«ҚазАқпарат» халықаралық агенттiгiнiң ұжымы Мәдениет және спорт министрiнiң Құрмет грамотасына ие болды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Байланыс және ақпарат қызметкерлерiнiң күнi қарсаңында ҚР Мәдениет және спорт министрлiгi "Мемлекеттiк тiл және БАҚ" республикалық байқауының жеңiмпаздары мен бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерiн салтанатты марапаттау рәсiмiн өткiздi.

Мәдениет және спорт министрлiгiнiң құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын ведомство басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы табыстады. Жоғары бағаға ие болғандардың қатарында "ҚазАқпарат" ХАА" ЖШС бас директорының орынбасары Қаламқас Әбуова да болғанын айта кету керек.

Мерекелiк шара ҚР МСМ Тiлдердi дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетi ұйымдастырған "Мемлекеттiк тiл және БАҚ" республикалық байқауының жеңiмпаздарын дипломдармен марапаттау рәсiмiмен жалғасты. Байқау мемлекеттiк тiл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау белсендiлiгiн арттыру мақсатында өткiзiлген болатын.

Жыл сайын дәстүрге айналған бұл байқауға еліміздің қоғамдық өмірінде мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту және мәртебесін нығайту мақсатында қазіргі мемлекеттік тілдің ахуалы туралы өткір де өзекті мақалалар (бағдарламалар) жариялаған ойы ұшқыр, қаламы қарымды жекелеген тілшілер мен мерзімді басылым, телеарна ұжымдары қатысты.

2015 жылдың 10 қаңтары мен 10 маусым аралығында өткен байқау барысында 200-ге жуық материал жинақталды.

Бүгiн жеңiмпаздар «Үздік мақала», «Үздік телеарна бағдарламасы», «Үздік радио бағдарламасы», «Үздік сайт мақаласы» аталымдары бойынша марапатталды. «Үздік сайт мақаласы» аталымында "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттiгiнiң екi тiлшiсi - Ризабек Нүсiпбек пен Жасұлан Жолдыбаев ынталандыру сыйлығына ие болса, өңiрлiк тiлшiсi Ғайсағали Сейтақтың мақаласы үшiншi орынды жеңiп алды.

"Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, халықтың көзi, құлағы һәм тiлiне айналған төртiншi билiк өкiлдерi, бұқаралық ақпарат құралдары тiлдiң дамуына айырықша үлестерiн қосуда. Тiлiмiзге қатысты күрделi мәселелер БАҚ-та жарияланып, билiкке жетуде. Осының нәтижесiнде кейбiр мәселелер кезек күттiрместен, шешiмiн тауып келедi, - дедi А. Мұхамедиұлы. - Журналистердi келе жатқан мерекелерiмен құттықтаймын! Журналистика - шығармашылық iзденiстi талап ететiн қастерлi де қасиеттi саланың бiрi. Тiл мәселесiн де, қоғам өмiрiнде болып жатқан көкейкестi мәселелердi де тереңнен толғап, жазып жүрген ойы мен қиялы ұшқыр, қаламы жүйрiк журналистерге шалқар шабыт тiлеймiн!".

«Мемлекеттік тіл және БАҚ»

республикалық байқауының жеңімпаздары

«БАСПАСӨЗ» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША

р/с

Байқау қорытындысы

Аты-жөні

Материал атауы

1.

1-орын

Сүлеймен Мәмет

«Егемен Қазақстан» газетінің журналисі, басылым шолушы

«Қасиетті сөздің қадірін кетірмейік»; «Тіл тұтастығы-ел тұтастығы»; «Санада сан емес, сапа тұруы керек»; «Өнеге»

2.

2-орын

Құлынтай Монай

«Халық Баспа 2050» «Арқа ақшамы» газетінің жауапты хатшысы

«Қасым феноменін зерделеу қай деңгейде?»; «Ұлттық анимацияда арын кем»; «Қазақ баспасөзі пәрменсіз, журналисі дәрменсіз бе?!»; «Қазақ жастарына рэп қажет пе?»; «Қарағандыға Әлихан керек!»

3.

