ҚазАқпарат-Анонс: сәуірдің 8-і мен 12-сі аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

Фото: None
None
ҮКІМЕТ Сәуірдің 8-інде Ішкі істер министрлігінде Есірткімен күрес жөніндегі комитет төрағасының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді. Сәуірдің 8-інде Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде «Үлестік құрылыс саласындағы құқықбұзушылықтармен күресу» тақырыбына арналған брифинг өтеді. Cәуірдің 10-ында Ашхабад қаласында ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтеді. Қазақстан тарапынан ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжин бастаған делегация қатысады деп күтілуде.ПАРЛАМЕНТСәуірдің 8-інде Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтеді. Сәуірдің 8-інде Парламент Сенатының жалпы отырысы болады.ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМСәуірдің 6-8-і аралығында америкалық «IBM» корпорациясының делегациясы Қазақстанға сапармен келеді. Сапар аясында Қазақстандағы ақпараттық технологиялардың даму барысы, сондай-ақ Қазақстан мен ІВМ-ның екіжақты қатынастары талқыланбақ. Мұнымен қоса, «IBM» корпорациясы делегациясының мемлекеттік органдардың және ұлттық компаниялардың басшыларымен кездесуі жоспарланған. ҚОҒАМЕлімізде 2009 жылғы ақпанның 17-сі мен шілденің 1-і аралығында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жарияланды.Көлік және коммуникация министрлігінің көліктік бақылау комитетінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылғы наурыздың 30-ы мен сәуірдің 30-ы аралығында «Таза ауа» атты акция өткізіледі. Бұл акцияның басты мақсаты ? Қазақстан Республикасы заңнамасының экологиялық талаптары бойынша өрескел тәртіп бұзушыларды анықтау және тасымалдаушылар мен автокөліктерден шығатын ластаушы заттар мөлшерінің құрамы нормаларына қатаң бақылау орнату.СПОРТ Алматыда сәуірдің 4-і мен 10-ы аралығында волейболдан Ұлттық лиганың ерлер командалары арасындағы «Плей-офф» ойындары өтеді. Хоккейден Қазақстанның ұлттық құрамасы сәуірдің 11-17-сі күндері Вильнюсте өтетін Әлем чемпионатына қатысады. Сәуірдің 14-16-сы күндері Тайландта жағажайдағы волейболдан ерлер мен әйелдер командалары арасында Азиялық тур ойындары өтеді. Бұл дүбірлі додаға Қазақстаннан Алматы мен Ақтау қалаларының командалары қатысады. Ал сәуірдің 24-інде Вьетнамда әйелдер командалары арасында жалауы көтерілетін Азиялық турда ел намысын «Алматиночка» командасы қорғамақ. АСТАНАСәуірдің 6-8-і аралығында Алматы мен Астанада «Поляк университеттерінің күндері» өтуде.Сәуірдің 6-10-ы аралығында Астана қаласында ҚР-дағы Босқындар істері жөніндегі БҰҰ Жоғары Комиссары басқармасының (БЖКБ) және Төтенше жағдайлар министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесе отырып төтенше жағдайлар мен стихиялық апатты басқару жөніндегі Орталық Азия елдері үшін аймақтық семинар өтеді. Сәуірдің 8-інде Ұлттық академиялық кітапханада Халықаралық ғылыми дәрісхананың отырысы өтеді. Сәуірдің 8-інде «Риксос» отелінде Қытай Елшісі брифинг өткізеді. АЛМАТЫ Сәуірдің 6-8-і аралығында Алматы мен Астанада «Поляк университеттерінің күндері» өтеді.Сәуірдің 8-інде Радиоэлектроника әскери институтында семинар өтеді. Сәуірдің 8-інде «Тянь-Шань» отелінде «Дағдарысқа қарсы PR-технологиялар-2009» конференциясы болады. Сәуірдің 8-інде әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында ректор Алматы қаласының мектеп директорларымен және үздік мұғалімдерімен кездеседі. АЙМАҚАТЫРАУСәуірдің 7-сі мен 9-ы аралығында Атырауда «Мұнай және газ. Инфрақұрылым - Atyrau Oil & Gas 2009» көрмесі және «OilTech Kazakhstan 2009» технологиялық мұнай-газ конференциясы өтеді. «Атырау» спорт сарайында өтетін көрмеге 13 елден 100 компания қатыспақ. Олардың