ҚазАқпарат-Анонс: маусымның 4-і мен 7-сі аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі
09:22, 04 Маусым 2009
None
ҮКІМЕТМаусымның 4-інде Министрлер үйінде Статистика агенттігінің төрағасы А.Мешімбаева баспасөз мәслихатын өткізеді. ПАРЛАМЕНТМаусымның 4-інде Парламент Сенатының жалпы отырысы өтеді. Маусымның 4-інде Парламент Мәжілісінде спикер О.Мұхамеджанов Иранның Қазақстандағы Елшісімен кездеседі. ҚОҒАМЕлімізде 2009 жылғы ақпанның 17-сі мен шілденің 1-і аралығында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жарияланды.Маусымның 1-інен бастап тамыздың 15-іне дейін Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылданады. Құжаттарды «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Астана және Алматы қалаларында сенбі мен жексенбіден басқа күндері сағат 9.00-ден 17.00-ге қабылдайды. Ескерту: 2009 жылғы маусымның 1-і мен 30-ы аралығында Алматы қаласында тек өз бетімен ынта білдірген үміткерлердің құжаттары қабылданады. Пошта арқылы жіберілген құжаттар қабылданбайды.ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕММаусымның 3-4-інде ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжиннің Нидерланды корольдігіне сапары жоспарлануда.Сапар бағдарламасы аясында М.Тәжин Нидерланды сыртқы істер ведомствосы басшысы Максим Верхаген және Нидерланды үкіметінің басқа да мүшелерімен кездеспек. Сапар барысында түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың даму барысын, Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығының басымдықтарын, сондай-ақ, халықаралық саясаттың өзекті мәселелерін талқылау көзделуде.АСТАНАМаусымның 4-інде «Radisson SAS Astana» отелінде Темір жолдар ынтымақтастығы ұйымы Министрлер кеңесінің XXXVII сессиясының отырысы өтеді. Сессия жұмысына әлемнің 27 елінің салалық министрліктерінің басшылары қатысады. Маусымның 4-інде Қазақтың Гуманитарлық Заң институтының жаңа ғимаратында Білім және ғылым министрі Ж.Түймебаевтың қатысуымен Ұлттық біртұтас тестілеу сынағы басталады.
АЛМАТЫ Маусымның 4-інде Алматы әкімі А.Есімовтың қатысуымен «Менің Отаным - Қазақстан» атты ІІ республикалық патриоттар акциясы өтеді. Маусымның 4-інде Қазақстанның Ұлттық кітапханасында К.Закарияновтың «Тюркская сага Чингисхана» кітабының таныстырылымы өтеді. Маусымның 4-інде Қазақстан баспасөз клубында «Жауқазындар фестиваліне» арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Маусымның 4-інде «Интерконтиненталь» қонақүйінде Англия футбол құрамасының ойыншыларымен баспасөз мәслихаты өтеді. АЙМАҚПАВЛОДАРМаусымның 4-інде Павлодарда Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі. Қалалық мәдениет сарайының алдындағы алаңда жастардың патриоттық акциясы басталады, көркемөнерпаз ұжымдары өнер көрсетеді. Ал «Космос» жастар үйінде облыс орталығының оқушылары Қазақстан Республикасының Жалауына, Әнұраны мен Елтаңбасына арналған «Гүлдене бер, менің елім!» атты мерекелік шараға жиналады. ТАЛДЫҚОРҒАНМаусымның 5-інде Талдықорғанда «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Алматы облыстық филиалы Саяси Кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізіледі. Күн тәртібінде Қазақстан Республикасының Президенті «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХІІ съезінде сөйлеген сөзінен туындайтын облыстық партия ұйымының міндеттерін жүзеге асыру мәселелері талқыланады.
