09:06, 24 Наурыз 2009
ҚазАқпарат-Анонс: наурыздың 23-і мен 29-ы аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі
ҚазАқпарат-Анонс: наурыздың 23-і мен 29-ы аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі
ЕЛБАСЫНаурыздың 23-25-і күндері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Финляндия Республикасына мемлекеттік сапары өтедіҮКІМЕТНаурыздың 24-інде Үкімет үйінде министрлер кабинетінің отырысы өтеді. Наурыздың 24-і мен 27-сі аралығында «электрондық үкімет» порталында (www.e.gov.kz) Мемлекет басшысының «Дағдарыстан ? дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауының мазмұнын түсіндіру және іске асырылу барысы жөнінде ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтановтың қатысуымен интернет-конференция өткізіледі. Сұрақтарға қайтарылған барлық жауаптар «электрондық үкімет» порталында ағымдағы жылғы наурыздың 28-інде орналастырылатын болады.ПАРЛАМЕНТНаурыздың 24-і, сейсенбі күні парламентшілер бірқатар комитеттерде құрылған жұмыс топтарында заң жобаларын қарайды. Атап айтқанда Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің жұмыс тобы «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» заң жобасын және еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне сот-сараптама қызметі жөніндегі түзетулерді қарайды. Сондай-ақ осы комитетте кейбір заңнамалық актілерге азаматтарды ұстау негіздері мен тәртібін бекіту мәселелері бойынша түзетуді талқыға салады.Наурыздың 25-і, сәрсенбі күні Мәжілістің жалпы отырысы өтеді деп жоспарланған. Бейсенбі, наурыздың 26-сы күні Мәжіліс Бюросының отырысы өтетіні белгіленген.Ал наурыздың 27-сі, жұма күні «Қазақстан Республикасындағы техникалық және кәсіптік білім берудің Мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету туралы» парламенттік тыңдау өтеді.Бейсенбі және жұма күндері Палатаның салалық комитеттерінде құрылған жұмыс топтарында бірқатар заң жобалары талқыланады.
ҚОҒАМЕлімізде 2009 жылғы ақпанның 17-сі мен шілденің 1-і аралығында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жарияланды.ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ
Наурыздың 27-сінде Мәскеуде Ауғанстан бойынша арнайы конференция өтеді. Осы іс-шара Шанхай ынтымақтастығы ұйымы мүше-мемлекеттері кеңесінің шешіміне сәйкес жоспарлануда. ШЫҰ басшылығымен шақырылатын кездесуде Ауғанстандағы жағдайдың даму мәселелерін және оның көршілес мемлекеттерге ықпалын қарау, лаңкестікке, есірткінің заңсыз айналымына және Ауғанстан аумағынан тарайтын трансшекаралық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресуде халықаралық қоғамдастықта бірлескен күшті нығайту жоспарланған.
СПОРТ Футболдан 2009/2010 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы кездесуін өткізу үшін Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы наурыздың 23-і күні Израильге аттанады.
Израиль құрамасымен болатын бұл ойын наурыздың 29-ы күні Хайфа қаласында жергілікті уақыт бойынша 18:00-де басталады. Команда Израиль сапарынан Алматыға наурыздың 31-інде оралып, сәуірдің 2-сінде екінші кездесуін Орталық стадионда Болгария құрамасымен өткізуді көздеп отыр.Наурыздың 23-27-сі күндері Испанияда велоспорттан «Castilla y Leуn» жарысы өтеді. Испаниядағы бұл көпкүндік сайыста «астаналық» шабандоздарға қазақстандық кәсіпқой велоклубтың спорт директорларынан Вячеслав Екимов пен Шон Ятес жетекшілік жасайды. Онда «Астана» намысын Лэнс Армстронг, Альберто Контадор, Хосе Луис Рубьера, Леви Лейфаймер, Хесус Эрнандес, Томас Вайткус, Аймар Субельдиа мен Бенджамин Новаль қорғамақ. АСТАНАНаурыздың 22-сі мен 28-і аралығында ҚР Президенттік мәдениет орталығында Қазақстан зергерлерінің «Күміс сыңғыры» атты көрмесі өтуде. Ол халқымыздың қолөнер шеберлерінің туындылары арқылы қолданбалы-сәндік өнердің қазіргі кездегі даму деңгейін көрсететін айшықты шара болып табылады.
