ҚазАқпарат-Анонс: наурыздың 27-сі мен 29-ы аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ҚазАқпарат-Анонс: наурыздың 27-сі мен 29-ы аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ҮКІМЕТНаурыздың 24-і мен 27-сі аралығында «электрондық үкімет» порталында (www.e.gov.kz) Мемлекет басшысының «Дағдарыстан ? дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауының мазмұнын түсіндіру және іске асырылу барысы жөнінде ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтановтың қатысуымен интернет-конференция өткізілуде. Сұрақтарға қайтарылған барлық жауаптар «электрондық үкімет» порталында ағымдағы жылғы наурыздың 28-інде орналастырылатын болады.Наурыздың 27-сінде Құқықтық статистика комитетінде Ашық есік күні болады.Наурыздың 27-сінде Индустрия және сауда министрлігінде «Сауда кәсіпорындарының жергілікті ірі сауда желілеріне кіруін шектеп отырған проблемалар» тақырыбына арналған кеңес өтеді. Наурыздың 27-сінде Еңбек министрлігінде ведомство алқасының отырысы өтеді. Наурыздың 29-30 аралығында Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ян Цзечидің шақыруы бойынша ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжин ресми сапармен Бейжіңге барады. Сапар бағдарламасында Қазақстан сыртқы саясат ведомствосы басшысының ҚХР Сыртқы істер министрі Ян Цзечимен және ҚХР Төрағасының орынбасары Си Цзиньпинмен кездесуі жоспарланып отыр.ПАРЛАМЕНТНаурыздың 27-сі, жұма күні «Қазақстан Республикасындағы техникалық және кәсіптік білім берудің Мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету туралы» парламенттік тыңдау өтеді.Наурыздың 27-сінде Парламент Сенатында Аграрлық мәселелер жөніндегі және Су ресурстары жөніндегі комитеттердің мүшелері кездесу өткізеді. Наурыздың 27-сінде Парламент Мәжілісінде спикер О.Мұхамеджанов Азиялық саяси партиялар халықаралық конференциясы Тұрақты комитетінің тең төрағаларымен кездеседі. ҚОҒАМЕлімізде 2009 жылғы ақпанның 17-сі мен шілденің 1-і аралығында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жарияланды.Наурыздың 28-інде елімізде «Жер сағаты» акциясы өтеді. Климаттың өзгеруіне қарсы бағытталған аталмыш шараға сенбі күні, наурыздың 28-інде 20:30-дан 21:30-ға дейін бір миллиардтан астам адам, 835 қала және 80-нен астам әлем мемлекеттері қосылады. Бір сағатқа кеңселер мен тұрғын үйлерде жарықты сөндіру арқылы Жер тұрғындары ғаламшардың энергиясын сақтауға өз үлесін қоспақ.ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМНаурыздың 27-сінде Мәскеуде Ауғанстан бойынша арнайы конференция өтеді. Осы іс-шара Шанхай ынтымақтастығы ұйымы мүше-мемлекеттері кеңесінің шешіміне сәйкес жоспарлануда. ШЫҰ басшылығымен шақырылатын кездесуде Ауғанстандағы жағдайдың даму мәселелерін және оның көршілес мемлекеттерге ықпалын қарау, лаңкестікке, есірткінің заңсыз айналымына және Ауғанстан аумағынан тарайтын трансшекаралық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресуде халықаралық қоғамдастықта бірлескен күшті нығайту жоспарланған.Аталмыш шараға ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Нұртай Әбіқаев бастаған Қазақстан делегациясы барады.