Айта кетсек, «Халық алғысы» медалі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен коронавирус инфекциясымен күресте көзге түскен азаматтарға беріледі.
Медальмен наградтауға ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Президентіне ҚР Парламенті палаталары, ҚР Үкіметі, ҚР Конституциялық Кеңесі, ҚР Жоғарғы Соты, министрліктері, өзге де орталық мемлекеттік органдары, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер береді.