«ҚазАқпарат» фотолары әлеуметтік желілерде кеңінен таралуда

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда әлеуметтік желінің шартараптағы, қала берді күнделікті тіршілігіміздегі болып жатқан уақиғаларды ізін суытпай жұрт талқысына салатын пайдаланушылардың пікірталас алаңына айналғаны шындық. 

Әсіресе, мына өмірдегі келеңсіз жайттарға, теріс қылықтарға деген жұртшылықтың белсенділігі аса жоғары болып отыр. Ал көтерілген мәселеге байланысты салынған фотолардың пікірталасты одан әрі жандандыра түсетіндігі де рас. Бұл орайда «ҚазАқпарат» ХАА фотографтары  суреттерінің олардың арасынан жиі кездесе бастағандығы қуантады.

   

Әлеуметтік желіде осындай қызу пікірталас тудырған оқиғаның бірі 25 сәуірде елордадағы «Қазақстан» концерт залында өткен Димаш Құдайбергеннің концерті болды. Әлем мойындағын жас таланттың  жарқыраған бейнесі, оның концерті жайлы пікірлер Желіні дүр сілкіндірді десек артықтық етпес.

«Рахат ай осындай да фото көретін күн болады екен.

Бұрын жастар шетелдіктерді кумир қылатын еді ғой. Өзіміздің қазақты менсінбей. Сонда да талантын мойындату үшін Димашқа Қытайға бару керек болды»,-деп жазды  Фейсбукте Аңсаған Мұстафа.

 

Ал Айнур Омар  әншіні көруге келген жұртшылыққа ерсі қылық көрсеткен күзетшілерге ренішін білдіргенімен, келесі бір фотодан күзетшіні екінші бір қырынан танығандай.

«Мына сурет сондай жылы екен. Күзет қызметкерінің түрін қараңызшы, мейірім төгіліп тұр!!! Димашты жақыннан көргеніне өзі де қатты қуанышты сияқты. Суретті "Қазинформнан" ұрлап алдым. фотограф мықты екен!»,-деп жазады ол. 

 

Фото: Мухтар Холдорбеков

Соңғы жаңалықтар