АЛМАТЫ Наурыздың 24-інде Қазақстан баспасөз клубында «Сары қыз» концертінің премьерасына арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Наурыздың 26-сы күні Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұржамал Үсенбаеваның мерейтойлық концерті өтеді. Концерт әншінің 50 жасқа толуына және шығармашылық қызметінің 25 жылдығына арналады. Шара 28-ші наурыз күні болатын Дж. Пуччинидің «Богема» операсымен жалғасады.АЙМАҚБАЙҚОҢЫР Наурыздың 26-сы күні «Байқоңыр» ғарыш айлағының №1 алаңынан «Союз ТМА-14» ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш стансасына ұшырылады. Негізгі экипаждың ғарышкерлері: Геннадий Падалка (Ресей), Майкл Баррет (АҚШ), Чарльз Симони (АҚШ), сондай-ақ олардың дублерлары Максим Сураев (Ресей), Джеффри Уильямс (АҚШ), Эстер Дайсон (АҚШ).
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНаурыздың 29-ында Қарағанды облысында мәслихаттағы босаған орындарға депутаттар сайлауы болады. Облыстық мәслихатқа - Ақсу-Аюлы округі бойынша бір орын, Қарағанды және Саран қалалық мәслихаттарының әрқайсысына ? екі орын, Жезқазған, Қаражал және Сәтбаев қалалық мәслихаттарының әрқайсысына бір орыннан босады. Жалпы алғанда, барлығы 8 депутат сайлануы қажет. Бекітілген күнтізбелік жоспарға сәйкес, үміткерлерді ұсыну ақпанның 27-де, тіркеу ? наурыздың 3-інде аяқталады.
--------------------------------------------------------------------------------------------------
АТАУЛЫ КҮНДЕР, ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР
НАУРЫЗДЫҢ 24-І, СЕЙСЕНБІБүкіләлемдік туберкулезбен күрес күні. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімімен неміс микробиологы Роберт Кох туберкулез таяқшаларын ашқан күнінің (1882) құрметіне орай атап өтіледі. 1998 жылғы қарашаның 16-сына Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық денсаулығы» мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығы шықты. Онда туберкулезбен күрестің негізгі шаралары анықталып берілді. Бағдарламаға Люксембург денсаулық сақтау министрлігі, Швецияның Корольдік академиясы, Токионың медицина мектебі, Гамбургтегі Медициналық білім академиясы сияқты шетелдік ұйымдар тартылды.
Қазақстанда жыл сайын 20-27 мың адам туберкулезге шалдығады. 4-6 мың адам қайтыс болып, 3 мыңы мүгедектікке шығады.НАТО-ның Югославияға қарсы агрессиясы барысында құрбан болғандар мен жапа шеккендерді еске алу күні. 10 жыл бұрын (1999) НАТО-ның Югославияға әскери операциялары басталды.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР11 жыл бұрын (1998) Италияның астанасы Римде «Қазақстанмен танысу» тақырыбында конференция өтті.9 жыл бұрын (2000) Қызылорда облысының Жаңа Қазалы қаласына Әйтеке би есімі берілді.ЕСІМДЕР55 жыл бұрын (1954) жазушы, аудармашы САХАБАТ Сәрсенбек дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. 1991-1995 жылдары ? «Жібек жолы» журналының тілшісі. 1995-2004 жылдары ? Халықаралық «Нәзір» қорының вице-президенті, «Темірқазық» журналының бас редакторы, «Мәдениет» газетінің бас редакторы болған. Қазір Ж.Шанин атындағы театрдың менеджері болып істейді. Ол Қ.Қазиев атындағы әдеби сыйлықтың, Н.Төреқұлұлы атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты атанып, облыстық мүшәйраның бас жүлдесін иеленген.50 жыл бұрын (1959) экономика ғылымының кандидаты ЕСІМХАНОВ Сағындық Өлмесекұлы дүниеге келді.
Павлодар облысында туған. Павлодар индустриялдық институтын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Нарық институтын бітірген. 1993-1997 жылдары ? «Қазкоммерцбанк» ААҚ Павлодар филиалы директорының орынбасары, директоры, «Транко» АҚ Павлодар өкілдігінің директоры. 1997-1999 жылдары ? Павлодар қалалық қаржы басқармасының, облыстық қаржы басқармасының бастығы. 1999-2005 жылдары ? Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Экономика, қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің мүшесі. 2005-2007 жылдары ? Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кеңесшісі. 2007-2008 жылдары ? Павлодар облыстық сот әкімшісі. 2008-2009 жылдары Ақтөбе облысы әкімі аппаратының жетекшісі болған.
«Құрмет» орденімен марапатталған.
