ҚазАқпарат фотографының жұмыстары «Тәуелсіздік тағылымы» көрмесіне енді

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Тәуелсіздік тағылымы» сурет көрмесінің екінші кезеңі басталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.



Экспозицияда Қазақстанның жетекші фотожурналистерінің 100 жұмысы, соның ішінде «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінен Мұхтар Холдорбековтің суреттері қойылды. Фотографтар «Менің Отаным - Қазақстан» конкурсының жеңімпаздары.



«Қазақстан өз Тәуелсіздігінің 25 жыл өткен уақытында жарқын әрі қызық оқиғаларға толы жасампаздық пен дамудың жолын жүріп өтті. Осы уақыт аралығында тәуелсіздік алған халықпен бірге жас мемлекеттің әрбір қадамын суретке түсіріп жүрген фототілшілердің де еңбегі зор», - деді «Фотоөнер» ҚБ президенті Асылхан Абдраим.



Көрме Тәуелсіздік сарайында өтіп жатыр және 2016 жылдың соңына дейін жалғасады. 

    

Соңғы жаңалықтар