Елбасы
Маусымның 10-11-і аралығында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ташкентте Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттер басшылары кеңесінің 10-шы отырысына қатысады.
ПАРЛАМЕНТ
Маусымның 10-11-і күндері ҚР Парламенті Мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитетінің Қарағанды облысындағы көшпелі отырысы өтеді.
Маусымның 11-і күні сағат 10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінде «Нұр Отан» ХДП парламент фракциясының кеңейтілген отырысы өтеді.
Маусымның 11-і күні сағат 10.30-да Өскемен қаласының облыстық әкімдігінде Сенат Комитетінің аграрлық және қоршаған ортаға қатысты мәселелер жөніндегі көшпелі отырысы болады.
ҮКІМЕТ
Маусымның 11-і күні Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде «Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама аясындағы жобалардың жүзеге асырылуы» жөнінде брифинг өтеді.
Маусымның 11-і күні сағат 15.00-де «BNews.kz» студиясында ҚР Мұнай және газ министрі Әсет Мағауовтың қатысуымен «Қазақстандағы мұнайхимия өнеркәсібінің дамуы» атты тақырыпта www.bnews.kz порталында оnline-конференция өтеді.
Маусымның 11-і күні ҚР Білім және ғылым министрлігінің қатысуымен «2010 жылғы БҰТ қорытындылары» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ
Маусымның 11-12-сінде ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтао Қазақстанға мемлекеттік сапар жасайды.
Маусымның 9-ы мен 13-і аралығында Қазақстан Республикасына Финлияндияның «Паасикиви» ұйымының делегациясы келеді.
ҚОҒАМ
Маусымның 1-інен бастап елімізде жыл сайынғы «Скутер» шарасы басталып, ол шомылу маусымы аяқталғанға дейін жалғасады.
Маусымның 1-інен бастап «Қазкоммерцбанк» АҚ мемлекеттік бағдарлама бойынша "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры есебінен ипотекалық несиелеуді қайта қаржыландыруды жаңғыртады.
СПОРТ
Маусымның 7-12-сі күндеріелордадағы Ұлттық теннис орталығының кортында ITF Junior Circuit «The Youth of Capital» халықаралық турнирі өтеді.
АСТАНА
Маусымның 11-і күні Астана қаласының әкімдігінде қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов журналистермен Қала күніне арналған кездесу өткізеді.
Маусымның 11-і күні сағат 11.00-деқазақстан республикасы байланыс және ақпарат министрлігі ақпарат және мұрағат комитетінің «қазақстан республикасы ұлттық мұрағаты» мемлекеттік мекемесінде ұлы отан соғысының ардагері, әскери барлаушы, сталинград шайқасының майдангері, курск-орлов түбіндегі майданның, австрия, чехословакия, венгрия, югославиядағы құпия операциялардың қатысушысы, қазақстан республикасы ұлттық мұрағатының жеке қор иесі Кәри Әбитовтың «өмір өрнегі» атты кітабының тұсау кесу рәсімі өткізіледі
Маусымның 11-і күні елордадағы Политехникалық колледжге Халықаралық аккредитация сертификаты тапсырылады.
АЛМАТЫ
Маусымның 1-і мен 12-сі аралығында Оқушылар сарайында Балаларды қорғаудың халықаралық күніне арналған «Балалар» сурет көрмесі өтеді.
Маусымның 11-і күні Алматыдағы «Қазақстан» қонақ үйінде этномәдени ұйымдардың халықаралық форумы өтеді.
Маусымның 11-і күні Қазақстан-Неміс университетінің қабырғасында Германия Академиялық алмасу қызметінің қазақстандық студенттерге 2010-11 жылдарға арналған стипендия беру рәсімі болады.
