«ҚазАқпарат» ХАА Android негізінде мобильді қосымшасын іске қосты

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Android базасында мобильді қосымшасын іске қосты. Енді пайдаланушылар ақпарат агенттігінің жаңалықтарын өздерінің мобильді құралдарынан оқи алады.

ҚазАқпарат - алдыңғы қатарлы мемлекеттік ақпараттық агенттігі. Ол Қазақстанда бірінші болып халықаралық деңгейдегі дәрежеге ие болды.

Медиа агенттік 90 жылдан астам уақыт бойы саясат, экономика, білім, денсаулық сақтауға спорт, мәдениет және басқа да қоғам өмірін қамтитын маңызды оқиғалардан сенімді әрі жедел ақпарат беруді жалғастырып келеді.