--------------------------------------------------------------------------------------------------
АТАУЛЫ КҮНДЕР, ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР
МАУСЫМ АЙЫНДА:55 жыл бұрын (1954) Рудный қаласында Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі құрылды. 1957 жылы Соколов, 1960 жылы Сарыбай кенішінің бірінші кезеңі іске қосылды. Оның құрамына Сарыбай, Қашар, Қоржыкөл ашық темір кеніштері мен Соколов жерасты кеніші кіреді.16 жыл бұрын (1993) Ақмолада Қазақстандағы екінші халықаралық телефон стансысының және 120 шақырымдық талшықты-оптикалық байланыс желісін салу бойынша «Дойче БундесТелеком» фирмасымен Қазақстан-неміс кәсіпорнын құру туралы келісім-шартқа қол қойылды. 14 жыл бұрын (1995) «АТФ банкі» акционерлік қоғамының негізі қаланды. Ол кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіне «Алматы сауда-қаржы банкі» жабық акционерлік қоғамы деген атаумен тіркелген болатын. Қазіргі атауымен 2003 жылдан бастап қызмет істейді.6 жыл бұрын (2003) Тайландтың Чиагмай қаласында өткен Азиядағы ынтымақтастық диалогы Сыртқы істер министрлерінің 2-ші кеңесінде Қазақстан Республикасы Оман, Шри-Ланка және Куәйт мемлекеттерімен бірге аталған ұйымға мүше болып қабылданды. МАУСЫМНЫҢ 4-І, БЕЙСЕНБІАгрессияның жазықсыз құрбандары болған балалардың халықаралық күні. 1982 жылғы тамыздың 19-ында палестина мәселесі бойынша өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының төтенше арнайы сессиясының шешімімен, 1982 жылғы маусымның 4-дегі Израиль Қарулы Күштерінің Бейруттағы тұрғын үй аудандарын бомбалауының бір жылдығына орай, 1983 жылдан бастап атап өтіледі.Ингушетия Республикасының құрылған күні. 1992 жылы РФ Жоғарғы Кеңесі Ресей Федерациясының құрамындағы Ингуш Республикасын құру туралы Заң қабылдады. ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР65 жыл бұрын (1944) қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұловаға Кеңес Одағының Батыры берілді.17 жыл бұрын (1992) Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалауы туралы», «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасы туралы», «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» Заңдар күшіне енді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi ? Мемлекеттік туы. ҚР мемлекеттік туының авторы ? суретшi Шәкен Ниязбеков. Мемлекеттік ту ? көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек ? алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. Бiрыңғай көк түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде ? көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде «көк» сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотикалық тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн ? қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн ? уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс ? бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.
Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi ? елтаңба. Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасының авторлары ? Ж.Мәлiбеков пен Ш.Уәлиханов. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеттік гербiнiң негiзi ? шаңырақ. Ол ? гербтiң жүрегi. Шаңырақ ? мемлекеттiң түп-негiзi ? отбасының бейнесi. Шаңырақ ? Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ ? киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар ? дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар ? қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар.
Қазақстан Республикасының негізгі мемлекеттік рәміздерінің бірі - әнұран. 2006 жылғы қаңтардың 6-да Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне жазылған Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні Қазақстан Республикасының әнұраны болып бекітілді. 17 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кәсіпкерлер одағы құрылды.345 жыл бұрын (1664) Жаңа Амстердам қаласының аты ? Нью-Йорк болып өзгертілді.ЕСІМДЕР80 жыл бұрын (1929) ақын, жазушы, Шыңжаң Жазушылар одағының мүшесі БАЙБОЛАТОВ Әбдірәшит Нәбиұлы дүниеге келді.
Қытай Халық Республикасында туған. 1975 жылдан «Шұғыла», «Мұра» журналдарының бас редакторы болған.