НАУРЫЗДЫҢ 25-І, СӘРСЕНБІГрекия Республикасының Ұлттық мейрамы ? Тәуелсіздік күні (1821). Грекия Республикасы Еуропаның оңтүстік-шығысында, Балқан түбегінің оңтүстігі мен соған шектесіп жатқан Ион, Жерорта және Эгей теңіздеріндегі ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Астанасы ? Афины қаласы. Ресми тілі ? грек тілі. Ақша бірлігі ? драхма. Халқының көпшілігі христиан дінінің православие тармағын ұстанады. Ел аумағы әкімшілік-аумақтық жағынан 51 номға бөлінеді. Мемлекет басшысы ? Президент. Заң шығарушы органы ? бір палаталы парламент. 1975 жылғы маусымның 11-де қабылданған ел Конституциясы бойынша, Грекия президент басқаратын парламенттік республика болып табылады.
Қазақстан Республикасы мен Грекия Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы қазанның 1-де орнатылды.ЕСІМДЕР75 жыл бұрын (1934-2009) жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Саха Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Саха Республикасы Мемлекеттік сыйлығы мен Эрлик Эристин атындағы әдеби сыйлығының, Қазақстан Жазушылар одағы С.Сейфуллин атындағы сыйлығының иегері, Қазығұрт ауданының құрметті азаматы ТҰРСЫНҚҰЛҰЛЫ Қалаубек дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында туған. Н.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтын бітірген. Оңтүстік Қазақстан өлкелік комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінің хатшысы, Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының ұйымдастыру жөніндегі хатшысы, Мемлекеттік телерадио компаниясы төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. Қаламгердің «Алысқа тартқан жол» әңгімелері мен повестер жинағы, «Арман азабы» пьесасы, «Есіңде ме сол бір кез», «Хал қалай, жолдас хатшы», «Кешіккен хат», «Анды-Қарағыз» повестері, «Поляр шеңберінің маңында», «Олар оралған жоқ», «Сардана мен қызғалдақ», «Қазығұрт: аңыз бен ақиқат» секілді роман-эсселері жарық көрген. Көркем аударма саласында К.Яшеннің пьесаларын, Р.Файзидің «Айналайын атыңнан» романын, Ғ.Гулямның «Ташкенттіктер» романын және басқа да жазушылардың шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаған. Жекелеген повестері орыс, украин, беларус, чех, өзбек, тәжік, якут, татар, башқұрт, армян, т.б. тілдерге аударылған. Өзбек тілінде 3 кітабы, саха тілінде 3 кітабы, Мәскеу баспаларынан 3 кітабы жарық көрген.
Екі рет «Құрмет белгісі» орденімен, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, екі мәрте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. 65 жыл бұрын (1944) ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі ЖАНДЫБАЕВ Ғұсман (Ғ. Елеу) дүниеге келді.
Қытай Халық Республикасының Шағантоғай ауданында туған. Алматы ауыл шаруашылығы техникумын, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген. Қазақ теледидары әдеби-драмалық хабарлар бас редакциясында, «Мектеп», «Жазушы», «Шабыт», «Рауан», «Білім» баспаларында, «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясында жұмыс істеді. Қаламгердің «Асыл жандар», «Жасыл жондар», «Зеңгір аспан», «Қыр қызғалдақтары», «Көкорай», «Сөз мәйегі», «Ақтеңізден бір тамшы», «Сәуірде туған ақ сәуле», т.б. кітаптары жарық көрген.60 жыл бұрын (1949) жазушы САҒАТ Ерғали дүниеге келді.
Жамбыл облысының Талас ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Сол жылы жолдамамен «Лениншіл жас» республикалық жастар газетіне (қазіргі «Жас алаш») жіберілген. Еңбек жолын тілшілік қызметтен бастап, бас редактордың орынбасарына дейінгі лауазымды жұмыстарды атқарған. 1992-2005 жылдары «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы болған. 1983 жылы «Жалын» баспасынан «Даладағы ұлы із» очерктер жинағы жарық көрді. Осы еңбегі үшін Қазақстан Журналистер одағы мен Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінің Б.Бұлқышев атындағы сыйлығы берілді. 1988 жылы «Ғимараттар биіктеп барады» кітабы үшін Қазақстан Журналистер одағының сыйлығын иеленді. Қаламгердің «Келелі келешек», «Дін биігіндегі ел» атты публицистикалық кітаптары бар.50 жыл бұрын (1959) «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы, экономика ғылымының кандидаты, доцент, Халықаралық инженерлік академияның корреспондент мүшесі БАЙМЕНОВ Әлихан Мұхамедұлы дүниеге келді.
