Қазақша күрес Азия ойындарының бағдарламасына енуі мүмкін

АСТАНА. 12 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақша күрес алдағы уақытта сары құрлықтың Олимпиадасына баланатын Азия ойындарының бағдарламасына енуі мүмкін. Бұл туралы бүгін «Аламан» порталына  ҚР спорт және дене шынықтыру агенттігі мәлімдеді.

Қазір осы мәселеге байланысты спорт агенттігі мен Азия олимпиада кеңесі арнайы келіссөздер жүрігізіп жатыр. Және қазақ күресін дамыту үшін мемлекеттік бағдарлама да қабылдамақ. Алаштың төл күресін әлемге таныту мақсатында биыл бюджеттен 1 миллард теңге бөлініп отыр.