арасында "ҚазмұнайГаз" Барлау Өндіру» АҚ, Agip KCO, «Теңізшевройл», «КөмекМашинери», BTS/ CORD International, Denholm Zholdas, Khazar Transfo, HSBC Банк Қазақстан, Borkit International және басқа да көптеген компаниялардың экспонаттары қойылады. БАТЫС ҚАЗАҚСТАНСәуірдің 1-і мен мамырдың 1-і аралығында Орал қаласында тазалық айлығы жарияланды. Осыған орай қала әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері мен тұрғын үй-коммуналдық саласы кәсіпорындары ауқымды жұмыс көлемін атқармақ. Тазалық айлығы жариялануына байланысты Орал қалалық ардагерлер кеңесі үндеу қабылдады. Онда ардагерлер мекеме-кәсіпорындар, ұйымдар басшы-қызметкерлері мен қала тұрғындарын айлыққа белсенді қатысуға шақырған. -------------------------------------------------------------------------------------------------- АТАУЛЫ КҮНДЕР, ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАРСӘУІРДІҢ 8-І, СӘРСЕНБІХалықаралық сығандар күні. 1971 жылы бірінші Бүкілдүниежүзілік сығандар конгресі өткізілді. Осы конгресте Бүкілдүниежүзілік сығандар одағы құрылып, әнұраны мен туы қабылданды. Сыған туралы алғашқы естеліктер 1501 жылы сыған таборының көсемі Васильдің Литва князі Александр Казимировичтен күзет грамотасын алған кезден бастау алады. Бүгінгі таңда аталмыш мереке ірі сыған ұйымдары бар 60-қа жуық елде жыл сайын атап өтіледі.Халықаралық тайцзи және цигуна күні (имунитетті күшейтуге арналған көне қытайлық жаттығулар жүйесі).Будданың туған күні. Бұл күні әлемнің барлық буддистері будда дінінің негізін қалаған әулиенің туған күнін атап өтеді. 2000 жылы Будданың туған күні ЮНЕСКО-ның күнтізбесіне енгізілген.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР185 жыл бұрын (1824) Батыс Сібір генерал-губернаторы П.Капцевичтің бұйрығымен полковник Броневскийдің отряды Қарқаралы сыртқы округін, ал сол жылғы сәуірдің 29-да подполковник Григоровскийдің отряды Көкшетау сыртқы округін ашты. Қарқаралы округінің аға сұлтаны болып Бөкей ханның туысы Тұрсын Шыңғысов, ал Көкшетау округіне Уәли ханның ұлы Ғұбайдолла Уәлиханов сайланды. 10 жыл бұрын (1999) Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола облысының әкімдігі Астана қаласынан Көкшетауға көшірілді. 4 жыл бұрын (2005) Алматыда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің «Тәуелсіз Қазақстанның монеталары» атты фото көрмесі өтті. Көрмеге қойылған жәдігерлердің қатарында «Қызыл кітап», «Номадтар алтыны», «Тарихи-сәулет ескерткіштері», «Қазақстанның қызыл кітабы», «Спорт», «Көне Түркістан» сериялары бойынша шыққан монеталардың суреттері бар.4 жыл бұрын (2005) Алматыда Халықаралық экономика мектебі ашылды. Аталмыш мектеп Қазақстан-британ техникалық университетінің бір бөлігі болып табылады.3 жыл бұрын (2006) Алматыдан Солтүстік белдеуге Қазақстанның алғашқы полярлық экспедициясы шықты.ЕСІМДЕР110 жыл бұрын (1899-1977) биология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ГАЛУЗО Илларион Григорьевич дүниеге келді. Ленинград мал дәрігерлік институтын, КСРО Ғылым академиясы Зоология институтының аспирантурасын бітірген. 1933-1946 жылдары ? КСРО Ғылым академиясы Тәжік базасының аға ғылыми қызметкері, Қазақ филиалының зертхана меңгерушісі, филиал төрағасының орынбасары. 1946-1951 жылдары ? Қазақстан Ғылым академиясының академик хатшысы. 1946-1977 жылдары Қазақстан Ғылым академиясы Зоология институтының директоры, зертхана меңгерушісі болған. «Ленин», «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасымен, Е.Павловский атындағы алтын медальмен марапатталған.70 жыл бұрын (1939) жазушы, тарих ғылымының кандидаты ТОЛМАЧЕВ Геннадий Иванович дүниеге келді. Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген. «Казахстанская правда» газетінің тілшісі, «Комсомольская правда» газетінің Қазақстандағы тілшісі қызметтерін атқарған. 1975-1999 жылдары ? «Огни Алатау», «Народный Конгресс Казахстана» газеттерінің, «Простор» журналының бас редакторы болған. Қаламгердің бірнеше кітабы жарық көрген. Көркем аударма саласында О.Әубәкіровтің «Сиқыршы» сықақ әңгімелер кітабын орыс тіліне тәржімалаған. «Халықтар достығы» орденімен, медальдармен марапатталған.55 жыл бұрын (1954) Қазақ радиосы бағдарламалар директорының орынбасары БЕЙІСБАЙ Саясат Ералыұлы дүниеге келді. Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің Алматы облысы бойынша тілшісі, меншікті тілшісі болған. 1993-2004 жылдары ? «Азаттық» радиосының тілшісі. 2004-2007 жылдары ? «Дала мен қала» газеті бас редакторының орынбасары, редакторы. Қазіргі қызметінде 2007 жылдан бастап істейді.35 жыл бұрын (1974) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі СЫЗДЫҚОВА Бақыт Ахметқызы дүниеге келді. Астана қаласында туған. С.Сейфуллин атындағы Ақмола университетін бітірген. Еңбек жолын Еуразия университетінен бастаған. 1999-2006 жылдары Астана қалалық мәслихатының депутаты, Әлеуметтік және ұлттық-мәдени даму жөніндегі комиссиясының тұрақты төрағасы, Астана қаласындағы «Ақбота» қоғамдық балалар қорының атқарушы директоры, Қазақстан Республикасы Балалар қорлары кеңесінің атқарушы хатшысы болған. 2006-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалар құқын қорғау жөніндегі комитетінің төрағасы қызметін атқарған. Депутаттық өкілеттілігі 2007 жылы басталды. Ол «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты атанған. Медальдармен марапатталған. СӘУІРДІҢ 9-Ы, БЕЙСЕНБІБоливия Республикасының Мемлекеттік мейрамы ? Конституция күні. Боливия ? Оңтүстік Америкада орналасқан мемлекет. Ресми астанасы ? Сукре қаласы, бірақ Үкіметі Ла-Пас қаласында орналасқан. Ресми тілі ? испан тілі, дегенмен тұрғындардың көпшілік бөлігі кечуа, аймара және гурани тілдерінде сөйлейді. Мемлекет Бени, Кочабамба, Ла-Пас, Оруро, Пандо, Потоси, Санта-Круе, Тариха, Чукисака атты 9 департаментке бөлінеді. Грузияда қаза тапқандарды еске алу күні. Бұл күн елдің жаңа тарихына тәуелсіздікті қалпына келтіру және 1989 жылы Тбилисидегі бейбіт шеруді қуып-тарату барысында қаза тапқандарды еске алу күні ретінде енді. Финн жазуының негізін қалаушы ? Агрикола Микаэль күні (1510-1557). Ол финн әліпбиін құрып, христиандардың діни шығармасы Жаңа өсиетті және Көне өсиеттің кейбір кітаптарын финн тіліне аударған. ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР16 жыл бұрын (1993) «Қазақстан Республикасының қорғаныс және қарулы күштері туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданды.9 жыл бұрын (2000) Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Баку қаласында өткен «Қорқыт ата кітабы» эпосының 1300 жылдығына арналған мерекелік мәжіліске қатысты.ЕСІМДЕР40 жыл бұрын (1969) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппараты сараптама бөлімінің меңгерушісі, заң ғылымының кандидаты УАҚБАЕВ Марат Сұлтанұлы дүниеге келді. Қарағанды қаласында туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Қарағанды мемлекеттік университетінің, Еуразия университетінің, Ресей-Қазақстан гуманитарлық университетінің Астанадағы филиалының оқытушысы, аға оқытушысы болған. 1999-2001 жылдары ? Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі. 2001-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппараты құқықтық сараптама бөлімінің консультанты, Заңдар және құқықтық реформа комитеті хатшылығының меңгерушісі, құқықтық сараптама бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде 2004 жылдан бастап істейді. Бірнеше медальмен марапатталған.25 жыл бұрын (1984) тенистен спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері ДОСҚАРАЕВ Диас Бауыржанұлы дүниеге келді. Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласында туған. 1998-2001 жылдары Қазақстанның жеті дүркін чемпионы, Азияның екі дүркін чемпионы, Үздік ұлттық ойыншылар әлем біріншілігінің жүлдегері, Халықаралық турнирлердің жеңімпазы атанған. 2001 жылы Маниле қаласында теннистен өткен Девис кубогына қатысқан. СӘУІРДІҢ 10-Ы, ЖҰМА ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР17 жыл бұрын (1991) Жамбыл облысына қарасты Жуалы ауданының орталығы Бурное селосына Бауыржан Момышұлының есімі берілді.16 жыл бұрын (1993) Ашғабад қаласында Қазақстан және Орта Азия мемлекеттерінің «Наурыз» халықаралық театр фестивалі өтті. Семей қазақ драма театры сахналаған О.Сүйлейменов пен Б.Мұқайдың «Заманақыр» трагедиясы арнайы жүлдеге ие болды.13 жыл бұрын (1996) Ресей Федерациясында Қазақстанның әдеби және мәдени күндері өтті.13 жыл бұрын (1996) Алматыда Еуропалық комиссия өкілдігінің ресми ашылу салтанаты өтті.ЕСІМДЕР80 жыл бұрын (1929) қара металлургия саласы бойынша тұңғыш қазақ ғалымы, техника ғылымының кандидаты, экономика ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері ТҮРКЕБАЕВ Едіге Айтжанұлы дүниеге келді. Алматы облысында туған. Мәскеу болат және балқыма институтын және аспирантурасын бітірген. 1951-1954 жылдары Қазақ металлургия зауытында болат қорытушы шебер, металлургия пешін жөндеу цехының бастығы, мартен цехы бастығының орынбасары қызметтерін атқарған. 1957-1961 жылдары ? Қазақ КСР Ғылым академиясы Металлургия және кен байыту институтының кіші ғылыми қызметкері, Қарағанды химия-металлургия институтының ғалым хатшысы. 1961-1965 жылдары ? Қарағанды металлургия комбинаты бас инженерінің орынбасары, бас металлургы. 1965-1988 жылдары ? Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комиссиясы жанындағы Экономика ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары, директоры және Мемлекеттік жоспарлау комиссиясы алқасының мүшесі. 1988-1996 жылдары Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті «Өнеркәсіп экономикасы» кафедрасының меңгерушісі болған. 1996 жылдан бері осы кафедраның профессоры. Е.Түркебаев практик-ғалым ретінде металлургия саласындағы ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізуге белсене ат салысты: металды қайта балқытуда оттекті тиімді пайдалану идеясын әлемде алғаш рет көтеріп, оның технологиясын әзірлеп, өндіріске енгізді. Оның осы ғылыми тәжірибенің қорытындысы ретінде жарық көрген «Металлургияда оттекті қолдану» атты монографиясы отандық металлургия өндірісінде емес, көптеген шетелдерде де үлкен серпін туғызды. Ол көптеген ғылым кандидаттары мен докторларын даярлап, өзіндік экономикалық мектеп қалыптастырды. Екі мәрте «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. СӘУІРДІҢ 11-І, СЕНБІХалықаралық фашистік концлагерьлер тұтқындарын босату күні. 1945 жылғы сәуірдің 11-інде Бухенвальд концлагерінің астыртын комитеті қарулы көтеріліс ұйымдастырып, тұтқындар азаттық алды. Сол кезден бастап барлық елде Халықаралық фашистік концлагерьлердегі тұтқындарды босату күні атап өтіледі.Уганда Республикасының бостандық күні. Уганда ? Африканың шығысында орналасқан мемлекет. Астанасы ? Кампала қаласы. Мемлекеттік тілі ? ағылшын тілі. Ақша бірлігі ? уганда шиллингі. Мемлекеттік құрылысы ? әскери тәртіп. Мемлекет басшысы ? президент. Қазіргі Уганда мемлекетінің территориясында еуропалықтар келгенге дейін 4 мемлекет бар болатын. XV ғасырда Орталық Уганданың үлкен бөлігін өзіне бағындырған Буньоро корольдігі құрылды. Ал XVIII ғасырдың соңында Буганда, Анколе және Торо шағын корольдіктері Буньородан бөлініп, тәуелсіздігін жариялады. 