Қарағанды қаласында туған. Қарағанды политехникалық институтын, Мәскеу автомобиль жолдары институтының аспирантурасын бітірген. Қарағанды политехникалық институты Жезқазған филиалының ассистенті, аға оқытушысы, доценті болған. 1992-1994 жылдары ? Жезқазған тау-кен технологиялық институты деканының орынбасары, Жезқазған облысы әкімдігі басшысының орынбасары. 1994-1995 жылдары ? Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Халықаралық және парламентаралық қатынастар комитеті төрағасының орынбасары. 1997-1998 жылдары ? Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің жетекшісі. 1998-999 жылдары ? Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жетекшісі. 2000-2001 жылдары ? Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. Қазіргі қызметінде 2005 жылдан бастап істейді. Ол «Ұлытау» Жезқазған облыстық қозғалысы кеңесінің төрағасы, «Қазақстан халық бірлігі» Жезқазған облыстық одағының төрағасы, «Зерде» гуманитарлық қорының төрағасы, «Темірқазық» интеллектуалдық пікірсайыс клубының төрағасы болған.40 жыл бұрын (1969) Павлодар облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің бастығы, экономика ғылымының кандидаты, кеден қызметінің полковнигі МҰХАМБЕТОВ Мирлан Бегежанұлы дүниеге келді.
Ақтөбе облысында туған. Самар политехникалық институтын, Ресей кеден академиясын бітірген. Ақөбе облысы бойынша кеден басқармасының бас инспекторы, «Мәртөк», «Ақтөбе» кеден бекеттерінің бастығы қызметтерін атқарған. 1999-2008 жылдары ? Ақтөбе облысы бойынша Кеден департаменті бастығының орынбасары, бастығы. Қазіргі қызметінде 2008 жылдан бастап істейді.
«Құрмет» орденімен марапатталған.
НАУРЫЗДЫҢ 26-Ы, БЕЙСЕНБІБангладеш Халық Республикасының ұлттық мейрамы ? Тәуелсіздік күні. 1971 жылғы наурыздың 26-да азаттық қозғалысының басшысы Муджибур Шейх Тәуелсіз Бангладеш Республикасының құрылғаны туралы Декларация жариялады. Пәкістан үкіметі 1974 жылы Бангладеш тәуелсіздігін мойындады. Бангладеш ? Оңтүстік Азияда орналасқан мемлекет. Астанасы ? Дакка қаласы. Мемлекеттік тілі ? бенгал тілі. Ақша бірлігі ? така. Қазақстан Республикасы мен Бангладеш Халық Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы ақпанның 4-де орнатылды.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР16 жыл бұрын (1993) Қызылорда қаласында Арал теңізі проблемалары бойынша мемлекетаралық келісімге қол қойылды. Келісімге Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан Республикаларының Президенттері қол қойды. Келісімнің арнайы баптарында Арал теңізі айдынындағы экологиялық дағдарысқа байланысты негізгі мәселелер нақты қаралды. Апаттың алдын алуға, қоршаған ортаны сауықтыруға және Арал аймағының әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін, денсаулық сақтау, т.б. шараларға тікелей назар аударылды. Келісімді орындаудың алғышарты ретінде Халықаралық Арал қоры, Арал теңізі мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңес құрылып, олардың ұйымдық мәселелері шешілді.8 жыл бұрын (2001) Атырауда Каспий құбыр желісі консорциумын мұнаймен толтыру рәсімі өтті.ЕСІМДЕР55 жыл бұрын (1954) өнертанушы, өнертану ғылымының докторы, Халықаралық көркемөнер сыншылары қауымдастығының мүшесі ЕРҒАЛИЕВА Райхан Әбдешқызы дүниеге келді.
Өскемен қаласында туған. Ленинградтың (қазіргі Санкт-Петербор) Кескіндеме, мүсін және сәулет институтын, Әдебиет және өнер институтының аспирантурасын бітірген. Оның көптеген ғылыми зерттеулері республикалық және шет елдерде жарық көрген ұжымдық жинақтарда, кітаптар мен каталогтарда, журналдар мен газеттерде жарияланды. Р.Ерғалиева - Қазақстан және Орталық Азияның бейнелеу өнері туралы монографиялық еңбек пен жүзге тарта мақалалардың авторы.
