ПАРЛАМЕНТ
Маусымның 10-11-і күндері ҚР Парламенті Мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитетінің Қарағанды облысындағы көшпел отырысы өтеді.
ҮКІМЕТ
Маусымның 7-сінде Тәуелсіздік сарайында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің қатысуымен AstanaInvest 2010 І Халықаралық инвестициялық форумы өтеді.
Маусымның 7-сінде Кедендік бақылау комитетінде «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі кедендік шаралар: Еуроодақ және Орталық Азия елдерінің тәжірибесі» деген тақырыпта семинар өтеді.
Маусымның 7-сінде Сыртқы істер министрлігінде апталық брифинг өтеді.
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ
Маусымның 6-сы мен 9-ы аралығында Ашғабадта Қазақстан Республикасының Түркіменстандағы мәдениет күндері өтеді.
Маусымның 7-сінде Ыстамбұлда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесі елдерінің мемлекет және үкімет басшыларының саммиті өтеді.
Маусымның 7-9 күндері Еуропа одағы Аудиторлар палатасы президентінің және Бельгияның Аудиторлар палатасы президентінің шақыруымен ҚР Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев Бельгия корольдігіне және Люксембургке ресми сапармен барады.
Маусымның 7-10-ы аралығында Ресейдің Түмен қаласында «Тіл саясаты және мигранттарды жерсіндірудің әлеуметтік-құқықтық сипаттары» деген тақырыпта халықаралық конференция өтеді.
Маусымның 8-9-ы күндері Ялтада (Украинаның оңтүстігі, Қырым автономиялық республикасы) ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Кедендік қызмет басшылары кеңесінің отырысы өтеді,
Маусымның 11-12-сінде Қытай Төрағасы Ху Цзиньтао Қазақстанға мемлекеттік сапар жасайды.
ҚОҒАМ
Маусымның 1-інен бастап елімізде жыл сайынғы «Скутер» шарасы басталып, ол шомылу маусымы аяқталғанға дейін жалғасады.
Маусымның 1-інен бастап «Қазкоммерцбанк» АҚ мемлекеттік бағдарлама бойынша "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры есебінен ипотекалық несиелеуді қайта қаржыландыруды жаңғыртады.
Маусымның 4-10-ы аралығында республика бойынша 151 пунктте Ұлттық бірыңғай тестілеу өтеді.
СПОРТ
Мамырдың 5-7-сі аралығында Алматыда үлкен теннистен әйелдер арасында «BELLA CUP ALMATY 2010» турнирі өтуде.
Маусымның 7-12-сі күндері елордадағы Ұлттық теннис орталығының кортында ITF Junior Circuit «The Youth of Capital» халықаралық турнирі өтеді.
АСТАНА
Маусымның 7-сінде Астанада Еуропа, АҚШ, ТМД, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері сарапшыларының қатысуымен «АстанаИнвест-2010» І халықаралық инвестициялық форумы өтеді.
Маусымның 7-сінде Конгресс-Холлда Астана әкімінің орынбасары Қ.Сұлтанбековтың қатысуымен «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында Ашық есік күні өтеді.
Маусымның 7-сі күні Астанада «Дипломат» қонақүйінде «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау басталуына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
АЛМАТЫ
Маусымның 1-і мен 12-сі аралығында Оқушылар сарайында Балаларды қорғаудың халықаралық күніне арналған «Балалар» сурет көрмесі өтеді.
Маусымның 7-сінде Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Халықаралық опера-балет өнері фестивалінің жабылуына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
Маусымның 9-10 күндері Алматыда «Қазақстандағы франчайзинг 2010» III халықаралық форумы өтеді
АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР. МЕРЕЙТОЙЛАР.
МАУСЫМНЫҢ 7-І, ДҮЙСЕНБІ
Австралияның орнаған күні. Бұл ресми түрдегі жыл сайын маусымның бірінші дүйсенбісіне келетін мереке Австралияның 1/3 аумағында атап өтіледі. Елдегі ең үлкен штат дәл осындай аумақты алып жатыр, Батыс Австралияның бір ерекшелігі ол жаздық және қыстық уақытқа ауыспайтын жалғыз ел.