Ақынның алғашқы өлеңі 1948 жылы жарияланған. Оның «Өмір қайығында» өлеңдер жинағы, «Қос емен» повестер жинағы, «Тау қыраны» романы жарық көрген. Ол қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинау, жүйелеу, баспадан шығару жұмыстарына басшылық жасап, «Қазақтың ғашықтық жырлары», «Қазақ шешендері мен шешендік сөздері», «Қазақ қиссалары», «Қазақ шежіресі», «Байырғы қазақ айтыстары», т.б. кітаптарды жарыққа шығарды. 55 жыл бұрын (1954) Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің жауапты хатшысы НҰРҒАЛИЕВ Ерғазы Мейірғалиұлы дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысында туған. Өскемен құрылыс-жол институтын бітірген. Еңбек жолын полигон әскери-құрылыс әскерінің лейтенанты қызметінен бастаған ол, кейіннен Ленин қалалық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, Байқоңырдың бас сәулетшісі, мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитетінің төрағасы, Қала әкімшілігі бастығының орынбасары, 1995-2004 жылдары Қазақстан Президентінің Байқоңыр ғарыш айлағындағы бірінші арнайы өкілі қызметтерін атқарған. 2005-2007 жылдары «Бәйтерек» АҚ-ы бас директорының Байқоңыр айлағы бойынша орынбасары болған. Қазіргі қызметінде 2007 жылдан бастап істейді.
2-ші дәрежелі «Достық» орденімен, медальдармен марапатталған. 410 жыл бұрын (1599-1660) Испанияның ұлы суретшісі ВЕЛАСКЕС Диего Родригес де Сильва дүниеге келді.
Веласкес шығармашылығы ? 17 ғасырдағы испандық сурет өнерінің биік шыңы. Суретші өнеріне итальян бейнелеу өнерінің әсері мол болған. Оның суреттерінде көңіл-күй мен сезім бұлқынысы сезіледі. Көпшілікке белгілі шығармалары ? «Лас Менинас», «Айна алдындағы Шолпан», «Тоқымашылар» атты туындылары.
МАУСЫМНЫҢ 5-І, ЖҰМАБүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні. БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 1972 жылы бекітілген. БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламасын басшылыққа ала отырып өткізіледі.Дания Корольдігінің Ұлттық мейрамы ? Конституция күні. Дания Еуропаның солтүстік-батысында орналасқан ең кішкентай мемлекет. Ютланд түбегінің біраз бөлігін, Зеландия, Фюн, Лолланн, Фальстер, Мен, Борнхльм, т.б. аралдарды алып жатыр. Бұған қоса елдің құрамына кіретін Гренландия мен Фарер аралдарының дербес автономиялық құқықтары бар. Оңтүстігінде Германиямен шектеседі. Шығысында Балтық, батысы мен солтүстігі Солтүстік теңізімен шайылады. Әкімшілік жағынан 14 облысқа бөлінеді. Астанасы ? Копенгаген. Мемлекеттік тілі ? дат тілі. Ақша бірлігі ? дат кронасы. Дания ? Конституциялық монархия. Мемлекет басшысы ? Королева. Жоғарғы атқарушы органы ? Үкімет. Жоғарғы заң шығарушы органы бір палаталы парламент ? Фолькетинг.
Қазақстан Республикасы мен Дания Корольдігі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы мамырдың 6-да орнатылды. Сейшель аралдары Республикасының Ұлттық мейрамы ? Азаттық күні (1977). Сейшель аралдары мемлекеті Мадагаскар аралының солтүстік-шығысында, Үнді мұхитындағы аралдарда орналасқан. Әкімшілік-аумақтық жағынан 23 округке бөлінеді. Астанасы ? Виктория қаласы. Ресми тілі ? креоль, ағылшын және француз тілдері. Ұлттық ақша бірлігі ? сейшель рупийі. ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР71 жыл бұрын (1938) Әулиеата қаласына ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың есімі берілді. Жамбыл ? Қазақстандағы көне қалалардың бірі. Ол әр жылдары Талас, Тараз, Әулиеата, Мирзоян деп аталған болатын. 1997 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қалаға оның көне атауы Тараз қайта берілді.17 жыл бұрын (1992) Талдықорған облысы Қапал ауданының Қарашоқы мекенінде ақын Сара Тастанбекқызына ескерткіш ашылды.17 жыл бұрын (1992) «Қазақстан Республикасының Конституциялық соты туралы» Заң қабылданды.16 жыл бұрын (1993) Республикалық көркемөнер колледжі мен Алматы мемлекеттік театр-көркемсурет институтының осы саладағы факультеттері базасында Қазақ мемлекеттік көркемөнер академиясы және Т.Жүргенов атындағы театр және кино институты құрылды. Жеті жылдан кейін жоғарыдағы екі институт қосылып, Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік өнер академиясы болды. 2001 жылғы шілденің 5-де Президент жарлығымен академияға ұлттық мәртебе берілді. 11 жыл бұрын (1998) Астанада Қажымұқан атындағы Орталық стадионның ашылу рәсімі болды.10 жыл бұрын (1999) Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданында Бәйдібек баба мен Домалақ ана, қасиетті Бес ана кесенесінің ашылу рәсімі өтті.9 жыл бұрын (2000) Алматыда жазушы Тахауи Ахтанов тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.3 жыл бұрын (2006) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» және «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын құру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарға қол қойды.ЕСІМДЕР80 жыл бұрын (1929) биология ғылымының докторы, профессор АЛЕШИН Иван Алексеевич дүниеге келді.