МАУСЫМНЫҢ 11-І, ЖҰМА
ОҚИҒАЛАР
3 жыл бұрын (2007) Өскеменнің төрт орталық көшесі жаңа атаулармен өзгертілді. Бұрынғы Ленин даңғылы - Тәуелсіздік даңғылы, Қызыл Қыран жағалауы - Александр Протозанов атындағы көше деп аталды. Текстильщиктер даңғылы - академик Қаныш Сәтбаевтың, Ермак көшесі - Жақыпбек Малдыбаевтың есімдеріне ие болды.
Бұдан басқа қаланың орталық алаңы - Республика алаңы, ал қалалық саябақ - «Жастар» саябағы деп аталды. Қаланың тағы бір көшесі Панкратьев бағының негізін қалаған Густав Винтениустің, солтүстік жағалауда салынып жатқан жаңа даңғыл Ілияс Есенберлиннің есімдерін иеленді.
3 жыл бұрын (2007) Ресейде семейлік жазушының «Сталин - разгадка Сфинкса» атты кітабы жарық көрді. Кітаптың авторы Марат Ахметов - бұрынғы журналист, біздің республикамызда КСРО-ны басқарған тарихи адамдар туралы жазатын адамдардың бірден бірі.
«Сталин - разгадка сфинкса» кітабында Иосиф Джугашвили басқа тұрғыдан бейнеленген. Кітап автордың екі ел мұрағатында ізденіс жұмыстарын өткізіп және Сталинді жеке таныған адамдармен кездесу нәтижесінде жасалған хроникалық-деректі шығарма болып табылады.
1 жыл бұрын (2009) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қостанай облысы Рудный қаласында №6 ТЭЦ АО «ССГПО» энергоблогы іске қосылды. Жобаның құны - 8241,3 млн. теңге, ал қуаттылығы - 63 МВт.
ЕСІМДЕР
100 жыл бұрын (1910-1997) францияның атақты мұхит зерттеушісі, кинорежиссер, өнертапқыш, фотограф, Франция академиясының мүшесі КУСТО Жак Ив дүниеге келді.
Францияның Сен-Андре-де-Кюбзак қаласында туған. Францияның теңіз академиясын бітірген.
1943 жылы Эмиль Ганьянмен бірге аквалангты ойлап тауып, оны сынақтан өткізді.
Кусто «Калипсо» кемесімен мұхиттың графикалық зерттеулерін жүргізді. Фредерик Дюмамен бірлесіп жазған «В мире безмолвия» атты кітабы Кустоға атақ алып келді. 1956 жылы кітап бойынша түсірілген фильмі «Оскар» және «Золотая пальмовая ветвь» сыйлығын иеленді.
1957 жылдан Монакодағы Мұхиттану институтының директоры болды. Бүкіләлем көрермендеріне кеңінен танымал фильмдердің авторы. 1973 жылы теңіз ортасын қорғау коммерциялық емес «Кусто қоғамын» құрды.
«Тірі теңіз», «Дельфиндер», «Жак Кусто: мұхит әлемі» кітаптардың авторы.
МАУСЫМНЫҢ 12-І, СЕНБІ
Бүкіләлемдік бала еңбегімен күрес күні. Халықаралық Еңбек ұйымы (ХЕҰ) 2002 жылы барлық елдерді қамтыған балалар еңбегіне және оның ең жайсыз түрлеріне тыйым салу үшін қозғалысқа көңіл аудару мақсатында маусымның 12-сін Бүкіләлемдік бала еңбегімен күрес күні деп жариялады.
Нәтижесі 1999 жылдың 17 маусымында ХЕҰ Бас конференциясының Женевадағы 87-ші сессиясымен қабылданған бала еңбегінің ең жайсыз түрлері туралы ХЕҰ-ның №182 және ең төменгі жас туралы № 138 Конвенциясын бекіткен елдердің саны арта түсуі болып табылған бұл қозғалысқа Бүкіләлемдік күн жаңа серпін бермек.
Қазақстан бұл Конвенцияны 2002 жылдың 26 желтоқсанында бекітті.
