«ҚазАқпарат» ХАА қызметкері Елена Шатохина өмірден өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат – 2023 жылғы 7 шілдеде ҚР Президенті Телерадиокешені «ҚазАқпарат» агенттігінің қызметкері Шатохина Елена Аркадьевна тосыннан қайтыс болды.

Елена Аркадьевна Целиноград облысында туған. Еңбек жолын 1981 жылы Қазақстан КП Целиноград облыстық комитетінің баспагер-байқаушысы болып бастаған. «Столичный проспект» газетінде оператор-теруші болып жұмыс істеді. Еңбек жолын 2003 жылы «Казахстанская правда» газетінде жалғастырды. 2008 жылдан «ҚазАқпарат» агенттігінде ақпарат шығару бөлімінің оператор-редакторы болды. 2014 жылдан күнделікті шығатын «ҚазАқпарат күнтізбесі» мен «Тұлғалар туған күн» күнтізбесін жасайтын.