өтеді. Мамырдың 7-сінде «Бейжің Палас» қонақүйінде қытай тілінен «Қытай тілі көпірі» конкурсы өтеді. Мамырдың 7-сінде Астана әуежайында Әбу-Дәби-Астана-Әбу-Дәби тұрақты рейсінің ашылу рәсімі өтеді. Мамырдың 7-сінде «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратының кеңсесінде республикалық жастар ұйымдары мен бірлестіктері жетекшілерінің кездесуі өтеді. АЛМАТЫ Мамырдың 7-сінде Орталық зираттағы Даңқ мемориалына, жаңа алаңдағы Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қою рәсімдері болады. Мамырдың 7-сінде Б.Момышұлы атындағы әскери мектепте Батырдың ескерткішіне гүл шоқтарын қою салтанатты рәсімі өтеді. Мамырдың 7-сінде ҚР Тұңғыш Президентінің Қорында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған мерекелік концерт болады. Мамырдың 7-сінде «Темірдос» спорт кешенінде ауыр атлетикадан Азия чемпионатына арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Алматыда мамырдың 9-ы күні ҚР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, әнші Мақпал Жүнісованың «Көктем келді, дүние жыр жырлайды...» деп аталатын ән кеші өтеді. АЙМАҚАЛМАТЫ ОБЛЫСЫМамырдың 11-і мен 15-і аралығында Талдықорғанда ауыр атлетикадан Азияның кезекті чемпионаты өтеді. -------------------------------------------------------------------------------------------------- АТАУЛЫ КҮНДЕР, ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАРМАМЫРДЫҢ 7-СІ, БЕЙСЕНБІОтан қорғаушы күні. 1992 жылғы мамырдың 7-інде Мемлекеттік қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Дәл осы күні республика аумағындағы КСРО Қарулы Күштерінің құрамындағы мекемелер, бөлімдер, құрамалар Қазақстан Республикасының құзыретіне берілді. 7-ші мамыр ? Отан қорғаушы күні болып жарияланды.Радио күні. 114 жыл бұрын (1895) орыс ғалымы Александр Степанович Попов Орыс физика-химия қоғамының мәжілісінде әлемдегі алғашқы радиоқабылдағышты жұртшылыққа көрсетті.Ресей Федерациясындағы Балтық флота мерекесі. 1703 жылы орыс кемелерінің шведтік желкенді кемелерді жеңген құрметіне орай жылсайын атап өтілетін мереке. 1996 жылдан бері атап өтіледі.Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің құрылған күні. 1992 жылы мамырдың 7-інде Ресей Федерациясының Президенті Ресей Федерациясының Қарулы күштерін және Қорғаныс министрлігін құруды ұйымдастыру шаралары туралы бұйрыққа қол қойды.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР34 жыл бұрын (1975) Өскемен қаласындағы Ертіс өзенінің жағасында Ұлы Отан соғысы жылдарында мерт болған шығысқазақстандық азаматтарға ескерткіш орнатылды.17 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасы Презеиденті Н.Назарбаевтың Жарлығымен Мемлекеттік қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Алғашқы Қорғаныс министрі ? Сағадат Нұрмағамбетов. Қазіргі Қорғаныс министрі ? Даниал Ахметов.12 жыл бұрын (1997) Алматыдағы Мечников көшесіне жазушы, ғалым, қоғам қайраткері Әди Шәріповтің есімі берілді. 10 жыл бұрын (1999) Рейхстагқа алғашқылардың бірі болып Жеңіс туын тіккен Рахымжан Қошқарбаевқа (марқұм) ? «Халық қаһарманы» атағы берілді.9 жыл бұрын (2000) Астанада Ауғанстанда қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіш ашылды. Ескерткіштің гранит тақтасында 761 жауынгердің аты-жөні жазылған. 