Өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев фармацевтика саласындағы поляк компанияларының табысты еңбегіне тоқталып: «Қазіргі кезде Қазақстан сырттан дәрі-дәрмектерді 1 млрд долларға импорттайды. Сол себепті өз жерімізде зауыт пен фабрикаларды салу аса қажет. Ол үшін біз барлық жағдайларды жасауға дайынбыз», - деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.
Айта кеткен жөн, бүгінде Қазақстан нарығында "PolPharma" атты поляк компаниясы жұмыс істейді. Шымкент қаласында оның фармацевтикалық зауыты да бар.
Жалпы Польшаның Орталық Азия елдерімен жасаған жалпы тауар айналымының 80 пайызы Қазақстанмен арадағы алыс-беріске тиесілі. Соңғы он жылдың ішінде аталған мемлекеттен келген инвестициялардың жалпы көлемі 200 млн долларды құрады. Ал екі жақты тауар айналымы 783 млн долларға жетті.