ҮКІМЕТ
Шілденің 20-сы күні Үкімет үйінде Үкіметтің селекторлық отырыс өтеді.
Шілденің 20-сы күні «Нұр Отан» ХДП-да «Халықтың әлеуметтік осал топтарымен өзара іс-қимыл жасау » атты семинар трениг өтеді.
Шілденің 20-сы күні ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде «Денсаулық сақтау ұйымдарында В және С гепатит вирустарын алдын алу бойынша шараларды күшейту» атты брифинг өтеді.
ПАРЛАМЕНТ
ҚОҒАМ
Маусымның 1-інен бастап елімізде жыл сайынғы «Скутер» шарасы басталып, ол шомылу маусымы аяқталғанға дейін жалғасуда.
Маусымның 1-інен бастап «Қазкоммерцбанк» АҚ мемлекеттік бағдарлама бойынша "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры есебінен ипотекалық несиелеуді қайта қаржыландыруды жаңғыртты.
Шілденің 1-інен бастап Кеден одағының бірыңғай сертификаты енгізілді.
АСТАНА
Шілденің 20-сы күні Астанадағы Қазіргі заман өнер мұражайында қазақтың ұлттық ою өрнегі мен көркем жазу өнерінің көрмесі ашылады.
Шілденің 20-сы күні Астана қаласының әкімдігінде мүгедек балалардың операциясы мен емделуі үшін ақшалай қаражатты алуға сертификат беріледі.
Маусымның 29-ы мен қыркүйектің 1-і аралығында ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайында «Назарбаев және Қазақстан» атты көрме өтеді.
Маусымның 28-і мен шілденің 23-і аралығында елорданың 12 жылдығын атап өту аясында «Қазақстан Астанасы» атты деректі көрме өтеді.
АЛМАТЫ
Шілденің 20-сы күні Алматыдағы «Алтын Қарғалы» шипажайында жазғы мектеп ашылады.
Шілденің 20-сы күні Алматы қаласының әкімдігінде қала әкімі А.Есімовтың қатысуымен жартыжылдың қорытындылары бойынша кеңес өтеді.
Шілденің 20-сы күні Алматыда «Темірбанк» АҚ қайта құрылымдалуының аяқталуы» атты баспасөз мәслихаты өтеді.
ШІЛДЕНІҢ 20-СЫ, СЕЙСЕНБІ
Халықаралық шахмат күні. Халықаралық шахмат федерациясының құрылуына орай 1966 жылдан бастап аталып өтеді.
Бүгінгі таңда аталмыш ұйымға әлемнің 200-ге жуық елі мүше. Федерацияның өз туы, әнұраны және «Біз барлығымыз бір отбасымыз» атты ұраны бар.
Ойынның атауы парсы сөздерінен шыққан: шах мат - билеуші қайтыс болды дегенді білдіреді. Шахматтың отаны - Үндістан. Онда V ғасырда шахматтың арғы атасы - чатуранга ойыны пайда болған.
Шахмат - 64 тордан тұратын тақтаның үстіне 32 (16 ақ және 16 қара фигура) фигураны орналастыру арқылы ойналатын ойын. Ойынның мақсаты қарсыласының короліне мат қою болып табылады. Әрбір қалада спорттың осы түрін ұнататындарға арналған шахмат клубтары бар. Халықаралық шахмат күнінде бұл клубтарда сайыстар, ойын-сауық шаралары өтеді.
ОҚИҒАЛАР
5 жыл бұрын (2005) Астананың Конгресс-Холлында Еуропарламент депутаты Струан Стивенсонның Семей ядролық сынақ полигонының қайғы-қасіретін бейнелейтін «Мәңгілік қасірет» атты фотокөрмесі болып өтті.
Бірнеше жыл бұрын С.Стивенсон Семей өңіріне барып 1000-нан астам фотосурет түсірген болатын, онда адамгершіліксіз сынақтың бүкіл қорқынышы көрсетілген. С.Стивенсон Семей полигонының меселесіне арналған назары үшін «Семей қаласының құрметі азаматы» атағына ие болған. Сонымен қатар, С.Стивенсон кеңес ядролық сынақ қаруының құрбандары туралы жазған мақалаларының қаламақыларына Семей қаласындағы онкология орталығына медициналық жабдық сатып алып беріп, Семей өңірінің тұрғындарына заттай көмек көрсетеді.