1862 жылы Ніл өзенінің бастауын іздеп жүрген британдық зерттеушілер Джон Хэннинг Спек пен Джеймс Грант алғаш Уганда территориясына аяқ басқан еуропалықтар еді. 1890 жылы ағылшын-герман келісімі бойынша ел Ұлыбританияның протекторатына айналды. 1962 жылы қазанның 9-ында Уганда тәуелсіз федерациялық мемлекет болып жарияланды. 5 жылдан кейін конституцияға сәйкес Уганда унитарлық республикаға айналды. 1971-1985 жылдарда елде әскери төңкерістер болды. 300 мыңға жуық адам қаза тауып, көпшілігі шет елдерге қоныс аударды. Дегенмен, 1986 жылдан бастап демократиялық құндылықтар қалпына келтірілді. 1995 жылы жаңа конституция қабылданып, 1 жылдан кейін елде еркін сайлау өтті. ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР 142 жыл бұрын (1867) Верный бекінісіне қала мәртебесі беріліп, Түркістан генерал-губернаторлығының құрамындағы Жетісу облысының әкімшілік орталығы болды.17 жыл бұрын (1992) Қарақалпақстанда «Достық туы» газеті қазақ тілінде жарық көрді.ЕСІМДЕР60 жыл бұрын (1949) «Kazakhstan Petroleum» қауымдастығы басқармасының төрағасы НҰРӘЛИЕВ Сағындық Кәрімұлы дүниеге келді. Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, Бүкілодақтық сыртқы сауда академиясын бітірген. 1986-1989 жылдары ? «Гранит» Алматы өндірістік-техникалық кәсіпорнының аға инженері, 1-ші санатты инженері. 1989-1990 жылдары ? Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Іс басқармасы сыртқы байланыс бөлімінің бас маманы. 1991-1992 жылдары ? Қазақстан Республикасы Президенті және Министрлер Кабинеті Аппаратының аға референті, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары, Сыртқы істер министрлігі Орта, Таяу Шығыс және Африка бөлімінің бірінші хатшысы. 1992-1995 жылдары ? Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігінің бірінші хатшысы, Қазақстан Республикасы Шет ел инвестициялары жөніндегі ұлттық агенттігінің, Шет елдік капиталды пайдалану жөніндегі комитетінің басқарма бастығы. 1995-1997 жылдары ? Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының бөлім меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі. 1997-1998 жылдары ? Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі басқармасының бастығы ? 2-ші департаменті директорының орынбасары. 1999 жылдан «British Petroleum (BP)» компаниясының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы болған. Қазіргі қызметінде 2003 жылдан бастап істейді. СӘУІРДІҢ 12-СІ, ЖЕКСЕНБІБүкіләлемдік авиация және космонавтика күні. 1961 жылғы сәуірдің 9-дағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен, адамзаттың ең алғаш ғарышты бағындырғанына орай атап өтіледі. Тұңғыш ғарышкер ? Юрий Алексеевич Гагарин бұл сапарға қазақ жеріндегі «Байқоңыр» ғарыш айлағынан аттанды.Либерия Республикасының Ұлттық мейрамы ? Ұлттың құтқару күні (1980). Либерия ? Африканың батысында орналасқан мемлекет. Солтүстік-батысында Сьерра-Леонемен, солтүстігінде және солтүстік-шығысында Гвинеямен, шығысында Піл Сүйегі Жағасымен шектеседі. Батысы мен оңтүстігі Атлант мұхитымен ұштасып жатыр. Астанасы ? Монровия қаласы. Мемлекеттік тілі ? ағылшын тілі. Ақша бірлігі ? либерия доллары. Әкімшілік жағынан 14 графтыққа бөлінеді. Елді президент басқарады. Жоғары атқарушы орган ? үкімет. Жоғарғы заң шығарушы орган ? екі палатадан тұратын парламент (Сенат және Өкілдер палатасы).Рок-н-ролл күні. ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР16 жыл бұрын (1993) «31 арна» алғаш эфирге шықты.15 жыл бұрын (1994) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды.10 жыл бұрын (1999) Алматыда Байтұрсынов пен Сәтбаев көшелерінің қиылысындағы скверде ғұлама ғалым, мемлекет қайраткері, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевқа ескерткіш ашылды. Авторлары ? еңбек сіңірген сәулетші Арыстан Қайнарбаев пен сәулетші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Төлеген Досмағамбетов.7 жыл бұрын (2002) Бейжіңде Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ 2001 жылы маусымның 15-де құрылды) елдерінің мәдениет министрлерінің алғашқы кездесуі өтіп, онда мәдени алмасуларды дамыту туралы біріккен мәлімдемеге қол қойылды.48 жыл бұрын (1961) ұшқыш-ғарышкер Гагарин Юрий Алексеевич «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Восток-1» ғарыш аппаратымен әуеге көтерілді. 115 минуттан кейін ғарыш аппараты Ресейдің Саратов облысы аумағына қонды.ЕСІМДЕР110 жыл бұрын (1899-1964) Қазақстан геологтары ғылыми мектебінің негізін қалаушы, қазақстандық металлогения ғылымының негізін салушы, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырушылардың бірі әрі тұңғыш президенті, КСРО және Қазақстан Ғылым академияларының академигі, Тәжікстан Ғылым академиясының құрметті мүшесі, қоғам қайраткері, КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтарының лауреаты СӘТБАЕВ Қаныш Имантайұлы дүниеге келді. Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Сауатын ауыл молдасынан ашқан болашақ ғалым Павлодардағы орыс-қазақ мектебінде, Семей мұғалімдер семинариясында, Томск технология институтының тау-кен факультетінде білім алған. Мұғалімдер семинариясында Ж.Аймауытов, М.Әуезов сынды көрнекті қайраткерлермен бірге оқыған. Ш.Құдайбердіұлымен тығыз байланыста болып, оның шығармашылығын жоғары бағалаған. «Алаш» қозғалысы қайраткерлерінің іс-әрекетіне қолдау білдірген. 1920-1941 жылдары Баянауылда халық судьясы, «Атбастүстімет» тресі геология бөлімінің, Қарсақтай мыс комбинаты геологиялық барлау бөлімінің бастығы, комбинаттың бас геологы қызметтерін атқарған. 1941-1952 жылдары КСРО Ғылым академиясы Қазақ бөлімшесінің құрамындағы Геология ғылымдары институтының директоры, КСРО Ғылым академиясының Қазақ бөлімшесі Төралқасы төрағасының орынбасары, төрағасы, Қазақстан Ғылым академиясының президенті болған. 1952 жылы әміршілдік жүйенің тарапынан қысымға ұшырап, қызметінен төмендетіліп, Қазақ КСР Геология институтының директоры болып тағайындалған. 1955 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті болып қайта сайланып, өмірінің соңына дейін осы қызметті атқарған. 1947 жылы Англияға сапар жасаған кеңес парламентарийінің ішіндегі қазақ ғалымына Ұлыбританияның экс премьер-министрі У.Черчилль қалжыңдап «Барлық қазақтар сіз сияқты сұңғақ, батыр тұлғалы ма?» деп сұрапты. Сонда академик Қ.Сәтбаев «О, жоқ, Черчилль мырза, қазақтардың ішіндегі ең кішісі мен, менің халқым менен де биік» деп жауап беріпті. Осы бірауыз сөзден ғалымның дене бітімі ғана емес, жан-дүниесінің, халқын сүйген жүрегінің де ірі екенін байқауға болады. Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері кентасты кендер геологиясы мен Қазақстанның минералды ресурстарына арналған. Жезқазған кенін зерттеу және Орталық Қазақстанның (Сарыарқаның) металлогендік және болжам картасын жасауда көп еңбек сіңірген. Ол ғылымға формациялық металлогендік анализдің кешендік әдісін енгізген. 1926-1929 жылдары кені мардымсыз өңір болып саналған Жезқазғанды ірі мыс кентасты аудан қатарына көтеруде Сәтбаевтың еңбегі өте зор болды. Бұрынғы геологиялық деректерге терең талдау жасап, бұл кен ауданының кең көлемдегі геологиялық-барлау жұмыстарын ұйымдастыруға болатын ірі нысан екенін дәлелдеген. Минералдық шикізаттарға бай Сарыарқа, Кенді Алтай және басқа да аймақтарды ерекше назар аударып зерттеген. 1927-1928 жылдары ? Жезқазған, Қарсақбай, Атбасар, Спасск аудандары, Қарағанды тас көмір алабы және Қаратау полиметалл кендері жөнінде ғылыми маңызды еңбектер жариялаған. 