3-орын

Жұмаділова Дария Ертайқызы

«Екібастұз дауысы-ақпараттық орталығы» «Отарқа» газетінің жауапты хатшысы

«Қазақ тілін оқыту, аудармашы алу-кешегі күннің еншісінде»; «Ресми тілде сөйлейікші»; «Қаңғыбасты да «тұлға» дейміз бе?»

Сайт номинациясы бойынша

1.

1-орын

Слямбеков Қымбат

Алматы қаласы «Мемлекеттік тілді дамыту институты» сайтының тілшісі

«Қазақ тілі әлемде 70-тіл: түркі тілдері 5-орынды»; «Тіл ұлтты қалыптастырушы ғана емес, қорғаушы да құрал»; «Қазақ тілін мода тілге айналдыру»; «Үйленіп үй болу» немесе зомби-сана қалыптастыру идеологиясы»; «Тілге сауатсыздар, қалайша сауатты заң жобалары мен нормаларын жазбақ?!»; «Ресейдегі орыс тілінің кері кетуі немесе Қазақстандағы қазақ тілінің бәсекелестігі»; «Орыс тілі: кері кету симптомы. Қазақстандағы орыс тілі»; «Метропология-тілге оралу немесе әлемдік тілдік саясат»; «Махамбеттің «мені» және жыраулық поэзия»; «Қостілді қоғам: оң және теріс жақтары; «Қазақстандағы филология мамандығы»; «Білім саласындағы мемлекеттік тілдің дамуы мен функционалдығы»

2.

2-орын

Дастан Ельдесов

«Жас қазақ үні» газетінің редакторы

«Когда казахский язык станет государственным»; «Жизнь языка и язык в жизни»; «Глобализация и казахский язык»

3.

3-орын

Ғайсағали Сейтақ

Батыс Қазақстан облысы «Казақпарат.кз» сайтының меншікті тілшісі

«Татулық тірегі тіл екеніне тағы да көз жеткіздім»-С.Стармаусова, БҚО; «Ономастиканы түбегейлі реттеу үшін арнайы заң қабылдануы керек-М.Сабыр, филолог-ғалым, БҚО»; «Өңірде тілдерді дамыту жыл сайын 62 млн. теңгеден астам қаржы бөлініп келеді-М. Ихсанғали, БҚО»; «100 нақты қадам»: Жаңа қазақстандық патриотизм негізі-мемлекеттік тіл, Б.Жексенғалиев, БҚО; «Штутгарттан шыққан қазақ тілді байкерлер Шымкентке бара жатыр»; «Жанна-Мари Вебер, БҚО: Қазақстанның басты артықшылығы-барша ұлт өкілдерінің тату-тәтті өмір сүруінде»

«Телеарна» номинациясы бойынша

1.

1-орын

Мұсабеков Алмас Дарханұлы

«Бірінші Қарағанды» телеарнасының тілшісі

«Тілтану» бағдарламасы/«Бірінші Қарағанды» телеарнасы

2.

2-орын

«Жетісу» телеарнасының редакторы Асылбекова Айман Серікқызы

«Тілсақшы» телебағдарламасы/«Жетісу» телеарнасы

3.

Лизунова Диана Игоревна

Қостанай облысы «Акцент» Лисаковск телеарнасының бас редакторы

«Постфактум»/ «Акцент» Лисаков телеарнасы

«Радио» номинациясы бойынша

1.

1-орын

Есенбек Санатұлы

Қазақ радиосының Павлодар облысындағы меншікті тілшісі

«Әдеби саз» хабары (12.01.2015 ж.; 16.04.2015 ж.); «Мемлекеттік тіл және отбасы» хабары (26.03.2015ж; 05.06.2015 ж.)

2.

2-орын

Асантаев Жанарыс Асанбекович

Рудный қаласы радиосының тілшісі

Мемлекеттік тілді оқытудың циклдық бағдарламасы/ «Қазақстан-Атырау» радиосы

3.

3-орын

Аманжулова Асемгуль Наурзбаевна

«Ертіс Медиа» - «Халық радиосы» редакциясының меңгерушісі

«Тілашар»: «Время и календарь», «Овощи, фрукты, ягоды», «Общественное питание»/ Павлодар облысының «Халық радиосы»