5 жыл бұрын (2005) Алматыда «Өз үйіңді қорға» атты қоғамдық комитет құрылды.
Жаңа бірлестікке жергілікті әкімшіліктің шешімі бойынша мемлекетке қажетті жерлерді көшіру мәселесі қауіп болып тұрған қала тұрғындары енді. Комитеттің мақсаты - азаматтардың күштерін біріктіріп, мәселенің шешілу жолын табу.
1 жыл бұрын (2009) Ақтөбеде жұмыс істейтін әйелдердің балаларына арналған алғашқы бөлме ашылды.
Жоба Мемлекет басшысының Қазақстан әйелдерінің бесінші форумында берілген тапсырмасын іске асыру және Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік стратегиясы мақсатында жүргізіліп отыр. Жобаның бастамашысы ретінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер және отбасы-демографиялық саясат істері жөніндегі ұлттық комиссия іс-қимыл жасауда.
Алғашқы балалар бөлмесі шағын екі бөлмеден тұрады, оларға жиһаздар, үстелдер және ойыншықтар қойылған. Ұйымдарда балалар бөлмелерінің болуы емізетін аналардың өндірістен қол үзбей жұмыс істеулеріне мүмкіндік береді.
1 жыл бұрын (2009) Қостанайда «Қазақтың дәстүрлі сот жүйесі» кітабының және «Торғай мен Тобылдың билері» фильмінің таныстырылымдары болып өтті.
Бұл шығармалар «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында жасалды. Бұлар ұлттық сот жүйесінің қайнар бастауын іздеуге арналған үлкен зерттеу жұмыстарын қорытындылайды.
ЕСІМДЕР
80 жыл бұрын (1930-1987) физиолог, мал шаруашылығы саласындағы ғалым, биология ғылымдарының докторы, профессор ПРОКУДИН Анатолий Васильевич дүниеге келді.
Петропавл қаласында туған. Омбы малдәрігерлік институтын, Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтының (Қазақ ұлттық аграрлық университеті) аспирантурасын бітірген.
1959-1978 жылдары - Қазақ КСР Ғылым академиясы Физиология институтының ғылыми қызметкері. 1978-1983 жылдары - Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтының профессоры, кафедра меңгерушісі. 1983-1987 жылдары Қазақ мал шаруашылығы технологиясы ғылыми-зерттеу институтынының аға ғылыми қызметкері қызметтерін атқарған.
Негізгі ғылыми еңбектері мал физиологиясына (күйіс қайыратын малдың ас қорытуы, онтогенезде зат алмасуы, жемшөптің ас қорыту процесіне тигізетін әсері) арналған.
60 жыл бұрын (1950) заңгер, «Құрметті судья» атағының иегері, әділет полковнигі МАҚАШЕВ Зейнолла Мұхамединұлы дүниеге келді.
Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында туған. Саратов заң институтын бітірген.
1975-1982 жылдары - Қарағанды облысы Саран қаласы халық сотының төрешісі. 1982-1986 жылдары - Қарағанды облысы Ульянов аудандық сотының төрағасы. 1986-1987 жылдары - Қарағанды облысы Саран қалалық халық сотының төрешісі. 1987-1990 жылдары - Саран қалалық сотының төрағасы. 1990-1994 жылдары - Қарағанды қаласы Ленин аудандық халық сотының төрағасы, Орал облыстық сотының төрағасы. 1994-1997 жылдары - Батыс Қазақстан облыстық соты судьясының міндетін атқарушысы, Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы. 1997-1998 жылдары - Солтүстік Қазақстан облыстық соты шаруашылық істері жөніндегі алқасының судьясы. 1998-1999 жылдары -Солтүстік Қазақстан облысы Әділет басқармасының бастығы. 1999-2004 жылдары -Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі екінші шақырылымының депутаты - Заңдар және соттық-құқықтық реформалар жөніндегі комитеттің мүшесі. 2004-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетінің төрағасы. 2007-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьясы қызметтерін атқарған. 2009 жылдан отставкада.
«Құрмет» орденімен және Қазақстан Республикасының мерейтойлық медальдарымен марапатталған.
ШІЛДЕНІҢ 21-І, СӘРСЕНБІ
Бельгия Корольдігінің ұлттық мейрамы - Король 1 Леопольдтің ант берген күні. 1831 жылдың 21 шілдесінде бельгия монархы I Леопольд бельгия парламентіне Конституцияға ант берді.
Қазақстан Респбликасы мен Бельгия Корольдігінің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы тамыздың 18-інде орнатылды.
ОҚИҒАЛАР
15 жыл бұрын (1995) Бішкек қаласында «Манас» эпосының 1000 жылдығына және ұлы Абайдың 150 жылдығына орай халықаралық ақындар айтысы және манасшылар конкурсы басталды.
5 жыл бұрын (2005) Солтүстік Қазақстан облысында қазақстан-ресей «Қарақоға» бірыңғай бақылау-өткізу орны ашылды.
«Қарақоға» бірыңғай бақылау-өткізу орны Ресей Федерациясының шекарасында орналасқан, жалпы алып жатқан аймағы 320 км. Ол халықаралық көпжақты өткізу орны болып табылады. Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар алмастыруды және сауда-экономикалық байланысын ары қарай дамытуға арналған өткізу орны «бір аялдама» жүйесі бойынша жұмыс істей отырып, тауар алмастыру барысын жеңілдетеді.
3 жыл бұрын (2007) А.Х.Марғұлан атындағы археология институтының бір топ қызметкерлері Тараздағы қазба жұмыстарын өткізген кезде, қала ортасында орналасқан Қарахан кесенесінің маңынан мешіт қалдықтарын тапты.
Мешіттің құрылысына қарағанда 14 ғасырда салынғанға ұқсайды, сол кезде құрылысқа кірпіш-шікізатын қолданған. Соңғы исламның мешіттері терракота кірпіштерінен көтерілген. Бұл ғимараттың сақталып қалған бөлігі - іргесі, ішкі атрибутикасы - осы жерде мешіт болғанын дәлелдейді, енді ислам дінінің біздің елімізде қай уақытта пайда болғанын айтуға болады. Бұл мешiт бұрын салынған несториан немесе манихей храмның iргесiнде тұрғызылған.
ЕСІМДЕР
45 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылық министрлігі Аграрлық-өнекәсіптік кешеннің мемлекеттік инспекциясы жер қатынастары комитетінің мемлекеттік техникалық инспекция және әлеуметтік қауіпсіздік басқармасының бастығы, агроном-ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты ӘБДІРАХМАНОВ Мұхтар Айдарханұлы дүниеге келді.
Ақмола облысы Шортанды ауданының Жолымбет кентінде туған. К.Тимирязов атындағы Мәскеу ауылшаруашылық академиясын бітірген.
1988-1997 жылдары - Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институты зертханасының меңгерушісі, кіші, аға ғылыми қызметкері, агрономы. 1997-1998 жылдары - Жеке тектік қор бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Фитохимия институты директорының орынбасары. 1998-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі әкімшілігінің аға маманы, Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылық министрлігі Өсімдіктер карантині жөніндегі комитетінің бөлім бастығы. 1999-2000 жылдары - Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылық министрлігі Жер қатынастары департаментінің Карантиндік өсімдіктер және өсімдіктерді қорғау басқармасының бастығы. 2000-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылық министрлігі Фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті директорының орынбасары. 2005-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылық министрлігі Фитосанитариялық қауіпсіздік департаментінің директоры қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде - 2007 жылдан.
«Қазақстан Республикасы Парламентіне - 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.
ШІЛДЕНІҢ 22-СІ, БЕЙСЕНБІ
ОҚИҒАЛАР
188 жыл бұрын (1922) Патша үкіметінің «Сібір қазақтары туралы» Жарлығы шықты.
15 жыл бұрын (1995) Қарақалпақ Республикасында Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толуы кеңінен аталып өтті.
5 жыл бұрын (2005) Алматыда Саин көшесінің және Райымбек даңғылының қиылысындағы ең ірі жол айырығы пайдалануға берілді.
Салтанатты шараға Алматы қаласының әкімі қатысты.
Үш деңгейлі айырық көпір көлік қатынасын 3,5 есе жеңілдетіп, күніне 120000 автомобиль жүргізуде.
1 жыл бұрын (2009) Атырауда Жайық өзенінің үстімен өтетін жаңа екі көпірді пайдалануға беру салтанатты рәсімі өтті.
Жалпы ұзындығы 800 метр болатын бір көпір «Привокзальный» шағынауданын әуежаймен жалғастырды. Көпірдің ұзындығы - 22 метр. Көпірдегі қозғалыс төрт жолақты, оның тәулігіне 5 мың автомобильді өткізу мүмкіндігі бар. Жолаушылар үшін ені 2,5 метрлік аяқжолдар көзделген.
Екінші көпір «Жилгородок» шағын ауданында қаланың еуропалық және азиялық бөліктерін қосты. Оның жалпы ұзындығы - 693 метр. Ол да тәулігіне кеміне 5 мың автомобильді өткізуге есептелген.
1 жыл бұрын (2009) Екібастұзда қуаты айына 300 тонна шикізат дайындап, құрым тері жартылай фабрикатын шығаратын зауыт іске қосылды.
Зауытқа заманауи итальяндық жабдықтар орнатылған. Өнімдерді Италия, Испания, Қытай, Үндістан нарықтарына шығарылады.
ЕСІМДЕР
50 жыл бұрын (1960)Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты - Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетінің мүшесі, физика-математика ғылымдарының кандидаты ПЛОТНИКОВ Сергей Викторович дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысында туған. Саратов политехникалық институтын бітірген.
Шығыс Қазақстан облысы Большенарым ауданының әкімі, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2008 жылдан - Шығыс Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.
Екі медальмен марапатталған
ШІЛДЕНІҢ 23-І, ЖҰМА
Египет Араб Республикасының ұлттық мейрамы - Революция күні (1952). ГенералМұхаммед Нәджіб Египетті Республика деп жариялады.
Қазақстан Республикасы мен Египет Араб Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы наурыздың 6-да орнатылды.
ОҚИҒАЛАР
3 жыл бұрын (2007) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Бельгия Корольдігі Үкіметі арасында халықаралық автомобильді тасымал жөніндегі келісімді бекіту туралы», «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ұлыбритания Біріккен Королдігі және Солтүстік Ирландия Үкіметі арасында халықаралық автомобильді тасымал жөніндегі келісімді бекіту туралы» Заңдарға қол қойды.
1 жыл бұрын (2009) Қазақстанда Саяси шешімдер институты жұмыс істей бастады.
Саяси шешімдер институты елдегі саяси шешімдерге қоғамның толыққанды араласуын қамтамасыз етуді алдына мақсат етіп қойып отыр. Жаңа институт пікірсайыстар, брейн-сторминг, дөңгелек үстел жиындары, конференциялар, брифингтер, таныстырылымдар, қоғамдық талдаулар, пікірталастар, саяси рауттарды өткізумен айналысады. Сондай-ақ талдау және кеңес беру, қолданбалы саяси зерттеулерді және әлеуметтік сауалнамаларды жүргізу және сарапшылардың кәсіби желісін қалыптастыру мәселесі де басты назарда болады.
1 жыл бұрын (2009) Ақтөбе қаласы мәслихаттының шешімі бойынша бірқатар атаусыз көшелер жаңа атауға ие болып, ал кейбір көшелердің аты өзгертілді.
Қалалық ономастикалық комиссияның шешімі бойынша қаланың ортасындағы атаусыз көшеге XVIII ғасырдағы Қазақ мемлекетінің көрнекті қайраткері, биі Бөгенбай батырдың, тағы да Заречный-2 ықшамауданындағы атаусыз көшеге XVIII-XIX ғасырлардағы тарихи тұлғалардың бірі Қайдауыл батырдың есімі берілді. Жол полициясы басқармасы ауданындағы көшеге Қазақ КСР ҒА академигі Сақтаған Байышевтің есімі берілді. Ақжар кентіндегі екі көшеге Береке және Бірлік атауы берілді. Заречный-1 ықшам ауданындағы Энтузиастер көшесіне Жауынгер-интернационалистер, Новая көшесіне Кеңес Одағының Батыры, Ақтөбе облысы Мартұқ ауданының тумасы, барлаушы Федор Озмителдің есімі берілді.
Ақтөбе маңындағы «Новый» елді мекенінің атауы қазақша «Жаңақоныс» деп өзгертілді.
ЕСІМДЕР
100 жыл бұрын (1910-1973) СУХОБОКОВ Владимир Леонидович- кинорежиссёр, Ресейдің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Түркімен КСР-нің еңбек сіңірген әртісі дүниеге келді.
Белоруссияның Гомелский облысы. Рогачёв қаласында туған. Ленинград театр институтының кино бөлімін бітірген (Санкт-Петербор мемлекеттік театр өнері академиясы).
«Союзкино», «Белгоскино», «Союздетфильм», «Ленфильм» киностудиялары мен Орталық киностудиялар бірлестігінің режиссердің көмекшісі, ассисенті, екінші режиссері, монтаж жөніндегі режиссері қызметтерін атқарған. Көптеген деректі, ғылыми-көпшілік фильмдердің, дубляждардың режиссері. 1952 жылдан С.А.Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институтының режиссерлік монтаж факультетінің кафедрасында аға оқытушысы болған.
«Молодая гвардия» фильмі үшін БЛКЖО Орталық Комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
65 жыл бұрын (1945-2009) футболшы, КСРО чемпионы, футболдан республикалық дәрежедегі төреші, Кеңес және Ресейдің қоғам және спорт қайраткері АБАСОВ (Аббасов) Ариф Микаэлович дүниеге келді.
Томск педагогикалық институтының дене тәрбиесі және спорт факультетін бітірген. Әзірбайжан футболының тәрбиеленушісі. 1990-2000 жылдары Томск облыстық футбол федерациясын басқарған. Ресейдегі ТВ-2 телекомпаниясының қысқы футболдан бұқаралық турнирді ұйымдастырушылардың бірі. Кәсіби футбол клубтарының төреші-инспекторы болған. 1961 жылы Әзірбайжан КСР құрама командасында ойнап, оқушылар арасында КСРО чемпионы болған. Бүкілодақтық жасөспірімдер арасында өткен біріншіліктің күміс жүлдегері. Томск құрама командасындағы үздік шабуылшылардың бірі болып 53 доп соққан. КСРО кубогы мен біріншіліктерінде 68 доп соғып, Ресейдің ең үздік төрешілер қатарына енген. «Дене тәрбиесінің үздігі» атағына ие болған.
ШІЛДЕНІҢ 24-І, СЕНБІ
ОҚИҒАЛАР
4 жыл бұрын (2001) Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласындағы «Еменді бақта» жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезов ескерткішінің ашылу салтанаты өтті.
3 жыл бұрын (2007) Мемлекет басшысы елордамыздың жұмыс істеу саласында қоғамдық қатынастарды реттейтін «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасы астанасының даму мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарға қол қойды.
3 жыл бұрын (2007) Павлодарда қазақтың кәсіпқой халық аспаптар оркестрі құрылды.
Ұжым репертуарында - ұлттық және шетелдік композиторлардың туындылары.
3 жыл бұрын (2007) Бейжіңде ҚХР ұлттардың iстерi жөніндегі комитеттің баспаханасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, драматург, жазушы Рахымжан Отарбаевтың «Соғыстың соңғы бомбасы» (қытай тілінен аударғанда - «Хэй Сюаньфэн» - «Черный смерч» деген мағынаны блдіреді) атты әңгімелер жинағы қазақ (арабтың өрме жазуымен) және қытай тілінде жарық көрді.
Тұсаукесер рәсімге көркемөнер зиялыларының және Қытайдағы қазақ диаспорасының, Қытайдың және Синьцзянь Жазушылар одағының, Қытай ұлттық университетінің, ҚХР ұлттардың iстерi жөніндегі комитеті Аударма бюросының, Қытайдың орталық радиосының және тағы да басқа медиа құрылымдарының өкілдері қатысты.
1 жыл бұрын (2009) Атырауда Хиуаз Доспанова атындағы жаңа заманауи Мұз айдыны сарайы пайдалануға берілді.
Жаңа спорт кешенінің көлемі 1800 шаршы метрден астам аумақты алып жатыр, онда жаттығулармен қатар командалық жарыстар өткізіледі.
Доспанова Хиуаз Қайырқызы (1922-2008) - қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы. Атырау облысында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысында әскери ұшақпен аспан төрінде майдан салған ерлігімен танылған, ал соғыстан кейінгі бейбіт өмірде қайраткерлігімен дараланған қазақтың қаһарман қызы. Өжеттілігі мен ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз, ІІ дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Ту ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған. Ұлы Жеңістің 60 жылдық мерейтойы қарасаңында соғыс ардагері, ұшқыш қызы Доспанова Хиуаз Қайырқызына Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Халық қаһарманы» атағы берілді. Атырау қаласында ескерткіш орнатылып, оның есімі бір көшеге берілген.
ЕСІМДЕР
70 жыл бұрын (1940) Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі БАЛАЕВ Геннадий Николаевич дүниеге келді.
Ақтөбе қаласында туған. Консерваторияның фортепиано сыныбы бойынша 3 курсын, Ташкент театр институттын бітірген.
Самарқандтың орыс драма театрында, М.Горкий атындағы Владивосток өңірлік орыс драм театрында актер қызметін атқарған. 1971 жылдан - М.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актеры.
Театр сахнасында Кардинал Вулсидің (Г.Гориннің «Патшалар ойыны»), Актердің (М.Горкийдің «На дне»), Игорь (Н.Птушкиннің «Пока она умирала»), Стомильдің (С.Мрожектің «Тангосында»), Того (Л.Андреевтің «Тот, кто получает пощечины») және т.б. жүзге жуық басты рөлдерді сомдаған.
«Саранча», «Мне не забыть, не простить», «Примите Адама!», «Шоқан Уалиханов», «Перекличка» атты кинофильмдерде ойнаған.
ШІЛДЕНІҢ 25-І, ЖЕКСЕНБІ
ОҚИҒАЛАР
105 жыл бұрын (1905) Қоянды жәрмеңкесіне жиналғандар патшаның отаршылдық зорлығына қарсы петиция қабылдады. Ресей Министрлер кеңесі төрағасына жолданған бұл петицияда қазақ жеріне орыс шаруаларының қоныс аударуын тоқтату, қазақтар үшін жеке басқаруды ұйымдастыру, цензураны жою, қазақ тілінде іс жүргізуді ресми енгізу, Мемлекеттік думаны шақыру жобаларын әзірлеу жөніндегі кеңес жұмысына қазақ делегаттарын қатыстыру сияқты талаптарын қойды.
105 жыл бұрын (1905) Ташкент-Орынбор темір жолының солтүстік телімі пайдалануға берілді.
5 жыл бұрын (2005) Павлодар облысының Шарбақты ауданында павлодарлық Мұсылман-әйелдердің бірлестігі бөлімшесі құрылды.
Павлодарлық мұсылман-әйелдердің бірлестігі 17 жыл бұрын құрылған. Бірлестік мүшелері қазақтың салт-дәстүрлерін қайта жаңғыртып, ұлттық шығармашылықты насихаттайды, Қазақстан халықтарының кіші ассамблеясы жұмыстарына қатысады.
3 жыл бұрын (2007) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сыбайлас жемқорлықпен күресті жетілдіруге, оның көріністеріне жауапкершілікті күшейтуге, оның алдын алуға бағытталған механизмдерді енгізуге бағытталған «Сыбайлас жемқорлықпен күресті жетілдіру мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
3 жыл бұрын (2007) Қазақстанда «Халық қаһарманы» республикалық сыйлығы бекітілді.
«Халық қаһарман» сыйлығы қоғамға, Қазақстан халқына қызмет еткен жоғары жетістігі үшін беріледі және ол мемлекеттік немесе саяси сыйлыққа жатпайды. Қазақстанның әлеуметтік және қоғам өміріне араласып өзінің үлесін қосқан әрбір азамат, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар оның иегері бола алады. Ал саясаткерлер, саяси партиялар мен қозғалыстар оның иегері бола алмайды.
1 жыл бұрын (2009) Алматының Түркісіб ауданында жаңа тігін фабрикасы ашылды.
Фабриканың негiзгi өнiмi - барит концентратына арналған қаптар шығару. Барит меншiктi салмағы ауыр минерал болғандықтан, оған стандарттық нормаларға сәйкес келетін қап керек.
ЕСІМДЕР
85 жыл бұрын (1925-1993) қазақтың суретшісі, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері КЕНБАЕВ Молдахмет Сыздықұлы дүниеге келді.
Қызылорда қаласында туған. В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін, В.Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік көркемсурет институтын бітірген.
В.И.Ленин атындағы Қазақ мемлекеттік политехникалық институтының (Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университет) сәулет-құрылыс факультетінің, Алматы сәулет-құрылыс институтының профессоры қызметтерін атқарған.
«Асауды ұстау», «Әңгіме», «Қойшының әні» картиналардың авторы. Шығармалары Мәскеудегі мемлекеттік Третьяков галереясының қорында және Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында сақталған.
«Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.
80 жыл бұрын (1930-2002) ғалым, әдебиет зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиясының академигі, Қазақ КСР Халық ағарту ісінің озаты, Қазақстан Ғылым академиясы Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты СӘТБАЕВА Шәмшиябану Қанышқызы дүниеге келді.
Қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қаныш Сәтбаев атындағы ауылда туған. Қазақ педагогикалық институтын (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті), М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген.
1954-1965 жылдары - Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының аға оқытушысы, доценті. 1965-2002 жылдары Қазақстан Республикасы ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері қызметтерін атқарған.
Негізгі ғылыми еңбектері әдебиеттің көркемдік даму тарихына, заңдылықтарына, әдебиеттер байланыстарын зерттеуге арналған. «Орта Азия және Қазақстан әдебиетінің тарихы» басылымындағы қазақ әдебиеті бөлімін әзірлеуге қатысқан. «XIX және XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ-еуропа әдеби байланыстары», «Әдеби байланыстар», «Қазақ әдебиеті мен Шығыс» тағы басқа монографияларының, 9-10 орыс сыныптары үшін «Қазақ әдебиеті» және Қазақстанның жоғары оқу орындарының филология факультеті орыс бөлімдеріне арналған «Қазақ әдебиеті» оқулықтарының авторы. «Өрнекті өріс», «Лев Толстой Қазақстанда», «Әдебиет мерейі», «Достық дастандары», «Шоқан Уәлиханов», «Сәулелі әулет», «Уақыт шуағы», «Казахская литература и Восток», «Шакарим Кудайбердиев», «Ш.Уалиханов и русская литература, «Свет очага», «Әбікей Сәтбаев», « Әр жылдардан», «Ұрпақ сыры» атты кітаптары жарық көрген.
35 жыл бұрын (1975) Business Media Group зерттеушілік компаниясынның негізін қалаушысы және жетекшісі ЫДЫРЫСОВ Арман Асхатұлы дүниеге келді.
Астана қаласында туған. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін (1996) және оның аспирантурасын (1998) бітірген. Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» степендиясы бойынша АҚШ-тағы Monterey Institute of Int'l Studies оқыған.
2000-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті аппаратының құрылымында қызмет атқарған, 2002-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеу институттында кеңесші қызметтін атқарған. Қазіргі қызметінде - 2003 жылдан.
2001 жылдан бастап «Болашақ» бағдарламасы түлектері қауымдастығының мүшесі, 2008 жылдан бастап Қауымдастық кеңесінің мүшесі. 2009 жылдан бастап Zertteu DС Group Серіктестер кеңесінің мүшесі.