Ол 1953 жылдан Түрікмен мемлекеттік медицина институты физиология кафедрасының ассистенті, доценті, профессоры болған. 1980 жылдан Ақтөбе мемлекеттік медицина институты дәрігерлік бақылау, емдік дене шынықтыру және физиотерапия кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған.
Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері спортшылар физиологиясына арналған. И.Алешин электр-физиологиялық әдістермен асқазанның (қарынның) сөл бөлу, жиырылу қабілетін, жүйке жүйесін зерттеген. 50 жыл бұрын (1959) Атырау облысы әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі ЛҰҚПАНОВ Сәден Сәкенұлы дүниеге келді.
Атырау облысында туған. Атырау ауыл шаруашылығы техникумын, Алматы мал дәрігерлік институтын бітірген. Еңбек жолын кеңшардың мал дәрігері болып бастаған. 1995-2000 жылдары ? Махамбет аудандық әкімдігі басшысының орынбасары ? аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы. 2000-2002 жылдары ? Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Атырау облыстық аумақтық басқармасының бастығы. 2002-2006 жылдары Атырау облысы Индер ауданының әкімі қызметін атқарған.
Медальмен марапатталған.
МАУСЫМНЫҢ 6-СЫ, СЕНБІШвецияның және Швеция Байрағының ұлттық күні. Швеция Батыс Еуропада орналасқан мемлекет. Скандинавия түбегінде оңтүстік, оңтүстік-батыстан солтүстік, солтүстік-шығысқа қарай 1600 шақырымға, шығыстан батысқа 400 шақырымға созыла орналасқан. Батысында Норвегиямен, солтүстік-шығысында Финляндиямен шектеседі. Оңтүстігі мен шығысы Балтық теңізі мен Ботния шығанағымен шайылады. Оңтүстік-батыс жағалауы Скагеррак, Каттегат, Эресунн бұғаздары арқылы Даниямен ұласады. Сонымен қатар Балтық теңізіндегі Готланд және Эланд аралдары да осы мемлекетке қарайды. Әкімшілік жағынан 24 ленге бөлінеді. Астанасы ? Стокгольм қаласы. Мемлекеттік тілі ? швед тілі. Ақша бірлігі ? швед кронасы. Швеция ? Конституциялық монархия. Мемлекет басшысы ? Король. Жоғарғы атқарушы органы ? Үкімет. Заң шығарушы жоғары органы бір палаталы парламент ? Риксдаг.
