Құжатты Қазақстанның Катардағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Шоқыбаев пен Катар жаңалықтар агенттігінің бас директоры Ахмад Саад әл-Буайнейн рәсімдеді. «Бұл құжатқа қол қоюға ҚазАқпарат агенттігі Қазақстанның Катардағы Елшісі ретінде маған өкілеттік берді. Жуық арада екі елдің ақпарат агенттіктері бір-бірімен ақпарат алмасып, өз елдерінде тарататын болады», - деді А.Шоқыбаев.
14:11, 26 Қазан 2015
ҚазАқпарат пен Катар жаңалықтар агенттігі өзара ақпарат алмасуға уағдаласты
ДОХА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Катар мемлекетіне ресми сапары аясында «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі мен Катардың жаңалықтар агенттігі арасында меморандумға қол қойылды.