НАУРЫЗДЫҢ 27-І, ЖҰМАХалықаралық театр күні. 1962 жылдан бастап жыл сайын атап өтілетін бұл атаулы күнді 1961 жылы ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық театр институтының Венада өткен 9-ші конгресі бекіткен болатын.Ресей ІІМ Ішкі әскерлері күні.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР17 жыл бұрын (1992) «Бөбек» балалар қайырымдылық қоры құрылды. Қорды құрушы және жетекшісі Қазақстанның бірінші ханымы ? Сара Алпысқызы Назарбаева.17 жыл бұрын (1992) Алматыда ? ТМД елдері Жоғарғы Кеңестері төрағаларының консультативті кеңесі болды. 7 жыл бұрын (2002) ҚР ІІМ Кинология орталығы құрылды.6 жыл бұрын (2003) Батыс Қазақстан облыстық жастар қауымдастығы құрылды. Бүгінгі таңда оның құрамына 26 жастар ұйымы кіреді.ЕСІМДЕР95 жыл бұрын (1914-1967) актриса, режиссер, Қазақстанның халық әртісі ХАЙРУЛЛИНА Ғани дүниеге келді.
Атырау облысының Құрманғазы ауданында туған. Санкт-Петербордың (Ленинград) мемлекеттік сахна өнері техникумын, Театр, музыка және кинематография институтының Қазақ студиясын, Мәскеу қаласындағы Мемлекеттік театр өнері институтының режиссерлік факультетін бітірген. 1938-1961 жылдары Шымкент облыстық қазақ драма театрының актрисасы, режиссері, бас режиссері қызметтерін атқарған. 1947-1949 жылдары Жамбыл облыстық қазақ драма театрының көркемдік жағын басқарған. Бұл театрларда ұлттық драматургиядан М.Әуезовтің «Қара Қыпшақ Қобыланды» мен «Қарагөз», С.Мұқановтың «Шоқан Уәлиханов», М.Ақынжановтың «Ыбырай Алтынсарин», Ғ.Мүсіреповтың «Ақан сері ? Ақтоқты», сонымен қатар классикалық туындылардан К.Гольдонидің «Екі мырзаға бір қызметкер», Балзактың «Өгей шеше», Н.Гогольдің «Ревизор», А.Островскийдің «Жазықсыз жапа шекккендер», тағы басқа драматургтердің пьесаларын қойып, өзі Қарлыға, Жүзтайлақ, Назым (М.Әуезов «Қара Қыпшақ Қобыланды», «Түнгі сарын», «Сын сағатта»), тағы басқа рөлдерді сомдады. Шымкент облыстық қазақ драма театрында классикалық шығармаларды қоюда көп еңбек сіңірді. Көбіне орындайтын кейіпкерлерінің мінез кереғарлығын, драмалық бояуын баса көрсетуге ұмтылу, оның актерлік өнеріне тән сипат болатын. 1961-1964 жылдары қазіргі Қазақтың мемлекеттік академиялық жастар мен балалар театрының бас режиссері болды. 1964 жылдан Алматы мемлекеттік өнер институтында педагогикалық қызметпен шұғылданды.
«Құрмет белгісі» орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған. 60 жыл бұрын (1949) Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің проректоры, техника ғылымының кандидаты, профессор БАЙЫСБЕКОВ Шыныбай дүниеге келді.
Алматы облысында туған. Қазақ политехникалық институтын бітірген. Осы институтта инженер, аға инженер, аға ғылыми қызметкер, аға оқытушы, доцент, оқу бөлімі бастығының орынбасары, бастығы, Оқу басқармасының бастығы, бірінші проректоры қызметтерін атқарған. 2000-2003 жылдары «Қазақ-Алтын» тау-кен металлургиялық компаниясының президенті болған. Қазіргі қызметінде 2003 жылдан бастап істейді. Ғалымның 50-ден астам ғылыми еңбегі жарық көрген.30 жыл бұрын (1979) спорт шебері, ауыр атлетикадан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы АХМЕТОВ Бахыт Бейсенбекұлы дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысында туған. 2000-2003 жылдары Бусан қаласында өткен ХІV Азия ойындарының чемпионы, Дүниежүзілік универсиада біріншілігінің жеңімпазы, Мәскеуде өткен халықаралық турнирдің қола жүлдегері болған. 2003 жылы жұлқи көтеруден Әлемдік рекордты жаңартқан. 2004 жылы Афина қаласындағы, 2008 жылы Бейжіңдегі Олимпиада ойындарына қатысқан.
