Қазғарыш баспасөз қызметінен хабарлағандай, ғарыш айлағында отыз жылдан астам уақыт бойы тұратын және жұмыс істейтін журналистке жоғары марапатты ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев тапсырды.
«Осы жылдар бойы С. Нұрғалиева мемлекеттік қызметкер және кәсіби журналист ретінде Қазақстанның ғарыш қызметін насихаттау бойынша белсенді жұмыс істеп келеді. Қазғарыш жүйесінде жұмысын жалғастыра келе, ол іс жүзінде Байқоңыр ғарыш айлағында отыз бес жыл ішінде үздіксіз болған оқиғалар жылнамасын жүргізіп келе жатқан жалғыз Қазақстан журналисі болып табылады», - деп атап айтты Қазғарыш басшысы.
«ҚазАқпарат» АА ұжымы Сара Қабиқызын марапатымен құттықтайды және шығармашылық табыстар тілейді!