Қоныс аударушылар 1829 жылғы маусымның 1-де батыс жиекке алғашқы болып Британиядан Свон өзені арқылы капитан Джеймс Стирлингтiң басшылығымен Пармелия кемесімен көшіп келді. Саяхатшыларға қатты жел бірнеше күндер бойы жағаға баруға кедергі болды, олар өздерінің жаңа жерлерiн судан ғана бақылады. Олар ресми түрде жағаға кішкене кешігіп түскенімен де, дәл маусымның 1-і күні елдің батысында тұратын тұрғындарға Орнығу күні болып кетті. Сол жылы штаттың ең ірі Перт қаласының негізі қаланды. Ол Австралия халқының саны бойынша төртінші орындағы қала. Австралиялықтар бұл күнді.
Ирландияда маусым мерекесі. Маусымның бірінші дүйсенбісінде атап өтіледі. Бұл маусым күні көптеген ирландықтар табиғатқа демалуға шығады.
ОҚИҒАЛАР
16 жыл бұрын (1994) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Еуразия мемлекеттер одағын құру туралы» жобасы баспасөзде жарияланды.
13 жыл бұрын (1997) Павлодарда «Таза алюминий» деп аталатын ірі өндіріс орнының алғашқы қазығын қағу рәсімі өтті.
5 жыл бұрын (2005) Семейде Абай ұрпақтарының бірі Ілияс Ысқақовтың «Ақын жүрегі» жинағы жарыққа шықты.
Кітапты құрастырып баспаға әзірлеген - семейлік журналист Балтабек Ерсәлімов. Ілияс Ысқақов - Абайдың немере туыстарының бірі. Сталиндік зұлмат жылдарында оның әкесі екі рет халық жауы атанып, қуған-сүргінге ұшырады. Ал Ілиястың өзі бұл күнді көре алмай көз жұмды. Бірақ туыстарына кітабын шығаруды аманаттап кеткен екен. Енді осы игілікті шараны ұлы Абайдың тағы бір ұрпағы жүзеге асырды.
ЕСІМДЕР
50 жыл бұрын (1960) Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты - Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінің төрағасы, заң ғылымдарының кандидаты ИМАШЕВ Берік Мәжитұлыдүниеге келді.
Алматы қаласында туған. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.
1982-1994 жылдары - Фрунзе аудандық прокуратурасының тергеушісі, транспорттағы заңның орындалысын қадағалау бөлімінің прокуроры, Қазақ КСР прокуроры жанындағы аса маңызды істері бойынша тергеуші, Мәскеу ауданының прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының аналитикалық-ұйымдастыру басқармасының бастығы, Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары. 1994-1999 жылдары - «Казкоммерцбанк» акционерлік банкі басқармасы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің штаттан тыс кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлік комитеті төрағасының орынбасары - қайта ұйымдастыру агенттігінің директоры, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық комитеті төрағасының орынбасары - Салық полициясы бас басқармасының бастығы, «Имашев және серіктестер» заңгерлік фирмасының директоры, Қазақстан Республикасы Шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Президентінің Шағын бизнесті дамыту жөніндегі көмекшісі. 1999-2008 жылдары - Алматы қалалық адвокаттар коллегиясының адвокаты, «Имаш» адвокаттар кеңсесінің директоры, Астана қаласының адвокаттар коллегиясы президиумы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшесі, Астана қаласы адвокаттар коллегиясының мүшесі, «Нефтеконсалтинг» ЖАҚ-ның президенті, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары, «Шағын кәсіпкерлерді қолдау қоры» АҚ-ның басқарма төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы. 2008 жылдан - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты - Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінің төрағасы.
«Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған. Ю.Семеновтың «Детектив және саясат» Халықаралық қоры сыйлығының иегері.