СПОРТ Футболдан 2009/2010 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы кездесуін өткізу үшін Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы наурыздың 23-і күні Израильге аттанды. Израиль құрамасымен болатын бұл ойын наурыздың 29-ы күні Хайфа қаласында жергілікті уақыт бойынша 18:00-де басталады. Команда Израиль сапарынан Алматыға наурыздың 31-інде оралып, сәуірдің 2-сінде екінші кездесуін Орталық стадионда Болгария құрамасымен өткізуді көздеп отыр. АСТАНАНаурыздың 22-сі мен 28-і аралығында ҚР Президенттік мәдениет орталығында Қазақстан зергерлерінің «Күміс сыңғыры» атты көрмесі өтуде. Ол халқымыздың қолөнер шеберлерінің туындылары арқылы қолданбалы-сәндік өнердің қазіргі кездегі даму деңгейін көрсететін айшықты шара болып табылады. Наурыздың 25-27-сі аралығында Астанада Білім және ғылым министрлігінің, республикалық «Дарын» орталығының және «Джуниор Эчивмент Қазақстан» қоғамдық қорының ұйытқы болуымен Экономикадан оқушылардың IV республикалық турнирі өтеді. Наурыздың 27-сі мен 29-ы аралығында азиялық саяси партиялардың басшылары мен өкілдерінің қатысуымен Азиялық саяси партиялардың халықаралық конференциясы тұрақты комитетінің 10-шы отырысы өткізілмек.Наурыздың 27-сінде Мемлекеттік басқару академиясында ЕҚЫҰ-ның Қазақстандағы орталығының жұмысына арналған іс-шара өтеді. Наурыздың 27-сінде Бейбітшілік және келісім сарайында «Қазіргі заман контекстіндегі ұлттық-мәдени дәстүрлер» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы өтеді. АЛМАТЫ Наурыздың 27-сінде Қазақтың Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетінде «Туризмді дамытудың экологиялық -географиялық проблемалары» тақырыбына арналған халықаралық конференция өтеді. Наурыздың 27-сінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында Елбасы Жолдауына қолдау білдіру мәселесіне арналған баспасөз шарасы өтеді.Наурыздың 28-інде Алматыда Begin Group ұйымдастыратын білім беру көрмесінің аясында ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының таныстырылымы болады. Көрмеге келушілер негізгі білім беру бағдарламалары: тілдік курстар, демалыстық бағдарламалар мен ұзақ мерзімді оқыту, Қазақстанның, Ресейдің және бірқатар шет елдердің жоғары оқу орындарына түсу туралы ақпарат ала алады.АЙМАҚҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНаурыздың 29-ында Қарағанды облысында мәслихаттағы босаған орындарға депутаттар сайлауы болады. Облыстық мәслихатқа - Ақсу-Аюлы округі бойынша бір орын, Қарағанды және Саран қалалық мәслихаттарының әрқайсысына ? екі орын, Жезқазған, Қаражал және Сәтбаев қалалық мәслихаттарының әрқайсысына бір орыннан босады. Жалпы алғанда, барлығы 8 депутат сайлануы қажет. Бекітілген күнтізбелік жоспарға сәйкес, үміткерлерді ұсыну ақпанның 27-де, тіркеу ? наурыздың 3-інде аяқталады.ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНаурыздың 24-27-сі аралығында Павлодар облысында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің бір топ депутаты Елбасы Жолдауының негізгі мәселелерін түсіндіру бойынша жұмыс істейді. -------------------------------------------------------------------------------------------------- АТАУЛЫ КҮНДЕР, ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАРНАУРЫЗДЫҢ 27-І, ЖҰМАХалықаралық театр күні. 1962 жылдан бастап жыл сайын атап өтілетін бұл атаулы күнді 1961 жылы ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық театр институтының Венада өткен 9-ші конгресі бекіткен болатын.Ресей ІІМ Ішкі әскерлері күні.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР17 жыл бұрын (1992) «Бөбек» балалар қайырымдылық қоры құрылды. Қорды құрушы және жетекшісі Қазақстанның бірінші ханымы ? Сара Алпысқызы Назарбаева.17 жыл бұрын (1992) Алматыда ? ТМД елдері Жоғарғы Кеңестері төрағаларының консультативті кеңесі болды. 