ОҚИҒАЛАР
85 жыл бұрын (1925) Қазақ өлкелік комитетінің РКП (б) хатшылығы қазақ пролетар жазушыларының ассоциациясын (ҚазААП) құру туралы шешім қабылдады. Бұл ассоциация жазушылардың дүниетанымының қалыптасуында, олардың саяси көзқарастарының анықталуында, әдебиетке жаңа күштерді тартуда, жазушылар мен ақындардың идеялық-көркемдік шеберлігін арттыруда маңызды рөл атқарды.
10 жыл бұрын (2000) Алматыда жазушы Сәбит Мұқановтың (1900-1973) ескерткіші ашылды.
3 жыл бұрын (2007) Екібастұз ГРЭС-інде қуаты 500 киловаттық жаңартылған №4 энергоблок іске қосылды.
1 жыл бұрын (2009) Қазақстанда алғашқы рет австрияның бір тума сазгері Франц Шуберттің «Октет фа мажор» атты шығармасы орындалды.
Концертті «А-Моторс» компаниясының Алматыдағы Nissan ресми дилерінің қолдауымен Халықаралық фаготистер қауымдастығының мүшесі, халықаралық байқаулардың лауреаты, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияның түлегі Жамбыл Мұхамбетжанов ұйымдастырды.
1 жыл бұрын (2009) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң интеллектуалды мектептерiнiң дамуы туралы сарапшы-консультациялық кеңестің алғашқы мәжiлiсi болып өттi.
Сарапшы-консультациялық кеңес «Өркен» АҚ-ның жанындағы зияткерлік мектептерде физика-математикалық және химия-биологиялық пәндерді тереңдетіп оқытуға бағытталған бiлiм беру ісіне ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету мақсатымен құрылған.
ЕСІМДЕР
80 жыл бұрын (1930) шопан, Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері МОЛДАСАНОВ Жолсейіт дүниеге келді.
Алматы облысының Райымбек ауданында туған.
1947 жылдан қазіргі Райымбек ауданының Қарқара өңірінде шопан болды. Ол әр 100 саулықтан 141 қозы алып, әр қойдан 4 кг жоғары сапалы жүн қырықты.
Оның есімі республикалық Құрметті Алтын кітапқа жазылды.
2 мәрте Ленин және Қазан революциясы ордендерімен, медальдармен марапатталған.
МАУСЫМНЫҢ 13-І, ЖЕКСЕНБІ
Қасиетті Раджаб айының басы (Мұсылман мейрамы). Раджаб айы - үш қасиетті айлардың бірі (Раджаб, Шағбан, Рамазан). Алла Тағаланың өзінің құлдарына жасаған ең үлкен рақымшылығы болып табылады. Бұл айларда жақсы әрекет жасағандарға сауап тиеді және жасаған күнәларына шын көңілден өкінетін жандарды Алла Тағала кешіреді.
«Раджаб» сөзі үш әріптен тұратын (араб тілінде дауысты дыбыс жоқ): «Р» - «рахмат» (Алла Тағаланың қайырымдылығы), «дж» - «джурмулгабди» (Алла Тағала құлдарының күнәлары) және «б» - «бирру Ллахи Тағаля» (Алла Тағаланың жақсылығы) деген мағынаны білдіреді.
Ресей жеңіл өнеркәсіп қызметкерлерінің күні. Маусымның екінші жексенбісінде атап өтіледі. 1980 жылғы қазанның 1-де КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы «Мерекелік және атаулы күндер туралы» Жарлығымен бекітілген.
ОҚИҒАЛАР
12 жыл бұрын (1998) Германияда Қазақстанның мәдени күндері басталды.
9 жыл бұрын (2001) Алматыда I Республикалық «Бөбек шақырады» фестивалі өтті.
3 жыл бұрын (2007) Халықаралық баспасөз орталығында «Сұрапыл жылдар құрбандарына тағзым» атты кітаптың таныстырылымы болды.