МАУСЫМНЫҢ 8-І, СЕЙСЕНБІ
Дүниежүзілік мұхиттар күні. БҰҰ Бас Ассамблеясы 2009 жылғы ақпанның 12-де бекітті (№A/RES/63/111 қарар). Ресми түрде, жоғарғы мемлекетаралық деңгейде «Дүниежүзілік мұхиттар күнін» өткізу идеясы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында 1992 жылы өткен саммитте айтылды. Сол кезден бері «Дүниежүзілік мұхиттар күні» Дүниежүзілік мұхитқа әлдебір қатысы бар елдердің барлығында дерлік кеңінен аталып өтеді.
Бұл күні эколог-ғалымдар, ихтиологтар, көптеген аквариумдар, хайуанаттар бақтары, дельфинарийлер қызметшілері мұхиттың қайталанбас тіршілік иелері мен өсімдіктерін олар үшін зор қауіп - адам ашкөздігінен сақтап қалу үшін өз күштерін үйлестіреді.
ОҚИҒАЛАР
5 жыл бұрын (2005) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы «Президент-отельдің» ашылу рәсіміне қатысты.
Ғимараттың жалпы ауданы 20500 шаршы метрді құрайды. Қонақ үй кешенінде стандартты екі орындық нөмірлерден бастап президенттік «люкстерге» дейін 168 нөмір бар. Сондай-ақ, мүгедектерге де арналған бір бөлме бар. «Президент-отельде» 500 адамдық бал залы, 175 орындық мәжіліс залы, кездесулер өткізетін 100 адамға есептелген екі зал, екі мейрамхана бар.
Құрылыс жұмыстарын түріктің «Симбол иншаат» компаниясы іске асырған.
5 жыл бұрын (2005) Қостанайда Қазақстан және Ресей шекара құрама жетекшілері арасында шекараны бірлесіп қорғау туралы ынтымақтастық келісім-шартқа қол қойылды.
Келісім-шартта есірткі қылмысына, халықаралық лаңкестікке, контрабандаға қарсы ынтымақтастық сұрақтары бойынша мәселелер алдын ала келісілген. Сонымен бiрге шекара және көші-қон заңындағы өзгерiстер туралы ақпарат айырбастаулар ескерiлген.
5 жыл бұрын (2005) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қозы Көрпеш - Баян сұлу жырының нұсқалары» атты кітаптың таныстырылымы болды.
Бүгінде «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырының 20-дан астам үлгісі бар. Бұл жинаққа жырдың ХІХ-ХХ ғасырларда Петерборда, Қазан мен Орынборда араб әліпбиімен терілген бірнеше нұсқалары енгізілген. Аталған кітап жоғары оқу орындарының студенттері мен аспиранттарына, оқытушылар мен орта мектеп мұғалімдеріне арналған. Жинақты профессор Сұлтанғали Садырбаев дайындаған.
1 жыл бұрын (2009) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тұрғын үй қатынастары саласындағы азаматтардың мемлекеттік кепілдіктерін нығайтуға, көрсетілетін коммуналдық қызметтердің сапасын, адамдардың тұрмыстық жағдайларын жақсартуға және кондоминиум нысандарын басқару формаларын жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
ЕСІМДЕР
115 жыл бұрын (1895-1966) иран оқымыстысы, жазушы, Иран тілі мен әдебиеті академиясының мүшесі НАФИСИ Саид дүниеге келді.
Теһран университетінің парсы тілі мен әдебиеті тарихының профессоры болған.
Оның негізгі еңбектері Иран, Орта Азия, Үндістан халықтарының әдебиеті мен тарихына, орыс және батыс еуропа елдерінің әдебиеті мәселелеріне арналған. Рудаки туралы монографияның, «Бахрейн тарихы», «Қазіргі Иранның әлеуметтік-саяси тарихы» шығармармаларының, «Фарангис» романының, «Жұмаққа барар жарты жолда» памфлет-романының авторы.
85 жыл бұрын (1925) математик және физик, мемлекет қайраткері, КСРО Ғылым академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері МАРЧУК Гурий Иванович дүниеге келді.
Санкт-Петербор мемлекеттік университетін және аспирантурасын бітірген.
Негізгі ғылыми еңбектері есептеу және қолданбалы математикаға арналған. Оның басшылығымен және тікелей араласуымен Қазақстан үшін есептеу және қолданбалы математика саласы бойынша біліктілігі жоғары ғылыми кадрлар тәрбиелеу жөнінде көптеген жұмыс атқарды. Ол Қазақстандағы есептеу математикасы мектебінің негізін қалады.
3 мәрте Ленин орденімен және медальдармен марапатталған.
МАУСЫМНЫҢ 9-Ы, СӘРСЕНБІ
Халықаралық достар күні. Барлық уақытта барлық халық достықты үлкен әлеуметтік және адамгершілік құндылық деп таныса да «шынайы достықты» өте сирек деп санаған, ал кемелденген кезін өткен уақытқа жатқызады.
Халықаралық достар күні өмірдегі әртүрлі қиын-қыстау жағдайларға қарамастан досымыздың қаншалықты қымбат екенін айта отырып, оларды қуанту үшін ойлап табылған күн.
Дүниежүзілік аккредитация күні. 2008 жылғы маусымның 9-да құрылды. Мерекені құру негізі жаһандық бастама болды, Халықаралық Аккредитация Форумымен (IAF, International Accreditation Forum) Халықаралық ынтымақтастықтың аккредитация зертханасының (ILAC, International Laboratory Accreditation Cooperation) ортақ шешімімен қолданған, оған аккредитацияға байланысты жұмыстардың назарын аудару мақсатында құрған.
ILAC халықаралық бірлестігі 30 жыл бұрын құрылған, оған 70 елдің аккредитация органдарының өкілдері кіреді. Аккредитация органдарымен дүниежүзілік келісімге қол қойылды, ол шекара сыртында да тауар мен қызметінің кеңейтілуіне жағдай жасайды.
ОҚИҒАЛАР
15 жыл бұрын (1995) халықаралық «Дидар - Қазақстан» журналының алғашқы саны жарық көрді.
5 жыл бұрын (2005) Ақ ордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Еуразия жүрегінде» атты жаңа кітабының таныстырылымы болып өтті.
1 жыл бұрын (2009) Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы Торғай ауылының маңында орналасқан түркі дәуірінің ғұрыптық «Қос батыр» ескерткіші табылды.
Ол ғұрыптық ескерткіш тастан қаланған төрт бұрышты екі қоршаудан тұрады. Екі қоршаудың шығыс жағында тастан қашалған екі батырдың мүсіні бар. Бұл мүсіндер VII-VIII ғасырға жатқызылып отыр.
ЕСІМДЕР
75 жыл бұрын (1935) ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі РУЗЫЕВ Рахымжан дүниеге келді.
ҚХР-ның Құлжа қаласында туған. Шынжаң институтының суретшілер факультетін бітірген.
1960 жылы Қазақстанға көшіп келген. Алматы қаласында әр түрлі мекемелерде қызмет атқарған. 1968 жылдан Қазақстан теле-радиохабарлары жөніндегі комитетте жұмыс істеді.
«Жалынды сөз», «Алтын аймақ», «Отты тасқын», «Мың үй», «Сырлы толқындар» атты еңбектері жарық көрген. Көптеген өлеңдері қазақ, орыс, өзбек және қырғыз тілдеріне аударылған.
30 жыл бұрын (1980) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы жөніндегі комитеттің төрағасы ӘБДІРАХЫМ Нұрлан Ерғалиұлы дүниеге келді.
Тараз қаласында туған. «Қайнар» университетін бітірген.
2001-2005 жылдары «Астанаэнергосервис» ААҚ тексерушісі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жетекші, бас маманы, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы қызметтерін атқарған. 2006-2009 жылдары - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнама департаменті директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңға тәуелді актілер департаментінің директоры. Аталған қызметінде - 2009 жылдың ақпан айынан.
МАУСЫМНЫҢ 10-Ы, БЕЙСЕНБІ
ОҚИҒАЛАР
12 жыл бұрын (1998) Астана қаласында Қазақстан Республикасының жаңа астанасын ресми таныстыруға арналған салтанатты мәжіліс өтті. 1994 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы ұсыныс жасады. 1997 жылы қазанның 20-да астананы ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойды. 1998 жылы мамырдың 6-да Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгерді. 10 маусым 2006 жылға дейін астананың туған күні ретінде атап өтіліп келді. 2006 жылдан бастап 6 шілде елорда күні ретінде атап өтіледі.
5 жыл бұрын (2005) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Қазақ ұлттық музыка академиясы орган залының ашылу рәсіміне қатысты.
5 жыл бұрын (2005) Жезқазғанның Достық пен халықтар мәдениеті үйі алдында ақын Тайжан Қалмағамбетовқа ескерткіш орнатылды.
Тайжан Қалмағамбетов (1879-1937) - суырып салма ақын, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің қатысушысы. Қарағанды облысы Ұлытау ауданында туған. Сталиндік тәртіп кезінде «халық жауы» атанып 1937 жылдың 26-шы қыркүйегінде ату жазасына тартылған. Тайжан ақынның шығармалары «Қазақ халқының 1000 өлеңі», «Пернедегі термелер», «Халық ақындары» жинақтарында жарияланған. 1984 жылы «Ой ағысы» атты өлеңдер мен әндер жинағы, 2004 жылы «Сақ-сақ күлсін сырнайым» атты жинағы жарық көрді. Оның есімі Жезқазған филармониясына берілген.
Ескерткіштің авторлары - мүсіншілер Өмірхан Жүнісбеков, Шақыбәдін Сейткенов, сәулетші Асқар Сариев.
1 жыл бұрын (2009) Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, экономика ғылымдарының докторы, профессор Өмірбек Байгелдінің «Табылмай келген қазына» атты ғылыми-деректі фильмінің және қытайдың ақыны Ли Бо туралы кітабының тұсау кесер рәсімі өтті.
Өмірбек Байгелді өзінің жұмысында 1300 жыл бұрын дүниеге келген қытайдың ұлы ақыны Ли Бо Қазақстанның Шу өңірінде туғанын дәлелдеген.
ЕСІМДЕР
55 жыл бұрын (1955) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты -Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі, техника ғылымдарының кандидаты, доцент РАМАЗАНОВ Еркін Аманоллаұлы дүниеге келді.
Павлодар облысында туған. Қазақ химия-технологиялық институтын бітірген.
Алматы сәулет-құрылыс институты технология факультетінің деканы, құрылыс материалдары кафедрасының доценті. 1992-1998 жылдары - «ЮРСК» компаниясының директоры, «Қазэкспортастық» акционерлік қоғамының бас директоры, президенті, бақылау кеңесінің төрағасы, директорлар кеңесінің төрағасы. 1999-2007 жылдары - ІІІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2007 жылдан - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты - Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі.
Бір монографияның, бес авторлық куәліктің және елуден астам ғылыми еңбектің авторы.
35 жыл бұрын (1975) математика ғылымдарының кандидаты, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы ЕСЕКЕЕВ Қуанышбек Бақытбекұлы дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген.
«Қазақойл» ЖАҚ-ның, «Қазақстан темір жолы» РМК-ның ақпараттық технологиялар департаменті жетекшісі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің департамент директоры, Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары, төрағасы қызметтерін атқарған. Аталған қызметінде - 2010 жылдың наурыз айынан.
МАУСЫМНЫҢ 11-І, ЖҰМА
ОҚИҒАЛАР
3 жыл бұрын (2007) Өскеменнің төрт орталық көшесі жаңа атаулармен өзгертілді. Бұрынғы Ленин даңғылы - Тәуелсіздік даңғылы, Қызыл Қыран жағалауы - Александр Протозанов атындағы көше деп аталды. Текстильщиктер даңғылы - академик Қаныш Сәтбаевтың, Ермак көшесі - Жақыпбек Малдыбаевтың есімдеріне ие болды.
Бұдан басқа қаланың орталық алаңы - Республика алаңы, ал қалалық саябақ - «Жастар» саябағы деп аталды. Қаланың тағы бір көшесі Панкратьев бағының негізін қалаған Густав Винтениустің, солтүстік жағалауда салынып жатқан жаңа даңғыл Ілияс Есенберлиннің есімдерін иеленді.
3 жыл бұрын (2007) Ресейде семейлік жазушының «Сталин - разгадка Сфинкса» атты кітабы жарық көрді. Кітаптың авторы Марат Ахметов - бұрынғы журналист, біздің республикамызда КСРО-ны басқарған тарихи адамдар туралы жазатын адамдардың бірден бірі.
«Сталин - разгадка сфинкса» кітабында Иосиф Джугашвили басқа тұрғыдан бейнеленген. Кітап автордың екі ел мұрағатында ізденіс жұмыстарын өткізіп және Сталинді жеке таныған адамдармен кездесу нәтижесінде жасалған хроникалық-деректі шығарма болып табылады.
1 жыл бұрын (2009) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қостанай облысы Рудный қаласында №6 ТЭЦ АО «ССГПО» энергоблогы іске қосылды. Жобаның құны - 8241,3 млн. теңге, ал қуаттылығы - 63 МВт.
ЕСІМДЕР
100 жыл бұрын (1910-1997) францияның атақты мұхит зерттеушісі, кинорежиссер, өнертапқыш, фотограф, Франция академиясының мүшесі КУСТО Жак Ив дүниеге келді.
Францияның Сен-Андре-де-Кюбзак қаласында туған. Францияның теңіз академиясын бітірген.
1943 жылы Эмиль Ганьянмен бірге аквалангты ойлап тауып, оны сынақтан өткізді.
Кусто «Калипсо» кемесімен мұхиттың графикалық зерттеулерін жүргізді. Фредерик Дюмамен бірлесіп жазған «В мире безмолвия» атты кітабы Кустоға атақ алып келді. 1956 жылы кітап бойынша түсірілген фильмі «Оскар» және «Золотая пальмовая ветвь» сыйлығын иеленді.
1957 жылдан Монакодағы Мұхиттану институтының директоры болды. Бүкіләлем көрермендеріне кеңінен танымал фильмдердің авторы. 1973 жылы теңіз ортасын қорғау коммерциялық емес «Кусто қоғамын» құрды.
«Тірі теңіз», «Дельфиндер», «Жак Кусто: мұхит әлемі» кітаптардың авторы.
МАУСЫМНЫҢ 12-І, СЕНБІ
Бүкіләлемдік бала еңбегімен күрес күні. Халықаралық Еңбек ұйымы (ХЕҰ) 2002 жылы барлық елдерді қамтыған балалар еңбегіне және оның ең жайсыз түрлеріне тыйым салу үшін қозғалысқа көңіл аудару мақсатында маусымның 12-сін Бүкіләлемдік бала еңбегімен күрес күні деп жариялады.
Нәтижесі 1999 жылдың 17 маусымында ХЕҰ Бас конференциясының Женевадағы 87-ші сессиясымен қабылданған бала еңбегінің ең жайсыз түрлері туралы ХЕҰ-ның №182 және ең төменгі жас туралы № 138 Конвенциясын бекіткен елдердің саны арта түсуі болып табылған бұл қозғалысқа Бүкіләлемдік күн жаңа серпін бермек.
Қазақстан бұл Конвенцияны 2002 жылдың 26 желтоқсанында бекітті.