7 жыл бұрын (2002) ҚР ІІМ Кинология орталығы құрылды.6 жыл бұрын (2003) Батыс Қазақстан облыстық жастар қауымдастығы құрылды. Бүгінгі таңда оның құрамына 26 жастар ұйымы кіреді.ЕСІМДЕР95 жыл бұрын (1914-1967) актриса, режиссер, Қазақстанның халық әртісі ХАЙРУЛЛИНА Ғани дүниеге келді. Атырау облысының Құрманғазы ауданында туған. Санкт-Петербордың (Ленинград) мемлекеттік сахна өнері техникумын, Театр, музыка және кинематография институтының Қазақ студиясын, Мәскеу қаласындағы Мемлекеттік театр өнері институтының режиссерлік факультетін бітірген. 1938-1961 жылдары Шымкент облыстық қазақ драма театрының актрисасы, режиссері, бас режиссері қызметтерін атқарған. 1947-1949 жылдары Жамбыл облыстық қазақ драма театрының көркемдік жағын басқарған. Бұл театрларда ұлттық драматургиядан М.Әуезовтің «Қара Қыпшақ Қобыланды» мен «Қарагөз», С.Мұқановтың «Шоқан Уәлиханов», М.Ақынжановтың «Ыбырай Алтынсарин», Ғ.Мүсіреповтың «Ақан сері ? Ақтоқты», сонымен қатар классикалық туындылардан К.Гольдонидің «Екі мырзаға бір қызметкер», Балзактың «Өгей шеше», Н.Гогольдің «Ревизор», А.Островскийдің «Жазықсыз жапа шекккендер», тағы басқа драматургтердің пьесаларын қойып, өзі Қарлыға, Жүзтайлақ, Назым (М.Әуезов «Қара Қыпшақ Қобыланды», «Түнгі сарын», «Сын сағатта»), тағы басқа рөлдерді сомдады. Шымкент облыстық қазақ драма театрында классикалық шығармаларды қоюда көп еңбек сіңірді. Көбіне орындайтын кейіпкерлерінің мінез кереғарлығын, драмалық бояуын баса көрсетуге ұмтылу, оның актерлік өнеріне тән сипат болатын. 1961-1964 жылдары қазіргі Қазақтың мемлекеттік академиялық жастар мен балалар театрының бас режиссері болды. 1964 жылдан Алматы мемлекеттік өнер институтында педагогикалық қызметпен шұғылданды. «Құрмет белгісі» орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған. 60 жыл бұрын (1949) Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің проректоры, техника ғылымының кандидаты, профессор БАЙЫСБЕКОВ Шыныбай дүниеге келді. Алматы облысында туған. Қазақ политехникалық институтын бітірген. Осы институтта инженер, аға инженер, аға ғылыми қызметкер, аға оқытушы, доцент, оқу бөлімі бастығының орынбасары, бастығы, Оқу басқармасының бастығы, бірінші проректоры қызметтерін атқарған. 2000-2003 жылдары «Қазақ-Алтын» тау-кен металлургиялық компаниясының президенті болған. Қазіргі қызметінде 2003 жылдан бастап істейді. Ғалымның 50-ден астам ғылыми еңбегі жарық көрген.30 жыл бұрын (1979) спорт шебері, ауыр атлетикадан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы АХМЕТОВ Бахыт Бейсенбекұлы дүниеге келді. Оңтүстік Қазақстан облысында туған. 2000-2003 жылдары Бусан қаласында өткен ХІV Азия ойындарының чемпионы, Дүниежүзілік универсиада біріншілігінің жеңімпазы, Мәскеуде өткен халықаралық турнирдің қола жүлдегері болған. 2003 жылы жұлқи көтеруден Әлемдік рекордты жаңартқан. 2004 жылы Афина қаласындағы, 2008 жылы Бейжіңдегі Олимпиада ойындарына қатысқан. НАУРЫЗДЫҢ 28-І, СЕНБІЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР12 жыл бұрын (1997) ТМД-ға қатысушы мемлекет басшылары кеңесінің шешімімен арнайы қызмет және қауіпсіздік органдары іс-қимылдарын үйлестіру және өзара әрекеттесу мақсатында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің арнайы қызмет және қауіпсіздік органдары басшыларының кеңесі құрылды. Аталмыш кеңеске Әзербайжан, Армения, Беларус, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдава, Ресей, Тәжікстан және Украина мемлекеттерінің арнайы қызмет басшылары мүше. Кеңес жұмысына бақылаушы ретінде Түрікменстан мен Өзбекстанның өкілдері қатысады.6 жыл