1929 жылы Атасу темір-марганец кендерін игерудің негізінде Қарағанды облысында қара металлургия өнеркәсібін дамыту туралы мәселе көтерген. Жезқазған ? Ұлытау ауданында мыстан басқа темір, марганец, көмір, қорғасын кендерін ашып, барлау нәтижесінде маңызды геологиялық қорытындылар жасаған. Ұлы Отан соғысы жылдарында танк бронын құюға қажет марганец тапшылығы туған кезде Сәтбаевтың жетекшілік етуімен өте қысқа мерзімде Жезді марганец кені барланып, іске қосылған. Академиктің қолдауымен Алматыда Орта Азия геофизика тресі ұйымдастырылып, Қазақ КСР Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі құрылған. Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырып, ондағы бөлімдерді, оған қарайтын институттарды, зертханаларды, секторларды, базаларды дұрыс жоспарлаған. Ғылыми кадрлар дайындау ісіне үлкен жауапкершілікпен қараған. Ғылыми зерттеулердің өзекті мәселелерін халық шаруашылығының мүддесіне бағыттап, шаруашылық және мәдени құрылыстың басты мәселелерін шешуге белсене қатысқан. Жезқазған кен-металлургия комбинатын, Қарағанды мен Балқаш металлургия зауыттарын, Ертіс-Қарағанды арнасын салу, Маңғыстау, Мұғалжар, Торғай өңірлерінің табиғи байлықтарын анықтау жөнінде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, республикамыздың ірі минералдық шикізат қорларын ? Кенді Алтайды, Қаратау фосфоритін Қостанай мен Жезқазған ? Ұлытау өңірлеріндегі темір, марганец, т.б. көптеген кен орындарын игеру Сәтбаев есімімен тығыз байланысты. Сәтбаевтың геологиядан басқа ғылымдарда, мәдениет саласында, тарихта қалдырған еңбектері мол. Ш.Уәлиханов жазып алған «Едіге» жырының мәтініндегі қазақ оқырмандарына түсініксіз араб, татар сөздерінен тазартып, қазақ тілінің жаңа орфографиясының негізінде қайтадан дайындаған. Жезқазған ? Ұлытау өңірінен көптеген этнографиялық мұраларды жинап, «Жезқазған ауданындағы көне заман ескерткіштері» атты еңбегін жазған. Қазақ орта мектебінің төменгі және жоғары сынып оқушыларына арналған «Алгебра» оқулығын дайындаған. 1931 жылы басылған А.Затаевичтің «500 қазақ әндері мен күйлері» жинағына Сәтбаев қазақ халқының музыкалық мұрасының інжу-маржаны болып есептелетін 25 әнді өзі орындап, орыс тілінде ғылыми түсініктеме беріп енгізген. Қазақстанның қала, ауылдарында Сәтбаев есімімен аталатын жүздеген көше, 40-тан астам мектеп және көптеген ғалымның ескерткіштері бар. Оның есімі Қазақстан Ғылым академиясының Геология ғылымдары институтына, бір қала мен ғаламшарға, еліміздің ең ірі техникалық оқу орны Қазақ ұлттық техникалық университетіне берілген. Сәтбаевтың құрметіне Жоңғар (Жетісу) Алатауы жотасындағы мұздық пен шың, Қаратаудағы ваннадий кен орнынан табылған «Сәтбаевит» минералы, «Академик Сәтбаев» гладиолиус гүлі аталған. 4 мәрте Ленин, 2-ші дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған.70 жыл бұрын (1939) ақын, халықаралық Жамбыл атындағы және Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты ШАЛҚАРҰЛЫ Кеңесжан дүниеге келді. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген. Республикалық Қазақ радиосында, баспа редакцияларында әр түрлі қызметтер атқарған. «Ғылым» баспасының редакторы, «Жетісу» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі болған. 1997 жылы зейнет демалысына шыққан. Ақынның «Шуақ», «Сәске сыры», «Ақ сапар», «Ақ көбелек», «Шарапат», «Айнагүл», «Көлден ескен леп», «Ботақан», «Жоңғар даласында», т.б. өлең жинақтары жарық көрген. Ол көркем аударма саласында Мұстай Кәрім, Д.Кугультинов, Г.Абашидзе, Низами, Гүлхани және моңғол, өзбек, ұйғыр ақындарының өлеңдерін қазақ тіліне тәржімалаған. Өзінің туындылары орыс, моңғол, өзбек, латыш, эстон, әзірбайжан тілдеріне аударылған. 30-дай күй мен 45-тей әннің авторы. Ақын Республикалық телефестивальдің, М.Жұмабаев, Дулат Бабатайұлына арналған жыр мүшәйраларының жүлдегері атанған.60 жыл бұрын (1949) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі, экономика ғылымының кандидаты ҚОСЖАНОВ Төрехан Бекболұлы дүниеге келді. Алматы облысында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген. Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы Жоспарлау және нормативтер ғылыми-зерттеу экономикалық институтының кіші, аға ғылыми қызметкері, сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1992-1993 жылдары ? «КЭМПО» корпорациясының бас маманы, департамент бастығының орынбасары. 1993-1994 жылдары ? Қазақстан Республикасы Президенті және Министрлер Кабинеті Аппаратының консультанты. 1994-1995 жылдары ? Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің Іс басқармасы бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 1997-1998 жылдары ? Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңес хатшылығының, Орнықты даму жөніндегі ұлттық кеңес хатшылығының меңгерушісі. 1998-2000 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жетекшісі хатшылығының меңгерушісі. 2000-2006 жылдары ? Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі бөлім меңгерушісінің орынбасары, бірінші орынбасары, меңгерушісі, әлеуметтік-экономикалық сараптама бөлімінің бас инспекторы. Қазіргі қызметінде 2006 жылдан бастап істейді.60 жыл бұрын (1949) Қазақстанның еңбегі сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасының төрешісі, халық ағарту ісінің үздігі ИМАНБАЕВ Бақыт дүниеге келді. Алматы облысында туған. 1972-1973 жылдары ? Қаскелең қаласындағы балалар мен жасөспірімдер мектебінде спорттық гимнастикадан жаттықтырушы. 1973-1991 жылдары Алматы облысы Қарасай ауданындағы орта мектепте дене тәрбиесінің оқытушысы болған. 1992 жылдан аудандық спорт комитетінің төрағасы, Жастар ісі, туризм және спорт басқармасының бастығы қызметтерін атқарған.170 жыл бұрын (1839-1888) Орталық Азияны зерттеуші орыс саяхатшысы, Петербор Ғылым академиясының құрметті мүшесі, генерал-майор ПРЖЕВАЛЬСКИЙ Николай Михайлович дүниеге келді. Ресейдің Смоленск губерниясында туған. Петербор Бас штаб академиясын бітірген. 1864-1867 жылдары Варшава юнкерлер училищесінде оқытушылық қызмет атқарды. 1867-1869 жылдары Уссурий өлкесіне саяхат жасады. 1870-1885 жылдары Орыс география қоғамының Орталық Азияға ұйымдастырған төрт экспедициясын басқарды. Пржевальский Орталық Азияға жасаған бесінші саяхаты кезінде Ыстықкөл жағасында қайтыс болды. Ол бұрын ғылымға беймәлім Гоби, Ордос, Алашань, Такла-Макан, Цайдам шөлдеріне сипаттама жазды. Наньшань, Куньлунь, Солтүстік Тибет тау жүйелерінің орнын анықтап картаға түсірді. Гумбольдт, Риттер, Колумб, Алтынтаг, Мәскеу, тағы басқа жоталарды, бірнеше көлді ашты. Қытайдың ұлы өзендері Янцзы мен Хуанхэнің бастауына жетті. 231 пункттің абсолюттік биіктері мен 63 астрономиялық пункттің орны анықталды. Жануарлар мен жәндіктердің 7,5 мыңнан астам түрін сипаттап жазып, 18 мың өсімдіктер мен көптеген минералдардың бағалы коллекцияларын жинады. Жабайы түйе мен жабайы жылқы (кейіннен Пржевальский жылқысы деп аталды) тегін ашты. 1886 жылы Петербор Ғылым академиясы Пржевальскийді «Орталық Азия табиғатын тұңғыш зерттеушіге» атты арнайы дайындалған алтын медальмен марапаттады. Пржевальский есімімен Куньлунь тауы жүйесіндегі жота, Моңғол Алтайындағы мұздық, Аляска түбегі мен Куриль аралындағы мүйіс аталады. Үздік географиялық зерттеу жұмыстарын марапаттауға Пржевальский атындағы сыйлық, алтын және күміс медальдар тағайындалған. Пржевальскийге Санкт-Петерборда және Ыстықкөл жағасындағы қабірінің басына ескерткіш қойылған.