Қыздың есімі «Қарақат», ал ұл бала «Балбала» деп аталады. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігінің тілшісіне берген сұхбатта «Ұлытау» тобының продюссері Қыдырәлі Болманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, қуыршақтар Қытай елінде Гонгконг қаласында дайындалуда. «Бұл менің қазір айналысып жатқан жобам. Жобаның жалпы бюджеті миллион долларға жуық. Қазіргі уақытта жұмыстың 70 пайызы дайын. Қуыршақтар бірден Қазақстанның 6-7 қаласына әкелінеді. Барлық қаланы қамтамасыз етуге тырысамыз. Брэнд қалыптастыру үшін үлкен сауда дүкендерінде, әлемдік қуыршақ индустриясы сияқты, өзінің аты қойылған арнайы бутиктерде сатылатын болады», деді Қыдырәлі Болманов.