бұрын (2003) құны $160 млн., ұзындығы 448,8 шақырым және бастапқы жылдық қуаты 6 млн. тонна «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырының бірінші кезеңі ресми ашылды. Акциясының 51% «ҚазМұнайГаз» компаниясына, ал 49% - CNPC компаниясына тиесілі.2 жыл бұрын (2007) Петропавлда «Мағжан» әдеби-көркем журналының бірінші саны жарық көрді. Аталмыш бұқаралық басылымда ақынның түрлі жанрдағы қазақ және орыс тіліндегі туындылары жарияланған. Жаңа басылымның басты мақсаты - қазақ поэзиясының дамуына қомақты үлес қосқан, азаматтық пен отансүйгіштіктің үздік қасиеттерін көрсете білген қазақ ақыны Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығын көпшілікке паш ету. Журналдың алғашқы нөмірінде Мағжанның туындылары, ақынға арналған өлеңдер мен эсселер жария етілген.ЕСІМДЕР60 жыл бұрын (1949) Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының бас директоры, тарих ғылымының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері САРИЕВА Ырысты Халесқызы дүниеге келді. Батыс Қазақстан облысында туған. Орал педагогикалық институтын, Алматы жоғары партия мектебін, Плеханов атындағы Ресей экономика академиясының менеджерлер даярлау курсын бітірген. 1974-1997 жылдары Торғай облысының партия және кеңес органдарында, Қазақстан Президентінің аппаратында, Торғай облысының әкімшілігінде әр түрлі қызметтер атқарды. 1997-2000 жылдары ? Қазақстан Республикасы Орталық мұрағатының директоры. 2000-2005 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті бастығының орынбасары, Мұрағаттарды басқару комитетінің төрайымы қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде 2005 жылдан бастап істейді. Оның «Текті Торғай» атты кітабы, тарих пен мәдениет мәселелеріне арналған 100-ден аса мақаласы жарық көрген. Сондай-ақ ол анықтамалық сипаттағы басылымдар мен терминдер сөздігін әзірлеуге қатысқан.45 жыл бұрын (1964) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Дін істері жөніндегі комитетінің төрағасы, философия ғылымының кандидаты ДОСЖАН Ардақ Дүкенбайұлы дүниеге келді. Алматы қаласында туған. А.Горький атындағы Әдебиет институтын бітірген. «Ленинская смена» газеті бас редакторының орынбасары, «Экспресс К» газетінің бас директоры, «Панорама» газеті директорының орынбасары қызметтерін атқарған. 1999-2001 жылдары ? Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі жетекшісінің орынбасары, «Хабар» агенттігі» жабық акционерлік қоғамының бөлім бастығы, Ақпараттық бағдарламалар директоры. 2001-2003 жылдары ? Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрі. 2003-2006 жылдары ? Қазақстан Республикасы Ақпарат вице-министрі, Мәдениет, ақпарат және спорт вице-министрі. 2006-2008 жылдары ? Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі. Қазіргі қызметінде 2008 жылдан бастап істейді. НАУРЫЗДЫҢ 29-Ы, ЖЕКСЕНБІЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР13 жыл бұрын (1996) Павлодар облысының Баянауыл ауылына ақын, жырау Қалқаманұлы Бұқарға ескерткіш ашылды.ЕСІМДЕР70 жыл бұрын (1939) жазушы, аудармашы ШУХОВ Илья дүниеге келді. Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде жауапты қызметте болған. «Простор» журналы бас редакторының орынбасары қызметін атқарған. Қаламгердің бірнеше кітабы жарық көрген. Ол көркем аударма саласында А.Нұрмановтың «Құланның ажалы» романын, Ә.Кекілбаевтың «Бәйге торы» повесін, А.Ашировтың бірнеше повестерін орыс тіліне аударған. «Құрмет белгісі» орденімен және «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған.