ҚазАқпарат елдің оң беделін белсенді қалыптастыратын ресми ақпараттың алғашқы дереккөзі болып табылады - ENRC Қазақстан

АСТАНА. 14 тамыз. ҚазАқпарат - ENRC Қазақстан корпорациялық коммуникациялар басқармасы ҚазАқпаратты алғашқы қазақ жаңалықтар агенттігінің құрылғанына 92 жыл толуымен құттықтады.

Сіздердің назарларыңызға құттықтаудың мәтінін ұсынамыз.

Құрметті әріптестер!

Сіздерді айрықша күн - алғашқы қазақ жаңалықтар агенттігінің құрылғанына 92 жыл толуымен құттықтаймыз - Сіздер сол дәстүрді «Қазақ ақпарат агенттігі» Ұлттық компаниясы» АҚ-да жалғастырып келесіздер.

Осы кезеңде ҚазАқпарат бірнеше рет атауын және меншік түрін ауыстырды, бірақ та оның қызметкерлерінің кәсби шеберлігі өзгеріссіз қалды. Агенттіктің әр жылдардағы басшыларының есімдері кеңінен танымал: олар - Қасым Шәріпов, Кәкімжан Қазыбаев, Амангелді Ахметәлімов, Мұрат Әренов... Редакция шығармашылығына белгілі сөз шеберлері Ж.Түменбаев, А.Ротмистровсикй, Б.Аманғалиев, Н.Ыдырысов, фотоқызмет шеберлері Т.Чапала, В.Вингловский, Г.Кошкинцев, Р.Дүйсенғалиев, И.Будневич елеулі үлес қосты. Олардың бәрі де отандық журналистиканың мақтанышына айналды.

Бүгінде ҚазАқпарат жаңалықтар веб-сайттарының арасында көш бастап келеді. Агенттіктің жедел жаңалықтары қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде, қазақша жаңалықтары сонымен қатар латын және төте жазу қарпімен таратылып келеді. ҚазАқпарат Қазақстанның, Орталық Азияның және әлемдік қоғамдастықтың  әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірінің барлық саласындағы толыққанды және шынайы ақпарат беруімен ерекшеленеді.  Сондықтан да Сіздің компания шын мәнінде елдің оң беделін белсенді қалыптастыратын ресми ақпараттың алғашқы дереккөзі болып табылады.

Сіздерге бұдан былай да шығармашылық табыстар, сәтті және көптеген жақсы жаңалықтардың жаршысы болуларыңызға тілектеспіз.

Ізгі ниетпен және одан әрі тығыз ынтымақтастыққа үмітпен, Қазақстан ENRC корпорпорациялық коммуникациялар басқармасы