75 жыл бұрын (1934) Филиппинде салмағы 6,37 кг болатын әлемдегі ең үлкен маржан табылды. Ғажайып маржанды Питер Хоффман мен Виктор Барбиш 200 мың долларға сатып алды. 1984 жылы Сан-Францискодағы бағалы тастар зертханасы маржанды 42 миллион долларға бағалады. ЕСІМДЕР80 жыл бұрын (1929) қарақалпақ жазушысы ҚАЙЫПБЕРГЕНОВ Төлепберген дүниеге келді. Қаламгер «Әмудария» журналы редакциясында, Қарақалпақ АКСР Жазушылар одағында, Министрлер кеңесі жанындағы Радио хабарын тарату комитетінде жауапты қызметтер атқарған. Оның «Суық тамшы», «Ұйқысыз түндер» повестері, «Қарақалпақ қызы», «Маман би туралы хикая», «Бақытсыздар» романдары жарық көрген. Жазушының көптеген шығармалары қазақ, орыс, өзбек тілдеріне аударылған. МАМЫРДЫҢ 8-І, ЖҰМАБүкілдүниежүзілік Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест күні. 1953 жылдан бастап, «Қызыл Крест» халықаралық қоғамының негізін қалаушы, швейцар гуманисі, қоғам қайраткері, Нобель сыйлығының иегері Анри Дюнанның құрметіне жыл сайын атап өтіледі. Ал қозғалыстың өзі 1863 жылы Жаралыларға көмек көрсету жөніндегі халықаралық комиссия құрылған кезде пайда болып, алғашында соғыс майдангерлеріне және ұрыс барысында жарақаттанғандарға көмек көрсететін болған. 1864 жылдың тамызында Швейцарияда қол қойылған конвенцияға сәйкес, дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің символы ретінде ақ түстегі Қызыл Крест алынған. 1906 жылы Осман империясында мұсылман елдерінің Қызыл Крестке ұқсас Қызыл Жарты ай қайырымдылық қоры құрылды. Осы екі қауымдастық та Женева қаласында штаб-пәтері орналасқан Халықаралық комитетке бағынышты. Әскери уақытта Комитет соғысушы елдермен және Қызыл Крест пен Қызыл Жарты ай аумақтық бөлімшелері арасында делдалық қызмет атқарады. Бұл ұйымның өкілдері тұтқындар мен босқындар лагерлері аймағына бөгетсіз өту құқықтары бар. Бүгінгі таңда жоғарыда аталған екі қозғалыс әлемнің 180 еліндегі 400 миллионнан астам адамды біріктіреді. 2002 жылы Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты ай ұлттық қоғамы құрылып, 2003 жылдың желтоқсан айында Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай қоғамдары Халықаралық федерациясына қабылданды.Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын еске алуға арналған зерде және татуласу күні. 2004 жылғы қарашаның 22-інде Бас Ассамблея мамырдың 8-і мен 9-ын зерде және татуласу күні деп жариялап, мүше-мемлекеттердің әрқайсысы өз жеңіс күні, азат етілген күні және мереке күнін белгілей алатынын мойындай отырып, барлық мүше-мемлекеттерге, БҰҰ жүйесіндегі ұйымдарға, үкіметтік емес ұйымдарға және жеке тұлғаларға жыл сайын осы екі күннің біреуін немесе екеуін де Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандары құрметіне атап өтуге шақырды. ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР 34 жыл бұрын (1975) Алматы қаласындағы 28 панфиловшылар саябағында Даңқ мемориалы ашылды. Сәулетшілері ? Т.Бәсенов, Г.Сейдалин, В.Ким, мүсіншілері ? В.Андрющенко, Р.Артимович. Жауға қарсы ұмтылған жауынгерлер бейнеленген мүсіндік композиция мемориалдың төріне орнатылған. Мүсіндік композиция алдындағы алаңға мәңгілік алау жағылып, оның екі қапталы ұзын гранит қорған-қабырғамен қоршалған. Қабырғада «Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін шайқаста ерлікпен қаза болғандардың даңқы мәңгі арта берсін» деген жазу, ал екі босағасында «Даңқ кернейшісі» және «Ант» деп аталатын мүсіндік топтама бар. Мемориалға кіре берісте Ұлы Отан соғысындағы одақтас халықтардың қаны төгілген «қаһарман қалалардың» топырағы сақтаулы сандықтастар қойылған. 