Құрметті әріптестер! Республикалық қоғамдық-саяси «Президент және Халық» газетінің редакциясы Сіздерді, «ҚазАқпарат» агенттігінің ұжымын сүйікті Қазақстанымыздың басты ақпарат таратушысы ретіндегі қызметінің 95 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтайды! Агенттіктің күнбе-күнгі жұмысы көз алдымызда. Өмірдің сан саласынан жедел де ақиқат тарату аса күрделі де құрметті қызмет. Алайда оның жұмысынан титтей де кінарат таба алмайсың. 1990 жылдарға дейін еліміздегі ақпарат саласы негізінен орыс тілінен аударма деңгейінде өрбісе, Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін ақпарат саласы түпнұсқалық қазақ тілінде қанат жайды. «ҚазАқпараттың» жаңалықтар легін бүгінде қазақ-кіріл, қазақ-төте, қазақ-латын әріптерімен беруі де бүкіл әлемдегі қандастарымыздың жаңалықтарды бөтен біреудің көмегіне жүгінбей-ақ өз мүмкіндігінше оқып білуіне жол ашты. «ҚазАқпараттың» жаңалықтарды креативті беру тәсілі, жан-жақты қамтуы, ең бастысы жеделдігі оқырмандарын тәнті етеді. Ұжымды төл мерекесімен тағы да құттықтай отырып, алда келе жатқан 100 жылдық мерейтойын мүлде соны сапамен, жаңа биіктермен қарсы алуына тілектестік білдіреміз! Әр қызметкердің отбасына амандық, өздеріне саулық пен шығармашылық сәттіліктер тілейміз! - делінген құттықтауда.
23:14, 13 Тамыз 2015
«ҚазАқпарат» бүкіл әлемдегі қандастарымыздың жаңалықтарды оқып-білуіне жол ашты - «Президент және Халық» газетінің бас редакторы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Республикалық қоғамдық-саяси «Президент және Халық» газетінің бас редакторы Марат Тоқашбаев басылым редакциясы атынан «ҚазАқпарат» агенттігінің ұжымын 95 жылдық мерейтойымен құттықтады.