НАУРЫЗДЫҢ 28-І, СЕНБІЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР12 жыл бұрын (1997) ТМД-ға қатысушы мемлекет басшылары кеңесінің шешімімен арнайы қызмет және қауіпсіздік органдары іс-қимылдарын үйлестіру және өзара әрекеттесу мақсатында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің арнайы қызмет және қауіпсіздік органдары басшыларының кеңесі құрылды. Аталмыш кеңеске Әзербайжан, Армения, Беларус, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдава, Ресей, Тәжікстан және Украина мемлекеттерінің арнайы қызмет басшылары мүше. Кеңес жұмысына бақылаушы ретінде Түрікменстан мен Өзбекстанның өкілдері қатысады.6 жыл бұрын (2003) құны $160 млн., ұзындығы 448,8 шақырым және бастапқы жылдық қуаты 6 млн. тонна «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырының бірінші кезеңі ресми ашылды. Акциясының 51% «ҚазМұнайГаз» компаниясына, ал 49% - CNPC компаниясына тиесілі.2 жыл бұрын (2007) Петропавлда «Мағжан» әдеби-көркем журналының бірінші саны жарық көрді. Аталмыш бұқаралық басылымда ақынның түрлі жанрдағы қазақ және орыс тіліндегі туындылары жарияланған. Жаңа басылымның басты мақсаты - қазақ поэзиясының дамуына қомақты үлес қосқан, азаматтық пен отансүйгіштіктің үздік қасиеттерін көрсете білген қазақ ақыны Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығын көпшілікке паш ету. Журналдың алғашқы нөмірінде Мағжанның туындылары, ақынға арналған өлеңдер мен эсселер жария етілген.ЕСІМДЕР60 жыл бұрын (1949) Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының бас директоры, тарих ғылымының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері САРИЕВА Ырысты Халесқызы дүниеге келді.
Батыс Қазақстан облысында туған. Орал педагогикалық институтын, Алматы жоғары партия мектебін, Плеханов атындағы Ресей экономика академиясының менеджерлер даярлау курсын бітірген. 1974-1997 жылдары Торғай облысының партия және кеңес органдарында, Қазақстан Президентінің аппаратында, Торғай облысының әкімшілігінде әр түрлі қызметтер атқарды. 1997-2000 жылдары ? Қазақстан Республикасы Орталық мұрағатының директоры. 2000-2005 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті бастығының орынбасары, Мұрағаттарды басқару комитетінің төрайымы қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде 2005 жылдан бастап істейді. Оның «Текті Торғай» атты кітабы, тарих пен мәдениет мәселелеріне арналған 100-ден аса мақаласы жарық көрген. Сондай-ақ ол анықтамалық сипаттағы басылымдар мен терминдер сөздігін әзірлеуге қатысқан.45 жыл бұрын (1964) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Дін істері жөніндегі комитетінің төрағасы, философия ғылымының кандидаты ДОСЖАН Ардақ Дүкенбайұлы дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. А.Горький атындағы Әдебиет институтын бітірген. «Ленинская смена» газеті бас редакторының орынбасары, «Экспресс К» газетінің бас директоры, «Панорама» газеті директорының орынбасары қызметтерін атқарған. 1999-2001 жылдары ? Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі жетекшісінің орынбасары, «Хабар» агенттігі» жабық акционерлік қоғамының бөлім бастығы, Ақпараттық бағдарламалар директоры. 2001-2003 жылдары ? Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрі. 2003-2006 жылдары ? Қазақстан Республикасы Ақпарат вице-министрі, Мәдениет, ақпарат және спорт вице-министрі. 2006-2008 жылдары ? Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі. Қазіргі қызметінде 2008 жылдан бастап істейді.
НАУРЫЗДЫҢ 29-Ы, ЖЕКСЕНБІЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР13 жыл бұрын (1996) Павлодар облысының Баянауыл ауылына ақын, жырау Қалқаманұлы Бұқарға ескерткіш ашылды.ЕСІМДЕР70 жыл бұрын (1939) жазушы, аудармашы ШУХОВ Илья дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде жауапты қызметте болған. «Простор» журналы бас редакторының орынбасары қызметін атқарған. Қаламгердің бірнеше кітабы жарық көрген. Ол көркем аударма саласында А.Нұрмановтың «Құланның ажалы» романын, Ә.Кекілбаевтың «Бәйге торы» повесін, А.Ашировтың бірнеше повестерін орыс тіліне аударған.
«Құрмет белгісі» орденімен және «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған.