Атап айтқанда, Қазақстан Республикасында ел бірлігін нығайту, бейбітшілік пен келісімді сақтау және рухани мәдениетті дамытуға қосқан үлесі үшін «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрайымы Мұхамеджанова Нұржан Жалауқызы, сондай-ақ «ҚазАқпарат» ХАА» ЖШС бас директорының орынбасары Әбуова Қаламқас Әскерқызы Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалімен марапатталды.
Мұнымен қоса, салтанатты шара барысында бірқатар журналистер мен шығармашылық ұжымдарға Қазақстан халқы Ассамблеясының бағалы сыйлықтары мен алғыс хаттары табысталды.