Құжатқа сәйкес тараптар «Бір белдеу, бір жол» жобасы мен «Нұрлы жол бағдарламасын ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асырып, ынтымақтастықта жұмыс жүргізеді.
Еске салсақ, кеше «Бір белдеу, бір жол» бойындағы БАҚ ынтымақтастығы форумының ашылуында құрметті шетел қонақтарының алғашқыларының бірі болып «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінің бас директоры Дәурен Дияров сөз сөйлеген болатын.
Форумды "Жэньминь жибао" ұйымдастырды. Шараға 59 елден 155 медиақұрылым, БҰҰ Тілшілер қауымдастығы өкілдері, ҚХР коммерция вице-министрі, Хэнань провинциясы, Шэньси, Ганьсу, Ланьчжоу қ, Циндао қ., Шаньдун провинциясы партия комитеттерінің хатшылары, Цзянсу, Гуандун провинциялары мен Қытайдың басқа өңірлері атқарушы органдарының, қытай банктері, корпорациялар мен БАҚ өкілдері қатысты.