Ұлы қазақ ойшылының есімі бүкіл әлемде құрметке ие. Бір күн бұрын танымал әнші Димаш Құдайберген ақынның «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін оқып, әлеуметтік желіде челлендж бастаған еді.
Жерлесіміз қазақстандықтарды, оқырмандарын челленджге қатысуға шақырды. Ол үшін Абай Құнанбайұлының кез келген шығармасынан үзінді оқып, оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде #abaychallange хэштегімен бөлісу қажет.
Әдеби эстафетаны Jibek Joly телеарнасы алып, одан әрі ҚазАқпарат тілшілеріне жолдады.
Челленджге «ҚазАқпарат» ХАА қазақ, орыс, өзбек және қытай редакцияларының журналистері қатысып, Абай өлеңдерінен үзінділер оқыды.
Өз кезегінде ҚазАқпарат эстафетаны Tengrinews.kz сайтындағы әріптестерге жалғастыруды аманат етеді.
Айта кетсек, аталған әдеби челленджді Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінің қызметкерлері де қолдап, ұлы ақын және ойшыл Абай Құнанбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Айта кетейік, бүгін елімізде «Абай күні» аталып өтіліп жатыр. Биыл ақынның туғанына 178 жыл толды.
Бүгін Мемлекет басшысы Абай күніне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады.