Біздің агенттікте Қазақстанның фотоэпопеясын жасаған өз ісінің хас шеберлері әр жылдары жұмыс жасады. Олар: Анатолий Устиненко, Юрий Беккер, Иосиф Будневич, Еркебұлан Нұржанов, Михаил Чумин, Николай Кузнецов, Валерий Шипулин. Фотография саласының мэтрі Александр Павский «ҚазАқпаратта» қызметін жалғастырып келе жатса, Мұхтар Холдорбеков пен Виктор Федюнин - агенттіктің бүгінгі фотошежіресін жасаушылар.
Назарларыңызға мемлекет қайраткерлерінің маңызды сапарлары, әлемнің әр түкпірінен шақырылған қоғам қайраткерлері мен дін өкілдерінің және қазақстандықтардың спорт, мәдени салаларда өткен әлемдік додалардағы табысты жеңістерін бейнелеген фотофактілерді ұсынамыз.