17 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін құру туралы» Жарлығы шықты. 16 жыл бұрын (1993) тәуелсіз қазақ мемлекеті тарихында алғаш рет Алматы қаласындағы Республика алаңында әскери шеру өтті.ЕСІМДЕР100 жыл бұрын (1909-1983) филология ғылымының докторы, профессор МАХМУДОВ Хайрулла Хабиболлаұлы дүниеге келді. А.Жданов атындағы Ленинград университетін бітірген. 1942-1943 жылдары Кеңес әскері қатарында болған. Ұзақ жылдар бойына Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарды. Ғалымның 30-дан астам ғылыми еңбегі жарық көрген.55 жыл бұрын (1954) ақын, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі СЕРІКБАЕВ Байбота (Қошым-Ноғай Байбота Серікбайұлы) дүниеге келді. Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1978-1988 жылдары «Жалын» баспасында редактор, аға редактор, «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») журналында, «Ана тілі» мен «Қазақ елі» газеттерінде бөлім редакторы, бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды. Қазір «Жазушы» баспасының жетекші редакторы болып істейді. Ақынның алғашқы өлеңдер жинағы «Тұңғыш кітап» («Таң шапағы» сериясымен) деген атпен жарық көрді. Өлеңдері, публицистикалық туындылары, ғылыми-танымдық мақалалары республикалық мерзімді баспасөз беттерінде жарияланып, көптеген ұжымдық жинақтарға енді. 1988 жылы «Тіршілік ұясы» атты кітабы үшін Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты атанды. Шет ел ақындарының өлеңдері мен ежелгі түркі поэзиясын тәржімалауға ат салысты. Көркем аударма саласында балалар әдебиетінен армян ақыны С.Капутикянның «Маша сурет салады» және орыс ақыны Е.Благинаның «Шинельді неге сақтап жүрсің?» атты кітаптарын қазақ тіліне тәржімалаған. МАМЫРДЫҢ 9-Ы, СЕНБІКеңестер Одағы халқының 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында жеңіске жеткен күні. 600 мыңнан астам қазақстандық бұл соғыстан оралмады. Соғыс кезінде көптеген ғылыми-зерттеу орталықтары мен Мәскеу, Ленинград, Киев және басқа да қалалардың оқу орындары Қазақстанға қоныс аударды. Олардың ішінде физиология, микробиология, биохимия, шығыстану институттары болды. Бүкіл соғысты басынан өткерген қазақстандық 12 дивизия құрметті атақтар алды. Олардың бесеуі ? бір, төртеуі ? екі, екеуі ? үш орденмен марапатталды. Бес дивизия гвардиялық аталды, олардың ішінде Кеңес Одағының Батыры И.В.Панфилов атындағы атақты 8-гвардиялық дивизия бар. Жалпы Ұлы Отан соғысында 497 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды. 1990 жылы желтоқсанның 11-інде соңғы Кеңес Одағының Батыры атағы қолбасшы Бауыржан Момышұлына берілді. 1941 жылы аға лейтенант Б.Момышұлы басқарған атқыштар батальоны мен И.В.Карпов басқарған 1075-атқыштар полкі Мәскеу түбінде ай бойы үздіксіз ұрыстар жүргізе отырып, өз позицияларын сақтап қана қоймай, сонымен қатар дұшпанға қарсы пәрменді шабуылға шығып отырды. Төрт қазақстандық Т.Ж.Бигелдинов, Л.И.Беда, И.Ф.Павлов және С.Д.Луганский 2 мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды. Ұрыс кезінде қаза тапқан пулеметші М.Мәметова және мерген Ә.Молдағұлова Батыр атағын алды. Батыр атағын алғандар қатарында атқыштар Т.Тоқтаров, С.Баймағамбетов, С.