«Меморандумға қол қою ҚР сот жүйесінің ашықтық бағытына жасаған ерікті қадамы деп түсінеміз. Сот билігі барша азаматтық қоғамның заңдылығын қамтамасыз ететін биліктің ең маңызды бөлігі. Бүгін Жоғарғы Сот та, қалалық және аудандық соттар да тығыз қарым-қатынас, өзара ашық байланыстарды нығайтуға мән бере бастау - бүгінгі сот жүйесінің және қоғамның құқықтық аядағы деңгейі жаңа белеске көтеріліп келе жатқандығының бір көрінісі деуге болады», - деп атап өтті Д.Дияров.
Оның сөзіне қарағанда, аталмыш құжат ҚР Жоғарғы Сотының Қазақстанның құқықтық және ақпараттық кеңістігіндегі қарым-қатынастардың алғашқы қарлығашы болып отыр.
«Менің ойымша, бұл әріптестік құқықтық қоғам құруға бағытталған ең негізгі әрі алғашқы қадам болмақ», - деп атап өтті агенттік басшысы.
«Соңғы кездері еліміздің сот жүйесінде өте жағымды өзгерістер орын алуда. Осыған орай, сот саласының жаңалықтарын ұдайы жеткізіп тұру қажеттілігі туындауда. Міне, бүгін осы мақсатта «ҚазАқпарат» агенттігімен меморандумға қол қойдық. Бұл келісім өзара ақпараттық алмасу бағытындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. «ҚазАқпарат» - Қазақстандағы халықаралық мәртебеге ие, беделді әрі жетекші мемлекеттік ақпараттық агенттік. Ол 90 жылдан астам уақыттан бері еліміз бен әлемдегі ең маңызды ақпарат туралы күн сайын жедел түрде таратып келеді», - деді Р.Испанов.