Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы Николай Бордюжаның видеокөпір форматындағы Астана мен Еревандағы медиаорталықтарының қосылуымен мультимедиялық баспасөз мәслихаты өтті.
Шара барысында ҰҚШҰ-ның 2015 жылғы қызметі қорытындыланып, 2015 жылы 21 желтоқсанда Мәскеуде өткен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі қызметінің нәтижелері айтылды.
Баспасөз мәслихатының соңында 2015 жылдың қорытындысы бойынша Ұйымға мүше елдердегі БАҚ өкілдері, мемлекеттік органдар мен мекемелердің, күш құрылымдары ведомстволарының баспасөз хатшылары марапатталды. Марапатқа ие болғандардың қатарында «ҚазАқпарат» тілшісі бар. Ол ұйым қызметі туралы ақпаратты белсенді түрде таратқаны үшін ҰҚШҰ бас хатшысының алғысына ие болды.