Лутфиллин, Мин Сен Юр, артиллеристер С.Мүткенов, И.К.Новиков, ұшқыш Н.Әбдіров, минометші Қ.Сыпатаев, атты әскер М.М.Қаратаев, сапер П.И.Гончаров, политрук М.Ғабдулин, торпедалық катер командирі Б.П.Ущев және басқалар бар. 110 қазақстандық Даңқ орденінің толық иегері болды. Рейхстагқа шешуші шабуылға шыққан және Жеңіс туын тіккендердің ішінде қазақстандық Р.Қошқарбаев, капитан Б.В.Чупрета, минометші А.Бақтыгереев, пулеметші П.Е.Вицько, байланысшы К.М.Волочаевтар болды.Еуропа күні. 1950 жылы мамырдың 9-ында Парижде Франция сыртқы істер министрі Робер Шуман Франция, Германия және басқа Еуропа елдерінің көмір және болат құятын өнеркәсіп салаларын (әскери техника өндіру негіздерін) біріктіріп, оны жаңа ұлттық құрылым басқармасына беруге шақырды. 1985 жылы Милан саммитінде Еуроодақ көшбасшылары Шуман Декларациясын мәңгі есте сақтауға шешім шығарып, жыл сайын мамырдың 9-ын «Еуропа күні» деп бекітті.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР169 жыл бұрын (1840) Аягөз өңіріне метеорит құлады. Түскен жеріне байланысты «Қарақол» аталған ол метеориттің сынығы алдымен Семейге, артынша Петерборға жеткізілді.17 жыл бұрын (1992) Петропавл қаласындағы Коммунистік көшесіне Мағжан Жұмабаевтың есімі берілді.13 жыл бұрын (1996) Ақтау қаласында «Лада ТВ плюс» апталығының алғашқы саны 5 мың данамен жарық көрді.10 жыл бұрын (1999) Астанада Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев салтанатты жағдайда Қазақстан Қорғаныс министрлігінің жаңа кешенін ашты. 8 жыл бұрын (2001) Астана қаласында «Отан ана» Отан қорғаушылар монументі ашылды. 35 жыл бұрын (1974) АҚШ-та Уотергейт жанжалына байланысты президент Ричард Никсонды лауазымынан кетіру ісі туралы мәжіліс басталды.ЕСІМДЕР100 жыл бұрын (1909-1995) қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби кинооператор, Қазақстанның халық әртісі, ҚР және КСРО Киноматографистер одағының мүшесі, деректі кино шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстанның халық әртісі ТЫНЫШБАЕВ Ескендір Мұхамеджанұлы дүниеге келді. Е.Тынышбаев үлкен ғалым, қоғам қайраткері, қазақтың тұңғыш теміржолшы-инженері Мұхамеджан Тынышбаевтың отбасында дүниеге келген. Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын бітірген. Кинодағы еңбек жолын 1928 жылдан бастаған. «Востоккино» студиясының қазақ бөлімшесін және «Последние известия» қазақ киножурналынын құруға қатысқан. Е.Тынышбаевтың шығармашылығында Қазақстан туралы бірқатар көркемдік ойын және деректі фильмдер, мыңдаған фотожәдігерлер бар. Ол кинооператордан бастап авторлық фильмдердің режиссеріне дейінгі жолды жүріп өтті, қазақ киносында бірінші болып трюкті түсірілімдер жасады. Оны қазақ киносы мен телевидениесінің ақсақалы деп атайды, себебі ол Шәкен Айманов, Мәжит Бегалин, Кененбай Қожабеков, Ораз Әбішев сынды қазақ киносының басқа да майталмандарымен бірге ұлттық кинематографты қалыптастыруға және дамытуға белсенді атсалысқан. Ол сондай-ақ өзі ұзақ жыл бойы бас оператор болған «Қазақтелефильм» студиясын құрудың басында тұрды. «Советский Казахстан» киножурналы үшін 10 мыңнан астам сюжеттер түсірді. Оның үздік жұмыстары ? «Біз Жетісуданбыз», «Оның уақыты келеді» фильмдері - Қазақстан киноөнерінің Алтын қорына енген. Педагог және тәлімгер ретінде кинотүсірушілердің айтулы шоқжұлдызын тәрбиеледі, олардың қатарында В. Белялов, Ю.