«ҚазАқпарат» Қазақстандағы ТОП-5 ақпараттық ресурстың қатарына кіреді – Кемелбек Ойшыбаев

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы жылдың басынан бері ҚазАқпарат порталына 25 млн-нан астам пайдаланушы кірді. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚазАқпарат жетекші мемлекеттік порталы бүгінде Қазақстандағы үздік 5 ақпараттық ресурстың қатарына кіреді. Тек осы жылдың басынан бері оған 25 млн-нан астам пайдаланушы кірді. ҚазАқпаратқа мемлекеттік БАҚ ретінде бірден хайпқа айналмайтын әлеуметтік жобаларды дамытуға тура келеді. Бірақ, олардың тәрбиелік және ағартушылық қызметі бар. Олар - әдебиет пен тарих саласындағы әлеуметтік жобалар», - деді вице-министр «Astana Media Week – 2021» медиа апталығы аясындағы «Медианы дамыту стратегиясы» атты дөңгелек үстел барысында.

Сонымен қатар ол Qazaqstan телерадиокорпорациясының сайтына да күн сайын 400 мың пайдаланушы кіретіндігін айтты.

«Қазірдің өзінде мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары дәл осы интернет-аудиториямен белсенді жұмыс істеуі үшін қарқынды әрекет етудеміз», - деді Кемелбек Ойшыбаев.


Соңғы жаңалықтар