Қазақстан-1» телерадиокомпаниясы көрермендерге көрсетілмеген фильмге қыруар қаржы жұмсады деген ақпарат тексерілуде - қаржы полициясы

АСТАНА. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - ««Қазақстан-1» телекомпаниясының көрермендерге көрсетілмеген фильмге қыруар қаржы жұмсады деген ақпарат қаржы полициясы органдарына да жетті.

 Бұл мәселе бойынша қазір бірқатар тексерулер жүргізу жөнінде тапсырмалар берілді», деді бүгін Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агентігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай журналистермен болған баспасөз мәслихатында.

 Естеріңізге сала кетейік, бүгін дәстүрлі түрде апта сайын өтетін Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбайдың кезекті баспасөз мәслихатының барысында ақпарат құралдарының өкілдері «Қазақстан-1» телерадиокомпаниясының көрсетілмеген фильмге қыруар қаржы төлеуі жөніндегі мәселе бойынша сауал қойған болатын.