Қазақстан Республикасы мен Швеция Корольдігі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы сәуірдің 7-інде орнатылды.Пушкин күні. Ресей Федерациясы Президентінің 1997 жылғы мамырдың 27-дегі Жарлығымен ұлы ақынның туылған күні салтанатына орай жыл сайын атап өтіледі. А.Пушкин шығармашылығын жоғары бағалайтын қазақстандықтар да жер-жерде ақын ескерткішінің алдына барып, рухына тағзым етіп, өлеңдер оқиды. А.Пушкин 1833 жылы Орынбор және Орал қалаларына келген. «Пугачев тарихына» қатысты мағлұматтар жинап, «Қозы Көрпеш ? Баян сұлу» эпосын жазып алған. Оның шығармалары 19 ғасырдың 2-ші жартысында Абайдың аударуымен елімізде кеңінен таралды. Абай «Евгений Онегиннен» бірнеше үзінді-нұсқаларды таңдап алып, «Татьянаның хаты», «Ленскийдің сөзі» атты өлеңдер шығарды. Ақын І.Жансүгіров «Евгений Онегин» романын бірінші болып толық аударды. ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР64 жыл бұрын (1945) Қарағандыда әлемде тұңғыш көмір комбайны сынақтан өтті. 1932 жылы кеңес өнертапқышы Бахтумский Алексей Иванович осы көмір комбайнының ең алғашқы үлгісін жасады. 22 жыл бұрын (1987) Алматы облысының бұрынғы Кеген ауданында Ораз Жандосов тұрған және қызмет істеген үйде мұражай ұйымдастырылды.17 жыл бұрын (1992) кинорежиссер Абдолла Қарсақбаев тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды.9 жыл бұрын (2000) Алматыдағы «Ер Төстік» ұл балалар хоры (жетекшісі Қымбат Нұралиева) Австрияның Линц қаласында өткен халықаралық «Хор олимпиадасы - 2000» байқауына қатысып, қола жүлдеге ие болды. 8 жыл бұрын (2001) Жамбыл облысының Жамбыл ауданы орталығында ақын Жамбыл Жабаевқа ескерткіш орнатылды. 8 жыл бұрын (2001 маусымның 6-14-і) Астанада Мәскеудің мәдени күндері өтті.
ЕСІМДЕР60 жыл бұрын (1949) медицина ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Фтизиатрлар қоғамының президенті, ТМД елдері Фтизиатрлар қоғамы басқармасының мүшесі ЖАНГЕРЕЕВ Амангелді Әбдірахманұлы дүниеге келді.
Еңбек жолын Ақтөбе медицина институтының ассистенті болып бастады. Содан кейін КСРО Денсаулық сақтау министрлігі Туберкулез орталық ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істеді. Бірнеше жыл Қазақстан Республикасы Өкпе аурулары проблемалары жөніндегі ұлттық орталығының директоры болды. 2000 жылдан бері Алматы мемлекеттік дәрігерлердің біліктілігін арттыру институтының кафедра меңгерушісі болып істейді.
Ғалымның 70-ке жуық ғылыми еңбегі, оның ішінде 1 монографиясы жарық көрген.55 жыл бұрын (1954) Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы, сықақшы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты ЖАППАСҰЛЫ Еркін дүниеге келді.
Шығыс Түркістанда туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1971-1973 жылдары Ақсуат аудандық Пионерлер үйінің директоры қызметін атқарған. 1975 жылы Отан алдындағы борышын өтеп оралғаннан кейін, аудандық музыка мектебінде бір жыл ұстаздық еткен. «Қазақстан пионері» («Ұлан») газетінде, «Қазақкітап» кітап саудасы бірлестігінің насихат редакциясында қызмет атқарған. Қазір «Қазақ әдебиеті» газетінің жауапты хатшысы қызметін атқарады.
Қаламгердің «Кімге күлкі, кімге түрпі?», «Ой, қытығым келеді...» атты сатиралық кітаптары жарық көрген. Шығармалары орыс, қытай тілдеріне аударылған. 50 жыл бұрын (1959) Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі, экономика ғылымының кандидаты СӘРСЕНБАЙ Нұрлан Алдабергенұлы дүниеге келді.
