ҚазАқпаратқа 95 жыл: Әлемдік сауда - саясаттағы ықпалды тұтқа. ҚР Президенті мен ДСҰ-ның бас директорының алғашқы тарихи кездесуі туралы
Шілде айының соңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Женевада Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуы туралы хаттамаға қол қойғаны белгілі. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Марлан Жиембай Женевадан хабар таратқан еді. 1995 жылдың қаңтарында Нұрсұлтан Назарбаев пен жаңадан құрылған Дүниежүзілік сауда ұйымының сол кездегі бас директоры Питер Сазерлендтің алғашқы кездесуі өтті. Оқырмандар назарына осы тарихи кездесуден ҚазТАГ тілішісі таратқан хабарды ұсынамыз.
***
Женевадағы жүздесу
Казақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл дүниежүзілік экономикалық форумның жыл сайынғы мәжілісіне қатысу үшін Брюссельден Давосқа кетіп бара жатып жолшыбай Швейцарияның Женева қаласына аялдама жасады. Мүнда ол бүкіл дүниежүзілік сауда үйымының бас директоры Питер Сазерлендпен кездесті.
Әңгімеде Қазақстан басшысы бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымының штаб-пәтерінде болу үшін Женеваға арнайы тоқтағанын атап көрсетті. Ол оның елі тарифтермен сауда жөніндегі бас келісімнің негізінде бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымының құрылуына байланысты осынау маңызды халықаралық институтта өзінің байқаушы мәртебесін алғашқылардың бірі болып ресми түрде қуаттады деп мәлімдеді.
Н. Назарбаев жас егемен мемлекеттің осы ұйымға мүше болып кіруге терең мүдделі екендігін білдірді. Қазақстан қазір 80 елмен сауда жасайды. Экспорттың негізі әзірше шикізат ресурстары. Ол мүндай ресурстарға - мүнай, газ, алтын, күміс, түсті металдардың көптеген түрлері, бидай, мақта, жүн - аса бай. Сонымен катар республика қазірдің өзінде химия өндірісінің, жеңіл өнеркәсіптің өнімдерін, басқа да бөсекеге түсе алатын тауарларды сыртқа шығара бастады. Қазақстанның көмірсутегі шикізат қоры жэнінен алғашқы он елдің қатарында екендігін ескере келіп, Президент өз елінің келесі ғасырда дүниежүзілік рынокта айтарлықтай роль атқаратынына сенімді. Сондыктан да республиканың бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі маңызды.
Н. Назарбаев Қазақстанның осы қадамға байланысты қажетті өзірлік жұмысын кейінге қалдырмай бастауға әзір екендігін атап көрсетті. Қазақстан мамандары бүл орайда бүкіл дүниежүзілік сауда үйымының Алматыдағы, сондай-ақ Женевадағы сарапшыларымен тығыз ынтымактаса алар еді. Республика даярлық кезеңіне қажет қаржыны бөлуге де келіседі.
П. Сазерленд, өз кезегінде, бүкіл дүниежүзілік сауда үйымы мен Қазақстан арасындағы байланыстарды дамыту мүмкіндігі туралы Президент Н.Назарбаевпен пікір алысқанына қуанышты екенін айтты. Ол осы үйымның қазір 120 елді біріктіріп отырғанын хабарлады және 20-ға жуық ел - олардың арасында Ресей мен Қытай бар - казір оған кіруге тапсырыс берді. Бүл - ғаламдық сауда жүйесі, деп атап өтті бас директор. Сондықтан осы үйым Қазакстанның дүниежүзілік саудада көш соңында қалып қоймау талабын түсіністікпен қабылдайды. Жалпы алғанда, осы ұйымға кіретін елдердің арасында жаңа мүшелерді, соның ішінде бұрынғы КСРО республикаларын қабылдауға оң көзқарас қалыптасып отыр. Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Қазақстанға даярлық кезеңінде және консультациялық көмек көрсетуі мүмкін деп санайды, бұл кезең әдетте ұзақ уақытқа созылады. Бұл саяси қадам ғана емес, көптеген күш-жігерді талап ететін үлкен техникалық жұмыс. Республикада дүниежүзлік сауданың принциптері мен тәртібі оның ішкі де, сыртқы да көріністерінде толық жүзеге асуы үшін шаралар қолдануға тура келеді. Н. Назарбаев Женевадан Давосқа жүріп кетті, мұнда қаңтардың 27-сінде бүкіл дүниежүзілік экономикалық форум ашылды. (ҚазТАГ)
*Материал «Егемен Қазақстан» газетінің 1995 жылғы 27 қаңтардағы №18 нөмірінде «ҚазТАГ-қа» сілтемемен жарияланған