Турнир таңертеңгі 09.30-да басталып, түс ауғанға дейін жалғасы. Тартысты өткен додада Қызылорда қаласынан келген «Ақмешіт» құрама командасы бас жүлдені қанжығалады. Ал «Хабар» агенттігінің футболшы жігіттері екінші орынды еншіледі. Үшінші орынды «ҚазАқпарат» ХАА командасы жеңіп алды. Айта кетейік, «Астана ақшамы» газеті 1991 жылдың 13 қазанынан бастап жарық көріп келеді. Алғашқы кездері «Ақмола ақиқаты» деп аталды. Кейін «Астана хабары» деген атау алып, соңғы жылдары «Астана ақшамы» болып жарық көріп келеді. Ербол Жанат
19:17, 10 Қазан 2015
«ҚазАқпарат» ХАА командасы футболдан журналистер арасында өткен турнирде қола жүлдені жеңіп алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада елордалық «Астана ақшамы» газетінің 25 жылдығына орай журналистер арасында футболдан турнир ұйымдастырылды. Оған 9 команда қатысып, өзара шеберліктерін сынасты.