Жамбыл облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1992-1995 жылдары - әл-Фараби атындағы жас таланттарды қолдау республикалық қорының вице-президенті. 1995-1996 жылдары ? «Фараби-консалтинг» консалтингтік фирмасының бас директоры, Қазақстан кәсіпкерлері конгресінің вице-президенті, Республикалық төлем қабілеті жоқ кәсіпорындарға консультация беру орталығының директоры. 1996-1997 жылдары ? Қазақ әлеуметтік дамуды несиелеу акционерлік банкі басқармасы төрағасының орынбасары, «Тұрғынүйқұрылысбанкі» жабық акционерлік қоғамының вице-президенті. 1997-1999 жылдары ? Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформа агенттігі төрағасының орынбасары, департамент директоры, төрағаның орынбасары. 2000-2002 жылдары ? «Центркредитбанкі» ашық акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі төрағасы кеңсесінің жетекшісі. 2001-2002 жылдары ? Қаржы полициясы академиясының профессоры, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі орталығының жетекшісі. 2002-2006 жылдары ? Қазақ-жапон адами ресурстарды дамыту жөніндегі орталығының арнаулы кеңесшісі. 2006-2008 жылдары ? Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы. Қазіргі қызметінде 2008 жылдан бастап істейді.
МАУСЫМНЫҢ 7-СІ, ЖЕКСЕНБІИспания Корольдігінің Ұлттық мейрамы ? Республика күні. Қазақстан Республикасы мен Испания арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы ақпанның 11-інде орнатылды.Норвегия корольдігінің Ұлттық мейрамы ? Тәуелсіздігін жариялаған күні. 1905 жылғы маусымның 7-інде Норвегияның жоғарғы өкілетті органы ? Стортингтің шешімімен швед-норвегия униясы бұзылды. Өткізілген референдум нәтижесінде Норвегия конституциялық монархия болып жарияланды. Қазақстан Республикасы мен Норвегия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы маусымның 6-ында орнатылды.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР15 жыл бұрын (1994) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Еуразия мемлекеттер одағын құру туралы» жобасы баспасөзде жарияланды.12 жыл бұрын (1997) Павлодарда «Таза алюминий» деп аталатын ірі өндіріс орнының алғашқы қазығын қағу рәсімі өтті.6 жыл бұрын (2003 маусымның 7-10-ы) Астанада Пенза облысының мәдени күндері өтіп, аталған облыстың Елордадағы өкілдігі ашылды.90 жыл бұрын (1919) Нью-Йоркте алғаш рет жүргізуші куәлігін алу үшін жазбаша тест тапсырылды.ЕСІМДЕР110 жыл бұрын (1899-1952) Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, режиссер НАСОНОВ Михаил Григорьевич дүниеге келді.
Мәскеу қаласында туған. Мәскеудегі Пролеткульт театр студиясын бітірген. 1932-1941 жылдары Қазақ академиялық драма театрының көркемдік жағын басқарумен қатар режиссері болған.
М.Насонов М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек», «Тас түлектер», «Шекарада», Б.Майлиннің «Талтаңбайдың тәртібі», Ж.Шаниннің «Арқалық батыр», С.Сейфуллиннің «Қызыл сұңқарлар», М.Әуезов пен Ә.Тәжібаевтің «Ақ қайың», Ғ.Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» және Ә.Әбішевтің «Отан үшін» пьесаларын сахнаға шығарды. Қазақ академиялық драма театрының дамуына елеулі үлес қосты. 1941-1944 жылдары Шымкент облыстық драма театрында режиссер болып, М.Әуезовтің «Сын сағатта», С.Мұқановтың «Жеңіс жыры» және А.Островскийдің «Мысыққа күнде той бола бермес» спектакльдерін қойған. 50 жыл бұрын (1959) «Панорама» республикалық газетінің бас редакторы, Қазақстан Республикасы Журналистика академиясының академигі ЦОЙ Лера Владимировна дүниеге келді.
Өзбекстан Республикасында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. «Коре Ильбо», «Жезказганская правда», «Агитатор Казахстана», «Избиратель» газеттерінің тілшісі болып істеген. 1992-1993 жылдары ? «Панорама» газетінің тілшісі, бас редактордың орынбасары. Қазіргі қызметінде 1993 жылдан бастап істейді.