Литвяков, Е.Ахметов, Ғ.Шалабаев, М.Ибраев, А.Шорабаев, Б.Нүсіпбеков және т.б. бар. 100 жыл бұрын (1909-1993) кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, КСРО Кинематографистер одағының мүшесі ФАЙК Эмир Ибрагимович дүниеге келді. Шығармашылық жолын «Востоккино» студиясынан бастаған. 1946 жылдан «Қазақфильм» студиясының кинорежиссері болған. Ол «Жігіттер», «Қазақстанның егіс алқабында», «Ыбырай Алтынсарин», «Бибігүл ән салғанда», «Ақмарал» сияқты 200-дей киножурнал, деректі фильм жасады. «Қанатты сый», «Ұлым менің», «Бір түннің оқиғасы» атты көркем фильмдер түсірген. Олардың көпшілігі әртүрлі кинофестивальдар мен қоғакмдық көрсетілімдердің лауреаты атанған.55 жыл бұрын (1954) Қазақстан Республикасының бас прокуроры, заң ғылымының кандидаты, профессор МӘМИ Қайрат Әбдіразақұлы дүниеге келді. Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1981-1990 жылдары ? Атырау облыстық сотының судьясы, төрағаның орынбасары, төрағасы. 1990-1993 жылдары ? Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы. 1993-1995 жылдары ? Алматы қалалық сотының төрағасы. 1995-1996 жылдары ? Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының міндетін атқарушы. 1996-2000 жылдары ? Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы, Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі. 1999-2000 жылдары ? Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары. 2000-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы болған. Қазіргі қызметіне 2009 жылы сәуірде тағайындалған. «Парасат» орденімен марапатталған.40 жыл бұрын (1969) әнші, Қазақстанның халық әртісі, Тарлан сыйлығының иегері, халықаралық байқаулардың бірнеше дүркін жүлдегері Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері МҰХАМЕДҚЫЗЫ Майра дүниеге келді. Қытай Халық Республикасының Құлжа қаласында туған. Алғашқы музыкалық тәрбиені әкесі М.Әбдіқадірұлы мен анасы Қ.Қуанышқызынан алған. Пекиндегі Қытай халықтарының орталық ұлттық университетінің музыка бөлімін бітірген. 1994 жылы Қазақстанға қоныс аударды. 1994-1996 жылдары Алматы консерваториясында (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) Н.Шәріпованың жетекшілігімен кәсіби шеберлігін шыңдады. 1996 жылдан Қазақ академиялық опера және балет театрының жетекші әншісі. М.Мұхамедқызының репертуарында: Дж. Вердидің «Травиатасындағы» ? Виолетта, Ж.Би¬зенің «Кармен» операсындағы ? Микаэла, Г.Доницеттидің «Лючия ди Ламмермур» опера¬сындағы ? Лючия, Ахмет Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсындағы ? Ажар, Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсындағы Жібек және тағы басқа партиялар бар. М.Мұхамедқызы ? төрткүл дүние мойындаған, бүкіл опера әншілері армандайтын итальяндық хас шеберлер, осы саланың бүгінгі тірі аңызына айналған Мирелла Френни мен Плачидо Домингомен бірге жұмыс істеу бақытына ие болған тұңғыш қазақ әншісі. Алғаш 1996 жылы Н.А.Римский-Корсаков атындағы халықаралық сыйлықты алған. 1997 жылы Португалияда әлемнің 250 опера әншілері додаға түскен Томас Алкайде атындағы халықаралық байқауда бірінші орынды иеленіп, Чайковский атындағы халықаралық байқауда үшінші орынды және М.Давыдов атындағы арнайы дипломды жеңіп алған. Әншінің әлемдік классикалық, опералық, камералық вокалдық шығарма, халық әндерінен бай репертуары үнемі толығу үстінде. Ол гастрольдік сапарлармен: Пекин, Гонконг, Стамбул, Дели, Сеул, Мәскеу, Санкт-Петербор, Будапешт қалаларында болып және Украина, Словакия, АҚШ, Қытайда жеке концерттерін өткізді. 2001 жылы Ә.Қарақұловтың «Жылама» көркем фильмінде басты рөлді орындады. Опера әншісі 2002-2004 жылдары Францияның Гранд опера театры сахнасында жиырмадан аса классикалық шығармаларды орындаған. «Отан» орденімен марапатталған. МАМЫРДЫҢ 10-Ы, ЖЕКСЕНБІМикронезия Федеративтік Штаттарының Ұлттық мейрамы ? Тәуелсіздік күні (1979). Микронезия ? Тынық мұхитының батыс бөлігінде, Каролин аралдарында орналасқан мемлекет. Әкімшілік жағынан Трук, Костраэ, Понапе, Иап штаттарына бөлінеді. Астанасы ? Паликир қаласы. Ресми тілі ? ағылшын тілі, сондай-ақ жергілікті халықтардың тілдері де қолданылады. Ақша бірлігі ? АҚШ доллары. Мемлекет және үкімет басшысы ? президент. Жоғары заң шығарушы билік бір палаталы парламент ? Ұлттық конгресс. Экономикасының негізгі саласы ? балық аулау. Экспортқа копра, бұрыш, балық және кокос майын шығарады. Негізгі сауда серіктестері ? АҚШ, Жапония, Австралия, Оңтүстік Корея мемлекеттері.Беларус Республикасының Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік туы күні. 1995 жылдан бастап мамыр айының екінші жексенбісінде атап өтіледі.Германияда кітап күні. 1947 жылдан бастап жыл сайын 1933 жылы гуманист-жазушылардың кітаптары өртелген күніне орай өтеді.Францияда Жанна Д?Аркті еске алу күні. Мамыр айының екінші жексенбісінде атап өтіледі.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР60 жыл бұрын (1949) Мәскеуде Қазақ әдебиеті мен өнерінің күндері басталды.15 жыл бұрын (1994) «Сабин металл корпорейшн» (АҚШ) корпорациясы зауытында республикадағы тұңғыш платина құймасы алынды. Тазалығы 99,95, жалпы салмағы 14 килограмм болатын алғашқы өнім Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қоймасына өткізілді.8 жыл бұрын (2001) Астанада қазақтың соңғы ханы, Абылай ханның немересі Кенесары Қасымұлының ескерткіші ашылды. Ескерткішті салу барысында мүсінші Нұрлан Далбай, сәулетші Шота Уәлиханов, инженер Әбдісағит Татығұлов және көркемдеп құю шебері Валерий Конюхов еңбек етті. Монументтің биіктігі 7 метр, салмағы ? 10 тонна. Кенесары Қасымұлы ел тәуелсіздігі үшін Ресей, Қоқан, Хиуа хандықтарымен күрес жүргізген. Ол 1847 жылы Кекілік тауының тұсында қырғыздармен болған шайқаста қаза тапқан. 140 жыл бұрын (1869) ұзындығы 2900 шақырымды құраған алғашқы американдық трансконтиненталдық темір жолдың құрылысы аяқталды.ЕСІМДЕР105 жыл бұрын (1904-1967) опера әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі ТОЛЫБАЕВ Мұрат Мағазұлы дүниеге келді. Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында туған. Алғаш әншілік өнерге үлкен әкесі Мұхаметәлі баулып, кейін әнші Қ.Байжановтан дәріс алды. 1934 жылдан Қазақ музыкалық драма театрында (қазіргі Қазақ академиялық опера және драма театры) қызмет етті. Алғаш ойнаған рөлі ? Маманбай (М.Әуезов, И.Коцыктың «Айман ? Шолпан» музыкалық драмасы). М.Толыбаев қазақ операларындағы басты партияларды орындап, түрлі мінезді образдар жасады. Сондай-ақ халық әндерін де ( «Ардақ», «Шама», тағы басқалар) халық арасында кеңінен насихаттады. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.80 жыл бұрын (1929-1989) жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері ҚАЗЫБАЕВ Кәкімжан дүниеге келді. Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. «Жас алаш» газетінің әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы, Алматы облыстық «Жетісу» газеті редакторының орынбасары, Қазақстан Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің хатшысы, ҚазТАГ-тың (қазіргі «ҚазАқпарат» ҰК» АҚ) директоры қызметтерін атқарды. 1985 жылдан өмірінің соңына дейін «Қазақстан коммунисі» журналының бас редакторы болды. Қаламгердің «Кернеген кек» повесі, «Октябрь өрендері» очерктер жинағы, «Ызғар», «Аманат» романдары жарық көрді. Ол көркем аударма саласында С.Штеменконың «Бас штаб соғыс жылдарында» атты мемуарлық кітабын, Б.Момышұлының «Офицер күнделігін» қазақ тіліне тәржімалаған. 80 жыл бұрын (1929-1970) жазушы, аудармашы ТОҚТАРОВ Баймұхамбет дүниеге келді. Алматы облысында туған. Мәскеудегі Әдебиет институтын бітірген. Еңбек жолын Алматы облыстық комсомол комитетінен бастаған. 1955 жылдан журналистік қызметпен айналысып, «Жұлдыз» журналында ұзақ жыл еңбек еткен. Қаламгердің «Бақыт жолы», «Суретші», «Өмір жолы» повестер жинағы, «Қырандар қанаты» очерктері, «Жетісу жотасында», «Таудағы ән» романдары жарық көрген. Ол көркем аударма саласында орыс ақындары А.Пушкиннің, А.Гайдардың шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаған. Медальдармен марапатталған.70 жыл бұрын (1939) «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарушы директоры, Қазақстан Республикасы еңбек сіңірген көлік қызметкері СӘМБЕТОВ Қалтай Сәмбетұлы дүниеге келді. Жамбыл облысында туған. Ташкент темір жол көлігі институтын бітірген. Еңбек жолын Аягөз белгі беру және байланыс дистансциясында монтер болып бастады. 1960-1970 жылдары ? Жамбыл белгі беру және байланыс дистанциясының электромеханигі, аға инженері, бас инженері, Шу белгі беру және байланыс дистансиясының бастығы. 1970-1982 жылдары ? Қазақ темір жолы Белгі беру және байланыс басқармасының бас инженері, Халықтық бақылау комитеті көлік және байланыс бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің көлік және байланыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 1982-1995 жылдары ? Алматы темір жолы кадр бөлімінің бастығы - жол бөлімшесі бастығының орынбасары, бірінші орынбасары, бас инженері, бас экономисі. 1995-2006 жылдары ? Алматы темір жолы басқармасы бастығының бірінші орынбасары, бас директордың орынбасары, «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бірінші орынбасары, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті. Қазіргі қызметінде 2006 жылдан бастап істейді.55 жыл бұрын (1954) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің мүшесі СӘРСЕНОВ Нұрдәулет Жұмағұлұлы дүниеге келді. Өзбекстан Республикасында туған. Қазақ химия-технология институтын, КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі басшысының орынбасары, әкім аппаратының жетекшісі қызметтерін атқарған. Қазақстан Республикасы Парламентіне депутат болып сайланғанға дейін «Тұран» қаржы-өндіріктік тобы» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарған. 1999-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық іс, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болған. 2007 жылы қыркүйектің 2-інде 3-ші мәрте депутаттық өкілеттігі басталды. «Құрмет», «Халықтар достығы» ордендерімен марапатталған.