ҚазАқпарат пен VNA өз елдері мен халықаралық маңызы бар оқиғалар туралы ақпараттық және талдау материалдарымен алмасуды жоспарлап отыр. Тараптар мемлекет басшылары мен ресми делегациялардың сапарлары, сондай-ақ екі елдің аумағында өткізіліп отыратын өзге де мемлекетаралық акциялар мен шараларға ақпараттық қолдау ұйымдастыру және қамтамасыз етуде тығыз ынтымақтасуға ниетті. Агенттіктердің бірлескен қызметі Қазақстан мен Вьетнам арасындағы электрондық ақпарат саласындағы өзара ықпалдастығын жан-жақты қолдауға бағытталмақ.