ОҚИҒАЛАР
85 жыл бұрын (1925) Қазақ өлкелік комитетінің РКП (б) хатшылығы қазақ пролетар жазушыларының ассоциациясын (ҚазААП) құру туралы шешім қабылдады. Бұл ассоциация жазушылардың дүниетанымының қалыптасуында, олардың саяси көзқарастарының анықталуында, әдебиетке жаңа күштерді тартуда, жазушылар мен ақындардың идеялық-көркемдік шеберлігін арттыруда маңызды рөл атқарды.
10 жыл бұрын (2000) Алматыда жазушы Сәбит Мұқановтың (1900-1973) ескерткіші ашылды.
3 жыл бұрын (2007) Екібастұз ГРЭС-інде қуаты 500 киловаттық жаңартылған №4 энергоблок іске қосылды.
1 жыл бұрын (2009) Қазақстанда алғашқы рет австрияның бір тума сазгері Франц Шуберттің «Октет фа мажор» атты шығармасы орындалды.
Концертті «А-Моторс» компаниясының Алматыдағы Nissan ресми дилерінің қолдауымен Халықаралық фаготистер қауымдастығының мүшесі, халықаралық байқаулардың лауреаты, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияның түлегі Жамбыл Мұхамбетжанов ұйымдастырды.
1 жыл бұрын (2009) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң интеллектуалды мектептерiнiң дамуы туралы сарапшы-консультациялық кеңестің алғашқы мәжiлiсi болып өттi.
Сарапшы-консультациялық кеңес «Өркен» АҚ-ның жанындағы зияткерлік мектептерде физика-математикалық және химия-биологиялық пәндерді тереңдетіп оқытуға бағытталған бiлiм беру ісіне ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету мақсатымен құрылған.
ЕСІМДЕР
80 жыл бұрын (1930) шопан, Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері МОЛДАСАНОВ Жолсейіт дүниеге келді.
Алматы облысының Райымбек ауданында туған.
1947 жылдан қазіргі Райымбек ауданының Қарқара өңірінде шопан болды. Ол әр 100 саулықтан 141 қозы алып, әр қойдан 4 кг жоғары сапалы жүн қырықты.
Оның есімі республикалық Құрметті Алтын кітапқа жазылды.
2 мәрте Ленин және Қазан революциясы ордендерімен, медальдармен марапатталған.
МАУСЫМНЫҢ 13-І, ЖЕКСЕНБІ
Қасиетті Раджаб айының басы (Мұсылман мейрамы). Раджаб айы - үш қасиетті айлардың бірі (Раджаб, Шағбан, Рамазан). Алла Тағаланың өзінің құлдарына жасаған ең үлкен рақымшылығы болып табылады. Бұл айларда жақсы әрекет жасағандарға сауап тиеді және жасаған күнәларына шын көңілден өкінетін жандарды Алла Тағала кешіреді.
«Раджаб» сөзі үш әріптен тұратын (араб тілінде дауысты дыбыс жоқ): «Р» - «рахмат» (Алла Тағаланың қайырымдылығы), «дж» - «джурмулгабди» (Алла Тағала құлдарының күнәлары) және «б» - «бирру Ллахи Тағаля» (Алла Тағаланың жақсылығы) деген мағынаны білдіреді.
Ресей жеңіл өнеркәсіп қызметкерлерінің күні. Маусымның екінші жексенбісінде атап өтіледі. 1980 жылғы қазанның 1-де КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы «Мерекелік және атаулы күндер туралы» Жарлығымен бекітілген.
ОҚИҒАЛАР
12 жыл бұрын (1998) Германияда Қазақстанның мәдени күндері басталды.
9 жыл бұрын (2001) Алматыда I Республикалық «Бөбек шақырады» фестивалі өтті.
3 жыл бұрын (2007) Халықаралық баспасөз орталығында «Сұрапыл жылдар құрбандарына тағзым» атты кітаптың таныстырылымы болды.
Оған Ақмола облысының 400-ден астам майдангерлердің шығармалары енді. Кітапта Талғат Бигелдинов, Рахымжан Қошқарбаев, Әлмұқан Сембинов сынды батырлар туралы естеліктер жинақталып, Ақмола облысынан шыққан әскери дивизиялардың ерліктері баяндалады. Ұлы Отан соғысы кезінде Ақмола облысынан 70 мыңнан астам азамат майданға аттанған болатын.
Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған Талғат Бегелдинов 1922 жылы Ақмола облысының Ақмола ауданы Майлыбалақ ауылында дүниеге келді. Орынбор және Саратов қалаларындағы әскери авиация училищесін, Әскери-әуе академиясын бітіріп 1956 жылға дейін КСРО Қарулы Күштерінде командирдің орынбасары және авиация полкінде штаб бастығы қызметтерін атқарған. 1956 жылдан запастағы авиацияның генерал-майоры. Талғат Бегелдинов атындағы Халықаралық қайырымдылық қордың президенті. Бұл қор Қазақстан Республикасының және шетелдердің мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарымен бірлесіп жұмыс істейді. 1945,1985 және 1995 жылдарғы Жеңіс шеруіне қатысқан. «Илы атакуют», «305 рейдов» және «Сражение в воздухе» кітаптарының авторы. Ленин, екі мәрте Қызыл Ту, І-,ІІ дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз, Александр Невский, ІІІ-дәрежелі Даңқ ордендерімен және медальдарымен марапатталған. Алматыда тұрады.
Қошқарбаев Рақымжан (1924-1988) Ақмола облысының Тайтөбе ауылында өмірге келген. 1945 жылғы 30 сәуірде ол жауынгер Григорий Булатовпен бірге Кеңес әскерлері арасынан Рейхстагқа алдымен жетіп, жеңіс туын тікті. Берлиндегі Рейхстагқа ту тігіп, қазақтың нағыз батыр ұлт екендігін дәлелдеген қайсар азамат Рақымжан Қошқарбаевқа 1999 жылы тәуелсіз еліміздің «Халық қаһарманы» атағы берілді. Р.Қошқарбаев 1988 жылы 10 тамызда Алматыда қайтыс болды.
Үздік барлаушы Әлмұқан Сембинов (1924-1972) Ақмола ауданының Жаңабірлік ауылында дүниеге келген. 1943 жылдың қақаған қысынан жеңістің жылы самалы соққанға дейін майданның алғы шебінде болған ардагердің жолы ерлікке толы. Ол өзінің сенімді серіктері Данил Лебедкин және Николай Беловпен бірге жау бекінісінен талай рет «тіл» алып келіп, олардың жоспарлары мен құпия істерін ашып, жеңіс күнін жақындатуға көп үлес қосқан. Қызыл Жұлдыз, І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Даңқ» ордендерімен, медальдармен. Бүгінгі таңда Астана қаласының бір көшесі майдангер атамыздың есімімен аталады.
ЕСІМДЕР
55 жыл бұрын (1955) композитор, Қазақстан Композиторлар одағының төрайымы, филология ғылымының кандидаты ҚЫДЫРБЕК Балнұр Балғабекқызы дүниеге келді. Алматы қаласында туған. К.Байсейітова атындағы республикалық арнаулы музыка мектебін, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген.
Алматы мемлекеттік консерваториясында, Қазақстан Композиторлар одағында қызмет істеген.
«Қарлығаштың құйрығы неге айыр» атты тұңғыш ұлттық балалар балетінің, «Қалқаман-Мамыр» опера-балетінің, «Наурыз мейрам хикаясы» балетінің, сондай-ақ көптеген симфониялық поэмалар мен увертюралардың, оркестрлік, камералық шығармалардың авторы. Ол - отандық музыка тарихында тұңғыш рет үрмелі аспаптар оркестріне арналған шығармалар жазған композитор.