Қалалық Мәдениет үйіне түрлі ведомстволардың басшылары, ардагерлер, жастар, БАҚ өкілдері жиналды. Шарада жиналғандарға адалдық ұстанымдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыру туралы қойылым көрсетілді.
«Жамбыл облысында 2018-2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар стратегиясын іске асыру бойынша шаралар жоспары бекітілді. Басты мақсат - сыбайлас жемқорлық туралы ескерту және оның салдарын жою», - дейді Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы Нұржан Қалендеров.
Форум аяғында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбына арналған үздік жарияланым конкурсының жеңімпаздары анықталды. Интернет-БАҚ арасында жеңімпаздар қатарында «ҚазАқпарат» ХАА-ның Жамбыл облысындағы өңірлік тілшісі бар.