Оған Ақмола облысының 400-ден астам майдангерлердің шығармалары енді. Кітапта Талғат Бигелдинов, Рахымжан Қошқарбаев, Әлмұқан Сембинов сынды батырлар туралы естеліктер жинақталып, Ақмола облысынан шыққан әскери дивизиялардың ерліктері баяндалады. Ұлы Отан соғысы кезінде Ақмола облысынан 70 мыңнан астам азамат майданға аттанған болатын.
Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған Талғат Бегелдинов 1922 жылы Ақмола облысының Ақмола ауданы Майлыбалақ ауылында дүниеге келді. Орынбор және Саратов қалаларындағы әскери авиация училищесін, Әскери-әуе академиясын бітіріп 1956 жылға дейін КСРО Қарулы Күштерінде командирдің орынбасары және авиация полкінде штаб бастығы қызметтерін атқарған. 1956 жылдан запастағы авиацияның генерал-майоры. Талғат Бегелдинов атындағы Халықаралық қайырымдылық қордың президенті. Бұл қор Қазақстан Республикасының және шетелдердің мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарымен бірлесіп жұмыс істейді. 1945,1985 және 1995 жылдарғы Жеңіс шеруіне қатысқан. «Илы атакуют», «305 рейдов» және «Сражение в воздухе» кітаптарының авторы. Ленин, екі мәрте Қызыл Ту, І-,ІІ дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз, Александр Невский, ІІІ-дәрежелі Даңқ ордендерімен және медальдарымен марапатталған. Алматыда тұрады.
Қошқарбаев Рақымжан (1924-1988) Ақмола облысының Тайтөбе ауылында өмірге келген. 1945 жылғы 30 сәуірде ол жауынгер Григорий Булатовпен бірге Кеңес әскерлері арасынан Рейхстагқа алдымен жетіп, жеңіс туын тікті. Берлиндегі Рейхстагқа ту тігіп, қазақтың нағыз батыр ұлт екендігін дәлелдеген қайсар азамат Рақымжан Қошқарбаевқа 1999 жылы тәуелсіз еліміздің «Халық қаһарманы» атағы берілді. Р.Қошқарбаев 1988 жылы 10 тамызда Алматыда қайтыс болды.
Үздік барлаушы Әлмұқан Сембинов (1924-1972) Ақмола ауданының Жаңабірлік ауылында дүниеге келген. 1943 жылдың қақаған қысынан жеңістің жылы самалы соққанға дейін майданның алғы шебінде болған ардагердің жолы ерлікке толы. Ол өзінің сенімді серіктері Данил Лебедкин және Николай Беловпен бірге жау бекінісінен талай рет «тіл» алып келіп, олардың жоспарлары мен құпия істерін ашып, жеңіс күнін жақындатуға көп үлес қосқан. Қызыл Жұлдыз, І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Даңқ» ордендерімен, медальдармен. Бүгінгі таңда Астана қаласының бір көшесі майдангер атамыздың есімімен аталады.
ЕСІМДЕР
55 жыл бұрын (1955) композитор, Қазақстан Композиторлар одағының төрайымы, филология ғылымының кандидаты ҚЫДЫРБЕК Балнұр Балғабекқызы дүниеге келді. Алматы қаласында туған. К.Байсейітова атындағы республикалық арнаулы музыка мектебін, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген.
Алматы мемлекеттік консерваториясында, Қазақстан Композиторлар одағында қызмет істеген.
«Қарлығаштың құйрығы неге айыр» атты тұңғыш ұлттық балалар балетінің, «Қалқаман-Мамыр» опера-балетінің, «Наурыз мейрам хикаясы» балетінің, сондай-ақ көптеген симфониялық поэмалар мен увертюралардың, оркестрлік, камералық шығармалардың авторы. Ол - отандық музыка тарихында тұңғыш рет үрмелі аспаптар оркестріне арналған шығармалар жазған композитор.